Сөйлемдегі сөздердің байланысын тап: Ағай сыныпқа көңілді кірді. Қарлығаш ұясына қонды.
Сандарды сөзбен жаз: 8,9,50,40,7
Диктант. Екі дос. Үзіліс кезінде балалар Мұратты ортаға алып шашылған мақта жайында сұрады. Елеусіз қалып қоған Асқардың көзіне жас келді. Өзінің қорқақ, өтірікші атанғанына ұялып жылап жіберді. (24 сөз) Терме диктант. Жұматай сол жылы бірінші сыныптан бастап жақсы оқыды. Атасының ақыл айтқанына төрт жыл болды. Жандос бүгін бес алды.
Аталған сөйлемдерден сан есімді тауып астын сыз. Тыныс белгілерін қой. Темір үндемеді ағаштың бұтағын кім сындырды қош бол алтын ұям
Диктант. Қарлығаш. Арада екі күн өткен соң қарлығаш оралып қораға ұя салды. Өзіне серік тауып жаздай мекендеп жүрді. Асан ылғи бақылап отырды. Күз келіп құстар қайта бастағанда бұл қарлығаш та көрінбей кетті. (28 сөз) Грамматикалық тапсырма: Асан ылғи бақылап отырады сөйлемдегі сөздердің байланысын көрсет.
Бақылау диктанты. Қуаныш. Талғат бірінші сыныпты үздік бағамен бітірді. Соңғы қоңырауда оған мақтау қағазын тапсырды. Талғаттың қуанышында шек жоқ. Ол қағазын ең алдымен анасына көрсетті. Талғатқа анасы қуанып батасын берді. (27 сөз) Грамматикалық тапсырма: Кім? Не? сұрақтарына жауап беретін сөздердің астын сыз.
Өздік диктант. I. Жоғалған әріпті қойып, көшіріп жаз. Сер... ен, қара... ым, жа..а, саб...н, ..йрек, жа...лау, сылдырма... .
II. Заттың сынын білдіретін сөздерді қойып жаз. ... гүл, ..... адам, ... оқушы, ..... дәптер, ..... жол, ...... қыс.
III Сұраулы сөйлемге айналдыр. Атам қалаға келді. Бүгін төрт сабақ болады. Бүгін күн жылы.
Көшіру диктанты. Мақалдар. I. Өнер көңілдің – анасы,
Ақылдың баласы.
II. Досың саған қараса,
Қасың жерге қарайды.
III. Білім арзан, білу қымбат.