Дәрістік кешен пән: жкп 05 Анатомия және физиология Мамандығы



бет87/152
Дата13.12.2022
өлшемі434,65 Kb.
#162453
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   152
Байланысты:
дәрістік кешен ФАП-1

Негізгі әдебиеттер.
Қазақ тілінде: негізгі:
1. Рақышев, А. Р. Адам денесі. 3 томдық. Т.1. Сүйектер туралы ілім. – М.:ГЭОТАРМедиа,2014
2. Кузенбаева, Ә. О. Адам анатомиясы. 1 - кітап: оқу құралы /. - Алматы : Эверо, 2016. - 292 бет. с.
3. Кузенбаева, Ә. О. Адам анатомиясы. 2- кітап : оқу құралы . - Алматы : Эверо, 2016. - 248 бет. с.
4. Досаев Т.М. Адам анатомиясы.-Ақ-Нұр, 2013
5. Адам анатомиясы : оқулық - Алматы : ЖК "Ақнұр", 2013.
Қосымша әдебиеттер.
1. Жұмабаев У., Әубәкіров Ә.Б., Досаев Т.М. ж.т.б. Адам анатомиясы, атлас. І,ІІ том. Астана: «Фолиант», 2005.

28 Тақырып. Тыныс алу жеткіліксіздігің,түрлері




Мақсаты:тыныс алу жеткіліксіздігі туындауының және дамуының негізгі заңдылықтарды түсіндіріп беру.
Дәріс жоспары:
1.Гиповентиляция түрлері
2.Сыртқы тыныс жеткіліксіздігі
3.Диффузия және перфузия


Дәріс тезистері.

Сыртқы тыныс деп организмнің оттегін қабылдап, көмір қышқыл газын қалыпты денгейде сыртқа шығарып тұратын өкпедегі өтетін үрдістердің жиынтығын айтады. Өкпеде 3 түрлі үрдіс өтеді: 1)өкпенің желдетілуі немесе вентиляциясы; 2)газдардың диффузиясы; 3)өкпенің перфузиясы. Үшеуден бір үрдіс бұзылса, тыныс алу жеткіліксіздігі пайда болады.


Сыртқы тыныс жеткіліксіздігі – артериалық қанның қалыпты газдық құрамын сақтап тұра алмайтын өкпе мен тыныс алу жолдарының патологиялық жағдайын айтады.
Сырткы тыныс жеткіліксіздігің жедел, жеделдну және созылмалы түрін анықтайды. Жедел түрі бірнеше минут, сағатта дамиды (бронхиалды демікпе, жедел пневмония). Созылмалы тыныс жеткіліксіздігі бірнеше айлар, жылдарда дамиды (созылмалы өкпенің обструктивті эмфиземасы).
Гиповентиляция пайда болу себептеріне қарай обструкциялық, рестрикциялық және араласқан гиповентиляция деп ажыратылады.
Обструкциялық гиповентиляция тыныс алу жолдары тарылғанында немесе бітелгенінде байқалады. Бұл кезде ауа қозғалысына кедергі тыныс алу жолдарында пайда болады. Ол мына себептерден дамиды: бронхоспазмдан; тыныс алу жолдары қою қақырықпен бітеліп қалуынан; тыныс алу жолдары сыртынан ісінген қалқанша безбен, айналасындағы тіндердің өспесімен қысылып қалуынан.
Рестрикциялықгиповентиляция өкпенің тыныс алу бетінің азаюынан немесе өкпе тінінің серпімділігі төмендеуінен дамиды. Ол өкпе тінінің өзінде болатын (өкпеішілік) дерттермен немесе өкпенің сыртынан әсер ететін (өкпесыртылық) дерттік өзгерістермен байланысты дамиды. Өкпе ішілік дерттерге: өкпеде қабыну; өкпе ауруларын (пневмосклероз, эмфизема, туберкулез); өкпенің бір бөлшегін немесе бір өкпе тұтас оталып тасталуын; әртүрлі себептерден сурфактанттың азаюынан өкпеде ателектаз дамуын жатқызуға болады. Өкпесыртылық дерттерге: өкпеқап қуысында сұйық, қан, ауа жиналып қалуы (гидроторакс, гемоторакс, пневмоторакс) жатады.
Газдардың диффузиясының бұзылысы өкпенің аэрогематикалық барьерлерін түзейтін альвеолярлы-капиллярлык мембрана қасиеттерінің өзгерістері нәтижесінде дамиды. Альвеолярлымембрананынқалындауысклеротикалық үрдістер пайда болғанда, интерстициалды пневмония, эмфизема, өкпе ісіну және олардың ауданы азайғанда байқалады.
Жүректің он бөлімдерінің жиырылғыш қызметі төмендегенде өкпе қан айналымның бұзылыстары жиі дамиды. Нәтижесінде өкпеге түсетін қанның көлемі азаяды. Өкпе перфузиясын азайтуға әкелетін себептердің ішінде кейбір жүректің туа біткен және жүре пайда болған ақауларын (өкпе артерия ұшының стенозы), тамырлык жеткіліксіздігін, өкпе артерия жүйесінде тромбоз немесе эмболияны айтуға болады.
Брадипноэ – терең сирек тыныс.
Апноэ – тыныстың жоқтығы, яғни тыныс алудың уақытша тоқтауы.
Тахипноэ  жиі тыныстау, тыныстың тереңдігі төмендеуі мен сипатталады.
Гиперпноэ – терең жиі тыныс.
Ентік – тыныстын қиындауы.
Дерттік тынысқа келесі түрлері жатады:
-Чейн-Стокс тынысы;
-Биоттынысы;
-Кусмаультынысы;
-гаспинг-тынысы;
-агоналдықтынысы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   152




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет