Дерек көзі: ҚР ІІМ, көші- қон комитетінің деректері
Қазақстанға келетін иммигранттардың ішінде (әсіресе заңсыз келетін) Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және ТМД елдері және өзге де елдерден басым. Алайда жоғарыдағы кестеден көріп отырғанымыздай, бұл елдерден келетіндердің көп бөлігінің мақсаты жұмысқа емес, жеке шаруамен деп көрсеткен. Ал елімізде заңсыз жұмыс істейтіндердің негізгі бөлігі ТМД елдерінен келеді. Яғни, ТМД елдерінен жеке шаруасы бойынша келетіндердің басым бөлігі заңсыз мигранттар болып табылады. Елімізге келетін еңбек мигранттарының негізгі күші - ТМД елдерінен , Түркия және Қытай мемелкетінің азаматтары. Олардың еңбекке деген қабілеттігін жас мөлшерін анықтайтын болсақ, ер адамдардың – 18 жастан 59 жасқа дейін, ал әйел адамдар ішінен – 20 жастан 47 жас мөлшер аралықты құрайды. Көбінесе, еңбек мигранттары көктем-жаз мезгілдерінде 3 айдан 6 айға дейін пайда табу мақсатында жұмыс істеуге келеді. Бұның басты себебі елдер арасындағы әлеуметтік–экономикалық дамуы денгейінің алшақтығына келіп тіреледі. Яғни, еңбек мигранттарының тұрғылықты жерінен басқа жерге еңбек етуге кетуіне себеп болғаны – олөз елінің ішіндегі жұмыссыздық мәселесі, халықтың әлеуметтік жағдайының төмендігі, экономикалық саласында мемлекет бюджетінің қаражат айналымының төмендеуі, осының барлығы басқа елге пайда табу мақсатымен кетуге итермелейді. Біздің еліміздің Орталық Азиядағы өзге мемлекеттермен салыстырмалы түрде алып қарағанда экономикалық деңгейі жоғары. Сол себепті, көршілес Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан мемлекеттерінің азаматтары қаражат табу мақсатында Қазақстанға келіп жұмыс жасап жатыр.
Жалпы соңғы бес жылдың көлемінде Қазақстанға сырттан келген жұмысшылар саны 3 еседен астам өсті. Бір ғана Астана қаласына келген 1 күннің ішінде мигранттардың қылмыстық жауапқа 73% тартылса, ал екінші тәуліктен кейін 2,7%, 2%-дайы төрт, немесе алты тәуліктен кейін жауапқа тартылған. Астана қаласында жүргізілген зерттеуге сәйкес жасалған қылмыстардың 30,6% жуық мигранттардың қатысы болған. Оның орташа ауырлықтағы қылмыстары- 18,7%, ал 11,7% - ауыр қылмыстарға, 11,2% - аса ауыр қылмыстарды жасаған үшін қылмыстық жауапқа тартылған [4].
Сонымен, заңсыз миграцияны реттеу үшін келесі қадамдарды жүзеге асыруға болады:
- жергілікті миграциялық бақылау орындарында парақорлықты жою;
- мигранттар контрабандасы үшін қылмыстық жауапкершілікті көздейтін арнайы бап енгізу;
- заңсыз миграцияны тоқтату үшін Ресей мен ОА елдері арасында өзара бірлескен алдын-алу шараларын жүргізу;
- техникалық тұрғыдан қамтамасыз ету;
- мигранттарға талап етілетін құжаттар санын қысқарту, жетілдіру;
- мигранттардың заңсыз тасымалының барлық аспектлері қамтылатындай ортақ әмбебап халықаралық құжат жасау.
Бүгінде осы заңсыз жүрген мигранттар елге келіп-кетушілердің арасынан криминологиялық қауіптілігі жағынан бірінші орында. Себебі, бұл өз елінде аса ауыр қылмыс жасаған, не түзеу мекемесінен қашып келген аса қауіпті тұлға болуы мүмкін. Заңсыз мигранттар өзіне пайдалану үшін есірткі заттарды, суық қару-жарақтарды дайындап немесе өзімен бірге алып келуі, тұрғын халық үшін қауіптілігі мол [5].
Халықтың өсуінің әлеуметтік-экономикалық проблемалары және атап айтқанда көші-қонда, барлық дамыған мемлекеттердің негізгі мәселелердің қатарында тұр. АҚШ, Канада, Австралия және бірқатар Еуропалық мемлекеттер сияқты елдер қазіргі уақытта келуші шетелдік азаматтар бөлігінде ерекше селективтік көші –қон саясатын жүргізуде. Көші-қон саласында күрмеуі қиын мәселелер ұлттық қауіпсіздігімізге қатысты алаңдаушылықты тудырады. Бүгінгі таңда батыс елдері шеттен келетін жұмыс күшіне талапты күшейткен, Ресей де дағдарыс жылдары мигранттар санын едәуір азайтты.
Адам туғаннан бастап белгілі бір құқықтар мен бостандықтарға ие болатыны мәлім. Халықаралық-құқықтық анықтамада мұндай қылмыстарды жасау тәсілі жәбірленушінің ырқынан тыс оны алдау немесе күшпен белгілі бір қызметпен айналысу делінеді. Қарапайым тілмен айтқанда, адам саудасы азаматтардың бостандығы, қай қызметпен болса да еркімен айналысуына нұқсан келтіруге келіп саяды. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде адамды пайдалану деп, кінәлінің алынған табыстарын иеленіп алу мақсатында мәжбүрлі еңбекті, басқа адамның жезөкшелікпен айналысуын немесе қызметтерді пайдалануды айтады. Қазіргі күні мұндай қылмыстар мейлінше көп, кеңінен етек алған, қоғамды жегі құрттай жеген, мұндай қылмыстарды бүкіл қоғам болып қолға алуымыз керек.
Сонымен қорыта айтқанда адам саудасы әлемнің барлық елдері үшін бәсеңдеу үрдісін танытпайтын трансұлттық қауіп болып табылады және адамзатқа қарсы осы қылмысты жою бойынша, әйелдер, ерлер және балалардың қауіпсіздігі мен амандығын қамтамасыз ету және қанау мен азаптаудан еркін болуына кепілдік беру бойынша қабылданып жатқан барлық шараларға қарамастан, халықаралық қоғамдастыққа сын-қатер болуын жалғастыруда.
Достарыңызбен бөлісу: |