Дәрістер кешені дәріс Инклюзивті білім берудің теориялық негіздері



бет5/22
Дата25.01.2022
өлшемі137,82 Kb.
#114053
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
Бейімдік дене шынықтыру және спорт

Катамнез жинаудың үлгі кестесі:

  • баланың аты, жөні;

  • жасы;

  • соматикалық деңгейі;

  • психикалық деңгейі;

  • қызметтің әрбір түріне қатысты басымдық қызығушылықтары;

  • мамандардың пікірі бойынша бейімделу мінезі;

  • ата-аналардың пікірі бойынша баланың бейімделу мінезі.



Дәріс 4. Бейімдік дене шынықтыру сабақтарын ұйымдастырудың негізгі ұғымдары, түрлері, құралдары мен формалары

Жоспары:

1."Дене шынықтыру", " «бейімдік дене шынықтырудың ", "өмір салты", "салауатты өмір салты", "сыртқы ортаның табиғи факторлары", "оңалту", " әлеуметтендіру»"әлеуметтік интеграция" және т. б.ұғымдар

2. Бейімдік дене шынықтырудың саласындағы педагогикалық қызмет объектісі мен субъектісінің сипаттамасы.

3. Бейімдік дене шынықтырудың ұйымдастырудың формасы мен құралдары.




1. «Дене мәдениеті», «бейімдік дене мәдениеті», «өмір салты», «салауатты өмір салты», «қоршаған ортаның табиғи факторлары», «оңалту», «әлеуметтендіру»,«әлеуметтік интеграция» және т.б түсініктері.

2. Бейімдік дене шынықтырудағы педагогикалық қызметтің нысаны мен субъект сипаттамасы.


3. Бейімдік дене мәдениеті түрлерінің бөлінген критерилері - денсаулық жағдайы шектеулі адамдардың табиғи және әлеуметтік қажеттілігі, оның осы тарихи-қоғамдық өмір салты жағдайына дайындығын қамтамасыз етуді жүзеге асыру.

Бейімдік дене мәдениеті – кем дегенде аса үш үлкен білім бағытын қамтамасыз етеді - дене мәдениетін, медицинаны, түзету педагогикасын – және үлкен көлемдегі оқу және ғылыми пәндерді: дене шынықтыру ілімі мен әдістемесі, таңдаған спорт түрлерінің ілімі мен әдістемесі, дене тәрбиесінің ілімі мен әдістемесі, қозғалысты қалыпқа келтіру және оңалту; анатомия, физиология, биохимия, биомеханика, гигиена, науқас және мүгедек психологиясы, арнайы психология, арнайы педагогика, психиатрия, психологиялық кеңес беру ж.т.б., т.с.с.

Бейімдік дене мәдениетін алып қарағанда бұл әртүрлі түсінік береді, көбінесе педагогтардың алдынғы қатарлы тәжірибесі мен ғылыми көзқарастарының артықшылығымен айқындалады.

Мысалы, ғылыми қызметкерлер мен мамандар арасында, әсіресе бұқаралық көпшілік санасында бейімдік және емдік дене мәдениеті, оңалту басымдыққа ие. Шындап келгенде, халықаралық және отандық тәжірибеде, атап айтқанда (мүгедектер спортында) мүлдем мұндай емес. Бейімдік дене мәдениеті кең көлемде әлеуметтік феномен бағытын ұсынады, оның негізгі мақсаты денсаулық жағдайы шектеулі адамдарды әлеуметтендіру болып табылады, оларды тек қана дене жаттығуларымен ғана емдеу емес, ол сезім, эмоция, өмір сапасының деңгейін көтеріп, жаңа өмір мазмұнының мәнін толықтыру.

Мүгедектер жарыстарында болып, әрбір адам оны көзбен көріп түсінуге болады, бұл олар үшін ең алдымен қарым қатынас мүмкіндігі, достар мен таныстарды арттыру, нағыз спорт мерекесін сезіну. Жеңіс қуанышы, жеңілістің ащы дәмі олардың эмоция саласын белсендіреді, сезімдерге толтырады, олардың сондай мүгедек екендіктерін ұмыттырады, сонымен қатар олардың өмірлері толыққанды екендігін сездіреді. Осылайша, бейімдік дене мәдениеті, спортшыға қайырымдылық, сауықтыру, емдік әсерін тигізе отырып, ол өзінің әлеуметтік ортасын табуға керемет құрал болып есептеледі.

Біздің қоғам жүйесінде қалыптасқан көзқарастарға сүйенсек, мүгедектер мен денсаулығында ақауы бар адармен, дене мәдениеті мамандары емес, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру мамандары айналысқан.

Бейімдік дене мәдениетінің негізгі мақсаты осы салада айналысушы болсын, немесе педагог (оқытушы, жаттықырушы, әдіскер) болсын, олардың қызмет негізін орнатуды қамтамасыз етеді. Адамның өмір қабілеттілігін бейімдік дене мәдениетінің құралы мен әдістері көмегімен барынша дамытса, олардың психофизикалық жағдайларын бірқалыпты ұстаса, әрбір мүгедек адамның шығармашылық мүмкіндігін жүзеге асыру және жоғары көрсеткіштерге жету, дені сау адамдардың көрсеткіш деңгейімен бірдей, немесе одан да жоғары болып табылады.

Тамерлан, Франклин Рузвельт, Алексей Маресьев, Валентин Дикуль, Святослав Федоров, Ольга Скороходова сияқты тұлғаларды еске алсақ, оларды мүгедектік, денсаулықтағы ақаулары тоқтата алмаған, олар нағыз ерік жігерлі, өз мақсаттарына ұмтылған, тәні сау адамдар болған. Осы бағыттағы (алғаш мүгедектік болса) бірінші қадам бейімдік дене мәдениеті болуы қажет, неге дегенде ол адамзат қызметіне қажетті қабілеттерді, дағдыны қайта қалпына келтіруді қамтамасыз етеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет