Кезкелген топтың құрылуы және оның іс әрекеті
топтық динамика даму
заңдылықтарын ескерумен жүзеге асады. Жобаны жүргізу барысында
Нижный Новгород қаласынан келген мамандар жұмыс топтарына практика
мұғалімдерді; жұмыс берушілер өкілдерін және осы бағыт бойынша
сарапшыларды қосу қажет деді. Топ құрамы тұрақты болғаны дұрыс, себебі
жобалық оқыту процесі рефлексия жіне топтық талқылау негізінде үнемі
жетілу ұстанымы бойынша құрылған. Егер де жоба халықаралық болса, онда
топқа кәсіби лексиканы еркін меңгерген білікті аудармашы қажет. Бұл
материалды талқылауда қате жібермеуге көмектеседі.
Жобалық әрекеттің субъектісі тренинг – топтар бола алады. Тренинг – топ
жұмысы:
Тұлғалық көріністерді түзетуге
және диагностикалауға;
Жоба шеңберінде өнімді қимылдауға кедергі келтіретін ішкі тосқауылдарды
жоюға;
Топ ішінде эмоционалдық және психологиялық атмосфера құруға;
Жоба барысында топтық динамиканың сипатының өзгеруіне;
Жобаны сәтті жалғастыру үшін қосымша білік, білім, дағды, тәжірибенің
қалыптасуына;
Қатысушылар көзқарасын белсендіруге бағытталуы мүмкін.
Жобалаудың жиынтықты
субъектілеріне эксперттік, редакциялық және т.б.
топтар жатады. Олардың қатарына әртүрлі мекеме, ұйым өкілдерн, мамандар
категорияларын кіргіземіз. Жобалау әрекетінің субъектілер құрамы
өзгермелі болып келеді.
Педагогикалық жобалау шеңберінде ең ірі субъектілер білім беру мекемелері
болып табылады. Субъектілік қасиеттердің көрінуі жобалау объектісі ретінде
бір мезетте болатындықтан өзіне тән ерекшеліктері бар. В.Е.Радионова пікірі
бойынша педагогикалық жобалаудың объектілеріне екіжақтылық тән.
Олардың әрқайсысы күрделі жүйе –өз өзін басқаратын және дамудың ішкі
ресурстары бар дербес әлеуметтік «ағза».
Жобалаудың желілік субъектісі. Соңғы жылдары қоғамдық педагогиалық
және инновациялық қозғалыста «желілік» атауын
алған ортақ амалдармен
бірлескен жобалар көбейіп келеді. Желілік ықпалдастықтың феномені
формальды емес қарым қатынасқа, ал желіде жобалау жеке тәжірибеге және
әлеуметтік ынта білдіруге негізделген. Желілік ықпалдастыққа жалпы
коммуникативті
ақпараттық
кеңістік
тән.
Бұл
желілнің
басқа
қатысушыларымен ақпарат алмасуға, ақпараттың
өзіндік каналдарын ашуға
мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: