Дәрістер кешені



бет5/38
Дата23.02.2023
өлшемі0,69 Mb.
#169953
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
Байланысты:
лекция

Бақылау сұрақтары:
1.Өндірісте технохимиялық бақылауды ұйымдастыру
2. Қазақстанда ХАССП жүйесін енгізу
3. Зертханалық жабдықтар.
4.Зертханалық жұмыстарға қойылатын талаптар.


Дәріс 4
Тағам өнімдерінің сапа көрсеткіштері және
ХАССП (НАССР) жүйесін талдау, критикалық нүктелерді анықтау


Жоспары:

  1. Сапа көрсеткіштері туралы түсінік.

  2. Сапа көрсеткіштерінің өлшемдік әдістері.

  3. ХАССП (НАССР) жүйесін талдау

  4. Критикалық нүктелерді анықтау

Мақсаты: Сапа көрсеткіштерінің жалпы түсінігімен танысу. ХАССП (НАССР) жүйесін талдау және критикалық нүктелерді анықтау әдістерімен таныстыру.


Өнімнің сапа көрсеткіші дегеніміз сол өнімнің белгілі бір қажеттілікті қанағаттандыру мақсатында барлық талаптарға сай болуы. «Сапа көрсеткіштерін басқару. Негізгі түсініктер. Терминдер».


Тәжірибе жүзінде өнімнің сапа көрсеткіштері оның нормативті – техникалық құжаттарға сай болуымен анықталады.
Сапа көрсеткіші – ол өнімнің бір немесе бірнеше пайдалы қасиеттерінің сандық сипаттамасы. Өнімдердің сапасын жеке және кешенді көрсеткіштері бойынша анықтайды. Жеке көрсеткіші өнімнің тек бір қасиетін сипаттаса ал кешенді бірнеше қасиеттерінің жиынтық көрсеткіші.
Кейбір жағдайларда өнімді бір анықтаушы көрсеткіші бойынша ғана сапасын бақылайды.
Өнімдердің және шикізаттардың кейбір сапа көрсеткіштеріне ауытқулардың болуы рұқсат етіледі.
Тағамдық өнімдердің сапасын бақылау кезінде сапа деңгейін бекітеді. Ол сынаққа арналған өнімнің базалық өніммен салыстырғандағы көрсеткіші.
Өнім сапасын бағалау – ол зерттелетін өнімнің номенклатура бойынша сынақтан өтуі, яғни сапа көрсеткіштерінің базалық көрсеткіш бойынша салыстырылуы.
Өнімдерді сапасын бағалау кезінде негізгі бақылау ол техникалық бақылау. Яғни өнімді дайындау процессі кезінде қойылатын техникалық талаптар. «Өнім сапасы. Бақылау және сынау».
Барлық нормативті – техникалық құжат талаптарына сай келетін өнім жарамды деп саналады.
Егер өнім пайдалануға жарамайтын болса, мысалы микробиологиялық бомбаж. Ол кезде жарамсыз яғни қауіпті өнім санатына қосылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет