Мемлекеттік бюджет – кірістері мен шығыстары көрсетілген мемлекеттің қаржылық жоспары. Бюджеттің ерекше белгісі болып бюджеттік бағдарламалардың заңдық негізде бекітілуі табылады.
Мемлекеттік бюджет жүйесі– экономикалық қатынастар мен заңдық нормаларға негізделген барлық бюджет түрлерінің жиынтығы. Қазақстан Республикасы Бюджет кодексіне сәйкес, бюджет жүйесі – бұл барлық бюджеттердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, бюджеттік үдерістер мен қатынастардың жиынтығы.
Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің құрамына бюджет- тердің келесідей деңгейлері кіреді:
республикалық бюджет;
жергілікті бюджеттер: облыстық бюджет, облысқа бағынатын қалалар бюджеті, республикалық маңызы бар қалалар бюджеті, астана бюджеті, аудандар бюджеті.
Экономикада мемлекеттік бюджет жүйесі төмендегідей негізгі қызметтерді атқарады:
қаржы ресурстарын мемлекет пен қоғам қажеттіліктеріне жұмылдыру;
әлеуметтік-экономикалық мәселелерді реттеу;
қаржы ресурстарын қайта бөлу (аймақтық, салааралық, ведомствоаралық, әлеуметтік);
кәсіпкерлік қызметті қолдау және ынталандыру;
инвестициялық жобаларды жүзеге асыру;
әлеуметтік қорғау;
мемлекеттік қаржының кірістері мен шығыстарына бақылау жасау.
Мемлекеттік бюджет жүйесі бірнеше принциптерге негізделеді:
бірлік принципі – ҚР-сы территориясында бірыңғай бюджет заңдылығын, дербес бюджет сыныптамасын қолдану;
толықтылық принципі – бюджеттер мен Ұлттық қорға келіп түсетін барлық түсімдер мен шығыстардың заңдық тәртіпте көрініс табуы;
шынайылық принципі – бюджет параметрлерінің экономиканың ағымдық жағдайының көрсеткіштеріне, Қазақстан Республикасының және аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуының параметрлері мен бағыттарына сәйкес келуі;
ашықтылық принципі – бюджет заңдылығы аясындағы нормативтік-құқықтық актілерді міндетті түрде жариялау;
дәйектілік принципі – бюджеттік қатынастар аясында алдын- ала қабылданған шешімдерді мемлекеттік басқару органдарының қадағалауы;
нәтижелілік принципі – бюджеттік бағдарламаларда көрсетілген белгілі бір нәтижелерге жетудің қажеттілігіне байланысты бюджет- терді әзірлеу және орындау;
тиімділік принципі – бюджет құралдарын аз көлемде қолдана отырып, ең жақсы нәтижеге жетудің қажеттілігіне байланысты бюджетті нақты іске асыру;
жауапкершілік принципі – бюджет заңдылығын бұзғаны үшін бюджет үдерісіне қатысушыларды жауапкершілікке тарту;
бюджеттердің дербестілігі принципі – әртүрлі деңгейдегі бюджеттер арасындағы түсімдердің тұрақты түрде бөлінуін қамтамасыз ету.
Мемлекеттік бюджеттің табыстары мен шығындарының құры- лымы төмендегідей бюджет сыныптамасымен анықталады:
Бюджет табыстары:
салықтық түсімдер;
салықтық емес түсімдер;
негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер;
трансферттердің келіп түсуі.
Бюджет шығындары.
Операциялық сальдо.
Таза бюджеттік несиелеу:
бюджеттік несиелер;
бюджеттік несиелерді жабу.
Қаржылық активтер операциясы бойынша сальдо:
қаржылық активтерді иелену;
мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түскен түсімдер.
Мемлекеттік бюджет тапшылығы (артықшылығы).
Бюджет тапшылығын қаржыландыру (артықшылықты қолдану):