Диафрагманың концепциясы. Операциялық емге көрсеткіш, операция алдындағы дайындық.өңеш тесігінің жарығы. Этиология және патогенезі. Жіктелуі. Клиникасы және диагностикасы, асқынуы. Операциялық емге көрсеткіш және операция түрлерін таңдау



бет98/125
Дата23.05.2023
өлшемі11,18 Mb.
#177537
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   125
Байланысты:
ХИР608 Сессия

Бұл әдістің кемшілігі - ЭС-пен салыстырғанда қайта қан кетудің жоғары болуы. Бұл процедуралардың әсер ету механизмінің әртүрлі болуына байланысты. ЭП-де әсер әдетте шырышты және шырыш асты қабатпен шектеледі, ал терең қабаттардағы варикозды веналар қалады. ЭС әсерлері терең қабаттарға таралады


Трансъюгулярлы бауырішілік портожүйелік(портосистемный) шунт (TIPS) – портальдік венадан қанды төменгі қуыс венаға ағызу үшін бауырға жасанды арна (шунт) орналастырылатын процедура. Осыған байланысты қақпа венасында қысым төмендейді, нәтижесінде варикозды веналар азаяды. Ол рентгеноскопия бақылауымен жүзеге асырылады.

TIPS процедурасынан кейінгі негізгі кемшілік шунттың бітелуінен немесе тарылуынан туындаған қайталанатын варикозды қан кету болып табылады. Варикозды қан кетудің алдын алу үшін бауыр веноздық қысымының градиенті ультрадыбыстық және доплерометрия арқылы бақылануы және 12 мм сын.бағ. төмен болуы керек. Тіпті симптомсыз науқастарда да жүргізілу керек.



    1. Кеуденің жабық жарақаты. Кеуденің соғылуы, клиникасы, диагностикасы, алғашқы көмек және емі.

Кеуденің соғылуы - кеуде аймағындағы жұмсақ тіндердің жабық жарақаты. Күшті травматикалық әсер кезінде кеуде қуысында орналасқан қабырғалардың, төс сүйегінің, ішкі органдардың тұтастығы бұзылады.
Себептері
-Соққы, төс сүйегінің қысылуы, құлау, тұрмыстық және өндірістік жарақаттар, спорттық жаттығулар, төбелес, көлік апаттары, табиғи апаттар.
Кеуде жарақатының белгілері
-Ауырсыну
-Ауырсыну сезімі терең тыныс алғанда, физикалық жүктеме кезінде күшейеді.
Жұмсақ тіндер жарақатқа ісіну, көгеру және әртүрлі мөлшердегі гематомалардың пайда болуымен жауап береді. Алғашқы күндерде гематомалар ашық күлгін, бір аптадан кейін олар күлгін-цианотикалық реңкке ие болады, ал 7-10 күннен кейін олар жасыл-қоңыр болады. Кейбір жағдайларда температураның жоғарылауы мүмкін.

Күшті травматикалық әсер кезінде травматолог қабырғалардың сынуын жоққа шығару керек. Егер кеудені екі алақанмен басқан кезде ауырсыну күшеймесе, сыну ықтималдығы аз.


Қабырғалардың сынуы деп болжауға болады, егер тыныс алу кезінде зақымданған жақтың кеуде бөлігі артта қалса, зақымдалған қабырғаларды пальпациялағанда, сүйек сынықтарының сықырлауы естіледі, төс сүйегінің терісі бозғылт, цианозды, тыныс алу беткей болса.

Төс сүйегінің сынуы күшті ауырсынумен көрінеді, ол қысыммен және тыныс алумен, жөтелмен, ісінумен, қан кетумен және пальпациямен ауырады.


Плевра мен өкпенің зақымдануы нәтижесінде гемоторакс (қанның жиналуы) және пневмоторакс (ауаның жиналуы) дамиды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   125




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет