Жұлынның қызметі: жұлын екі түрлі қызмет атқарады: рефлекстікжәне өткізгіштік.
Рефлекстік қызметі: жұлынның әр жерінде жүйке орталығы бар. Жүйке орталығы деп жұлынның түрлі бөлімінде орналасқан қандай да болмасын мүшенің жұмысын реттейтін жүйке жасушаларының жиынтығын айтады. Мысалы, тізе рефлексі орталығы жұлынның бел бөлімінде; зәр шығару орталығы сегізкөз бөлімінде және т.б.
Өткізгіштік қызметі орталыққа тебетін (өрлеу, қозуды миға жеткізу) және орталықтан тебетін (қозуды мидан жұлын арқылы мүшелерге жеткізу) өткізгіш жолдардан тұрады. Орталыққа тебетін өткізгіш жолдармен қозу миға беріледі. Орталықтан тебетін өткізгіш жолдар арқылы қозу мидан жұлынның төменгі бөлімдеріне, одан мүшелерге өтеді.
Жұлынның бөлімдері:
Жұлын 31 сегментке бөлінген. Әрбір сегмент бір-бірімен тығыз байланысқан, алайда араларында бірашама алшақтық байқалады. Себебі, жұлынның бір түбірі бұзылса не кесілсе оған сәйкес дене сегментінде сезім және қозғалыс функциялары толығынан жойылмайды. Белла-Мажанди заңы брйынша жұлынның артқы түбірлері афференттік жүйкелерден, ал алдыңғы түбірлері эфференттік жүйкелерден тұрады.
Жұлын нервтері:
Жұлын нервтері-жұлыннан шығатын жүйке талшықтарынан құралған. Құрамында сезімтал және қозғалтқыш жүйке талшықтары болғандықтан, жұлын жүйкелерін қызметі жағынан аралас жүйкелерге жатқызады. Жұлын жүйкелері омыртқа өзегінен шыққан бойда-ақ байланыстырғыш (симпатикалық) және жұлын қабықтарына арналған қайтарма (сомалық) тармақтарды бөліп, сұр байланыстырғыш (симпатикалық) тармақтарды қосып алып, содан соң, адамда алдыңғы және артқы, жануарларда вентральды және дорсальды(сомалық, симпатикалық жүйке талшықтарынан құралған) тармақтарға ажырайды. Жұлынжүйкелерініңдорсальды тармақтары (адамда — артқы тармақтар) омыртқа бағанынан жоғары (адамда — омыртқа бағанының артқы жағында) орналасқан дене бөліктерін (сүйектер, бұлшықеттер, буындар, тері, олардың тамырлары), ал вентральды тармақтар омыртқа бағанынан төмен (адамда — алдыңғы жағында) жатқан дене бөліктерін жүйкелендіреді. Аталған тармақтар өз кезегінде латеральды (беткей орналасқан мүшелерге) және медиальды (терең жатқан мүшелерге) тармақтарға тарамдалады. Жұлын жүйкелері омыртқа бағаны бөлімдеріне сәйкес: мойын, көкірек, бел, құйымшақ және құйрық жүйкелері болып бөлінеді. Олардың саны мойында 8-жүп, құйрықта 5-6 жүп, қалған бөлімдерде адам мен жануарлардың омыртқалар санына сәйкес келеді. Алдыңғы (қол) және артқы аяқтарды жүйкелендіретін жүйкелер жұлын жүйкелерінің вентральды (адамда — алдыңғы) тармақтары түзетін: иық, бел және құйымшақ жүйке тораптарынан шығады.
Жұлыннан немесе мидан шыққан бірнеше бірнеше жүйке талшықтары бірігеді де, сыртын талшық қаптайды.Оны жүйке тамыры деп атайды.
Орталық жүйке жүйесіне филогенетикалық жағынан өте әріден басталған жұлын және ең жас,біртіндеп дамып келе жатқан ми жатады.
Бұл екі бөлімнің генетикалық, морфологиялық құрылысы мен қызметі бір-бірімен тығыз байланыстыжәне біртұтас құрылым.Жұлын мен миды 3 қабатты қабықша қаптайды:
1.жұмсақ немесе қан тамырлы қабық ,ең ішкі қан тамырларына бай жұлын мен мидың үстіңгі бетімен бірігіп жататын қабық
2.торлы қабық өте жұқа қантамырсыз қабық
қатты қабық ең сыртқы дәнекер ұлпалы қабық
Жұлын тек омыртқа жотасының ішіндегі ұңғылдаорналасады.Ересек адамдарда оның ұзындығы 45 см,ені 15 мм,салмағы 36 гр.Жұлынжжоғарғы жағынан ауыз омыртқаның тұсында сопақша миға жалғасады, ал оның төменгі жағы 2-ші бел омыртқадан төмен қарай ат құйрықтанып,,негізгі жіпшесі 2-ші құйымшақ омыртқаға дейін жетеді де сол жерге бекиді
Жұлынның ұзына бойында оның жуандығы біркелкі болмайды;бас жағы 8жуан,құйрық жағы жіңішке болады. Жұлынның 2 жері жуандау ; мойын буылтығы және бел-сегізкөз буылтығы болады. Жұлынның алдыңғы және артыңғы жағында екі жүлге :алдыңғы орталық сай және артыңғы орталық 8жүлгесі болады,жәе бүйірлерінде оң бүйір және сол бүйір жүлгелері болады
Жұлынның ортасында өте тар тесігі болады.Олортақ өзек деп аталады. Жұлынның көлденең кесіндісінен оның ақ зат пен сұр заттан тұратыны байқалады. Сұр заты қанатын жазған көбелекке ұқсас , алға шығып тұрған бөлігі алдыңғы аша , артқы бөлігі артқы аша деп аталады.Ақ зат жұлынның сұр затын қоршап жатады, ол жүйке талшықтарынан және аксондардан түзілген. Жұлынның әртүрлі деңгейлеріндегі ақ заты мен сұр затының пішіндері және қатынасы әр түрлі болады
Достарыңызбен бөлісу: |