Сондай-ақ екі жастың көңілдері жарасса, жігіт сүйгенін алып қашып үйленуі де ертеден келе жатқан үрдістің бірі. Мұндай жағдайда жігіт жағы айып төлеп, көп шығынға батады
Сондай-ақ екі жастың көңілдері жарасса, жігіт сүйгенін алып қашып үйленуі де ертеден келе жатқан үрдістің бірі. Мұндай жағдайда жігіт жағы айып төлеп, көп шығынға батады.
Сол сияқты жігіт өзіне ұнаған қыздың әкесіне сөз салу арқылы да үйленеді. Бұл рәсім – «қыз айттыру» деп аталады.
Жігіт үйленер алдында әуелі өзіне ұнайтын теңін іздестіреді. Бұл дәстүр – «қыз көру», «жар таңдау» деп аталады.
Сұлулыққа жаны үйір халқымыз ғасырлар бойы ерге адал жар, сенімді серік болар қыз баланың сымбаты мен келбеті, мінезі мен ақылы, тәрбиесі мен өнегесі қандай болу керектігі жөнінде дәстүрлі талғамы мен өлшемін қалыптастырған.
Халықтық түсінік бойынша: «Тегіне қарап қызын ал», «Көріп алған көріктіден, көрмей алған текті артық», «Шешеге қарап қыз өсер» дегендей, текті қыздың белгісін туған анасының мінезі, үлгі-өнегесі және қызына берген тәлім-тәрбиесі айқындайды. Әдетте, «текті жердің қызы әдепті, көргенді, инабатты, іске шебер, қиыншылыққа төзімді» болып келеді