Дәрістік кешен пән: жкп 05 Анатомия және физиология Мамандығы



бет124/152
Дата13.12.2022
өлшемі434,65 Kb.
#162453
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   152
Байланысты:
дәрістік кешен ФАП-1

Үлестірмеліматериалдар.кестелер,ағзамуляждары, тесттер, кеспе қағаздар
Бақылау сұрақтары (кері байланыс).
1. Көпірдің шекарасын сипаттаңыз.
2. Көпірмаңынанқандайядроларорналасады? Бұлядролардыатаңыз?
3.. Мишықтақаншааяқша бар? әрбіраяқшақандайқұрылымдардыбайланыстырады?
4.. Мишықядроларынатаңыз?
Негізгі әдебиеттер.
1.Кузенбаева, Ә. О. Адам анатомиясы. 1 - кітап: оқу құралы /. - Алматы : Эверо, 2016. - 292 бет. с.
2.Кузенбаева, Ә. О. Адам анатомиясы. 2- кітап :оқуқұралы . - Алматы :Эверо, 2016. - 248 бет. с.
3.Рақышев, А. Р. Адам денесі. 3 томдық. Т. 1. Сүйектертуралыілім. - М. : ГЭОТАР - Медиа, 2014
4.Рақышев, А. Р. Адам денесі. 3 томдық. Т. 2. Ас қорытужүйесі. Тынысалужүйесі. Несеп-жынысжүйесі. Эндокриндікбездер. Тамырлартуралыілім. Лимфа жүйесі- М. : ГЭОТАР - Медиа, 2014.
Қосымша әдебиеттер.
1.Рақышев, А. Р. Адам денесі. 3 томдық. Т. 3. Жүйкежүйесі. Сезіммүшелері: оқулық / А. Р. Рақышев. - М. : ГЭОТАР - Медиа, 2014. - 376 бет
2.Рақышев, А. Р. Адам анатомиясы. 1-кітап оқулық / А. Р. Рақышев. - 2-бас., түзет. жәнетолықт. ; ҚР Жоғарыоқуорындарыныңқауымдастығы. - Алматы :Дәуiр, 2009. - 420 бет
49 Тақырып. Соңғы ми. Мидың жолдары Алдыңғы дәнекер. Сүйелді дене. Күмбез, гипокамп, ішкі капсула. Базальді /негіздік/ ядролар, латеральді қарыншалар, иістік ми.
Мақсаты:Студенттерді бас миы және оның аралық және соңғы ми бөлімдерінің атын атап,көрсетебіліп,құрылысын сипаттауға оның негізгі құрылымдарының анатомиялық құрылысының деталдарын біліп,және атқаратын қызметтерін айта білуге үйрету
Дәріс жоспары:
1.Соңғы ми
2.Мидың жолдары
3. Гипокамп
Дәріс тезистері.
АРАЛЫҚ МИ
Аралық ми ортаңғы мидың және мидың ақ затының үстінде орналасады. Аралық
миға таламус (көру төмпегі) және таламус асты бөлігі, және оның ішкі қуысы
— III қарынша жатады. Таламус аймағы құрылысы мен қызметіне қарай нағыз
таламус, артқы таламус және үстіңгі таламус деп бөлінеді.
Нағыз таламус жұп таламус пен көру төмпешігінен құрылып, олар ІІІ
қарыншаның екі жағында орналасады. Нағыз таламустың пішіні жұмыртқа
тәрізді, оның жінішкерген ұшы — алдыңғы төбесі ал жуан, жалпақ жағы жастығы
деп аталады. Оның екі жоғарғы беті ашық ал ортаңғы жағы III қарыншаның
бүйір қабырғасын түзеді. Таламустың сұр заттары жүйке жасушаларының
жиынтығынан түзіледі. Осы жасушалардың арасынан ақ жолақтанып, оның ақ
заттары кірігеді.
Қазіргі кезде таламуста қызметі әр түрлі 40-тан астам жасуша шоғырлары,
ядролары анықталған. Олардың пішінен алдыңғы, ішкі бүйір, ортаңғы және
арткы ядроларды атауға болады.
Бұл жерлерде торлы түзіліске жататын теріден, бұлшық еттерден, буындардан,
иіс сезу, көру ядролары шоғырланған.
Арткыталамус бүйір және ортаңғы имек денеден құралады. Ол ортаңғы мидағы
төрт төбенінқақпағымеи қосылады. Оның бүйіріндегі имек денесі мен ортаңғы
мидың жоғарғы төбесінде негізгі қыртысынын орталығы орналасады.
Үстіңгі таламус- ол ІІІ қарыншамен ортаңғы мидың аралығында орналасқан, өте
кішкене бөлік, оның үш бұрышты кеңейген жері иіс сезу орталығына жатады.
Осы жерден созылған бөлігіне томпақ дене ілініп түрғандай жалғасады. Бұл
томпақ дене ішкі бездерге жатады.
Таламус асты бөлік, гипоталамус - аралық мидың қуысы III қарыншаның түбін
құрайтын ми бөлігі. Ол таламус немесе көру төбешігінін астында жатады. Оның
түзілісі өте күрделі. Гипоталамуста дене қызуын реттеп тұратын су, май,
көмірсутегі, т. б. зат алмасуды, жүрек, тамырлар, асқорыту, қозғылы
жүйелердің қызметіне, ішкі бездерінің гормондарына әсер ететін 32-ден астам
ядролары шоғырланғаны анықталған.
Бұл ядролар гипоталамустың сұр төбесінде, ми қосалкысында - гипофизінде ,
көру жүйке киылысында және емізік тәрізді денеде орналасқан.
Гипоталамустың алдыңғы жағы көру жүйкесінің қиылысы мен артқы жағы емізік
тәрізді дененің, бүйіржағы жүйке жолымен жоғарғы жағы гилоталамус жүлгесі
арқылы ми суағары тесігіне дейін, төменгі жағы немесе III қарынша түбі-
сұр төбемен шектеледі.
Сұр төбе созылып қалталанады да, оған гипофиз ілініп, салбырып тұрғандай
болып жалғасады. Гипофиз ми сауытының түбінде орналасқан негізгі сүй-ектің
түрік ершігінің ішінде батынқы орналасқан. Гипофиз ішкі бездерге жатады.
Мидың ІІІ қарыншасы. Аралық ми ішіндегі қуыс мидың ІІІ қарыншасы деп
аталады. Оның алты кабырғасы бар. Оларға екі бүйір, жоғарғы, төмен, алдынғы
және арткыкабырғалар жатады. Бүйір қабырғасы таламус бөлігімен, төменгісі-
гипоталамустан, жоғарғысы - күмбезден, одан төмендеу — ак денеден
түзілген. Артқы қабырғасына мидың суағар тесігі ашылады. Алдыңғы
қабырғасында жұқа қабыршағы және екі алдыңғы бағанасы жатады. Күмбез бен
таламус аралығында III қарынша мен бүйір карыншалар аралығын жалғастырып
тұратын тесіктері болады.
Аралық ми негізінде өткізгіштік қызмет атқарады және өткізгіш жол-дарымен
келген көп хабарларға жауап береді. Өйткені, кейбір өткізгіш жол-дары осы
аралық мида бітеді, ал кейбір өткізгіш жолдар осы жердегі орталық
ядролардан басталады.
Организм тітіркенуді сыртқы және ішкі орталардан қабылдайтындықтан, сыртқы, ішкі тітіркенулерді қабылдайтын рецептордан келетін импульстарды таситын жолдар болады.
Сыртқы тітіркенулерді қабылдайтын рецепторлар экстероцепторлар леп аталады. Эволюцияның ерте кезеңдерінде олар негізінен дененің сыртқы жабындыларында орналасқан, бұл сыртқы тітіркенулерді қабылдау үшін қажет еді, сондықтан адамда да олар эмбриогенезде сыртқы ұрық жапырақшасынан - эктодермадан дамиды. Қызметі жағынан асқорыту жүйесімен тығыз байланысты, сондықтан эндодермадан дамитын дәм сезу мүшесінің ғана қатысы болмайды.
Тері анализаторныныңаферентті талшықтары үлкен ми қыртысына тактилді тітіркенулерін, стереогнозия сезімін, ауыру және температура тітіркенулерін жеткізеді. Осыған байланысты олар бірнеше топқа бөлінеді.
Терінің тактилді сезімталдығын өткізгіш жолдар - tractusgangliospinothalamocorticalis. Рецептор тері қабатында жатады. Өткізгіш жол үш нейроннан тұрады. Бірінші нейронның жасушалық денесі сезімталдықтың барлық түрлерінің шеткі нейрондары жасушаларының жиыны болып табылатын жұлын түйінінде орналасады. Бұл түйін жасушаларынан шығатын қсінді екі тармаққа бөлінеді; олардың шеткісі тері нерві құрамында рецептордан шығады, ал орталық тармақ артқы түбіршік құрамында жұлынның артқы жіпшесіне барып, сол жерде жоғары көтерілетін және төмен түсетін тармақтарға бөлінеді. Талшықтардың бір бөлігі мен жанама тармақтарын жұлынның артқы мүйіздерінде аяқталады. Жоғарылаған талшықтардың басқа бөлігі артөы мүйіздерге енбей, жұлынның артқы жіпшелеріне жүріп fasciculuscuneatusetgracilis құрамында сопақша мидың аттас ядроларына жетеді.
Жұлынның артқы мүйіздері мен сопақша мидың аталған ядроларында екінші нейронның жасуша денесі жатады. Артқы мүйіздерде орналасқан жасушалардың аксондары comissuraalba - арқылы ортаңғы жазықтықты қиып өтіп, қарама - қарсы жақтың бүйір жібінде орналасқан tractusspinothalamicuslateralis құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   152




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет