Дәрістік кешен тақырып экономика негіздері пәні мен әдістері. Мақсаты



бет40/61
Дата03.02.2023
өлшемі474,58 Kb.
#167318
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   61
Байланысты:
дәрістер

Маусымдық жұмыссыздық – бұл жыл мерзімдеріне бай- ланысты экономиканың кейбір салаларында өндіріс көлемінің өзгеруінен болатын жұмыссыздықтың түрі. Мәселен, құрылыс саласының кейбір түрлері жұмысбастылықты жылдың белгілі бір мерзімдерінде ғана қамтамасыз ете алады.

Толық жұмысбастылық. Еңбек нарығында босаңқы жұмыс күшінің болуы сол жұмыс күшіне қосымша сұраныс білдіре отырып өндірісті кеңейтудің және дамытудың қажетті жағдайы болып табылады. Экономика ресурстарды, соның ішінде ең алдымен, еңбекті 100%-дық деңгейде қолданып әрекет ете алмайды. Экономика еңбектің, капиталдың және жердің қажетті резервіне ие болуы тиіс. Ресурстардың осындай қорына ие болып қана қоғам туындайтын мәселелерді шеше алады және өзгеретін жағдайларға тез бейімделе алады.
Табиғи жұмыссыздық деген де ұғым бар және ол толығымен ерікті болып табылады. Нақтырақ айтсақ, табиғи жұмыссыздық деңгейі фрикциондық және құрылымдық жұмыссыздыққа сәйкес келеді. Жоғарыда атап өткеніміздей, фрикциондық жұмыссыздық еркін түрде болады, ал құрылымдықты олай деуге болмайды. Қандай да бір саланың құлдырауы, мамандық пен біліктіліктің жоғалуы жұмысшыны жұмысынан айыруға алып келеді. Жаңа жұмыс орнына кіру үшін ол қайта оқытудан өтуі қажет. Бұл жерде денсаулығы және жасы бойынша шектеулер болуы мүмкін. Егер біліктілігі бар жұмысшы тым аз жалақыға және біліктілікті қажет етпейтін жұмыс орнынан бас тартса (мысалы, ыдыс-аяқ жуушы), онда оны ерікті жұмыссыздар қатарына жатқызуға болады.
Толық жұмысбастылық деңгейінен асып кететін жұмыссыздық қоғам үшін едәуір экономикалық және әлеуметтік зиян туындатады. Жұмыс күшінің белгілі бір бөлігін қолданбау ЖІӨ-нің кем өндірілуіне алып келіп, нәтижесінде нақты өндірілген ЖІӨ мен әлеуетті ЖІӨ арасында алшақтық пайда болады. Жұмыссыздық деңгейі неғұрлым жоғары болса, нақты өндірілген ЖІӨ мен әлеуетті ЖІӨ арасындағы алшақтық соғырлым үлкен болады.
Американдық экономист Артур Оукен жұмыссыздық деңгейі мен ЖІӨ-ді жоғалту арасындағы қатынасты есептеп шығарды. Бұл қатынас Оукен заңы деген атқа ие болды. Оукен заңы – жұмыссыздықтың нақты деңгейі өзінің табиғи деңгейінен 1% асқанда ЖІӨ-нің нақты өндірілген көлемі 2,5%-ға жоғалады дейтін тұжырымдама. Ал 2,5% Оукен коэффициенті деп аталады.
Оукен заңы мынадай формуламен жазылады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет