Дәрістердің қысқаша конспектісі



Pdf көрінісі
бет10/16
Дата10.10.2023
өлшемі422,95 Kb.
#184560
түріКонспект
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16
Байланысты:
Дәрістердің қысқаша конспектісі
-1889699293, 1 кыркуйек, Таулардың үгілуі 05 сынып
(?!)
қойылады, леп мағынасы басым айтылса я леп мәнді 
сөздер бұрын айтылса, лептік бұрын 
(!?)
қойылады 
30–апта
Дара және күрделі етістіктер. Дастархан. Дәнді -дақылдар. 
Дара етісітіктер 
Дара етістіктер құрылымына қарай 
түбір етістіктер
және жұрнақ арқылы жасалған 
туынды 
етістіктер
деген екі топқа жіктеледі. Дара етістіктер мысалы: 
ек, жек, оқы, жаз, кел, аяқта, 
баста, қолда, арала, сабала, сүйреле, шапқыла, үймеле, кіріс, жуын, айтқыз
т. б. 
Түбір етістіктер 
Түбір етістіктер деп арнаулы морфологиялық бөлшектері жоқ, демек, қазіргі кезде морфологиялық 
жағынан түбір және жұрнақ деп бөлшектеуге болмайтындай етістік формалары аталады. 
Мысалы: 
аз, ал, айт, алда, арба, ат, ас, аш, ақ, бар, бас, бат, бер, без, бол, бөр, байла, баста, 
бақырай, де, ез, ер, ес, жет, жала, жыла, же, жел, жебе, жорт, жи, жар, жаз, жүз, жүгір, 
илан, тасы, тара, тос, тол, тоқы, түс, үр, ұқ, шал, шай, шаш
т. б. 


Бірақ, өзге түбір сөздер сияқты, етістік түбірі де тарихи дамып отырғандықтан, олардың қатары да 
бірте-бірте толығып, көбейіп отырған, сол себептен түбір етістіктердің ішінде бұрын ұзақ 
замандар бойы, туынды сөз есебінде жұмсала-жұмсала келіп, бірте-бірте түбірі мен жұрнағын 
ажыратуға болмайтындай болып кеткен сөздер бар. Мысалы, жоғарыдағы етістіктердің 
ішінен: 
айт (ай+т), алда (ал+да), байла (бай+ла, бау+ла), бақырай (бақ+ырай), жыла (йығ+ла), 
баста (бас+та)
дегендерді, сондай-ақ 
тоқта (тоқ+та), тоқыра (тоқ+ыра), болыс (бол+ыс), 
сөйле (сөз+ле), тула (ту+ла), шегін (шек+ін), шегер (шек+ер) т. т. тәрізді қазіргі шақта түбір 
саналып жүрген етістіктерді алсақ, жақша ішінде көрсетілгендей, әуелгі түбір сөздер мен 
жұрнақтардан кейбіреулері деформаланбай-ақ, кейбіреулері деформаланып бөлшектенбейтін 
түбірлерге айналып кеткен.
Туынды етістіктер 
Туынды етістіктерге, әдетте, түбірлерден арнаулы жұрнақтар арқылы жасалған етістіктер жатады. 
Туынды етістіктерді тиісті түбірге және жұрнаққа бөлшектеуге болады, бірақ ол туынды тұлға 
есебінде қолданыла береді. Мысалы: 
ой+ла, той+ла, тер+ле, сүр+ле, ем+де, көз+де, тоқпақ+та, 
іс+те, сын+а, мін+е, мол+ай, ес+ей

Есім негізді етістіктер 
Есім негізді етістіктерге етістіктерден өзге сөз таптарынан жасалатын етістіктер жатады, олар 
арнаулы жұрнақтар арқылы көбінесе зат есімнен, сын есімнен,үстеулерден, еліктеуіш сөздерден, 
әредік одағайлардан жасалады. 
Есімдерден етістік тудыратын жұрнақтар мыналар: 
1.
-ла (-ле, -да, -де, -та, -те) жұрнағы; 
2.
-лан (-лен, -дан, -ден, -тан, -тен) жұрнағы; 
3.
-лас (-лес, -дас, -дес, -тас, -тес) жұрнағы; 
4.
-лат (-лет, -дат, -дет) жұрнағы; 
5.
-а (-е) жұрнағы; 
6.
-ай (-ей, -й) жұрнағы; 
7.
-қар (-ғар, -кер, -гер) жұрнағы; 
8.
-ар (-ер, -р) жұрнағы; 
9.
-ал (-әл, -ыл, -іл, -л) жұрнағы; 
10.
-ық (ік) жұрнағы; 
11.
-сы (-сі) және -ымсы (-імсі) жұрнақтары; 
12.
-сын (-сін) жұрнағы; 
13.
-сыра (-сіре) жұрнағы; 
14.
-ра (-ре, -ыра, -іре) жұрнағы; 
15.
-ырай (-ірей) жұрнағы; 
16.
тек белгілі бір есімдерден, кейбіреулері тек санаулы ғана есімдер мен етістіктерден 
туынды етістік жасайтын әрі көне, әрі маңдымсыз жұрнақтар бар. Оларға мыналар 
жатады: 

-ы, -і (
бай-ы, жас-ы, жан-ы, желп-і, кең-і, келк-і, тарп-ы
т. б.) 

-шы, -ші 

-ан, -ен, -ын, -ін, -н 

-ырқа, -ірке 

-ырқан, -іркен 

-ына, -іне 

-қа, -ке, -ға, -ге 

-ди, -тый, -ти 
Етістік негізді етістіктер 
Бұл салаға етістік негіздерінен арнааулы жұрнақтар арқылы жасалатын туынды етістіктер енеді. 
Бұл жұрнақтарды семантикалық ерекшеліктеріне қарай екі салаға бөлуге болады. 
Бірінші тобына өзі жалғанатын етістік негіздерінің мағыналарына амалдың жиілену, еселену, 
қайталану, үстемелену, солғындау сипаттарын білдіретіндей рең жамайтын жұрнақтар жатады
олар, шартты түрде, амалдың өту сипатын білдіретін жұрнақтар деп аталады. 
1.
-ла (-ле, -да, -де, -та, -те) 
2.
-қыла (-кіле, -ғыла, -гіле) 
3.
-мала (-меле, -бала, -беле, -пала, -пеле) 
4.
-ғышта (-қышта, -кіште, гіште) 
5.
-ыңқыра (-іңкіре, -ңқыра, -ңкіре) 


6.
-ымсыра (-імсіре, -мсыра, -місре) 
7.
-ыстрыр (-істір, -стыр, -стір) 
Екінші тобына өзі жалғанатын етістік негізінің мағынасына амалдың субъектіге қатысын 
білдіретіндей реңк жамайтын жұрнақтар жатады, олар етіс жұрнақтары деп аталады. Ерекшелігіне 
қарай, бұл жұрнақтар етіс категориясының арнаулы формалары болып саналады да, етістердің 
көрсеткіштері делініп танылады. 
8.
-ыс (-іс, е) 
9.
-т 
10.
-тыр (-тір, -дыр, -дір) 
11.
-қыз (-ғыз, -кіз, -гіз) 
12.
-ыл (-іл, -л) 
13.
-ын (-ін, -н) 
Күрделі етістіктер 
Күрделі етістіктердің түрлері: 
Құранды етістік 
Құрама етістік 
Сараламалы етістік 
Суреттеме етістік 
Тұрақты етістік 
Құранды етістік 
Етістіктің бірінші компоненті (есім) негіз болса, екінші компоненті (көмекші етістік) сол есім 
сөзді етістікке айналдыратын дәнекер есебінде қызмет етеді. 
Мысалы: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет