Атқарымдықты бағалаудың негізгі әдістері:
саралау (менеджер қармағындағы қызметкерлердің жұмысына саралау жүргізеді);
бағалау (бес балдық баға жүйесін қолдану немесе: «нашар», «ортадан төмен», «орта», «ортадан жоғары», «өте жақсы» деп қорытындылау);
жетекшілер өз қармағындағы қызметкерлердің сапалы жұмыстарын арнайы қадағалап, орындалған қызметтердің ұтымды және әлсіз жақтарын есепке алады;
қызметкерлер бағаланған кезеңдегі еңбек табыстары және орын алған сәтсіздіктері жөнінде өзара әңгімелесіп, кеңеседі.
Жұмыс күшінің тұрақтамауы ұғымы жұмысшылардың қозғалысын анықтау үшін пайдаланылады және жұмыс күшзінің тұрақтамау индексі түрінде есептелінеді:
Т = х 100
Т - жұмыс күшінің тұрақтамау индексі;
ЖБС - жұмыстан босатылғандардың жалпы саны;
ОҚС - жұмыста қалғандардың орташа саны;
Жұмыста босатылғандар:
болмай қоймайтындар
кейбір жағдайлар;
қажетті болып бөлінеді.
Т = х 100
ББ – келешек жұмыстан босатылғандардың саны;
Жұмыс күші айналымының жоғары деңгейін қамтамасыз ету факторлары:
жұмысшыларды таңдау процедурасын жүзеге асыру;
менеджер қызметіне қатысты міндеттердің орындалуын қадғалау;
жұмысшылзар қабілеттілігін кең пайдалану;
қызметкерлердің жұмыс сапасын талдау;
кадр саясатын және еңбекақыны зерделеу;
қызметкерлерді оқытуды және қайта оқытуды ұйымдастыру;
коммуникацияны жетілдіру;
жасалған шарттың жоғары деңгейін қамтамасыз ету;
жұмыстан қанағат алудың тұрақты жүйесін қалыптастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |