Дәрістік кешен пән: жкп 05 Анатомия және физиология Мамандығы



бет68/152
Дата13.12.2022
өлшемі434,65 Kb.
#162453
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   152
Байланысты:
дәрістік кешен ФАП-1
шешім 12.04.-19.04, Басқару стилінің қызметкерлердің қызмет жағдайларымен қанағаттануына әсері, Дене шынықтыру және басқару жүйесі, Дене шынықтыру және басқару жүйесі, Дене шынықтыру және басқару жүйесі, тірек конспект мемлекеттік тілде іс қағаздар жүргізу , Ағылшын тілі (2), нау3 лек, 8-наурыз Құттықтау, 9 дарис Аритмиялар. Кардиомиопатиялар. Кардионевроздар (1), 9 дарис Аритмиялар. Кардиомиопатиялар. Кардионевроздар, Документ Microsoft Word (6), ЕРИТИНДИЛЕР ТЕОРИЯСЫ-УМКД (1), 6В05101 биохим 2021, кәсіби
Үлестірмелі материалдар.кестелер,ағза муляждары, тесттер, кеспе қағаздар
Бақылау сұрақтары (кері байланыс).

  1. Зат алмасу дегеніміз?

  2. Организмдегі энергияның алмасуы қалай түсінесіз?

  3. Май және липид алмасу дегеніміз?

Негізгі әдебиеттер.
1.Сәтбаева Х.Қ., Өтепбергенов А.А., Нілдібаева Ж.Б. Адам физиологиясы. (Оқулық). - Алматы. Издательство «Дәуір», 2005. - 663 б.
2.Қалыпты физиологиядан тәжірибелік сабақтарға жетекшілік нұсқаулар./ Сайдахметова А.С., Рахыжанова С.О. Семей, 2006 г. - 174 б.
3.Қанқожа М.Қ. Қозғыш ұлпалар физиологиясы. - Алматы, 2004 ж. - 78 б.
Қосымша әдебиеттер.

1.Организмнің шартты-рефлекторлық әрекеті және оның нейрофизиология-лық тегершіктері. Жоғарғы жүйке іс-әрекетінің типтері. Ибраева С.С., Астана, 2006. - 52 б.


19Тақырып.Минералды заттар және дәрумендер.Энергия алмасу.




Мақсаты. Жалпы алмасу – организмнің әртүрлі жағдайлардағы тіршілік әрекеттерін (жылу реттеу, тамақтану, эмоциялық және жұмыстық жүктеме және т.б.) қамтамасыз етуге қосымша жұмсалатын энергия шығыны мен негізгі алмасу энергиясының жиынтығын студенттерге түсіндіру
Дәріс жоспары
1.Адам ағзасындағы энегия алмасу үдерісі
2.Жанама колориметрия әдісі
3.Энергия шығыны


Дәріс тезистері.
Адам (жануар) ағзасындағы зат алмасуы мен энергия алмасуы бірбірімен тығыз байланыстағы үдерістер. Зат алмасуы нәтижесінде тағам құрамындағы ақуыздар, майлар, көмірсулар тотығудан және ыдыраудан өтеді де, олардың энергиясы (химиялық, механикалық, электрлік, жылулық) ағзаның қажеттілігіне пайдаланылады. Мысалы, тағам құрамындағы белок, май, көмірсулардың химиялық энергиясы АҮФ түзілуіне немесе басқа ірі молекулалық заттардың пайда болуына жұмсалады. АҮФ жасушаның бос энергиясының көзі болып саналады, сондықтан ол пайда болған соң бір минут ішінде іске қосылады. АҮФ-тың айналыстағы жылдамдығы өте жоғары: пайда болатын (түзілетін) және ыдырауға түсетін АҮФ-тың мөлшері дене салмағынан 2-3 есе асып түседі!. Тыныштық жағдайда тағамның энергиясының 25%-ы ағза мүшелері мен тіндердің жұмыстарына жұмсалады (тасымалдау, синтездеу, сөл бөлу, бірыңғай салалы және қаңқа еттерінің жиырылуына, т.б.). Энергия шығынының түрлері: пластикалық, негізгі алмасу және жалпы алмасу. Пластикалық алмасу – ұзақ ашығуда болған немесе ауыр науқастан кейін ағзаның құрылымдық бөлшектерін қайта қалпына келтіру үшін және өсіп келе жатқан ағзаның дамуына жұмсалатын энергия шығыны. Негізгі алмасу (НА) – үйреншікті (стандартты) жағдайдағы ішкі ортаның тұрақтылығын (гомеостазды) қамтамасыз етуге шығындалатын энергияның аз (минималды) мөлшері. Оны анықтау сергек адамда тәңертең төсектен тұрмай, толық қимылсыз жатқанда, аш қарында, яғни соңғы рет ас ішкеннен кейін 12-16 сағат өткен соң, температуралық комфортты (18-22ºС) жағдайда жасалады. НА-ды осы көрсетілген стандартты жағдайда зерттеу керек, себебі физикалық және эмоциялық жүктеме, тағам қабылдау және қоршаған орта температурасының өзгерістері организмдегі зат алмасу қарқындылығын күшейтеді, яғни энергия шығыны да күшейеді. НА-дың энергиясы организмдегі барлық тіндер мен ағзалардың қалыпты қызметтерінің атқарылуына, дене температурасының тұрақтылығын сақтауға жұмсалады. НА деңгейі адамның салмағына, бой ұзындығына, жасына, жынысына байланысты. Ересек адам 1 кг салмағына 1 сағат ішінде 1 ккал (4,19 кДж) энергия жұмсайды. Сонда, салмағы 70 кг ер адам тәулігіне денесінен 1700 ккал (7117 кДж) энергия бөліп шығарады. Бұл нормалық энергия мөлшері адамның тіршілігін сақтауға қажет ағзалар қызметіне жұмсалады. Осындай салмақтағы әйелдерде бұл көрсеткіш 10%-ға төмен. НА-дың ең жоғары деңгейі 6 айға дейінгі балаларда болады, сосын ол біртіндеп төмендейді де, жыныстық дамудан кейін ересек адамдармен теңеседі. Жас ұлғайған сайын НА-дың шамасы төмендей береді. Негізгі алмасудың жартысынан көбі бауыр мен қаңқа еттерінің қызметінде шығындалады. Адамның НА-ның тиісті шамасын арнаулы кестелер (таблицалар), формулалар және номограммалар бойынша анықтайды. Сонымен қатар, Крог әдісімен де (толық емес газ анализі) анықтауға болады. Жалпы алмасу – организмнің әртүрлі жағдайлардағы тіршілік әрекеттерін (жылу реттеу, тамақтану, эмоциялық және жұмыстық жүктеме және т.б.) қамтамасыз етуге қосымша жұмсалатын энергия шығыны мен негізгі алмасу энергиясының жиынтығы.
Әртүрлі эмоциялар кезінде энергия шығыны, негізгі алмасу дейгейінің, 40-90%-ын құрады және бұл бұлшықеттердің фазалық және тонустық жиырылуымен байланысты. Ұйқы кезіндегі зат алмасу деңгейі, сергектік жағдайымен салыстырғанда, 10-15% төмен болады, себебі бұл кезде бұлшықеттер босаңсыйды, симпатикалық жүйке жүйесінің белсенділігі төмен, қалқанша безі мен бүйрекүсті бездерінің гормондарының түзілуі аз болады. Тағамның өзіндік-динамикалық қуаттық әсері. Тамақтанудан кейін, тағам өнімдерінің қанға сіңуі кезінде, зат алмасуы қарқыны күшейіп, энергия әдеттегіден әлдеқайда көп жұмсалады. Мұны тағамның өзіндік-динамикалық қауттық әсері деп атайды. Ол астың құрамына байланысты, тағамда белок басым болса, энергия әдеттегіден 30%, ал тағамда көмірсу басым болса тек 15% көбірек жұмсалады. Жалпы алмасу НА-дан едәуір жоғары болуы қаңқа бұлшықеттерінің қызметіне байланысты. Дененің қимыл-қозғалыстарына, олардың ауыржеңілдігіне қарай энергия бірде көп, бірде аз шығындалады. Мысалы, адам жеңіл жұмыс істегенде (кеңсе қызметкерлері, мұғалімдер, тігіншілер) 1 кг салмаққа 1,8-2,5 ккал (7,5-10,5 кДж) энергия жұмсайды. Баяу жүріп қызмет атқаратындар (лаборанттар, дәрігерлер, кітапхана қызметкерлері) 2,8-3,2 ккал (11,8-13,4 кДж) энергия шығындайды. Сөйтіп, адам денесіне түсетін ауырпалық өскен сайын, оның салмағына қарай энергия шығыны да көбейіп отырады. Қазіргі кезде ересек адамның энергия шығыны оның атқаратын кәсіби қызметінің ерекшеліктеріне байланысты 5 топқа бөлінеді. Энергия шығынын анықтау әдістері. Организмдегі қоректік заттар (белок, май, көмірсу) тотыққанда бөлінетін энергия мен сол заттарды сыртқы ортада өртегенде (Бертло калориметрінде) босап шығатын энергия жылуы бірдей емес. Белгілі бір заттың 1 грамы тотыққан (немесе өртелген) кезіндегі бөлінетін жылу мөлшері сол заттың калориялық коэффициенті деп аталады. Организмде белок толық тотықпайды, себебі оның тотығу барысында мочевина, несеп қышқылы және т.б. жылу шығаратын заттар пайда болады. Сондықтан ағзадағы белоктың калориялық коэффициенті 4,1 ккал (17,17 кДж); май үшін – 9,3 ккал (38,39 кДж); көмірсу үшін – 4,1 ккал (17,17 кДж). Сонымен белок пен көмірсудың жылу шығару қабілеті бірдей, ал тотыққан май бөліп шығаратын жылу мөлшері оларға қарағанда екі есе көп. Организмнің энергия шығыны екі түрлі калориметриялық әдіспен анықталады. Олардың біреуі – денеден шыққан жылу энергиясын тікелей калориметрмен өлшеу (тікелей калориметрия), бұған Этуотер-Бенедикт және В.В.Пашутин әдістері жатады; екіншісі – жанама калориметрия: газдар алмасу арқылы өлшеу (Крог, Шатерников, Дуглас-Холден әдістері). Тікелей калориметриялық әдіспен энергия шығынын өлшеу үшін камера қолданылады. Бұл камераның қабырғасы қоршаған ортадан оқшауланған, жылу сақтайтын материалдан жасалған. Сыналушы адам денесінен бөлініп шыққан жылу камераның төбесінде өтетін сулы түтікті жылытады. Демек, жылынған судың температурасын белгілі бір уақыт ішінде өткен судың көлемі арқылы біле отырып, денеден шыққан энергия мөлшерін есептеп шығаруға болады. Бұл әдіс өте қымбат және қолайсыз аспаптармен жабдықталған, сондықтан оны арнайы ғылыми зерттеу жұмыстарында пайдалануға болады. Жанама калориметрия әдісімен энергия шығынын анықтау тыныс жүйесіндегі газ алмасуға негізделген, яғни денеге сіңген оттегінің мөлшерін не денеден шығарылған көмірқышқыл газ мөлшерін өлшеу арқылы анықтауға болады. Организмдегі қоректік затардың тотығуында бөлінетін энергия, тағам құрамындағы белок, май, көмірсу мөлшеріне байланысты әртүрлі болады. Сондықтан тотығу кезіндегі оттегінің әр литріне жұмсалатын энергия жеке тағамдық заттарда бірдей емес. Жанама калориметрия әдісімен энергия шығынын есептеу үшін тыныс коэффициенті (ТК) мен оттегінің калориялық эквиваленті (ОКЭ)деген зерттеулерді пайдалау керек. Тыныс коэффициенті дегеніміз белгілі бір уақыт ішінде организмнен шығарылған көмірқышқыл газының көлемі мен ағзаға сіңірілген оттегі мөлшерінің аралық қатынасы. ТК-тің шамасы денедегі тотыққан ақуыздар, майлар және көмірсулардың ара қатынастарына тәуелді: ақуыздар тотыққанда 0,8; майларда – 0,7; көмірсуларда - 1,0 тең болады. Оттегінің калориялық эквиваленті дегеніміз организмдегі 1л оттегін пайдаланғанда бөлінетін энергия мөлшері. Оның шамасы ақуыздар үшін 4,48 ккал (18,8 кДж); майлар үшін – 4,69 ккал (19,6 кДж); көмірсулар үшін – 5,05 ккал (21,1 кДж).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   152




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет