Яғни, оқушылар «таза» білім алады: газ туралы біледі, элементтер
қасиеттерін игереді, атмосфералық қысымның ережелерін жатқа айта алады,
текстерді жаттайды, физикадағы заңдарды жақсы біледі, т.б.
Жобалау
әрекетінің білімдік тұрғыдағы әдістемелерден
айырмашылығы сол, оның барысында
оқушылар алған білімдерін
тәжірибеде пайдаланады, яғни білім алу, жатқа білу – мақсат емес,
теориялық білім жобалау әрекетін жүргізудің құрамына айналады.
Сол себепті, жобалау әрекетін ұйымдастыру үшін білім мазмұны
практикалық жұмысты ұйымдастыруға құрал ретінде қарастырылуы тиіс.
Бұл өз кезегінде сыныптың – сабақтың оқыту жүйесіне де, оқулықтар мен
бағдарламаға да, оқушылар мен мұғалімдердің өзара қарым – қатынасы да,
бағалау мен бақылауға да, басқару жүйесіне де өзгерістер енгізуді қажет
етеді.
Шынайы өмірдегі қалыптасқан жағдайды біле отырып, дәл бүгін
осы өзгерістер бола қалады дей алмаймыз, өйткені, білім мазмұны
стандарттар арқылы ендіріледі, ал елімізде 12 – жылдық білім берудің
құзыреттілікке бағытталған нәтижелерін көздейтін жаңа стандарттар 2015
жылдары дайын болады деп күтілуде.
Біз жарқын болашақтың
келетініне сене отырып, дәл бүгінгі
таңдағы білім мазмұны негізінде жобалау әрекетін ұйымдастырудың екі
бағытын талдаймыз.
Біріншісі, мектептерде негізге алынып жүрген оқыту
бағдарламаларының
ішінен
оқушылардың
зерттеушілігін
еркін
ұйымдастыруға мүмкіндік беретін тақырыптар таңдай білу. Яғни, жоба
арқылы жүргізуге мүмкіндік беретін «Ауылдың, ауданның, қаланың
мандшафттың картасын жасау», немесе, «Аудан, ауыл мақтанышы» (адам,
табиғат немесе ғимарат, т.б.) тақырыптарындағы
жобалар пәндік
проблемаларды шешумен қатар, оқушылардың сабақтағы игерген біліміне
қоса (ландшафт туралы теория, карта туралы ұғымдар, шартты белгілер, өз
ойын
жаза білу, мәтін құру т.б.) өзіндік қажетті коммуникативтік,
ақпараттық, т.б. қабілеттерін қалыптастыруға негіз болады.
Келесі бағыт – жобалаудың тұтас құрылымын орындауды мақсат
етіп қоймастан, жобалауға тән – қалыптасқан жағдайды талдау, шағын
тапсырмалар беру арқылы жаңа ақпаратты өз бетімен игеруге қызығушылық
туғызу т.б. Яғни, бұл жерде тұтас жоба жасау маңыздылығынан гөрі,
оқушының әрекетін ұйымдастыруға еркін
кеңістік беру маңыздылығына
көңіл аударылады. Оқушы берілген тапсырманы орындау барысында сабақта
алған теориялық білімін тапсырманы орындау құралына айналғанда ғана
оның тұлғалық дамуы жүзеге асырылады. Жоба шағын болуы мүмкін,бірақ
ол біздің дәстүрлі түсініктегі «жаттығу орындау», «ереже жаттау» емес.
Жобаның өнімі қолмен ұстайтын, көрінетін де болмауы мүмкін, бірақ ол
дәстүрлі сабақтан ерекше шығармашылық, еркіндік тұрғыдағы тапсырмалар
болуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: