Органикалық химия Органикалық заттар Кіріспе Адамдар ерте заманнан-ақ органикалық заттарды, мысалы – майларды, бояуларды, сірке қышқылын т.б. қолданған.
Бірақ, ғылым ретінде органикалық химия ХІХ ғасыр аяғында қалыптасты. Терминді швед ғалымы Й.Берцелиус енгізді, ол органикалық заттар тек қана тірі заттарда ғана түзіледі деп, өзінің «витализм»(лат. vitalis – өмірлік) ілімінде тұжырымдады.
1928 жылы Берцелиустың шәкірті Ф.Велер бейорганикалық заттардан мочевинаны синтездеді. Осы уақыттан соң органикалық химия мен органикалық синтез дами бастады. Қазіргі уақытта жыл сайын 100 мың жаңа органикалық заттар синтезделеді, жалпылама 15млн органикалық заттар белгілі.