Дәрістік кешен 1-дәріс. Тәрбие үдерісі тұтас педагогикалық үдерістің құрамды бөлігі Жоспар



Дата21.05.2022
өлшемі16,02 Kb.
#144272
Байланысты:
Лекция-1630481489520
GLOSSARY, Сейт А ИБС, қазақ әдебиеті 6 сынып 2 тоқсан бжб (2), қазақ әдебиеті 6 сынып 2 тоқсан бжб (2), Лекция-1636455290805

ДӘРІСТІК КЕШЕН


1-дәріс. Тәрбие үдерісі - тұтас педагогикалық үдерістің құрамды бөлігі
Жоспар
1.Тәрбие - мәдени-тарихи феномен.
2.Тәрбие педагогикалық ғылымдардың категориясы.
3.Тәрбие мақсаты мен міндеттері
4.Тәрбие процесінің принциптері
Негізгі ұғымдыр:Тәрбие.Тәрбие педагогикалық ғылымдардың категориясы. Тәрбиенің гуманистік парадигмасыТәрбие мақсаты мен міндеттері
Тәрбие процесінің принциптері. Тәрбие процесіндегі мұғалім тұлғасы.
Педагогика ғылым ретінде және оның негізінде құрылған оқу пәні жалпы түрде қоғам өміріндегі тәрбиенің теориясы мен тәжірибесінің даму заңдылықтары үрдісін зерттейді. Тәрбиені кең мағынада түсінетін болсаң, сонда оның құрамына оқыту да, білім беруде кіреді. 
Тәрбиені әлеуметтік және педагогикалық құбылыс ретінде қарастыру қажет. Тәрбие үрдіс ретінде белгілі әлеуметтік, қоғамдық жағдайларда пайда болды. Ол қоғамдық дамудың тарихымен тығыз байланысты. Егер де тәрибеге жан-жақты берілген анықтамалардың бірінде “тәрбиені адамзат тәжірибесін бір ұрпақтан келесі ұрпаққа беру үрдісі ретінде қарастырады, демек, тәрбиенің қоғамның дамуында, ұрпақтар сабақтастығында, жас ұрпақтық өркениеттің, жинақталған тәжірибесін меңгерудемәніерекше”. .
Педагогтың кәсіби қызметі адамның барша іс-әрекетіндегідей мақсат қоюдан басталады. Педагогтың балалармен жүргізіп жатқан ісінде мақсат болмаса, ол істі кәсіпқой маманның жұмысы деп бағалауға болмайды, оны әншейін бір әрекет, тәрбиелік процеспен ешбір байланысы жоқ, жай белсенділік деп түсіну керек. Мақсатты сезәну әр қандай іс-әрекетке қуат береді. Ұлы да шапағатты мақсат адамның бар шығармашылық күшіне қанат беріп, оны өрістете түседі. Мақсатқа жету адам бағытының негізі болған терең де толық қанағаттанушылық тудырады.
Тәрбие мақсаты – педагогика ғылымының өзекті категориясы. Оны нақтылау, жобалау, дайындау –педагогикалық тұжырымдар жасаудың арқау. Кейде педагог балалармен оқу-тәрбие жұмыстарын нақты айқындалған мақсатсыз-ақ орындаған сияқты болады. Бірақ сол бағыт – бағдарсыз бастаған ісінде қаншалықты сарсанға түсіп, онды-солды ұрынғаның нәтижеге жете алмай шаршап – шалдыққанында бірақ түсінеді.
Мақсат – субъект санасында оның қоршаған ортамен өзара ықпал байланысынан туындайтын әрекеттің нәтижесі туралы ой болжамыдемек, мақсат – жағдайлар себепті пайда болуынынан, нақты болмыстан алынатындықтан – ол объективті құбылыс. Мысалы, өмірінде домбыра ұстап, үніне зер салмаған педагог балаға музыкалық тәрбие беруі мүмкін емес т.б.
Тәрбие мақсаты мен тәрбие міндеттері.
Мақсат-бұл да бейне , бірақ онан келетін қанағаттану тек ішкі қабылдаудан емес, солбейнені іс-әрекетке қосып шындыққа айналдырудан.Бұл бейне субьекті белсенді әрекетке бағыттайды, ықпал жасайды. Туындай отырып, мақсат ойға алған, көздеген нәтижеге жетпей, өз қанағатын таппайды. Бұл арада бейне –нәтиже тек іштей қызығу үшін емес, нақты жетістік үшін қажет.Мақсат-іс-әрекет, белсенді қызметтің бастау көзі.
Міндет- бұл мақсатқа жету жолдарындағы бір саты, орындалуы қажет нәтиженің бір бөлігі, осы бөлік өзінің іс-әрекеттік бітімін таппаса, жалпы нәтиже де жоқ. Мінде мақсаттың өзін құрайтын элементтерге бөлінуінен пайда болады. Кейін сол эленменттердің бәрі бірігіп,, іс-әрекеттің жалпы нәтижесін алуға жұмсалады. Іс-әрекеттің барысында субьект, әдетте, мақсат жөнінде ойламайды, оның есінде тек міндеттері, өз іс-әрекетін сол міндеттердің кезегімен шешілуі деп біледі.
Тәрбие принциптері
1. Тәрбие принциптерінің ерекшеліктері
Тәрбие процесінің принциптері (тәрбие принциптері)- бұл тәрбие процесінің мазмұнынына, әдістеріне оны ұйымдастыруға қойылатын негізгі талаптарды анықтайтын бастау ережелері.
1.Міндеттік.
2.Комплекстілік.
3.Бірмәнділік.
Тәрбие принциптері жалпыға бірдей ортақ ережелер ретінде бірмәнді болып келеді, олардың арасында біреуін бірінше кезекте орындау керекті немесе ертеңге қалдыра салуға болатын сияқты негізгі немесе қосалқы принциптері болмайды. Барлық принциптерді теңдей мәнді деп бағалау тәрбиелеу процесінің жемісті болуының кепілі. Сонымен бірге тірбие принциптері- дайын ұсыныс емес, тіпті олар ұстану арқылы доғары нәтижеге автоматты түрде жеткізе салатын әмбебап (универсал) ережелер де емес. Олар тәрбиеге қажет арнайы білімдерді, тұлға тәжіриебесін, шеберлігін алмастыра алмайды. Тәрбие принциптерінің талаптары баршаға бірдей болса да, олардың практика жүзінде іске асырылуы тұлғалық шарттарға байланысты болады. Тәрбие процесі сүйенетін принциптер белгілі жүйені құрайды. Тәрбие жүйелерінің түрлері бұрын да, қазір де көптеп саналады. Әлбетте, олардағы принциптердің сипаты, жекелей міндеттері, тіпті кейбір принциптердің өздері өзгеріске түседі.
Қазіргі тәрбиелеу жүйесі мынадай принциптерді ұстанады:

  • тәрбиенің қоғамдық бағытта болуы;

  • тәрбиенің өмірмен, еңбекпен байланысы;

  • тәрбиеде дұрыстыққа арқа сүйеу;

  • тәрбие гуманизациясы;

  • тәрбиеге тұлғалық тұрғыдан қарау;

  • тәрбиелік ықпалдардың бірлігі.

Әдебиеттер:
1.Дүйсенбаев, А.Қ. Тәрбие теориясы мен әдістемесі .Алматы: 2016ж. 6-18бб
2. Алметов, Н.Ш. Педагогика .Алматы: 2016. 119-130бб
3. Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті. Педагогика. Алматы , 2013 ж. 32-45 бб

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет