Дәрістер тезистері



бет16/23
Дата23.12.2023
өлшемі151,23 Kb.
#198783
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23
Байланысты:
Жаңартылған мазмұндағы Ә.о әдістемесі (дәріс)

1. Дайын әңгіме бойынша мазмұндама. Мазмұндаманың бұл түрі, атына лайық, белгілі бір алдын ала дайындалған әңгіме бойынша жаздырылады. Дайын әңгіме бойынша мазмұндама көлемі шағын, мазмұны жеңіл әңгімелер арқылы жүргізіледі.
Орфографиясы қиын сөздерді немесе сөз тіркестерін сыныпта түбір күйінде я тұйық рай формасында бермей, мәтіндегі формасында берген жөн. Ал кейбір әр түрлі жалғаулар жалғанып, бірнеше рет қайталанып, түрлі тұлғада кездесетін сөздерді немесе сөз тіркестерін түбір күйінде немесе тұйық рай формасында көрсетуге болады. Мәтінді балалар екі қайтара оқып шығады. Мұнда балалар мәтіндегі сөйлемнің құрылысымен, көптеген сөздердің жазылуымен танысады, көру, есту анализаторлары қызмет атқарады.
Мәтін оқылып болғаннан кейін, сыныпқа сұрақ қойылады. Сұрақ алдымен ауызша қойылып, оқушылар тақтадағы мәтіннен ол сұрақтарға жауап табады. Мәтін сұрақ бойынша талданып болғаннан кейін, мұғалім мәтінді тұтас бір оқып шығады. Осындай жұмыстардан соң, мұғалім тақтадағы мәтінді жауып қойып, екінші тақтадағы алдын ала жазылып қойылған сұрақтарды ашады.
Мазмұндаманың бұл түрінде мәтін бойынша қойылатын сұрақтар мәтіннің құрылысын, тәртібін өзгертей, тек ондағы сұраулардың орнына ғана бір-екі сөз қою мақсатын қамтиды.
Жазуға кірісер алдында тақтадағы сұрақтардың құрылысы мен тәртібін өзгертпей, ондағы сұраулардың орнына ғана сөз тауып жазу керектігін балаларға аңғартқан дұрыс.
Дайын әңгіме бойынша жүргізілетін мазмұндаманың ІІ түрі.
Мұнда мәтіннің мазмұн тәртібі сақталады да, сыртқы түрі аз-кем өзгертіліп жазылады. Мамзұндаманың бұл түрінде балалар қойылған сұрақтардың кейбір сөздерін қайталайды да, негізінен сұрақтарға өз сөздерімен жауап қайтарады. Мысалы, мына сияқты мәтін алдынды делік:
«Қыс түсті. Өзен қатты. Марат пен Ерден конькилерін алды. Олар өзенге барды. Өзен жалтыр мұзға айналыпты. Олар мұз айдынында коньки тепті. Балалар онда ұзақ жүрді. Ерден қолын домбықтырып алыпты» (29 сөз).
Бұл мәтін бойынша жүргізілетін жұмыс та, алдыңғыдағыдай, яғни мұғалім: қыста ауа райының қандай болатынын, қыстыгүні балалардың ойнайтынын, ойындарының түрлерін сұрақ-жауап арқылы әңгімелейді, қыста балалардың қандай ойынды жақсы көретіндіктерімен танысайықшы, – деп, мұғалім мәтінді өзі бір рет оқып шығады, сонан соң, алдыңғы көрсетілгендей, балалар екі рет оқиды, талдайды; мұз айдыны, домбықтыру сөздерінің мағыналарын түсініктеме сөздер арқылы түсіндіріледі. Коньки, мұз айдыны, домбықтырып сөздері тақтаға жазылып, оларды көшіруі керектігі ескертіледі. Мәтін бойынша мынадай сұрақтар қоюға болады: Қыс жөнінде не айтылған? Өзен жөнінде ше? Марат пен Ерден не істеді? Ерденге не болды?
Дайын әңгіме бойынша жазылатын мазмұндаманың ІІІ түрі: мәтін мазмұнын сақтай отырып, сыртқы түрін өзгертіп жазу. Мұнда оқушылар І жақпен баяндалған оқиғаны ІІІ жақпен, немесе керісінше мазмұндап береді.
Дайын әңгіме бойынша жазылатын мазмұндаманың ІV түрі – ықшамдап мазмұндау. Бұл кейде әдістемелік әдебиеттерде қысқаша түрде мазмұндау деп те қолданылады. Мазмұндаманың алдыңғы түрлері сияқты, ықшамдап мазмұндау да оқушыларды шығармашылық жұмысқа дағдыландырады. Мұнда оқушылар мәтінді емін-еркін игеріп, қажетті жерін алып, өз ыңғайына икемдеп, қажетсіздерін қалдырады. Ал мұның өзі мәтіндегі негізгі ойды аңғаруға, мәтін мазмұнын сұраптап, таңдап, талғап алуға үйретеді, ойды аз сөзге сыйғызып айтуға, сөзді таңдап қолдануға, сөйлем құрауға дағдыландырады, тілдерін дамытады.
Дайын әңгіме бойынша жазылатын мазмұндаманың V түрі – толықтырып мазмұндау. Бұл ықшамдап мазмұндауға керісінше, аз сөзден көп мағына тудыру, берілген сөйлемдердің төңірегінде жаңа ойлар тапқызу мақсатында жүргізіледі. Мұнда белгілі бір әңгіменің жеке бөлімдерін сипаттайтын бірнеше сөйлем беріледі. Сол сөйлемдерді толықтырып, тағы да бірнеше сөйлем қосып, балалар түсінікті бір сюжетке құрылған әңгіме айтып беруге және жазып беруге тиіс. Оқушылардың ойлау қабілетін дамытып, тілдерін байытуға, сөйлем құрау шеберліктерімен ойын жүйелеу дағдысына төселуге үйретуде жұмыстың бұл түрінің атқартын рөлі орасан зор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет