Дәрістік кешен пән: жкп 05 Анатомия және физиология Мамандығы



бет26/152
Дата13.12.2022
өлшемі434,65 Kb.
#162453
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   152
Байланысты:
дәрістік кешен ФАП-1
шешім 12.04.-19.04, Басқару стилінің қызметкерлердің қызмет жағдайларымен қанағаттануына әсері, Дене шынықтыру және басқару жүйесі, Дене шынықтыру және басқару жүйесі, Дене шынықтыру және басқару жүйесі, тірек конспект мемлекеттік тілде іс қағаздар жүргізу , Ағылшын тілі (2), нау3 лек, 8-наурыз Құттықтау, 9 дарис Аритмиялар. Кардиомиопатиялар. Кардионевроздар (1), 9 дарис Аритмиялар. Кардиомиопатиялар. Кардионевроздар, Документ Microsoft Word (6), ЕРИТИНДИЛЕР ТЕОРИЯСЫ-УМКД (1), 6В05101 биохим 2021, кәсіби
Үлестірмелі материалдар.кестелер,ағза муляждары, тесттер, кеспе қағаздар
Бақылау сұрақтары (кері байланыс).
1. Жүйке жүйесі анатомиясы
2. Орталық жүйке жүйесі қызметі
3. Рефлекс қызметі
Негізгі әдебиеттер.
1.Кузенбаева, Ә. О. Адам анатомиясы. 1 - кітап: оқуқұралы /. - Алматы :Эверо, 2016. - 292 бет. с.
2.Кузенбаева, Ә. О. Адам анатомиясы. 2- кітап :оқуқұралы . - Алматы :Эверо, 2016. - 248 бет. с.
3.Рақышев, А. Р. Адам денесі. 3 томдық. Т. 1. Сүйектертуралыілім. - М. : ГЭОТАР - Медиа, 2014
4.Рақышев, А. Р. Адам денесі. 3 томдық. Т. 2. Ас қорытужүйесі. Тынысалужүйесі. Несеп-жынысжүйесі. Эндокриндікбездер. Тамырлартуралыілім. Лимфа жүйесі- М. : ГЭОТАР - Медиа, 2014.
Қосымша әдебиеттер.
1.Рақышев, А. Р. Адам денесі. 3 томдық. Т. 3. Жүйкежүйесі. Сезіммүшелері: оқулық / А. Р. Рақышев. - М. : ГЭОТАР - Медиа, 2014. - 376 бет
2.Рақышев, А. Р. Адам анатомиясы. 1-кітап оқулық / А. Р. Рақышев. - 2-бас., түзет. жәнетолықт. ; ҚР Жоғарыоқуорындарыныңқауымдастығы. - Алматы :Дәуiр, 2009. - 420 бет.
17Тақырып.Жүйке жүйесі физиологиясы


Мақсаты.
Жүйке талшықтары деп нейрон өсінділерін айтады, олардың көмегімен нейрондар өзара және басқа атқарушы жасушалармен байланысады.
Дәріс жоспары
1.Жүйке талшықтарының жіктелуі.
2. Жүйке талшығымен қозудың өту механизмдері.
3. Жүйке талшықтарымен қозуды өткізу заңдары
Дәріс тезистері. Жүйке талшықтары деп нейрон өсінділерін айтады, олардың көмегімен нейрондар өзара және басқа атқарушы жасушалармен байланысады. Жүйке талшықтарының физиологиялық қасиеттері: 1) қозғыштығы – тітіркендіруге жауап қайтарудағы қозу жағдайында болу қабілеті; 2) өткізгіштігі – тітіркендіру әсер еткен жерден пайда болған қозуды ӘП түрінде әрі қарай өткізуі; 3) рефрактерлігі (қозбаушылығы)– қозу кезіндегі жүйкенің қозғыштық қасиетінің уақытша күрт төмендеуі. Жүйке тіндерінің рефрактерлік кезеңі өте қысқа болады. Рефрактерлік кезеңнің маңызы – жүйке тіндерін шамадан өте жоғары қозудан сақтандыру, тек биологиялық маңызды тітіркендіруге жауап қайтару. 4) лабилдігі – жүйке тіндерінің тітіркендіруге белгілі бір жылдамдықта жауап беру қабілеті. Жүйке талшықтары өз алдына (немесе бөлек) жүйке тіндерінің құрылымдық элементтеріне жатпайды, олар құрамында белгілі бөлімдері бар кешенді құрылым болып есептеледі: 1) жүйке жасушаларының өсінділері – осьтік цилиндр; 2) глиялық жасушалар (мидың дәнекер тіндері); 3) дәнекертіндік (базальдық) табақша. Жүйке талшықтарының негізгі қызметі – жүйке серпіндерін (импульс) өткізу. Жүйке жасушаларының өсінділері жүйке серпіндерін өткізеді, ал глиялық жасушалар олардың өтуін қолдайды.Жүйке талшықтары құрылымы мен қызмет ерекшеліктері бойынша екі түрлі болады: миелинсіз және миелинді. Миелинсіз жүйке талшықтарының миелинді қабығы болмайды, оның диаметрі 5-7 мкм, серпінді өткізу жылдамдығы 1-2 м/с. Миелинді жүйке талшықтары, Шванн жасушаларынан жасалған миелинді қабықпен қапталған осьтік цилиндрден тұрады. Осьтік цилиндрде мембрана мен аксоплазма бар. Миелин қабығының 80% жоғары кедергілі (Ом) липидтерден және 20% нәруыздан (белок) тұрады. Миелинді қабықпен осьтік цилиндрдің тұла бойы түгел жабылмайды, арасында миелині жоқ ашық учаскелері болады, олар Ранвье үзілістері деп аталады.
Үзілістер арасындағы бөлімше ұзындығы әртүрлі, ол жүйке талшығының жуандығына тәуелді: талшықтар қанша жуан болса, үзілістер арасы сонша ұзын болады. Диаметрі 12-20 мкм талшықтарда қозудың өту жылдамдығы 70-120 м/с болады. Қозуды өткізу жылдамдығына байланысты жүйке талшықтары үш түрлі болады: А, В және С (Дж. Эрлангер, Х.Гассер, 1937). А және В типтері миелинді талшықтар. А-талшықтар – денелік (сомалық) жүйке жүйесінің афференттік және эфференттік талшықтары; вегетативтік жүйке жүйесінің ганглийға дейінгі (преганглиялық) талшықтары – В типке қарайды. Сталшықтарымиелинсіз – оған ВЖЖ-нің ганглийдан кейінгі (постгангиялық) талшықтары мен кейбір ауырсыну, жылулық және ішкі ағзалар қабылдағыштарының афференттік талшықтары жатады.
Миелинсіз және миелинді жүйке талшықтарының қозуды өткізу механизмі бірдей емес. Тыныштық жағдайда миелинсіз жүйке талшығы мембранасының ішкі жағы теріс, ал сырты – оң зарядты болады. Мембрананың сыртқы және ішкі беттерінің арасында электр тоғы өтпейді, себебі мембрананың липидтік қабының электрлік кедергісі өте жоғары. Қозудың дамуы (ӘП) кезінде мембрананың қозған жерінде зарядтың кері өзгерісі (реверсия) нәтижесінде деполяризация байқалады. Бұл жердегі мембрананың Na+ ионына өткізгіштігі күшейеді де, оның сыртқы беті теріс зарядталады, ішкі беті оң зарядты болады. Содан кейін осы қозған жерде қозудың реполяризация кезеңі басталады, бұл К+ иондарының сыртқа шығуымен байланысты. Осылай мембрананың қозған жері мен қозбаған жері арасында пайда болған потенциал айырмасы (айналмалы ток – оң зарядтан теріске қарай) жүйке талшығының бойымен жаңа учаскеге қарай үзіліссіз жылжып отырады. Мұндай қозудың (ӘП-ның) миелинсіз жүйке талшықтары мембранасының бойымен үзіліссіз өтуі кейбір ет талшықтары мен С-типті жүйке талшықтарында кездеседі. Миелинді жүйке талшығы (А және В типті) мембранасының миелинмен қапталған учаскесі қозбайды, қозу тек Ранвье үзілістерінде дамиды. Қозу (ӘП) пайда болған Ранвье үзілістерінің бірінде зарядтардың кері өзгерісі (реверсия) болады. Мембрананың электрлік-теріс және электрлік-оң учаскелер арасында пайда болған электр тоғы мембрананың көршілес аймақтарында тітіркендіреді. Бірақ қозу жағдайына, тек келесі Ранвье үзілісінің мембранасы келе алады. Қозу пайда болған үзілістің екі жағындағы үзілістер мембранасының Na+ иондарына өткізгіштігі күшейіп, теріс зарядталады, яғни серпініс қозған үзілістен қозбаған үзіліске көшеді (секіреді). Кейде қозу бір үзілістен ғана емес екі үзілістен де секіруі мүмкін. Сөйтіп миелинді жүйке талшығында қозу секірмелі (сальтаторлы) түрде өтеді. Осындай миелинді жүйке талшығымен қозудың секірмелі таралуы оның жылдам өтуін (70-120 м/с) қамтамасыз етеді және оған жұмсалатын энергия мөлшері де аз болады. Миелинсіз және миелинді жүйке талшықтарының қозуды өткізу механизмі бірдей емес. Тыныштық жағдайда миелинсіз жүйке талшығы мембранасының ішкі жағы теріс, ал сырты – оң зарядты болады. Мембрананың сыртқы және ішкі беттерінің арасында электр тоғы өтпейді, себебі мембрананың липидтік қабының электрлік кедергісі өте жоғары. Қозудың дамуы (ӘП) кезінде мембрананың қозған жерінде зарядтың кері өзгерісі (реверсия) нәтижесінде деполяризация байқалады. Бұл жердегі мембрананың Na+ ионына өткізгіштігі күшейеді де, оның сыртқы беті теріс зарядталады, ішкі беті оң зарядты болады. Содан кейін осы қозған жерде қозудың реполяризация кезеңі басталады, бұл К+ иондарының сыртқа шығуымен байланысты. Осылай мембрананың қозған жері мен қозбаған жері арасында пайда болған потенциал айырмасы (айналмалы ток – оң зарядтан теріске қарай) жүйке талшығының бойымен жаңа учаскеге қарай үзіліссіз жылжып отырады. Мұндай қозудың (ӘП-ның) миелинсіз жүйке талшықтары мембранасының бойымен үзіліссіз өтуі кейбір ет талшықтары мен С-типті жүйке талшықтарында кездеседі. Миелинді жүйке талшығы (А және В типті) мембранасының миелинмен қапталған учаскесі қозбайды, қозу тек Ранвье үзілістерінде дамиды. Қозу (ӘП) пайда болған Ранвье үзілістерінің бірінде зарядтардың кері өзгерісі (реверсия) болады. Мембрананың электрлік-теріс және электрлік-оң учаскелер арасында пайда болған электр тоғы мембрананың көршілес аймақтарында тітіркендіреді. Бірақ қозу жағдайына, тек келесі Ранвье үзілісінің мембранасы келе алады. Қозу пайда болған үзілістің екі жағындағы үзілістер мембранасының Na+ иондарына өткізгіштігі күшейіп, теріс зарядталады, яғни серпініс қозған үзілістен қозбаған үзіліске көшеді (секіреді). Кейде қозу бір үзілістен ғана емес екі үзілістен де секіруі мүмкін. Сөйтіп миелинді жүйке талшығында қозу секірмелі (сальтаторлы) түрде өтеді. Осындай миелинді жүйке талшығымен қозудың секірмелі таралуы оның жылдам өтуін (70-120 м/с) қамтамасыз етеді және оған жұмсалатын энергия мөлшері де аз болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   152




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет