Дәрістік кешен пән: жкп 05 Анатомия және физиология Мамандығы


Тыныс реттелуінің бұзылуы



бет80/152
Дата13.12.2022
өлшемі434,65 Kb.
#162453
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   152
Байланысты:
дәрістік кешен ФАП-1

Тыныс реттелуінің бұзылуы

Тыныс қызметі сопақша мидың реттелуімен іске асады. Қалыпты жағдайдағы тыныс алуды эйпноэ деп атайды. Көптеген рефлекторлы және гуморальды факторлардың әсерінен тыныс қозғалысының жиілігі, терендігі және ырғағы бұзылуы мүмкін.


Брадипноэ- тыныстың сиреуі. Артериялық қан қысымы жоғарылаған кезде, рефлекторлы түрде тыныс сиреуі, әлсіреуі болады. Сонымен қатар гипокапния, биіктікке көтерілген кезде дамиды.
Полипноэ (тахипноэ) - жиі, беткей тыныс. Бұл өзгеріс орталық жүйке жүйесінің функциональды бұзылыстары кезінде, қызба, өкпе зақымдануы жағдайларында байқалады.
Гиперпноэ— жиі, терең тыныс. Ағзаға физикалық күш түскенде тиреотоксикозда, қызбада, эмоциональды күш түсу кезінде байқалады. Егер гиперпноэ - рефлекторлы түрде болса,ондагипервентиляция салдарынан алкалоз дамып көмірқышқыл газының парцияльді қысымы төмендейді.
Апноэ-тыныстың тоқтауы.АҚҚ бірден көтерілген жағдайда баорецепторлардың тітіркену нәтижесінде пайда болады. Тыныс орталығының тежелуі ж.етоқтауы,көбнесе наркотикалық дәрілердің әсерінен болады.
Тәжірибелік медицинада тыныстың патологиялық түрлері жиі кездеседі. Олардың себебі көбіне тыныс алу мүшелерінің тіршілікке қауіп төндіретін аурулары,кейінгі кезекте ЖҚТЖ-нің аурулары. Патологиялық тыныс түрлерін кезеңді тыныс деп те атауға болады
Чейн-Стокс тынысы - тыныс алу фазасы біртіндеп күшейіп,жоғарғы деңгейге жеткен кезде,баяулап тыныс алу қайталанады. Чейн-Стокс тынысы-ми гипоксиясы нәтижесінде болады. Гипоксия нәтижесінде ми қыртысы ж.е қыртыс асты құрылымдарында жасушаларында тежелу процесі дамиды,соның салдарынан тыныс алу орталығының әрекеті әлсірейді
Биот тынысы - тыныс алу және тыныс шығару тереңдігінің амплитудасы біркелкі болып,бұл фазалардың арасында апное тіркеледі.
Куссмауль тынысы - шулы тыныс.тыныс алу ж.е шығару шулы болып естіледі.
Гаспинг тынысы - дем алу және шығару күші біртіндеп әлсіреп тоқтай бастайды. Куссмауль және Гаспинг тынысы терминалдық жағдайларда жиі байқалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   152




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет