Жазу үрдісіне немесе әріп элементтеріне талдау.
Графикалық дағдыларды үйрету барысында жазу үрдісінің заңдылықтарын негізделмегендіктен, әріп элементтеріне талдау жасау да осы заң бағынышты болады.
Ерте кезде, әріп элемнттін талдау жазу шрифтінің ерекшеліктерімен байланысты болатын. Бұлай жазу, тіпті үзіліссіз жазылатын әріптерді де элементке бөліп қарастырады. Мысалға, б әрібі.
Кіші әріп элемнеттері:
- түзу сызық; - жұмыс жолының төменгі сызығынан асатын сызық; - имегі бар сызық; - жоғары жағында имегі бар сызық; - л, м, я әріптерінің бастапқы элементі; - жоғыры және төменгі жағы имектелген сызық; - ж әрібінің ортаңғы элементі; - төменгі жұмыс жолынан шығатын имек; - жоғары жағынан шығатын имек сызық; - қысқа имек; - к әрібінің элементі; - жарты дөңгелекше; - дөңгелек; - и әрібінің жоғарғы элементі;
Үлкен әріптердің элементтері:
- түзу сызық; - оң жағына қарай имегі бар сызық; - сол жағына қарай имегі бар сызық; - жоғары және төменгі жағы дөңгелекшесі бар сызық; - Л, М, Я, А әріптерінің алғашқы элементі; - дөңгелек; - сол жағынан жартылай дөңгелекше; - Ж әрібінің ортаңғы элементі; - оң жағына қарай дөңгелекше; - Б,Г, П, Т, Р әріптердің жоғарғы элементі.
Әріпті бұлай бөлшекке бөлуді, мұғалім әріп элементіне талдау жасауда қолдануына болады.
Әліппе кезеңінде элементпен талдау балаға әріпті бейнелеуге көмектеседі. Бірақ, бұл кезде де әріпті жеке элементкебөлудің қажеті жоқ. Жазуды дұрыс қалыптастыру үшін жазу барысындағы қозғалысқа талдау жасау керек. Сонымен, әріпті элементтен талдау жасаудың ерекшеліктеріне неде екенін қарастырамыз. Ең алдымен, әріптің негізгі элементін бөліп ашу керек. Кез келген әріпті жазғанда бірінші өзімізге қарай жазу негізгі екенін айтамыз.
Осы қозғалыспен негізгі элемент – түзу сызық салынады.Келесі элементі жазу үшін жоғарыға қарай оңға көлбеу етіп жазамыз. Бұл қосатын элемент оның қызметі – екі элементті немесе екі әріпті қосу. Бұл қозғалысты жазу барысында жүзеге асыру ыңғайлы. Бұл элементтерді жазу үзіліссіз жүргізіледі. Бұл элементтерді и, ш ,п, т, р әріптерін көруге болады.
Негізгі элемент - өзіне қарай қозғалу - өз көлбеулікпен жазылады, қосатын элемент - өзінен қозғалу өте үлкен көлбеулікпен жазылады.
Әріпті негізгі немесе көмекшіэлементке бөлу де өзінен бастап жазу кейбір әріптерде сағат тіліне қарама – қарсы қайталанып жазылады.( э, з ) Бұл әріпті бөлу тек әріп формасын дұрыс жазу үшін емес, сонымен қатар біркелкі бағытты, паралель штрихты ритмиканы сақтауға көмектеседі.
Әріптің жазбаша түрінің кейбірі жазу заңдылығына сәйкес келмейді.
Өзімізге қарай төмен жазуды тік, ал өзімізден жоғары қарай сызуды – оңға қарай көлбеу етіп саламыз. Мәселен, б әріпті жазу заңдылықтарына сәйкес келмейтіндіктен, оны оған қарама – қарсы болғандықтан оқушылар көп қате жібереді.
Жазуға оқытудың алғашқы кезінен бастап – ақ мұғалім негізгі элементті - өзіне қарай көлбеу тік сызықты ажырата білуге үйрету керек. Бұл элементті оқушы тек негізгі элементі ретінде беріп әріптерде ғана емес ( п, и, т ), басқа кез – келген әріптен көре білуі тиіс. ( ш, я, в, р ). Әріпті бұлай элементтеп ажырату жазуды түсіне отырып игеруіне алып келеді.[14./42-45б./]
Әліппе кезеңінен кейін, әріпті қайталау үшін мынадай жаттығулар береді:
и|| и || и || н|| н || н ш||| ш ||| ш |||
в || в || в || г | г | г | г | г | р || р || р ||
Бұл арқылы әріптің негізгі элементін ажыратуға көмектеседі.
Осылайша әріпке талдау жасау маңызды орын алады. Бұл әдіс жазуға үйренудің барлық кезеңдерінде қолдануға тиіс. Бірақ бұл әдіс барлық әріптерге қолайлы емес. Әріп элементтеріне талдау жасау дәлірек немесе айқынырақ болуы мүмкін. Мәселен, имекшесі бар сызық ,шиек, дөңгелек, жартылай дөңгелект.б. элементтерден қосымша да негізгі элементті табуға болады.
Бұл элементтерді әріпті жазғанда ғана көре аламыз.
Жазу барысында қозғалыс элементі суретін салуға сәйкес келе бермейді. Мәселен, дөңгелек элементі бар әріптер. Бұлардың негізгі элементі дөңгелек. Бірақ дөңгелек түгелмен тек о, ө, ю әріптерінде жазылады. Ал я, д, ф әріптері сөздің басында келсе дөңгелекше аяқталмай екінші элемент жазылады.
Ф әріпін екі дөңгелекше бар. Бірақ, екінші дөңгелекше біріншісіне қарағанда тіпті басқаша жазылады ( біріншісі сағат тілімен, екіншісі сағат тіліне қарсы ). Екіншісі ортанғы элементке қосқанда ғана дөңгелекше болады.
Бұл мысалдарды, яғни қозғалыс элементтеріне талдау және шрифт элементтеріне талдауды бір – біріне ұқсастығын байқау үшін береміз. Алайда, жазуға үйрету барысында екі жақты талдау да маңызды орын алады.
Жазу үрдісіне талдау жүргізу әріптер арасындағы ұқсастықты, айырмашылықта, қозғалыс бағыты түсінуге мүмкіндік береді.
Әріп элементтеріне талдау жасай отырып, элементтің оңайына күрделісіне қарап әріпті топқа бөлуге болады.
Бұл генетикалық принципке сәйкес, оңайдан қиынға қарай жазуға негізделеді.
Алғашқы жазуды мақсатымн альфавиттегі кіші немесе бос әріптер графикалық тұрғыдағы оңай – қиындығына , бір – бірене ұқсастығына, топ – топқа бөлінеді:
Достарыңызбен бөлісу: |