Дәрістер кешені дәріс Инклюзивті білім берудің теориялық негіздері


Дәріс 2. Қазақстан Республикасы мен шетелдердегі инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың құқықтық негіздері



бет3/22
Дата25.01.2022
өлшемі137,82 Kb.
#114053
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
Бейімдік дене шынықтыру және спорт

Дәріс 2. Қазақстан Республикасы мен шетелдердегі инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың құқықтық негіздері


Жоспары:

1.Қазақстан Республикасы мен шетелдердегі инклюзивті білім берудің тарихы

2. Мүмкіндігі шектеулі тұлғалаларға қатысты халықаралық құқықтық құжаттар.

3. Ерекше білім беруді қажет ететін адамдарға қатысты ҚР-ның құқықтық құжаттары


Инклюзивті білім беруді дамытуға бағытталған құқықтық құжат

 Республикада арнайы білім беру үшін басты және тарихи маңызды болып 2002 ж. “Мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік дәрігерлік-педагогикалық және түзету көмегін көрсету туралы” заңын қабылдауы болып табылады. Бұл заң актісінің қабылдануы мемлекет пен қоғамның дамуында бұзылысы бар балаларға оң көзімен қарай бастағанын көрсетеді.49 бап. Ата-аналар және басқа да заңды өкілдері:

 Баланың ерекшелігін және жеке қабілетін, қалауын ескере білім беру мекемелерін таңдауға;

 Психологиялық- дәрігерлік -педагогикалық кеңесте өз балаларын тәрбиелеу және оқыту мәселесі бойынша кеңестік көмек алуға құқылы. Заңнамалық және нормативтік негіз «Білім туралы» ҚР-ның 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III Заңы. «Бала құқықтары туралы» Конвенция БҰҰ-ның Бас Ассамблеясымен 20.11.1989 ж. қабылданған. ҚР Жоғарғы Кеңесінің 1994 жылдың 8 маусымындағы №77 қаулысымен ратификацияланған. «Мүгедектер құқықтары туралы» Конвенция – БҰҰ – 2007 жылдың 30 наурызы. Мұқтаждықтары ерекше тұлғаларға білім берудегі Саламанка Декларациясы мен іс-әрекеттердің Шеңбері: Мұқтаждықтары ерекше тұлғаларға білім беру туралы дүниежүзілік конференция – Испания – 1994 ж. «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы» ҚР-ның 2002 жылғы 8 тамыздағы № 345 Заңы. «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық- педагогикалық түзетудегі қолдау туралы» ҚР-ның 2002 жылғы 11 маусымдағы № 343 Заңы. «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» ҚР Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы №1118 Жарғысы. «Білім беру ұйымдарына қойылатын санитарлық-эпидемиялық талаптар» Санитарлық талаптар ҚР Ұлттық экономика министрлігінің 2014 жылғы 29 желтоқсанда № 179 бұйрығы (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 17 ақпанда № 10275 болып тіркелді). «Мүгедектердің өмір сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспар» ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 64 Қаулысы. «Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты» ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 Қаулысы. Инклюзивті білім берудің негізгі принциптері :Инклюзивті білім беру -  жалпы орта мектептерде  мүмкіндігі шектеулі балаларды дені сау балалармен бірге оқыту Инклюзивтік білім беру негізінде –Барлық адамдарға  тең қарым- қатынас Балалар арасында дискриминацияны болдырмау,Арнайы білім беруді қажет ететін балаларға     арнайы жағдай жасау.Бұл бағдарлама БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы мақұлдап, БҰҰ-нң Конвенциясында 2006 жылдың 13 желтоқсанында енгізілген болатын. Инклюзивті білі беру мәселесі шкет елдерде 1970 жылдан бастау алады, ал 90 жылға қарай АҚШ пен Еуропа өздернің білім беру саясатына осы бағдарламны толық енгізді. Ал, біздің елімізде инклюзивті білім беру жүйесінің дамуы ресми дерек Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың  2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында көрсетілді. 

Инклюзивті білім жүйесін дамыту: 2015 жылға қарай мүмкіндігі шектеулі балаларды біріктіріп оқытудың модульдік бағдарламалары; мүмкіндігі шектеулі балалардыжалпы білім беретін ортада  біріктіріп оқыту ережесі әзірленеді, түрлі кемістігі бар балалар үшін бірігу нысандары анықталады,; 2020 жылға қарай мектептерде мүгедек балалар үшін қөтергіш жабдықтар, пандустар,, санитарлық бөлмелерде арнайы құралдар орнату, тұтқалармен арнайы парталар, арнайы үстелдер және басқа да компенсаторлық құралдармен жарақтандыру арқылы  «кедергісіз аймақтар» құрылады делінген. Сондай-ақ аталмыш бағдарламада  мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып- тәрбиелеуге тең қол жеткізу үшін жағдайлар жасалмақ.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет