ДӘСТҮрлі сабақтан білім берудің инновациялық технологияларына ұ. И. Еспанова



Дата24.04.2017
өлшемі78,01 Kb.
#15115
ДӘСТҮРЛІ САБАҚТАН БІЛІМ БЕРУДІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНА
Ұ. И. Еспанова
Шиелі индустриалды –аграрлық колледжі, Қызылорда облысы, ulzhan1966 @іndox.ru
Пікір беруші – Г. Т. Дайракулова, колледж әдіскері, Шиелі индустриалды-аграрлық колледжі
Тәуелсіз Қазақстанның әлемдік өркениетке жетудегі бірден- бір дара жолы- білім жүйесі. Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8- бабында: «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу»-деп атап көрсеткен. Сондықтан қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үдерістерін технологияландыру мәселесі қойылып отыр. [1]

Инновациялық технологиялар бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуда және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдануда негізгі мәнге ие.

Қазіргі білім жүйесінің ерекшелігі–тек біліммен ғана қаруландырып қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше ізденуіне қажеттілік тудыру. Білім беруді ақпараттандыру–жаңа технологияны пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыратын сатылап жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс - әрекеттер жиынтығы. Педагогикалық технологиядағы басты міндет – білім алушының оқу-танымдық әрекетін жандандыра отырып, оқытушының кәсіби қызметін жаңғырту арқылы алға қойған мақсатқа жету.

Технологиямен жұмыс жүргізу төрт саты арқылы жүзеге асады. Олар:



  • Оқып меңгеру;

  • Тәжірибеде қолдану;

  • Шығармашылық бағытта дамыту;

  • Нәтиже.[3]

Сондықтан, менің мақсатым-білім алушыларға білім берумен қатар олардың шығармашылық қабілеттерін арттыра отырып, ұлттық болмысын шыңдау. Сол себепті, сабақты идеялық жағынан ғылыми негізде ұйымдастырып, білім алушының қызығушылығын, білім құмарлығын таныту, әр сабақта оларды ойлануға, өздігінен ізденіс жасауға баулып, ойын ауызша, жазбаша жинақтап баяндай білуге, мәдениетті сөйлеуге үйрету арқылы дағдыландыру оқытушының абыройлы міндеті болып табылады.

Мен өз тәжірибемде аталған мақсатқа жету үшін, дәстүрлі емес сабақ түрлерін қолданамын. Атап айтқанда:



  1. Шығармашылық сабақ.

Білім алушыларды топқа бөліп, оларға тапсырма беріледі ( әңгіме құру, эссе жазу, қиял-ғажайып ертегі ойластыру, кесте , сызбанұсқа сызу, жаттығулар орындау, есептер шығару т.т.)

  1. Сайыс сабағы

Оқытушы басқарушы әрі кеңесші ретінде білім алушылардың біліміне, іскерлігіне, сұрақтарға берілген жауаптарының мәнділігіне көңіл бөліп отырады.

  1. Кіріктірілген (интеграциялық) сабақ.

Сабақтың мақсатына жету үшін әртүрлі пәндермен арнайы пәндерді біріктіреді.

  1. Рольдік ойын сабақтары, т.б.

Жаңа технологияны меңгеру оқытушының өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, білім алушыны өзіндік жұмыс атқаруына және ең басты мәселе-білім сапасын арттыруға көмектеседі. Қазіргі оқыту барысында оқытушы қолданып жүрген көптеген технологиялар жеке тұлғаның жетілуіне, оқытудың тиімділігінің негізін құруға бағытталған.

Білім беруде қолданыс тапқан жаңа инновациялық технологиялар мыналар:



  • Саралап- деңгейлеп оқыту;

  • Лысенкованың тірек сигналдары арқылы жеделдете оқыту;

  • Ізгілендіру технологиясы ( білім алушының өзін- өзі тану, қабілет қызығушылығын дамыту, тәрбие негізгі роль атқарады, салауатты өмір салты, сенімділікпен қарау, күштеусіз шығармашылыққа жетелеу);

  • Проблемалық оқыту технологиясы. (проблемалық жағдаят туғызу);

  • Сын тұрғысынан ойлау технологиясы;

  • Кейс технологиясы (Кейс амал-тәсілінде басты назар білім алушылардың ұсынылған шынайы немес қиялдық жағдаяттарды талдауы және осы жағдаятқа өзіндік баға беруі, өзінің ой-пікірін нақты әрі толық айтып беруі, т.б) ;

  • Модульдік оқыту технологиясы;

  • Ұжымдық оқыту технологиясы. [2]

Осы инновациялық технологиялар негізінде оқытушы мен білім алушы мынадай нәтижеге қол жеткізеді:

  1. Түрлі әдіс- тәсілдерді пайдалану сабақтың мәнін терең ашуға көмектеседі;

  2. Білім алушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады;

  3. Әрбір білім алушының деңгейі анықталады;

  4. Білім алушыларды түгел бағалауға болады;

  5. Білім алушылардың жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауға, өзіне деген кәсіби сенімін қалыптастырады. [3]

Қазіргі таңда оқытушыларға осы педагогикалық жүйені дамыту, оны тәжірибеде пайдалану шарт. Бұл жетістіктерге арнайы курс, тәжірибе алмасу, біліктілігін арттыру оқытулары және жалықпай іздену арқылы жетуге болады.

Қорыта айтқанда, біз тәрбиелеп отырған жеке тұлға білімді, білікті, іскер, еңбекқор, рухани жетілген, ұлттық болмысы шыңдалған, білімнің әлемдік кеңістігіне шыға алатындай әрі мейірімді болуы тиіс.

Шығыс даналығымен айтсақ, «Біліммен қарулану-батырлық, білімді жетілдіру-даналық, ал оны тиімді қолдану-іскерліктің жоғарғы деңгейі».

Қолданылған әдебиет


  1. Қазақстан Республикасы «Білім Заңы» 8 - бап.

  2. Н.Бағзыбекова «Білім сапасын арттырудың алғы шарттары» «Қазақстан мектебі» №10, 2013 жыл.

  3. С.Рахиева «Инновациялық тәсілдер негізінде» «Қазақстан мектебі» №8, 2013 ж.



Аннотация. Мақалада оқытудың жаңа технологиялары және оның білім берудегі тиімділігі мен нәтижелілігі қаралады.

Аннотация. В статье рассматривается обучение новых технологий, эффективность и результативность обучения.

Abstract. In the article discusses the training of new technologies, the efficiency and effectiveness of training.




  1. Дәстүрлі сабақтан білім берудің инновациялық технологияларына, биология пән оқытушысы, Еспанова Ұлжан Исаханқызы


ПІКІР

«Дәстүрлі сабақтан білім берудің инновациялық технологияларына» мақаласының , Шиелі индустриалды-аграрлық колледжінің биология пән оқытушысы Еспанова Ұлжан Исаханқызына


  1. Педагогикалық технологиядағы басты міндет – білім алушының оқу-танымдық әрекетін жандандыра отырып, оқытушының кәсіби қызметін жаңғырту арқылы алға қойған мақсатқа жету.

  2. Дәстүрлі емес сабақтың тиімділігін көрсету.

  3. Оқытудың жаңа технологиясын қолдану арқылы білім алушының жеке тұлғалық сипатын дамыту.

  4. Оқытушының ізденімпаздығы білім сапасын арттыруға көмектеседі.

  5. І санатты, колледж әдіскері, Шиелі индустриалды-аграрлық колледжі,


Гульмира Дайракулова Таубаевна .........................


Тегі

Еспанова

Аты

Ұлжан

Әкесінің аты

Исаханқызы

Ғылыми атағы

-

Ғылыми дәрежесі

-

Лауазымы

Биология пән оқытушысы

Ұйымы

-

Пошталық индексі

120700

Ел

Қазақстан Республикасы

Қала, ауыл

Қызылорда облысы, Шиелі кенті

Көше, үй

Әл-Фараби көшесі, №15

Қалааралық коды көрсетілген телефон

Ұялы телефон



8 72432 4 17 91
8 702 681 92 66

Факс

8 72432 4 464 0

E-mail (міндетті)

ulzhan1966 @іndox.ru

Баяндаманың аты

Дәстүрлі сабақтан білім берудің инновациялық технологияларына

Дөңгелек үстел №

2

Қатысу формасы (міндетті)




  1. Іштей

-

  1. Сырттай

сырттай

  1. Тыңдаушы ретінде қатысу

-

Пікір беруші (міндетті)

Т.А. Ә





Пікір берушінің тегі

Дайракулова

Пікір берушінің аты

Гульмира

Пікір берушінің әкесінің аты

Таубаевна

Пікір берушінің ғылыми атағы

-

Пікір берушінің ғылыми дәрежесі

-

Пікір берушінің лауазымы

Колледж әдіскері

Пікір берушінің жұмыс орны

Шиелі индустриалды-аграрлық колледжі

Толтырылған күні: 21. 11. 2014ж


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет