3-тақырып. КҚБЖ туралы түсінік. Сызбаларды орындаудың жалпы
ережелері. Бейнелер. Көрністер, тіліктер (1 сағат)
Дәріс жоспары
1. КҚБЖ туралы түсінік.
2. Сызбаны орындауға керекті құралдар.
3. Форматтар.
4. Масштабтар.
5. Сызбаның сызықтары.
6. Шрифт.
7. Материалдың графикалық белгіленуі.
8. Өлшемдерді қондыру.
9. Еңіс, конустылық, түйіндесулер.
Инженерлік графика техникалық құжатқа негізделген графикалық
үлгілердің көмегімен техникалық ақпаратты беру тәсілдері мен ережелері
туралы ғылымды білдіреді. Құру туралы өзара байланысты құрылымдаущы
құжаттар ҚҚБЖ реттеледі. ҚҚБЖ объектілері терминдердің, ережелердің,
нормалардың, шама бірліктердің кең шеңбері жатады.
МЕСТ 2.301-68 сәйкес формат деп сызбаның өріс өлшемін айтады.
Барлық негізгі форматтар АО 1189х841 өлшемінен м
2
ауданына дейін
болады. Келесі ұсақ форматтар А1, А2, А3, А4 и (А5) .
Сызбаны өлшемдері МЕСТ 2.301-68 стандартына сай анықталған қағазға
салады. Осындай өлшемдері тағайындалған қағазды пішім (формат) деп
атайды. Ауданы 1 м
2
болатын пішім АО (841х1189) және басқа сәйкес
пішімнің қысқа жағына параллель, сызықпен екі тең бөлікке біртіндеп бөлу
арқылы алынған пішімдер – негізгілердің қатарына жатады. Пішім А4
(210х297) –өлшемдері басқа пішімдердің өлшеу бірлігі ретінде қабылданған.
Көмекші пішімдер негізгі пішімдердің қысқа жағын, пішім А4
өлшемдеріне еселі болатын, шамаға ұлғайтумен жасалады.
Пішімнің
белгілері
А4
А3
А2
А1
А0
210х297
297х420
420х594
594х841
841х1189
Қағазға сызбаны салмай тұрып, пішімнің шетін көрсететін сызықтарды
жүргізіп алады. Одан кейін сызба өрісін анықтайтын рамка деп аталатын тік
төртбұрыш салынады.
Рамканы жоғары, оң және төменгі пішім шетінен 5 мм қашықтықта
жүргізеді. Пішімнің сол жағындағы ені 20 мм болатын жолақ сызбаларды
альбом түрінде тігу үшін қалдырады. Пішімнің оң жақ төменгі бұрышына
негізгі жазуды орналыстырады, ал ол А4 пішімінің қысқа жағына сызылады.
Негізгі жазудың рамкасы мен графаларын тұтас жуан негізгі және тұтас
жіңішке сызықтармен орындайды. Негізгі жазудың тұлғасын, өлшемдерін
және мазмұның МЕСТ 2.104-68 анықтайды.
МЕСТ2.302-68* Бұйымның мөлшеріне және күрделігіне байланысты оны
үлкейтіп немесе кішірейтіп сызуға тура келеді. Масштаб деп бұйымның
сызбадағы сызықтық өлшемі мен натурал өлшемінің қатынасын айтады.
Стандарт МЕСТ 2.302-68 тағайындаған масштабтар:
- кішірейту масштабтары 1:2; 1:2,5; 1:4; 1:5; 1:10; 1:15; 1:20; 1:25; 1:40;
1:50; 1:75; 1:100; 1:200; 1:400; 1:500; 1:800; 1:1000;
- үлкейту масштабтары 2:1; 2,5:1; 4:1; 5:1; 10:1;20:1; 40:1; 50:1; 100:1
- натурал шама: 1:1.
Ірі объектілердің бас жоспарларын жобалауда мынадай масштабтар
қолданылады: 1:2000; 1:5000; 1:10000; 1:20000; 1:25000; 1:50000
Егер сызба бірдей масштабта орындалса, онда оның мәнін сызбаның
негізгі жазуындағы арнаулы графада мынадай түрде көрсетеді: 1:1; 1:2; 1:100
және т.т.
Егер қайсыбір кескін сызбадағы негізгі жазуда көрсетілген масштабтан
өзгеше орындалса, онда кескіннің сәйкес атының астында М 1:1; М 1:2 және
т.т. түрінде масштабтарды көрсетеді.
Жуан тұтас негізгі сызықтың жуандығы S сызбаның пішіміне, мөлшеріне
және кескіннің күрделігіне байланысты 0,5 мм-ден 1,4 мм-ге дейінгі аралық
болады. Үзілме, нүктелі үзілме сызықтар сызықшаларынан басталады,
сызықшаларымен аяқталады және сызықшаларымен қиылысады. Кескіндегі
шеңбердің диаметрі 12 мм-ден кем болса, онда центрлік сызық ретінде
пайдаланылатын үзілме нүктелі сызықты тұтас жіңішке сызықпен алмастыру
керек.
Тұтас ирек сызықтарды және тұтас тіркесінді сызықтардың сынықтары
қолданжүргізіледі. Өлшем сандары және жазулар сызба сызықтарымен
қиылыспауға тиіс. Сызба рамкасы, кестелер, негізгі жазулар мен
сипаттізімдер жуандағы S тұтас сызықтармен орындалады.
Сызбаларда өлшемдерді қою ережелерін МЕСТ 2.307-68 бекітеді.
Өлшемдер өлшем сандары мен өлшем сызықтарының кқмегімен қойлады.
Аяғындағы өлшем сызықтары бағыттаушымен шектеледі. Сандар
милимметрмен қойлады. Контурдан бірінші өлшемді сызыққа дейінгі
минималды арақашықтық 10 мм аз болмау керек. Көршіліс сызықөтар
арасында 7 мм кем болмау керек. Сандар кеңістіктегі өлшем сызықтарын
қатысты қойлады. Аз өлшемдер өлшем бірліктерінің көрсетілуімен қойлады
(градус, мин, сек).
Сызбаларда кейбір бұрыштарға тік және көлденең орналасқан түзулер
кездеседі. Жұмыс сызбаларын сызғанда қиық конустарды сызады.
Конустылық деп доңғалақ конустық биіктігіне қатысты шеңбер диаметрі
білдіреді. Сызбада конустылықты қатынаспен білдіреді.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Негізгі әдебиеттер [5-10]
2. Қосымша әдебиеттер [13, 14]
СӨЖ-ға арналған бақылау тапсырмалары (5 тақырып)
1. Сызбаларды орындау құралдары.
2. Форматтар, негізгі жазу, сызықтар, әріптер.
3. Масштабтар.
4. Сызықтар.
5. Сызба әріптері.
1. Көрністер.
2. Тіліктер.
Стандарт МЕСТ 2.305-68 нәрселерді (бұйымдарды, құрылыстарды және
олардың құрамдас элементтерін) өнеркәсіп пен құрылыстың барлық
салаларының сызбалында кескіндеудің ережелерін тағайындайды.
Нәрселердің кескіндері тікбұрыштап проекциялау әдісі бойынша
орындалуға тиіс. Мұнда нәрсе бақылаушы мен сәйкес проекция
жазықтығының аралығына орналыстарылған деп есептеледі.
Негізгі проекция жазықтықтары үшін кубтың алты жағы алынады.
Сызбада фронталь проекция жазықтығындағы кескін басты кескін ретінде
алынады. Басты кескін нәрсенің өлшемдері мен пішіні туралы мүмкіндігінше
толық мағлұмат беретіндей етіп, проекциялардың фронталь жазықтығына
қатысты орналыстырылады. Сызбада кескіндер саны, нәрсе жайында
мағлұматты толық қамтамасыз ететіндей, ең аз болуы керек.
Мазмұнына байланысты кескіндер: көріністер, тіліктер, қималар болып
бөлінеді.
Көрініс деп бақылаушы қарағанда нәрсе бетінің көрінетін бөлігінің
кескінін айтады. Көріністер: негізгі, қосымша және жергілікті болып
көрінеді.
Негізгі проекция жазықтықтарында алынатын көріністердің мынадай
аттары тағайындалған:
1-алдыңғы көрініс (бас көрініс);
2-үстіңгі көрініс;
3-сол жақ көрініс;
4-оң жақ көрініс;
5-астыңғы көрініс;
6-артқы көрініс.
Бас көріністі таңдағанда есте болатын жағдайдың бірі, ол нәрсенің
өлшемдері мен пішіні туралы мүмкіндігінше толық мағлұмат беріп қана
қоймай, сонымен бірге сызбада басқа көріністерді ұтымды орналыстаруды
қамтамасыз етуге тиіс.
Егер негізгі көріністердің бас көрініспен проекциялық байланысы
болмаса, онда оларды сызбада белгілейді.
Қарау бағыты, қазақ алфавитінің бас әрпімен белгіленген, нұсқамамен
көрсетіледі. Нұсқаманың үстіне үлкен әріптер жазылады: А, Б, ... . Одан кейін
көріністі қалауымызша орналыстырып, оның үстіне нұсқама сызу керек.
Нұсқамадан кейін көріністі белгілеген әріп жазылады: А, Б.
Қосымша көрініс деп, негізгі проекция жазықтықтарының бірде біреуіне
параллель болмайтын, жазықтықта алынған көріністі айтады.
Бұл көріністер, нәрсенің кейбір элементі (бөлігі) проекциялардың негізгі
жазықтарына
бұрмаланып
проекциялағанда
осындай
бұрмалануды
болдырмау үшін қолданылады. Егер қосымша көрініс сәйкес кескінмен
проекциялық байланыста болса, онда оны белгілемейді. Басқа барлық
жағдайларды қосымша көріністер проекциялық байланыста болмайтын
көріністер тәрізді белгіленеді.
Қосымша көріністі бұрып кескіндеуге де болады. Мұндай бұрылған
қосымша көріністі көрсету үшін бұрылу белесі қолданылады. Бұрылу белгісі
үшін нұсқамамен жабдықталған диаметрі 6мм-ден кем емес шеңбер
пайдаланылады.
Нәрсе бетінің шектелген жерінің жеке кескіні жергілікті көрініс деп
аталады. Жергілікті көрініс үзу сызығымен шектелген (мүмкіндігінші ең аз
өлшемде) немесе шектелмеген болуы мүмкін. Егер ол сәйкес кескіндермен
проекциялық байланыста болса, онда оны белгілемейді. Жергілікті көріністің
белгілеуі қосымша көріністің белгіленуіне ұқсас.
Достарыңызбен бөлісу: |