Дидактикалық материалдар оқыту қазақ тілді емес жалпы


Сабақтың тақырыбы: Көне отырар



бет6/7
Дата15.09.2017
өлшемі0,6 Mb.
#33522
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7

Сабақтың тақырыбы: Көне отырар.

Мақсаты:Қазақстанның көне қалалары туралы қызықты деректерге сүйене отрып, Отырар қаласының тарихымен таныстыру; сөз мағынасын түсіне білу, оқу, жазу арқылы оқушының сын тұрғысынан ойлап, ой қорыта және қорғай білуіне жеткізу.

  1. Отырар қаласы туралы бейне көрнекілік көрсету. [24]

  2. Тақырыпқа қатысты диалогты толықтыру. Жұптық жұмыс. [9]

  • Отырар Қазақстанның қандай қаласы?

  • ...

  • Ол Қазақстанның қай бөлігінде орналасқан?

  • ...

  • Отырар маңында бүтін жалғыз бүтін қалған қандай ғимарат?

  • ...

  • Бұл ғимарат кімнің есімімен байланысты?

  • ...

  • Көне Отырар қандай қала болған?

  • ...

  • Отырарды қандай тарихи тұлғалар жаулап алмақшы болған?

  • ...

  1. Бес жол өлең.

  1. Отырар. (1 зат есім)

  2. Көне, тарихи. (2 сын есім)

  3. Өмір сүрген, қиратқан, шабуыл жасаған. (3 етістік)

  4. Отырар – Қазақстанның ежелгі қаласы. (сезімді білдіретін сөйлем)

  5. Тарихи қала. (бірінші сөздің синонимі)




  1. Сабақтың тақырыбы:

Ыбырай Алтынсарин.

Мақсаты: балалар әдебиетінің жарық жұлдызы - Ы.Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы туралы әңгімелеу, әңгімелерінің тақырыбы мен жазушының идеялық мұратын шығармаларына сүйене отырып ашу; жалпы және жалқы есімдерді қайталау; мейірімділікке, адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, елін, жұртын сүюге тәрбиелеу.

  1. Ыбырай Алтынсариннің өмірбаянынұтымды пайдалана отырып, тұсаукесер арқылы әңгімелеген тиімді.

  2. Дүниеге келді, білім алған, зерек болған, тәрбиеленеді, бала оқытқан, мектепті жақсы бітіреді, старшина болып қызмет атқарады, қазақ қоғамының жағдайын терең түсінген.

Тапсырма:берілген сөз тіркестердегі етістіктерді тұйық етістігіне айналдырып, құрмалас сөйлемдер құрастыру.

  1. Ұлы ағартушының өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік берілген соң, сабақты қорытындылау мақсатында мына тест сауалдарын өткізу тиімді:

1. Ыбырай Алтынсарин кім?

а) белгілі суретші, саяхатшы, әнші;

ә) белгілі әнші, сазгер, суретші;

б) атақты ақын, аудармашы, ағартушы;

в) мәлімгер, саяхатшы, ақын;

2. «Кел, балалар, оқылық» кімнің өлеңі?

а) М. Жұмабаев; б) А. Құнанбаев;

ә) Ы. Алтынсарин; в) Б. Майлин;

3. Ыбырай Алтынсарин қай жылы туған?

а) 1841 ж; б) 1858 ж;

ә) 1901 ж; в) 1894 ж;

4. «Өнер – білім бар жұрттар» өлеңінің авторы кім?

а) А. Құнанбаев; б) С. Сейфуллин;

ә) Ы. Алтынсарин; в) А. Байтұрсынов;

5. Ы. Алтынсариннің табиғатқа арналған өлеңдерін белгіле.

а) «Өзен»; б) «Жаз»;

ә) «Кел, балалар, оқылық»; в) «Әй, жігіттер»;

6. «Аз жұмысты қиынсыңсаң көп жұмысқа тап боларсың...» деген жолдар Ы.Алтынсариннің қай әңгімесінен алынған?

а) «Атымтай Жомарт»; б) «Әке мен бала»;

ә) «Бай баласы мен жарлы баласы»; в) «Бір уыс мақта»;

7. «Бай баласы мен жарлы баласы» әңгімесінің кейіпкерін тап:

а) Әке; б) Сейтқұл;

ә) Атымтай; в) Үсен;

8. Ы. Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясы» қашан шықты?

а) 1859 ж; б) 1879 ж;

ә) 1868 ж; в) 1892 ж;

9. «Бағу-қағуда көп мағына бар» қай әңгімеден алынған?

а) «Бақша ағаштары»; б) «Талаптың пайдасы»;

ә) «Бір уыс мақта» ; в) «Қыпшақ Сейітқұл»;

10. Ыбырай қай жылы мектепке барды?

а) 1867 ж; б) 1902 ж;

ә) 1850 в) 1874 ж; [17]

Тест жауаптары: 1. б); 2. ә); 3. а); 4. ә); 5. а); 6. б); 7. в); 8. б); 9. а); 10. ә).





  1. Сабақтың тақырыбы: Табиғатты қорғайық.

Мақсаты:туынды зат есімдерді және олардың жасалу жолын түсіндіре келе қоршаған ортаны, өз туған жерінің табиғаындағы тіршілік иелерін қорғауға тәрбиелеу. Экологиялық тәрбие беру.

  1. Тұсаукесер көрсету. Мәтінмен жұмыс.

  2. Өндірісі дамыған елдерде жан-жануарлар мен өсімдіктер дүниесі өзінің алғашқы табиғи тіршілігінен айырылып қалмақ. Олар азайып, жылдар өткен соң мүлдем құрып кету қауіпі туады. Құстар сайрап, көбелектер ұшып, гүлдер гүлдеп тұруы үшін біздер өз Отанымыздың табиғатын жан-жақты қорғауға тиістіміз. Өзімізді қоршаған ортаны, табиғатты аялай, құрметтей, тани білейік. [12]

Тапсырма: мәтінде кездесетін туынды сөздерді тауып, жұрнақтарын бөлу.

  1. Мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіру. Топтық жұмыс.

  1. Адамдардың табиғатсыз күні жоқ,

Мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ.

  1. Табиғат – алтын бесік.

  2. Ер – елдің көркі, орман-тоғай – жердің көркі.

  3. Бір тал кессең, он тал ек.

  4. Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын.

  1. «Жаңылма, айт» ойынын өткізу оқушылардың сөздік қорын молайтуға, жылдам және сауатты сөйлеуге зор ықпалын тигізеді.

Ойын шарты: бірінші ойыншы бір жануардың атын атайды. Екінші ойыншы оны қайталап, үстіне тағы да бір аңның атын қосып атайды. Осылай сөз қосылып, көбейіп отырады. Жаңылған бала ойыннан шығады.

  1. Жаңылтпаш ретінде берілген жұмбақты мүдірмей айтып шешу. Топтық жұмыс.

Арқада алты арқар бар,

Қырда қырық арқар бар,

Бір қарт арқар бар.

Алты арқарға қырық арқарды,

Қырық арқарға кәрі арқарды

Қосса қанша арқар бар? (47 арқар)

Қырық үш қызғыш құсқа,

Қырық үш қызғыш қосса,

Қанша қызғыш құс болады?

Арғымақ, арқар, ақ пырақ,

Кекілік, ұлар, дуадақ,

Лашын, құндыз, ақбөкен,

Аң мен құсты тапса екен? [16]



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет