Дидактикалық материалдар оқыту қазақ тілді емес жалпы


Сабақтың тақырыбы: Менің ауылым



бет7/7
Дата15.09.2017
өлшемі0,6 Mb.
#33522
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7

Сабақтың тақырыбы: Менің ауылым.

Мақсаты: тақырыпқа байланысты жаңа сөздерді меңгерту, күрделі сөздерді дұрыс айтып, сөз тіркестерін құрастыра алуға жетелеп, өздерінің туған ауылдары, ауылдың көшелері, табиғатына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

  1. Сабақтың тақырыбына көшпес бұрын «Ауылым» әні жайында бейне материал көрсетіледі. Ән тыңдалып болған соң, сабақтың тақырыбын хабарлау.

Флипчарттың 1-бетінде ауыл көрінісі бар сурет шығады.

  1. Суретте нені көріп тұрсыңдар?

  2. Біздің ауыл қалай аталады?

  3. Біздің ауылда қандай көрнекті жерлер бар?

  4. Қандай ескерткіштер бар?

  5. Көшелері қалай аталады?

  6. Біздің мектеп қай көшеде орналасқан?

  7. Ауылдың табиғаты қандай?

Тапсырма: балалар осы сұрақтарға жауап берген соң, өз ауылдары туралы шағын әңгіме құрастырады.

  1. Өз ауылдарына жылы лебіз білдіру мақсатымен жалғауларды естеріне түсіреміз. Сынып үш топқа бөлінеді.

Бірінші топқа ауыл сөзін жіктеу, екінші топқа ауыл сөзін тәуелдеу, үшінші топқа ауыл сөзін септеу тапсырмасы беріледі.

  1. Ауылға қатсыты заттарды қалаға қатысты заттардан ажыратып, бөлек жинау.

Флипчарт бетінде ауыл суреті мен қала суреті және қалаға қатысты сөздер мен ауылға қатысты сөздер араласып тұрады. Оқушылар осы сөздердің арасынан ауылға қатыстысын айырып, ауыл суретіне, ал қалаға қатыстысын қала суретіне жинайды.

Сөздер: ағаш, өзен, шөп, автобус, көпқабатты үй, жер үй, гүл, ұшақ, тізілген машиналар, бағдаршам, көлік кептелісі, мектеп т.б. сияқты суреттер беруге болады.



  1. Тіл дамыту жұмысы ретінде оқушыларға сөздер ататып, тақтада ол сөздерден сөз тіркесі, сөйлем құрату. Сөз қостырып, сөйлем аясын кеңейттіріп отыру.

  1. Ауыл.

  2. Менің ауылым.

  3. Менің ауылым үлкен.

  4. Менің ауылым үлкен, таза.

  5. Менің ауылым үлкен, әрі көшелері таза.



  1. Сабақтың тақырыбы: Менің жұмыс күнім.

Мақсаты: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесуді жетілдіру; өзінің жұмыс күні туралы достарымен пікірлесу арқылы тіл мәдениетін дамыту; Білім алуға қатысты қазақ халқының мақал –мәтелдерінің мәнін түсіндіру.

  1. Мәтінмен жұмыс.

Менің атым – Айман. Мен таңертең сағат жетіде тұрамын. Денешынықтыру жаттығуларын жасаймын. Сонан соң жуынамын, таңғы асымды ішемін. Сағат сегізде үйден шығамын. Жұмыс сағат тоғызда басталады. Жұмысқа автобуспен келемін. Сағат 13.00-ге дейін құжаттармен жұмыс істеймін. Сағат 13.00-де асханадан түскі ас ішемін. Түстіктен кейін қайта жұмысқа кірісемін. Жұмыс сағат 18.00-де аяқталады. Үйге келген соң киімімді ауыстырып, қолымды жуып, кешкі ас ішуге отырамын. Кешкі астан кейін, теледидардан жаңалықтар тыңдаймын. Сағат он жарымда ұйықтаймын. [5]

Тапсырма: мәтінді пайдалана отырып, өз күн тәртіптерін немесе жұмыс күндерін құрастыру.

  1. Сұхбатты толықтыру.

  • Таңертең нешеде тұрасың?

  • ....

  • Таңертеңгі асқа не жедің?

  • ...

  • Таңертеңгі сергіту жаттығуларын жасайсың ба?

  • ...

  • Мектепке үйден нешеде шығасың?

  • ...

  • Бірінші сабақ нешеде басталады?

  • ...

  • Түскі асыңды қайдан ішесің?

  • ...

  • Соңғы сабақ нешеде аяқталады?

  • ...

  • Үйге сағат нешеде келесің?

  • ...

Тапсырма: сұхбатты жалғастыру.

  1. Оқу, білім туралы мақал-мәтелдермен жұмыс.

  1. Тұмсықтының тамағы – шоқуменен табылар,

Өнер-білім дегенің – оқуменен табылар.

  1. Білімдіден шыққан сөз,

Талаптыға болсын кез.

  1. Білімдіге дүние жарық,

Білімсізге дүние кәріп.

  1. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар.

  2. Өнерлінің қолы алтын,

Өлеңшінің сөзі алтын.

Тапсырма: берілген мақал-мәтелдердің мазмұнындыбыстамай, қымыл, іс-әрекет арқылы көрсету.
Тіл үйренуде ең басты міндет – балалардың сөйлеу тілін жетілдіру.

Сөздік қорды дамытуға бағытталған әдістердің жалпы міндеті- сөздің мағынасын дұрыс түсініп, оны өз сөзінде дұрыс қолдану.

Қазақ тілі сабағындағы сөздік қорды дамыту жұмыстары мынадай әдіс – тәсілдер арқылы жүзеге асады. Ол – сұрақ- жауап, сөйлесу, әңгімелесу, әңгіме,  көрнекілік.Әр сабақ сайын тақырыпқа сай көрнекі құралдар, түрлі суреттер, кестелер, сабақты көркемдеп отырса, балалардың сөздік қоры біршама толығады деп сенімдімін. Заман өзгерген сайын әдіс – тәсілдер көбейіп, жаңарып, толығып отыр. Әр түрлі жаңа технологияларды өз тәжірибемде қолданып жүрмін.Жаңа технологияны, әдіс  - тәсілдерді тиімді қолдану білім сапасын көтерді.Сонымен қатар қазақ тіліне үйреткенде балалардың жас ерекшелігін ескеру әдіс-тәсілдерді таңдаумен сай келеді, сөйлеу тілін жетілдіруде ойын және ойын түрлерін пайдалану өте тиімді. Адам мәдениеті ойын арқылы дамиды, демек балалық шақтан бастап, қартайған кезге дейін адамды ойын жетелеп отырады.Ал бүгінгідей, динамика ғасырында, оқу процесінде ойын алдыңғы орында, яғни, ойын технологиясы арқылы баланың оқу ынтасын арттыру жеңіл болмақ. [1]

Ойын дегеніміз не? Ойын — қоғамдық тәжірибені қалыптастыру бағытындағы іс-әрекеттің бір түрі, яғни тәртіпті, өзін-өзі басқаруды жетілдіреді. Адам тәжірибесіндегі кең тараған дамыту ойынының қызметі: ойынға тарту, рахат беру, демалдыру, қызығушылығын тудыру. Сол ойын түрлерінің ең тиімділерінің бірі – М.М. Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясында» берілген, «Даналық ағашы» оқыта үйрету ойыны. Бұл ойынды кез-келген тақырыпты өткенде оқушылар арасында сөйлесім әрекетіне зор ықпалын тигізеді. Бұл ұжымжық жолмен жасалады.


Сабақтың тақырыбы: Е-пошта – заман толқыны.

Мақсаты: аталғантақырып төңірегінде кішігірім әңгімені оқып; өз беттерінше е-пошта туралы сыныптастарымен пікірлесу арқылы тілдік бірліктерді меңгерту; сын-қимыл үстеулерінің қолданылу аясын түсіндіру.

  1. «Е-пошта – заман толқыны» мәтіні бойынша «Даналық ағашы» оқыта үйрету ойынын өткізу. Ұжымжық жұмыс түрі.

Ойынның шарты: оқушылар мәтінді жылдам, бірақ мұқият оқып шығуы керек. енді әрқайсысы мәтін бойынша бір сұрақ құрап, қағазға жазады. Жүргізушінің қолында сандықша болуы тиіс, соған оқушылар кезегімен өз сұрақтарын салады. Мәтінді тағы бір рет жылдам оқып шығу керек. Әр оқушы сандықшадан сұрақ жазылған қағаз алып, дауыстап неғұрлым толық жауап беруі тиіс. Жүргізуші жеңімпазды анықтайды.

Элктронды пошта

Электронды пошта 1965 жылы пайда болған. Бұл жылы Массачустес технологиялық институтының қызметкерлері Ноэль Моррис және То Ван Влек СТSS (Compatible taim-sharing sistem) операциялық жүйесіне арналған MAIL бағдарламасын жазды. Ал бұл бағдарлама IBM 7090/7094 компьютерінде орнатылды.

Электронды поштаның ең елеулі ерекшелігі – оның жылдамдығы. Электронды поштаның жылдамдығы телефонмен бірдей, бірақ мұнда екі жақты абоненттердің бір сәтте болуы қажет емес. Хабарлама жазбаша жеткізілгендіктен, оны сақтап қоюға, бірнеше абонентке жеткізуге болады. Электронды пошта хаттан басқа сурет, бейнелік мәлімет, дыбыс, бағдарлама т.с.с. ақпарат түрлерін тасымалдай алады.

Электорнды пошта немесе е-mail – Ғаламтордың жиі қолданылатын мүмкіндіктерінің бірі. Күн сайын дүние жүзі бойынша миллиондаған хабарламалар жөнелтіліп, қабылдап алынып жатады.


  1. Грамматикалық ойын: «Үстеуі біздікі, басқасы сіздікі».

Жылдам, жазбаша, тез, лезде, емін-еркін, жақсы, қолма-қол.

Тапсырма: берілген сын-қимыл үстеулерін қатыстырып,сөйлем құрастыру қажет.

«Білім мен тәрбие сыны» (бірнеше ұяшық).

Әр ұяшықта екі сұрақ бар. Оның біріншісі – грамматикалық материалға, екіншісі – тәрбиеге байланысты сұрақтар:


  1. Сын-қимыл үстеуі деген не?

  2. Электронды пошта қай жылы пайда болған.

  1. Сын-қимыл үстеуінің сұрақтары қандай?

  2. Е-поштаны қолдану үшін нені білу керек?

Бұл ойын оқушыларды екі жақты жұмыс жасатады, әрі сөздік қорды молайтуға

септігін тигізеді.



  1. Өздері туралы электронды поштамен достарына жіберетін хаттың үлгісін жазу.

Қоғамдағы түбегейлi өзгерiстер - бiлiм беру жүйесiнде, соның iшiнде мектепте қазақ тілінен бiлiм беруде, жастарды азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйiспеншiлiкке тәрбиелеу, жаңа адамды қалыптастыру, дамыту және кәсiби шыңдауға бағытталған бiлiм алу қажеттiлiгiн жүзеге асыруды талап етедi. Қазақ тілін оқытуда оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, олардың бiлiктерi мен шеберлiктерiн (iскерлiгiн) қалыптастыру, өздiгiнше бiлiм алуға деген ынтасын арттыру, оны өз тәжiрибесiнде жаңа жағдайларға байланысты қолдана алу, ой-пiкiрiнiң дербестiгi мен еркiндiгiн кеңейту - өте маңызды мәселелер болып табылады.

Отансүйгіштік - адамның өзінің туып-өскен өлкесіне деген сүйіспеншілігімен қоса, үлкен достық жанұя құрайтын жүзден астам ұлттар мен ұлыстар мекендеп отырған біздің ұлан-байтақ Отанымызға деген сүйіспеншілік. Әр адамның Отанға деген сүйіспеншілігі осы жерде тұратын барлық адамдарға деген достық пен туысқандық сезімімен біртұтас болып табылады. Оқушыларды қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу нәтижесінде қандай ұлттың өкілі болмасын өзін біртұтас көп ұлтты мемлекеттің - Қазақстан Рес­публикасының азаматымын деп сезіне­ді, Қазақстан Республикасының азаматы болуды өзіне тиген зор бақыт және үлкен жауапкершілік деп түсінеді. Отанға деген сүйіспеншілік әрбір оқушының белсенді өмірлік ұстанымымен ұласса ғана іс-әрекетке айналады.

Сондықтан оқушылардың қазақ тілі сабақтарында отаншылдық қасиетіне тәрбиелейтін мәні бар тақырыптар бойынша білімді жақсы меңгеруінің өзі - Отанға пайдалы болуға талпынуының белгісі болып табылады.


Елiмiздiң Тұңғыш Президентi Н.Ә.Назарбаевтың өзi де «Біз қазақстандықтармыз және мұны зор мақтанышпен айтамыз. Қазақстан мемлекетін құру, қазақстандық болу – бізге тағдыр сыйлаған ұлы бақыт. Біз оны әрдайым зор мақтаныш сезіммен ұрпақтан ұрпаққа табыстайтын боламыз» деп атап айтқан.
                                                                                    

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет