Дипломдық жұмыстың тәжірибелік маңызы. Дипломдық жұмысты тыңғылықты зертеу барысында қалыптасқан ғылыми қорытындылар, авторлық идеялар мен ұсыныстар қылмыстық құқық салаларындағы мамандар тарапынан сұранысқа ие болады деп ойлаймыз. Сонымен қатар бұл зерттеу жұмысы аталған мамандықтар бойынша жоғары оқу орындарында білім беру процесінде пайдаланыла алады.
Дипломдық жұмыстың методологиялық негізін бүгінгі таңда оларсыз құқықтық зерттеулер жүргізу мүмкін болмайтын бірқатар ұстанымдар анықтады. Жұмыстың әдістемелік негізі жалпы алғанда жүйелі, салыстырмалы және тарихи талдауға сүйенген.