Дағдарыс. Бұл фазада экономикалық дамудың көрсеткіштері күрт нашарлайды: өндіріс көлемі қысқарады, табыстар төмендейді, жұмысбастылық қысқарады, инвестициялық белсенділік төмендейді, бағалар құлайды, өндіргіш күштер біртіндеп істен шыға бастайды, негізгі капитал құнсызданады, жұмыссыздық өседі, кәсіпорындар жаппай жабыла бастайды, өндірістік қуаттар төмендейді.
Тоқырау. Бұл фаза экономикалық дағдарыстың ең төменгі нүктесі болып табылады, яғни жаппай жұмыссыздық орын алады, жалақы мен пайыз мөлшерлемесі ең төменгі деңгейге жетеді, тауарлы- материалдық қорлар қысқарады, өндіріс тоқтайды, бағалардың төмендеуі де тоқтайды.
Жандану. Бұл фазада негізгі капитал жаппай жаңартылады, жұмыссыздық қысқарады, жалақы, пайыз мөлшерлемесі және бағалар өсе бастайды, инвестициялық белсенділік пен тұтыну заттарына деген сұраныс артады.
Өрлеу. Бұл фаза экономикалық дамудың шарықтау шегі болып табылады. Экономикалық өсу қарқыны жоғарылайды, өндіріс көлемі айтарлық-тай ұлғаяды, инвестициялар да артады, бағалы қағаздар бағамы өседі, пайда, жалақы, баға, пайыз сияқты көрсеткіштер ең жоғары деңгейге жетеді.
Негізінен, экономикалық циклдің негізгі фазасын дағдарыс құрайды. Себебі мұнда циклдің негізгі белгілері көрініс табады. Дағдарыссыз цикл болмайды, ал дағдарыстардың үнемі кезеңділікпен қайталанып отыруы нарықтық экономиканың дамуына циклдік сипат беріп отырады.
Экономиканың циклдік дамуының графикалық көрінісі төмендегі
суретте көрсетілген.
12.1-сурет. Экономиканың циклдік дамуы
Жалпы ұлттық (ішкі) өнім, таза ұлттық өнім, ұлттық табыс, жеке табыс сияқты негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер экономикалық өсудің нәтижесінде орын алады.
Экономикалық өсу – бұл ұлттық шаруашылықтың адамдардың қажетті-ліктерін қанағаттандыратын өнімдерді өндіру қабілеттілігі мен мүмкіндігінің ұлғаюы. Қазіргі уақытта, экономикалық өсудің шешуші факторы болып инвестициялар табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |