Диагностикасы. Өңештің тыртықтықтарылуы рентгенконтрасты зерттеу және эзофагоскопия арқылы анықталады. Өңеш тарылуының рентгенологиялық белгілері төмендегідей:
Өңеш қуысының тубулярлы түрінің тарылуы,осы аймақта шырышты қабаттың рельефінің және перистальтиканың жойылуы
Тыртықтық тарылудан жоғары аймақта конус немесе қап түріндегі, шеттері тегіс супрастенотикалық кеңудің болуы. Эзофагоскопия арқылы аңқаның, жұтқыншақтың жағдайын, тыртықтық стриктураға ену аймағын,супрастенотикалық кеңу дәрежесін,қабыну сипатын, тыртықтық тарылудың көлемін анықтауға болады.
Емі.Өңештің күйіктен кейінгі стриктурасы бар науқастарға тыртықтық стенозды буждау немесе өңеш пластикасы жүргізіледі. Химиялықкүйіктенкейінгіөңеш стриктурасын емдеудің негізгі әдісі–90–95% жағдайда науқастардың жазылуына әкелетін– буждау. Олаурудың 7-ші аптасынан бастап жүргізіледі.Буждау үшін әртүрлі диаметрлі арнайыбуждар жиынтығықолданылады, олар: конус түріндегі, соңында оливасы бар, қуыс рентгенконтрасты құрал.Жиі конус түріндегі №1–40 буждар қолданылады, олардың сантиметрдегі диаметрі буждың жеке номерін 1/3коэфицентіне бөлгенге тең. Буждаудың толықкурсы 2жылбойы жүргізіледі. Өңешті буждаудың қазіргікезге дейінбелгілі әдістерін 5топқа бөліп қарастыруғаболады:
1.«Соқыр»буждау,бұл кезде рентгенконтрасты емес буждар қолданылады және эзофагоскопиялық бақылаужүргізілмейді.
2.Қуысрентгенконтрасты буждары барізашар-металл қыл арқылы буждау. 3.Эзофагоскопиялық бақылауарқылы буждау. 4.«Соңы жоқ буждау». 5.Ретроградты буждау.
Өңешті «соқыр» буждаудан 20–30минут бұрын премедикация жасау керек.Науқас арқалығы бар орындыққа отырғызылады, ал дәрігер оның алдына орналасады.Өңешті рентгенконтрасты зерттеу және эзофагоскопия мәліметтеріне сүйене отырып, буждың нөмірі тандалады.Буж вазелинмен майланып,жұтыну қозғалысы арқылы қатты күштемей, тарылған аймаққа енгізіледі.Буж өңеште 15–30 минут тұруы керек.Бір сеанс барысында2-ден көп емес нөмірлі бужғана енгізіледі. Бұләдістің кемшілігі–өңеш перфорациясының даму қаупінің жоғарыболуы. Эзофагоскопиялық бақылау арқылы буждауды эксцентрлі орналасқан стриктураларда, өңештің айқын супрастенотикалық кеңеюінде,оның деформациясында және қалташалар түзілгенде жүргізеді. Қуысрентгенконтрасты буждары барізашар-металл қыл арқылы буждау арнайы рентгенконтрасты қуыс буждар жиынтығы арқылы жүзегеасырылады.Егер буж өңешке еркін өтсе,
Келесі нөмірлі буж енгізіледі. Гастростома болған жағдайда «соңы жоқ буждау» жүргізіледі. Ол үшін алдын-ала науқас жұтқан жіптің соңын гастростома арқылы шығарып, оған төменнен жоғары қарай буж жалғанады, кейін ол резина түтікке ауыстырылады.Түтікті ауамен үрлеу арқылы өңештің тарылған аймағын кеңітеді.Буждау кезінде,тіпті, гастростома болған жағдайда, науқастың ауыз арқылы тамақтануын тоқ жиілетпеу керек,себебі,бұл өңешті кеңітуге көмектеседі. Қазіргі кезде Штамм–Сенн және Кодер бойынша,сонымен қатар, лапароскопиялық гастростомия кеңтараған. Өңешті буждаудың дәстүрлі әдістерімен қатар,вибрациялық буждау әдісі де, сонымен қатар, эндоскопиялық әдістер: стриктураны баллонды пневмо(гидро)дилатация,стриктураның электрлі кесілуі,өңештің уақытша эндопротезделуі қолданылады. Өңештің тыртықтық тарылуын консервтивті емдеу тиімсіз болған жағдайда жаңа төсалдылық немесе төсішілік өңеш жасауға бағытталған пластикалық операция жасау қажеттігі туады. Операцияға көрсеткіштер: 1.Өңештің толық стриктуралары; 2.Стриктура арқылы бужды өткізу мүмкіндіктері нәтижесіз болғанда; 3.Буждаудан кейін стриктуралардың жиі рецидивтелуі; 4.Трахея-өңештік және өңеш-бронхиалды жылан көздердің болуы; 5.Буждау кезінде өңештің перфорациясы; 6.Күйіктік стриктураның малигинизациясы; 7.Өңештің көптеген дивертикулезі. Ең жиі операцияға қарсы көрсеткіш науқастың қажуы болып табылады.Толық стриктурада операция алдылық дайындық ретінде науқасты энтералды тамақтандыру үшін гастростома жасалады.Операция мақсаты–өңештің біркезеңді, алқажыған науқастарда көпкезеңді пластикасы.Күйіктен 2жылдан кейін ғана жасанды өңеш жасау операциясын орындауғаболады. Өңештің пластикасы. 1. В.Р.Брайцев, А.В.Мельников, А.Г.Соловьева әдістерібойынша теріден алынатын тоталды төсалдылық пластика;