Кәсіпорын жетекшілері өндіріс құрамы және бөлімдерді басқару реттеріне қарай жіктеледі.
Басқару құрамы бойынша:
линиялық
функциялық
Бөлімдерді басқару жүйесі бойынша:
жоғары топ;
орта топ;
төменгі топ болып бөлінеді.
Нарықты экономикаға өтуге байланысы елімізде білікті қызметкер ретінде менеджер жаңа ұғымы пайда болды. Бұған барлық бөлімдерді басқарушы жетекшілер, жарнама менеджерлер, өнімдерді тиімді сату қызметтеріндегі менеджер мамандар кіреді.
Кадрларды іріктеуге қолданылатын әдістер:
достары мен туған-туыстары арқылы;
ақпарат құралдарына хабарландыру беру;
радио мен теледидар;
құлақтандырулар;
халхықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы.
Жұмысқа тілек білдіретін әрбір үміткермен егжей-тегжейлі сұхбаттасы немесе жазбаша тестар жүргізіледі. Кадрларды жұмысқа қабылдағанда, олармен келісім-шарт жасалынады, онда екі жақтың құқықтары мен міндеттері көресетілуі тиіс.
Атқарушылықты бағалау, бұл жұмысшының жұмыс нәтижелері жөнінде қорытындысы.
Атқарушылықты бағлауға:
атқарушылықты жеттілдіру;
шешімдер қабылдау үшін ақпараттар жинау;
стандарттың сақталуына мүмкіндіктер жасау;
оқытудың және қайта оқытып даярлаудың тиімді жақтар;
келешекте атқарылатын істер жөнінде мәліметтер жинау;
жеке тұлғаларды және топтарды кәсіпорынның ең негізгі мақсатына сай ыенталандыру;
стандартты сақтаудағы негізһгі бағыттаржаңа стандарт және толық атқарымдықты қалыптастыруды қамтамасыз ету;
сапалық факторларды нығайту және басқа шаралар жатады.