Дипломдық жұмыстың мақсаты болып Қазақстанда адам саудасымен байланысты құқық бұзушылықтарды саралау, осы бағыттағы заңнаманы және доктриналдық ой-пікірлерді талдау табылады. Сондай-ақ, Қазақстанда адам саудасымен байланысты құқық бұзушылықтар үшін қылмыстық жауаптылық бойынша белгілі бір ұсыныстар әзірлеу табылды. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін төмендегідей міндеттерді шешу белгіленді:
- Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі бойынша адамдарды саудаға салу үшін қылмыстық жауаптылық түсінігін беру;
- адамдарды саудаға салу қылмысының объективтік белгілерін анықтау;
- адамдарды саудаға салу қылмысының субъективтік белгілерінің ерекшеліктерін нақтылау;
- қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар (Қарастырылған қылмыстың саралаушы белгілерінің сипаттамасы) талқылау;
- адамды саудаға салу қылмысының криминологиялық сипаттамасын беру;
- адамды саудаға салу қылмысының себептері мен жағдайларын жүйелеу;
- адам саудасы қылмысын алдын-алу проблемаларын зерттеу;
- адамдарды саудаға салумен күрес аясындағы халықаралық заңнамасына түсінік беру.
Достарыңызбен бөлісу: |