Дәрістің мақсаты: Сервистік кызмет жүйесіндегі тамақтану туралы білім беру
Кілттік сөздер: мәдениет, іскерлік әңгіме, іскерлік қатынас, әтикет, іскерлік әтикасы, психологиялық мәдениет, кәсіпкерлік мәдениет
Негізгі сұрақтар
1. Тамактану жүйесі
2. Сервистік кызмет жүйесіндегі тамақтану
Тамактану - кез-келген адамнын табиги қажеттілігі. Қарапайым және күнделікті ажырамас тамақтану кажеттілігінен баска, туризм саласында тамақтану түсінігі, ойын-сауык пен жергілікті мәдениетпен, әсіресе гастрономиямен танысудың маңызды элементі ретінде қарастырылады. Тамақтану кәсіпорындарының негізгі түрлеріне, туристік орталық немесе аймақтағы клиенттердің қажетгіліктерін канағаттандыратын мейрамхана, кафе, бар, буфет, ас үй, жедел тамактану жэне өз - өзіне кызмет көрсету пункті жатады. Тағамдардың алуан түрлері ұсынылатын тамақтанудың ең жайлы кәсіпорны мейрамхана болып саналады. Тамактану түрі әркашан туристік қызметгердің құрамында көрсетіледі: таңғы ас, жартылай пансион, толык пансион. Жартылай пансион (екі рет тамактану) таңғы ас пен түскі ас немесе кешкі асты қарастырады. Пансион - үш мәрте тамақтану. Қымбат кызмет корсету нұсқаларында күні бойы жэне түні бойы, тіпті кез-келген уақытта және кез-келген мөлшерде тамактану мен сусындар ішу (онын ішінде апкогольді сусындар) мүмкіндігі қарастырылады. Сол сияқты ұсынылатын тағамның тығыздылығы (саны бойынша) мен құнарлығы және кызмет көрсету түрін анықтайды. Осылай, таңғы ас түрлерінің саны елдің дәстүріне немесе барған аймаққа байланысты болады (еуропалық, континенттік, агылшын, американдық, бермуд). Қонақтарға қызмет көрсету түрі де өте маңызды (швед үстелі, табльдот, а - ля карт). Кез-келген жағдайда турист жок дегенде, таңертең жеңіл тамактануы тиіс, яғни таңғы ас қабылдауы кажет. Сондықтан, қонак үйлерде әдетте тамактану пункті немесе мейрамхана болады, жэне конақжайлылықтың ажырамас бөлігі болып табылатын қызметті ұсынады, ол орналастырудың құнына кіруі тиіс (bed and breakfast). Қонақ үйдің мейрамханадағы орындардың саны маңызды болып есептеледі. Мейрамханадагы орындар қонак үйдегі толык орналастыру орындарымен сәйкес келуі тиіс. Таңғы асқа байланысты сөз қозғасақ, туристтің конак үйде тамақтануы дұрыс болып есептеледі, бірақ тамактану пункттері карастырылмаган орналастыру құралдары да кездеседі, ондай жагдайда жакын орналасқан мейрамханада тамақтану ұсынылады.
Бұл жағдайда орналастыру құны төмендетіледі. Тағам әрбір адамның калыпты қажеттілігі гана емес, сонымен қатар туристері мен ойын - сауык пен рақаттылық ретінде қарастырылады. Әр елдің тамактану саласында өздеріне тән жағымды ерекшеліктері болады. Сонымен бірге, қонаққа тағам ұсыну - барлық ұлттарға тән дәстүр болып саналады. Көптеген туристер үшін ұлттық тағам саяхат бағдарламасының маңызды элементі болып табылады. Тамақ талғаыштар үшін арнайы саяхаттар ұйымдастырылган. оның негізін ұлттық тагамның әр түрлі мейрамханаларына жүйелі түрде бару, гастрономия мен ерекше тагамдарды дайындау қагидаларын зерттеу, өнімдердің дәмін тату, шарап, сыра дайындау жэне шұжық зауыттарын бару сияқты сапарлар қүрайды. Кейбір жагдайларда ғана қызу экскурсиялық багдарлама кезінде, туристерге күндізгі рацион ретінде жеңіл тамақ беріледі. Ыстық елдерде туристерге ауыз судың едәуір мөлшері ұсынылады.
Тамақтануды ұйымдастыру міндетті түрде медициналық аспектілерді де екеруі қажет. Дұрыс тамақтанбау, дұрыс дайындалмаган тағам (қажетгі ережелердің сақталмауы) улануга әкеліп соғады. Осылайша, Египет пен Үндістанга барған туристердің 60%-ы диарея ауруына шалдыгады. Әсіресе, көшедегі үсақ сатушылардан су және тамак aлy және арзандык мейрам- ханапардан тамақтану өте қауіпті. Туристердің жекелеген топ-тарын діни белгілері бойынша (шошқа етін қолдамау, ауыз бекіту), вегетарианшылдардың ерекше талаптарын, балаларды тамақтандыру сияқты жалпыга ортак шектеулерді ескеру қажет. Бұл талаптарды туристер саяхаттың жолдамасын сатып алар алдында белгілеулері қажет.
Бақылау сұрақтары:
1. Тамактану жүйесі
2. Сервистік кызмет жүйесіндегі тамақтану
Достарыңызбен бөлісу: |