Мақсаты: Қалыпты көлемдегі заттарды берілген үлгіге қарай көз мөлшермен анықтауды дамыту Шарты: Тәрбиеші балаларға алма ілінген ағашты көрсетіп: - «Балалар кішкентай алмаларды кішкентай кәрзеңкеге,орташаны орташа кәрзеңкеге, ал үлкен алмаларды үлкен кәрзеңкеге салуларың керек» -деп ортаға 3 баланы шығарады,алмаларды үзуді тапсырады.Ойын аяқталған соң алмалар қайтадан орнына ілініп, ойын әрі қарай жалғасады Көрнекілігі : 3-түрлі көлемдегі үлкен,орташа,кішкентай, 3-кәрзеңке үлкен,орташа,кішкентай, картоннан қырқылған алма және алма ілінген ағаштар