1.2 Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі бойынша адамдарды саудаға салу үшін қылмыстық жауаптылық
Адам саудасы — бірнеше жыл бойы жалғасып келе жатқан, дүние жүзіндегі алып ұйымдар бірлесіп күрессе де, тамыры біржола жойылмай келе жатқан аса ауыр қылмыстардың бірі.
Егер теледидарларға назар аударып, басылымдардан оқысақ әлемде жасөспірімдерден бастап, жап-жас қыздар мен арулар, аяқ-қолы балғадай ер азаматтар бәрі-бәрі еркінен тыс сатылады, не күштеп зорлыққа жығылады, құлдыққа түсіп, ауыр жұмыстарға жегіледі.
Ондай жағымсыз жайлардың басы-қасында негізінен ұйымдасқан қылмыстық топ жүреді. Мамандар тірі тауарды пайдаланудың екі түрі бар екенін айтады, олар — адамның еңбегін пайдалану және физиологиялық параметрлеріне байланысты адамның өзін пайдалану. Алғашқысының құрығына әдетте ер адамдар түссе, екіншісінің құрбаны әйелдер мен балалар.
Адам саудасы құрбандарына көмек көрсету мақсатында уақытша баспаналарды жалға алу жұмыстарын Қазақстандағы көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымы қаржыландырып отыр.
Мұндай күтпеген жағдайға тап болғандар әркез көмекке мұқтаж болып келетіндігі белгілі. Біз «Қазақстанның жыныстық және репродуктивтік денсаулық қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің Қостанай облысындағы филиалының психологы Нина Косюкке берген мәліметтеріне сүйенсек, өкінішке орай, облысымызда жылдан-жылға адам саудасына қатысты істер көбеюде. Үстіміздегі жылы аталмыш ұйым өңірде адам саудасының құрбаны болған 4 адамға көмек көрсеткен.
Бұлардың қатарында 1 қыз бала алдап-арбаудың зардабын шегіп, амалсыз жезөкшелікке түскен. Сондай-ақ 3 адам еркінен тыс еңбекке жегілген. Олар ұзақ уақыт бойы біреуге тегін жұмыс істеп, олардың орнына басқа адамдар жалақысын алып отырған.
Сонымен қатар материалдық, психологиялық қолдау да жасалады. Өткен жылдың аяғында бес-алты жыл бойы Ресей елінде адам саудасының құрбаны болған үш қазақстандық азамат белгілі болды. Облыс аудандарында әлі де көмекке мұқтаж он бір адам бар екені анықталған.
«Ата-ана қауымына айтарым баланы жастайынан теріс қылықтан аулақ болуларына баулып, арамза азаматтардың арбауынан алыс жүргендерін ұғындырып, кешқұрып уақыттарын бос өткізбей өзін-өзі дамытумен айналысуға тәрбиелеген жөн» - дейді Нина Косюк.
Бүгін қозғалып отырған мәселе өте өзекті. Ол әрбір адамды және отбасын толғандыруға тиіс. Әсіресе, жастар жағы яғни әлі алды-артын бағамдап үлгермеген бойжеткендер өте сақ болғандары жөн. Біреудің алдауы мен арбауына түсіп, оңай олжаға құмартпағандары абзал.
Жасыратын ештеңесі жоқ, кезінде шетелдіктердің уәделеріне сеніп қалып, қаншама қандас қыздарымыз шетелдерден оралып, туған жерін бір көруге зар болғандарды да білеміз.
Қозғалып отырған проблеманың маңыздылығы күн өткен сайын айқындалуда. Әйелдерді еңбекке және нәпсіқұмарлық қызметке пайдалану мақсатында заңсыз әкетудің алдын алу бүгінгі күні барлық өркениетті елдердің алдында тұр деуге болады.
Траффиктің біздің еліміз үшін өте өзекті проблема болып табылатынына еш күмәнім жоқ. Бірақ, бұл проблема нақты зерттелмеген, «балалар мен аналарға арналған дағдарыс орталығының» жүргізген әлеуметтік сауалнамалары, Ішкі Істер Министрлігінде тіркелген қылмыстарға, біздің заңнамамен қылмыстық жазалауға тартылған деректері бар болғанымен олар жеткіліксіз. Біздің заңнама әзірше жетілмеген және тәжірибелі негізде траффиктің ізіне түспеген, ал әлеуметтік сауалнамалар оларды алмастыра алмайтын нақты деректерге көлеңке түсіруі мүмкін.
ҚР-да тиісті саладағы қатынастарды реттеуді жүзеге асыратын нормативтік акт тек Қылмыстық кодекс болып табылады және Үкіметтің алдағы жылдарға арналған арнайы бағдарламасы осы саладағы қызметтің бағыттарын айқындайды [3].
Адамдарды алдау жолымен жасалған нәпсіқұмарлық немесе өзге де мақсатта пайдалану үшін сату 1995 жылдың 30 тамызында бүкілхалықтық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы кепілдік берген азаматтардың жеке бостандығы мен кез келген заңмен тыйым салынбаған әрекетпен айналысатын ісін таңдау бостандығына қол сұғатын қоғамға қауіпті әрекет болып табылады.
Әрбір азамат ерікті түрде өзіне ұнайтын қызмет түрі мен мамандығын таңдауға құқылы. Еңбек бостандығы, сондай-ақ қызметтің қандай да бір түрімен айналыспау құқығын да білдіреді.
Сондықтан, Қазақстан Республикасының Конституциясы былай нақтылайды: мәжбүрлі түрде еңбек етуге тек сот үкімі бойынша немесе төтенше, не әскери жағдайда ғана рұқсат етіледі. Еңбек бостандығы “экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық Пактіге” сәйкес Конституцияның 24-бабының 1-тармағында жарияланады [1].
Адам саудасымен күрес және ерікті қайтару бойынша департаментінің өкілі Джонатан Мартенстің айтуынша, жылына құл саудагерлерінің қолына 600 мыңнан 4 миллионға дейін адам түседі. Қылмыстық топтардың жылдық пайда кірістері 32 миллиард долларды құрайды [9, 215 б].
«Адам саудасы есірткі саудасынан кейін табысы бойынша екінші заңсыз бизнес болып отыр. Көбіне мұндай жағдайларға жағдайы төмен отбасылар, кәмелетке толмаған балалар, сонымен қатар мигранттар ұшырайды. Қазақстан географиялық орналасу жағынан Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан мигранттарына қолайлы орын болып отыр. Қазақстан азаматтарының көпшілігі араб және түрік елдерінде адам саудасының құрбандары болуда», деді Джонатан Мартенс. Форум барысында адам саудасының құрбандарын құрылыстарда, қара базарларда, үй қызметінде, қайыр сұраушы мен жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлейтіндігі атап өтілді. Адам саудасы, азаматтарды құл ретінде пайдалану, нәпсіқұмарлық әрекеттеріне мәжбүрлеу, тіптен сонау өркениетті делінетін аймақ - Еуропаның өзінде де маңызды мәселеге айналып отыр.
Адам саудасы – қазіргі әлемнің қауіпсіздікке байланысты ең өткір және күрделі проблемаларының бірі. Құрамына 56 мемлекет кіретін ЕҚЫҰ аймағын айтатын болсақ, жыл сайын жүздеген мың әйел, балалар мен ер адамдар заңсыз әкетіледі. Адам саудасы шекараны кесіп өтпей-ақ мемлекеттердің өз ішінде де болып жатады.
Үйден алыс жерлерде көптеген жағдайларда еңбекақысы мол жұмыс бар дегенге сеніп, осы заманғы құлдар өздері шыға алмайтын азапты өмірлік жағдайларға тап болады. Адам саудасы – оларды жезөкшелікпен айналысуға, тігін мәшинкелерінен бас көтертпей, далалық жұмыстарда бітпейтін ауысымдарда жұмыс жасауға немесе қылмыскерлердің қатаң қадағалауымен көшеге шығуға мәжбүрлей отырып, адамдарды тауарға айналдыратын қатыгез қылмыс.
Әлі күнге дейін адам саудасы проблемасын сәйкесінше түсіну жоқ, соның салдарынан оған жүргізіліп отырған саясатта да, сондай-ақ іс жүзіндегі қызметте де жеткілікті көңіл бөлінбей келеді. Адам саудасы адам құқықтары мен негізгі бостандықтарды, заң үстемдігін бұзуға алып келеді, экономикалық тұрақтылыққа қауіп туғызады, сыбайлас жемқорлық жағдайында күшейеді және адамдардың өмірі мен әл-ауқаты үшін шын қауіп туғызады.
Жарық дүниеге ешбір адам құл болу үшін келмейді. Адамзат баласының бәрі де бірдей. Аллаһ Тағала олардың кейбіріне сана жағынан артықшылық бергенімен, тән жағынан өзгеше жаратпаған. Біреуі төрт аяқты, екіншісі үш басты емес. Барлығы да мынау өткінші жалғанда жақсы өмір сүргенді қалайды. Соған ұмтылады.
Елдің көбі ақшасы жоқтың өмір сүруі де қиын деп түсінеді. Мұнымен келісуге де болады.
Қазақтың: “Талтаңдасаң талтаңда, ақшаң болсын қалтаңда” деген мақалы текке айтылмағанын нарық заманының өзі де дәлелдеп жүр. Біреу сол байлыққа жету үшін адал еңбек етіп, тер төгіп, ерте тұрып, кеш жатса, екінші біреулер өзгелердің ар-намысын таптап, көз жасын төгу арқылы ұмтылады.
Жаһанда осындай екі аяқты арам ниеттілерден адамдарды қорғау мақсатындағы күрестің басында 1926 жылы қабылданған Ұлттар Лигасының Құлдық туралы Конвенциясы тұрды. Араға 4 жыл салып, 1930 жылы Күштеп жұмысқа тартуға тыйым салу туралы тағы бір Конвенция өмірге қадам басты. 1949 жылы Адам саудасы және жыныстық құлдыққа қарсы БҰҰ Конвенциясы пайда болды.
2000 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы Адам саудасын жою мен ескерту туралы Қаулысын қабылдады. 23 тамыз – Халықаралық құл саудасы құрбандарын еске алу, 2 желтоқсан – Халықаралық құлдыққа қарсы күн болып белгіленді. Соған қарамастан құл саудасының бәсеңдер түрі байқалмайды. Бұрын құлдық қамытын қара нәсілді Африка тұрғындары мен Латын Америкасының жергілікті тұрғындары киіп келсе, қазір олардың қатарына Шығыс Еуропаның Сербия, Босния, Украина, Ресей, және т.б. елдерінің ақ түсті адамдары да қосылуда.
БҰҰ мәліметтерінде көгілдір ғаламшарымызда адам саудасы өріс жайған 155 елдің бар екені айтылған. Бұларда 27 млн. адам құлдыққа таңылған. Адам саудасы есірткі мен қару-жарақтан кейінгі үшінші орынды иеленіп, жылына 7 млрд. доллар пайда келтіретін көрінеді.
Арам кәсіп асқақтап тұрған мемлекеттердің ішінде, әсіресе, ең қауіпті аймаққа Непал, Судан, Біріккен араб әмірліктері, Үндістан, Гаити, Мьянма секілді елдер енген. Осы тізімнің ішінде Қазақстан да жүр. Жақын жатырған ТМД бойынша трафиктің дамуы жағынан І және ІІ орындарға Ресей мен Украина жайғасса, Қазақстан үшінші орында. Себебі, айналамызды дамушы елдер қоршаған [10, 25 б].
Мұнан қалды өз ішіндегі әр түрлі жікшілдік, бай-кедей бөлінісі, оқта-текте орын алып отырған ұрлық-қарлық, барымта алу және қарымта қайыру, жер дауы, жесір дауы сияқты ірілі-ұсақты қылмыстар да қоғамдағы саяси ахуалға өз ықпалын тигізіп отырды. Уақыт аралығында, бұл қылмыстар өзгеше рең ала бастады және түр сипаты мүлдем басқаша болып шыға келді.
Бірақ, қылмыс қай кезде де қылмыс және ол әрқашанда бір мүдде мен екінші мүдденің тоғысар тұсы, ал құқық тілімен айтқанда бір тараптан құқыққа қайшы әрекет жасау мен зардап келтіру болса, екінші тарап сол әрекеттің құрбаны болады, яғни өзі қандай да бір шекте моральдық, материалдық және өзге де зиян шегеді.
Тақырып өзегі болып отырған заңсыз көші-қон мен адам сату проблемасы тек біздің мемлекетіміз үшін емес, дүниежүзілік қауымдастық үшін де өзекті болып отыр.
Олардың экономикалық жағдайы оңып тұрғаны шамалы. Жұмыссыздық жайлап, күнкөріс қиындаған соң мұндағы халықтың жұмысқа жарайтындары басқа елден нәпақа іздейді. Гастарбайтерге айналады. Іргелес Өзбекстанның 3-4 млн. халқы сыртта жүрсе, соның жартысынан көбі Қазақстан мен Ресейде. Қырғызстан тұрғындарының да тең жартысы күнкөріс қамымен біздің ел мен Ресейді жағалауда.
Бұған Қазақстанның өз ішіндегі миграцияны қосыңыз. Қолында ақшасы бардың бәрі қарақалпақ немесе өзбек ұстағысы келеді. Себебі, істеген жұмысына көп сұрамайтын арзан жұмыс күші. Құжатын тартып алып, мал соңына да салпаңдатып қоюға болады. Облысымызда да құлсарылық екі жігіттің бір өзбекті итаяқтан ас беріп, таяқтың астына алып, мал соңына салып қойғаны кезінде жазылды.
Әлгі өзбектерді олар құл сатушыдан әрқайсысын 10 мың теңгеден сатып алыпты. Елімізде 2008 жылы құл саудасы бойынша 44 іс көтеріліп, 24 адам жауапқа тартылған. 2009 жылы 53 іс бойынша 24 адам шаталған. 2010 жылы 44 іс қозғалған. Адам саудасына байланысты ҚР ҚК 125 бабымен төмендегі облыстарда Ақмолада -11, Ақтөбеде – 4, Алматыда – 3, Жамбылда – 8, Маңғыстауда – 6, Павлодарда – 2, Қостанайда -3, Алматыда -2, Шығыс Қазақстанда – 8, Оңтүстік Қазақстанда – 13 адам сотталған. Республикамыздың заңы бойынша адам саудасымен айналысқандар 7-ден 10-15 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Белең алған қылмыстардың дені жас қыздарды жезөкшелікке мәжбүрлеу, жыныстық туризм, порнография бар.
Ағылған ақпарат деректерінің бірін сөйлетейік. Мысалы, биылғы жылғы наурызда Орал қаласының тұрғыны 42 жасар әйел адам өзінің 32 жасар танысынан жезөкшелікпен айналысатын қыз тауып беруін өтінеді. Көп ұзамай оның ойы жүзеге асып, Ақсай қаласынан үй-күйі жоқ 22 жасар Александраны 40 мың теңгеге сатып алады.
Оны өзінің Оралдағы жалға алған пәтеріне жеткізіп, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлейді. Ол аз болғандай 16-17 жасар қалалық және Зеленов ауданында тұратын екі қызды осы жұмысқа тартады. Қыздарымыздың дені ТМД елдеріне, Түркияға, Біріккен араб әмірліктеріне және Қытайға сатылып, жыныстық құлдыққа салынған. Адам ұрлау да тыйылмай тұр. Онымен айналысатын ұйымдасқан халықаралық ірі қылмыстық топтар Қазақстанды да назарынан тыс қалдырмауда. Бізде де үйден шығып жоғалып кетушілер жеткілікті. “Бәлен жерде бақыр бар” дегенге сеніп ере кететін аңқау халқымыздың жастары шетелге барған бойда барлық құжатынан айырылып, сатылып кете барады.
Жаһанда қаншама “құл сатушылар” ұсталып, сотталып немесе сол адамдардың туыстарының қолынан өліп жатыр. Бейкүнә жанның көз жасы жібермесі анық. Бірақ, одан “тірі тауарды” саудалаушылар азаяр емес. Бұл қасіретті жеңу үшін онымен тек барша халық болып күресу қажет.
өпшілік арасында құлдықтың жаңа формасы атанып жүрген адам саудасының құрбанына, халықаралық сарапшылардың есебі бойынша, жыл сайын 4 млн адам айналып отыр [8].
Қазақстанда кездесетін құлдықты мамандар екіге бөліп қарастырады: еңбек құлдығы және жыныстық құлдық. Сонымен қатар құлдықтың құрсауына әйел адамдар мен балалар жиі түсіп қалады екен. Қарағанды қаласындағы ақпараттық-сараптамалық гендерлік орталығының директоры Наталья Усачева мұның себебін қоғамның дамуымен байланыстырады:
- Қазір еш нәрседе қасиет те, құн да қалмады. Нарықтық қатынастар барлық нәрсені саудалап бітті. Тек тұрмыстық заттар ғана емес, қызметтер емес, енді адамдардың өздері тірі тауарға айналып барады. Бұл нарық заңының масқараға айналған түрі. Және оны адамдардың өздері жасап отыр. Ең сұмдығы - кез келген нәрсені кірістің көзіне айналдыру әдетке айналып барады.
Наталья Усачева өзі басқаратын дағдарыс орталығына сондай құбылыстан зардап шеккен адамдар әсіресе, әйелдер бас сұғып тұратынын да айтады.
- Бізге құлдықтың құрсауына түсіп, одан босанған адамдар келеді. Құлдықта жүрген адамдарға көмектескісі келген адамдар да хабарласады. 90-шы жылдары Қазақстанның тұрғындары алдауға түсіп, Еуропа елдеріне, Қытайға, Сауд Арабиясы елдеріне құлдыққа сатылып кетсе, енді Қазақстанның өз ішіндегі құлдық нарығы қалыптасты деуге болады
Маманның айтуынша, бүгінде адам саудалайтын орталықтар да қалыптасып үлгерген. Соның бірі Астана қаласында орналасқан екен. Мысал ретінде сұхбаттасымыз 100 мың теңгеге сатылып кеткен екі қарапайым қыздың тағдырын алға тартады.
- Оларды жеке бостандықтарынан айырып, абыройларына нұқсан келтірген. Бұл өте көңілсіз әрі өте ауыр жағдай.
Үшінші мыңжылдықта өмір сүріп, мұндай жағдаймен кезігеміз деп ешқашан ойлаған емеспін. Қазір құлдыққа жас ерекшелігіне қарамастан кез келген адам ұшырауы мүмкін. Егер ол кіп-кішкентай бала болса, қайыршылық сұратқызып қояды. Көбіне мұндай жағдайға мигранттардың балалары ұшырайды, - дейді Наталья Усачева.
Адамдардың құлдыққа түсу жағдайларын зерттеп жүрген маман Айнұр Сыдықованың айтуынша, Қазақстан бүгінгі күні адам саудасының өршіген аймағына айналып қана қоймай, көрші елдер арасындағы «өткел» қызметін де атқарып отыр.
- АҚШ мемлекеттік департаментінің есептерін қарап отырсаңыз, ең үлкен транзит, ол Орталық Азиядағы мемлекеттерден Ресейге баратын бағыт. Сонан кейін Араб Әмірлігіне бағытталған жол бар. Бірнеше рет Кореяға тасымалданған адамдар жайлы естігенім бар.
Десек те, кейбір мамандардың пікірінше, бұл тұста Орталық Азияның өзге елдерімен салыстырғанда Қазақстанның жағдайы біршама жақсырақ көрінеді.
- Салыстыру үшін Өзбекстанды алатын болсақ, бізде саудаға ұшыраған адамдар аз. Бұл әйелдердің қоғамдағы статусы мен әлеуметтік жағдайына тікелей байланысты.
Қай елде тұрмыстық жағдай төмен болса, жұмыссыздар саны артса, сол елде адам саудасы оқиғалары жиілей түспек, - дейді Петропавл қаласындағы «Әйелдерді қолдау орталығының» жетекшісі Алина Орлова. Сонымен қатар құлдықтың құрсауына жиі түсетін топтарға мигранттар да кіріп отыр.
Сарапшылардың пікірінше, елдегі адам саудасының өршуіне заңның әлсіздігі әсер етіп отыр. Сондай ақ, оның етек жаюына адам саудасымен айналысатын қылмыскерлермен құқық қорғау орындарының арасындағы байланыс яғни, сыбайлас жемқорлық та ықпал етіп отырған көрінеді.
Адам саудасына қатаң тыйым салған халықаралық қауымдастық қабылдаған бірнеше конвенция бар. Олар:
1926 жылы Ұлттар Лигасының Құлдық туралы Конвенциясы;
1930 жылы – Күштеп жұмысқа тартуға тыйым салу туралы Конвенция;
1949 жылы - Адам саудасына және жыныстық құлдыққа қарсы қабылданған БҰҰ-ның Конвенциясы;
2000 жылы – БҰҰ-ның бас Ассамблеясы қабылдаған Адам саудасын жою мен ескерту туралы қаулысы. Аталған қаулы БҰҰ-ның трансұлттық ұйымдасқан қылмысына қарсы қабылдаған Конвенциясын толықтыра түседі.
Адам саудасының құрбандығы болма» «STOP-трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде
Адам саудасы мәселесі – адамдар трафигі - осы уақытқа дейін планета көлемінде таралған түсіндіруге келмейтін, сөз болып отырған қазіргі құлдық формасы әлемдік саяси тәжірибеде өзекті тақырыптардың бірі болып табылады.
Көптеген жұмысшы-мигранттар үшін шетелде жұмыс істеу үлкен қиындықтармен байланысып жатады, солардың бірі – жергілікті үкімет пен жұмыс берушілердің қиянаты.
Шетел жұмыскерлерімен қарым-қатынас жасауы жиі мигранттардың өздерінің сол жұмыс табуға барған елдің ерекшелігін және өз құқығы мен міндеттерін түсінбеуі себепті болып жатады.
Кампанияның мақсаты – адам саудасын ақпараттау және қоғам назарын адам саудасы құрбандарын қорғауға аудару арқылы ескертеді.
Кампания шеңберінде мыналар жүргізіледі:
1. Сурет конкурсы, А-4 форматты балалар салған «Біз адам саудасының, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын қорғауға алып, оларға қолдау, көмек көрсетугеміз» тақырыпты суреттерде қолтаңбалар жинаймыз.
2. Тұрғындарға сұрақ-жауап жүргізу.
3. т/ж вокзалының платформасында Үгіт поезын күтіп алу.
- ақпарат материалдарын тарату
- лозунгтер, үндеулер дайындау және оларды безендіру
- адам саудасы құрбандарын қолдауға қолтаңбалар жинау
- тұрғындар арасында адам саудасы жайлы хабардарлығы туралы жедел-сауал және оны талдау.
Халықаралық қауымдастықта адамдарды нәпсіқұмарлық мақсатта пайдалану үшін азғырып-көндіру, сыртқа шығару және транзит траффик деп аталады. Траффик – бұл адамның негізгі құқығына нұқсан келтіретін қылмыс. Әдетте ТМД елдерінен шет елдерге әйелдерді нәпсіқұмарлық мақсатта пайдалану үшін әкетеді.
Көпшілік жағдайларда сыртқа шығару олардың қалауларына қарамастан жүзеге асырылады, яғни адамдарды саудаға салумен байланысты әрекеттер кеңінен орын алады, ең қауіптісі, біздіңше, аталған құбылыстың бүгінгі күнде ұйымдасқан қылмыстылықпен тығыз байланыста болуы.
Бала құқықтарын қорғау жобалар жұмыстарына назар салсақ, БҰҰ-ның статистикалық көрсеткіштеріне қарап әлемдегі бай, өркениетті елдердің өзінде жыл сайын 15 жасқа дейінгі 3500-ге жуық жас өскін дене жарақаты мен күтімсіздіктен көз жұмады екен.
Германияда апта сайын осындай жағдайда 2 бала, ал Францияда 3 бала дүниеден өтеді. Жыл сайын 1 миллионнан астам жеткіншек саудаланып, мемлекет шекараларынан сыртқа әкетіледі екен
1 миллионнан астам жеткіншек саудаға түседі
Зүлфия Мұхамедбекқызы, Қазақ-станда да зорлық-зомбылыққа байланысты қауіпті үрдістердің жылдан-жылға артып келе жатқанын өмірдің өзі көрсетуде. Осы орайда Дағдарыс орталықтары одағы қандай жұмыстарды атқарып келеді? Сол жайында тарқатып айтып өтсеңіз.
— Дағдарыс Орталықтары республика көлемінде он үш қоғамдық бірлестіктің бірігуі аясында әйел саудасы, балалар құқығын қорғау, әйел мен еркектің арасындағы гендерлік теңдікті сақтау және әртүрлі формадағы зорлық-зомбылықтардың барлық түрлерін жою мақсатында 2001 жылдан бері жұмыстар атқарып келеді. АҚШ-тың халықаралық даму жөніндегі агенттігі ЮСАИД Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстанға арналған жобаны қаржыландыруда.
Яғни жоба енді Қазақстанға ғана емес, тұтас Орталық Азияға бағытталған. Бала құқықтарын қорғау жобалар жұмыстарына назар салсақ, БҰҰ-ның статистикалық көрсеткіштеріне қарап әлемдегі бай, өркениетті елдердің өзінде жыл сайын 15 жасқа дейінгі 3500-ге жуық жас өскін дене жарақаты мен күтімсіздіктен көз жұмады екен. Германияда апта сайын осындай жағдайда 2 бала, ал Францияда 3 бала дүниеден өтеді. Жыл сайын 1 миллионнан астам жеткіншек саудаланып, мемлекет шекараларынан сыртқа әкетіледі екен. Мұндай сипат әлемнің бар елдерінде байқалатыны қынжыларлық жәйт [11, 209-222 б].
Осындай бүкіл әлем деңгейінде көтеріліп отырған өзекті мәселеге Қазақстанның да қосар үлес салмағы жоқ емес.
Дейтұрғанмен, бұл орталықтың міндеті серіктес Үкіметтік емес ұйымдардың адам саудасымен күресте ақпараттық қолдау, сенім телефоны және баспана жұмыстарына қамқорлықты тоқтатпастан, еріктілік негізде жалғастыру болып табылады.
Бір сөзбен айтқанда, қоғамда орын алып жатқан адамдарға деген зорлық-зомбылықтың түрлерін жою керектігін алға тартады.
Одақтың соңғы жылдардағы табысты жобаларын атап өтсеңіз.
— Бірнеше жобалармен жұмыс істеу барысында бізге тиімді болып отырған «Сенім телефоны – 150» жобасы. Орталықтың сенім телефоны арқылы көмек сұрайтындардың басым бөлігі де әйелдер екен. Қалалық «Эконом», «Микрорайон» газеттері тегін хабарландырулар жариялап, орталыққа ақпараттық қолдау көрсетеді. Көп адамдар газеттердегі жарнамалардан шетелге шығып, жақсы жалақы табуға болады деп сеніп қалады да бірден шешім қабылдап жатады.
Мұндай кезде орталық мамандары мектеп полицейлерімен бірлесіп, балалар үйлерінің, жасөспірімдер үйлерінің, балалар ауылдарының тәрбиеленушілерімен жұмыс істеуде. Орталықта қалпына келу және бейімделу бағдарламасы бойынша Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстаннан келген әйелдер көмек алды.
Сонымен қатар, БҰҰ-ның Бала құқығы туралы конвенциясын қабылдаған елдердің бірі – Қазақстан.
Соңғы жылдары еліміздегі Үкіметтік емес ұйымдар тарапынан бала құқын қорғау шаралары ұйымдастырылып жүр.
Осы орайда “Алматы қаласы Бала және отбасын қолдау орталығы” қоғамдық ұйымын атауға болады.
Орталық Алматы қалалық ішкі саясат департаментімен, қалалық білім беру департаменті және ішкі істер департаментінің кәмелетке толмағандармен жұмыс жөніндегі бөлімімен ынтымақтасып жұмыс істеп отыр.
Ресми түрде тіркелген Үкіметтік емес ұйымдар мен балалар қайырымдылық қорларының саны 60-тан асады. Осылардың көпшілігі, өкінішке қарай, қағаз жүзінде тіркелгенімен, іс жүзінде атқарған жұмыстары көпшілікке танымал емес. Кейде тағдыр тәлкегіне түскен баланы қорғау қажеттілігі туғанда көп ұйымдардың нақты көмек көрсетуге мүмкіндігі, ықыластары бола бермейді.
Ұрланған 14 жастағы қыздардың жазығы не?
Адам саудасымен қатар, әйел саудасын «машық» етіп алғандармен қалай күрес жүргізілуде?
— Адам саудасы мәселесі елімізде 1990 жылдары өзекті саналғанымен, билік тарапынан алдын алу және күрес шаралары 2001 жылдан бастап жүргізіле бастаған болатын. Заң қабылданып, факультативті келісімдерге қол жетті. Халықаралық ұйымның қолдауымен адам саудасының құрбаны болғандарға нақты көмектер осы кезден басталған.
Бағдарлама аясында балалар саудасы да қарастырылып, шетелден кәмелетке толмаған балалар еліне қайтарылған. 14 жастағы қыздарды Алматы облысы ауылдарынан Алматыға алдаусыратып әкеліп, жыныстық қызметке тартқан оқиға да орын алған. Жәбірленген қыздардың бірінің анасының хабарлауымен полиция қызметкерлері іздестіріп тауып, олар Талдықорғандағы «Әйелдерді қолдау орталығында» қамқорлықта болып, әлеуметтік ортаға бейімделді.
Осы жоба аясында адам саудасының елімізден шетел асатын жәйттерінен басқа сырттан келетін және транзит арқылы жүзеге асатыны айқындалып, мәселені шешу жолдары қарастырылды, мақсаты мен міндеттері жүйеленді. Алғашында халықаралық ұйым мамандары ақпараттық сипаттағы жұмыстарға ден қойды. Ол халықты хабарландыра отырып, адам саудасы бар екендігі әрі қауіпті жағдайларға тап болмау жолдары, кезіккен жағдайда қайда, кімге хабарласу керектігін құлағдар ету болды.
Бейнематериалдар, плакаттар мен ақпараттық материалдар шығарылып, онда қатерлі жағдайда елшіліктер мен халықаралық миграция жөніндегі ұйымға және Үкіметтік емес ұйымдардың телефондары көрсетілді. Келесі кезекте жәбірленгендерге көмек көрсетуге қаржы бөліне бастады. Дегенмен жәбірленгендерге қаржының бөлінуі ең қиын мәселе.
Өйткені бір адамға көмек көрсету үшін қаншама мамандардың қолдауы мен күш-жігері қажет. Одақта БАҚ-та жарияланып жататын түрлі хабарландыруларды бақылап, қажет болса байланысқа шығатын мамандар жұмыс істейді. Қауіпсіздік комитетінің мамандарымен бірлесіп, олар хабарландырудағы ұялы байланысқа шығады.
Тексере келе телефон басқа адамның атында, ал оны тұтынушы басқа тұлға болып шығады. Хабарласу үшін Одақтың телефонын қалдырғанда олар қайта қоңырау шалмайды. Өйткені адам саудасына машықтанғандар өте сақ келеді.
Қайта қоңырау шала отырып, байланысқа шыққанда олар түр-сипатымен қоса әйелдің жасы 30-дан асқан ба деп сұрау қояды. Өйткені Араб Әмірліктерінде тек 30-дан асқан әйелдер күйеуінсіз шетелге шыға алады. Делдалдардың келесі талабы әйелдердің некеде және славян ұлтының өкілі болуы керек екен.
Себебі, Әмірліктерде басқа ұлт болса да мұсылман әйелдерге талап қатты қойылады әрі славян ұлтының әйелдеріне сұраныс жақсы. Бәрі келісіліп, сценарий бойынша кездесетін орын, уақыт белгіленген сәтте делдал әйел сезіктенді ме, біреулер хабарлады ма әйтеуір байланыстан бас тартып, бірден телефонын өзгертіп жіберген.
Бұқаралық ақпарат құралдарындағы «шетелдерге жұмысқа аламыз» сынды хабарландырулардың бақылануы қажет. Өйткені қоңырау шалғандардың көбі олардан лицензия барын сұрай бермейді. Оның үстіне бұқаралық ақпарат құралдары мұндай оқиғаларды жария еткенде көбінде кінәні жәбір көрген қыздардан көреді.
2000 жылдан бері адам саудасымен күресетін департамент ашылып, мемлекеттік ұйымдар мен Үкіметтік емес ұйымдарды біріктірген мекемеаралық комиссия жұмыс істей бастаған. Өкініштісі, бұл комиссия қазір Әділет министрлігіне қарайды. Ал әлгі мекемелерді біріктірген комиссия да жұмысын тоқтатқан.
Адам саудасының құрбаны болғандарға қамқор болатын Дағдарыс орталықтарының көбі қаржысыз ерікті түрде қызмет атқаруда. Қаржыландыру бірде ашылса, бірде тоқтап та қалады. Ал жәбірленген әйелдердің көбінің ісі сотқа жетпей жатады.
Өйткені заң жүзінде болып кеткен еңбек және жыныстық қанауды қылмыс ретінде дәлелдеу қиынға түседі. Адам саудасына түскен қорлық көргендерді қорғайтын заң жоқ.
Оларды бейімдеу үшін қаржыны сол адам саудасынан пайда тапқандардың есебінен емес, тағы да мемлекет көтеруіне тура келеді. Шетелдерде адам саудасына тап болғандарды бейімдеу және емдеу үшін қаржыны соларға зорлық көрсетіп қанауда ұстап қылмыскерлерден өндіреді екен. Бізде мемлекеттен де, қылмыскерлерден де жәбірленгендерге көрсетілетін қамқорлыққа қажет қаржы бөлінбейді.
Бізге көрші елдерден жұмыс орнын іздеп келушілер көп. Мысалы, құрылыс орындарына немесе басқа да жұмыстарға жалданып жүрген өзбек, тәжік, қырғыз жетіп артылады. Бұл да адам саудасына жата ма?
— Әлбетте, олай демеске лаж жоқ. Қазақстан экономикалық тұрақты ел саналғандықтан көрші елдер үшін жалақы табу көзіне айналып отыр. Егер аталған мемлекеттерде жұмыс орындары ашылып, өндіріс ошақтары белсене жұмыс істемесе, онда Қазақстан нарығы көрші елдерден еңбек миграциясын тартатын аймаққа айнала бермек.
Орталық сарапшылары бұл елімізге келген адамдардың қиын жағдайға тап болуына, адам саудасына ұқсас жәйттерді басынан өткеруіне әкелуі мүмкін деген қаупін жасырмайды.
Мәселен, көрші елден әйел немесе ер-азамат бірнеше қайтара сатылып, екі-үш қожайынды ауыстырады. Сәтін салып қожайындарының уысынан сытылып шыққандар құқық қорғау органдарына хабар беріп үлгереді. Сонда ғана бас еркіндіктерін арашалап қалмақ.
Келесі мәселе, ел Астанасы бүгінде еңбек миграциясының ошағына айналып отыр. Мұнда да мигранттарды аязды күндері ақысыз еңбек етуге мәжбүрлеген жағдайлар кездеседі. Әйелдермен қатар еркектер де мұндай қатерге жиі ұрынып отырады.
Олар тиісті органдарға арыз жазбастан еңбекақысын аламыз деген үмітпен күн кешкен сәттері болған. Оның үстіне, елде заңсыз тұрғаны үшін жазаға тартыламыз деген қауіп те оларды шағымданудан бас тартқызады. Полиция істі ашқанымен жәбірленушілерді орналастырып, әлеуметтік ортаға бейімдейтін баспана не орталықтың болмауы үлкен проблемаға айналып отыр. Астанада баспана алу өте қымбат болғандықтан, қазір халықаралық мемлекеттік ұйымдардың қолдауымен бас қалаға жақын Көкшетау қаласында қамқорлық көрсететін баспана ашылмақ.
Республика көлемінде мұндай орталықтың барын біреу білсе, біреу біле қоймас. Сол себепті де еліміздің басқа аймақтарын аралай отырып, орталықтың жұмыстары жайлы азаматтарға кеңінен ақпарат беру керек сияқты. Осындай жұмыстарды атқару барысында қандай проблемалармен бетпе-бет келдіңіздер?
— Республика бойынша орталық 13 облыс орталығында жұмыс істеуде. Шалғай елді мекендерде тұратын халықтың басым көпшілігі мұны біле бермейді. Жер-жерлерді аралап оқыту семинар жұмыстары жүргізіліп келеді. Жақында Талдықорған қаласында өткен әйелдерге арналған семинардан қайтар жолда Бағанашылдағы балалар үйінен Алматыға жіберілген екі ұлға кәмелетке толмағандарды уақытша орналастыру және қалпына келтіру орталықтарынан орын табылмай шарқ ұрғаны жайлы хабардар болып, көп ойға қалдық. Оларға көмекке жалғыз ғана қоғамдық ұйым “Балаларды қорғау және отбасын қолдау орталығы” келіпті.
Талдықорған қаласындағы “Отбасын әлеуметтік-психологиялық қолдау және бала құқын қорғау” орталығындағы ана мен балаға арналған қамқорлық үйіне әлгі балалар орналастырылған. Әкімдік пен орталықтардың арасында ойын добындай қақпақылға салынған сәбилер осы аралықта көп сергелдеңді бастан өткергені өкінішті.
Дегенмен, экономикалық жағдайға байланыс-ты қаншалықты шекарада миграциялық қатаң тәртіп орнағанымен әйел саудасы да, қара күштеріне сенген адам саудасы да әлі де шекара аса беретіні анық.
Биліктің адам саудасына қарсы шараларды жоспарлауы мемлекетіміздің осы проблеманы мойындай отырып, оны жоюға қарсы саяси еркін білдіруі деуге болады.
Бірақ тек Үкіметтік шаралармен проблеманы шеше салуға болмайды. Яғни заң аясында барлық азаматтарды қорғауға бірдей мүмкіндіктер берілгенімен, әлгідей жәбірленушіні қорғауға кепілдік аз берілген.
Осындай жағдайлардың әсерінен де жәбірленушілер өздерін қорғамайды деп қорыққандықтан да шағымдануға бел шеше бермейді. Осы тұста заңнаманы өзгерту керек деген ойларын айтады заңгерлер. Бұл заң нашар деген сөз емес. Қай елде болмасын, заң өмірден бір қадам кейін жүретіні рас. Сол себепті де, әрбір азамат өз құқықтарына жауапкершілікпен қарай білсе, мұндай қанаушылықтан, зорлықтан жәбір көрмеген
Әрине, өздерінің траффиктің құрбаны болғанын бұл әйелдер өте кеш түсінеді. Әдетте олар өздері сатылып, түнгі клубтар мен бордельдерге қамалғанда, кейде зорланып, соққыға жығылғанда; мүлдем қауқарсыз күйде қалғанда, өз өмірі мен денесіне бақылауды жоғалтып, доссыз, ақшасыз, құжатсыз қашуға да мүмкіндігі қалмаған кезде бірақ түсінеді, өйткені үйлеріне қайтар болса, қасақана жасалатын соққыларға жолығудан қорқады [3].
Осы тарауда адамдарды саудаға салуға дейін отандық заңнамада болған нәпсіқұмарлық және де өзге де мақсаттарда пайдалану үшін азғырып-көндіру, сыртқа шығару және транзит институтының даму тарихы туралы біраз жайларды айта кету қажет.
Қылмыстар, заңдағы нормалардың оларды жазалайтын бейнесін тудырады. Сондықтан, қылмыс алдымен факт ретінде пайда болды. Еске сала кететін жай, адамдарды пайдалану үшін азғырып-көндірудің ұзақ тәжірибелік тарихы бар деуге болады.
Бұл тұрғыда құлиеленушілік дәуірден бастау алатын қылмыстың тарихы, сол кездегі өзара тартыспен өткізетін мемлекеттердің сыртқы қызметін жүзеге асырудағы негізгі бағыттарының бірі болды деуге болады.
Өйткені ол кезде жаулау арқылы халқының санын көбейтіп, жерін ұлғайтып, тұтқын ретінде саналған құлдар көп жағдайда сол елдің әскерінің қатарына қосылып, аяусыз еңбектің, тегін еңбек күштері саналды.
Сонымен қатар, әйел саудасы да осылармен тең тұрды, өйткені олар, бір мақсатта, өздері жаулаған елдің кейіннен өздеріне қарсы шығар күші болмауының кепілдігі болса, екінші жағынан олардың сұлулығын өз сарайларының көркі ретінде және дәл сол жыныстық қанағаттанудың объектісі ретінде пайдаланды.
Уақыт өте келе өзгерген жағдайдың, бір кездері өзгенің еркімен барып қолданылған адамдардың, қазір өз еркімен барып, бірақ өзгенің ырқымен жұмыс жасап, пайдаланылып жүргені қоғамдағы осынау құбылыстың соншалықты мағыналық сипатының түбегейлі өзгере қоймағанын көрсетіп отыр. Ал бұл қылмыстың құқықтық сиппаттағы көрінісі, яғни заңнамадағы реттелісі КСРО құрылғаннан кейін іске асты.
Бастапқы уақытта КСРО құрамына Қырғыз автономиясы болып кірген, кейіннен Қазақстан аталған еліміздің заңында жезөкшелік заңнан тыс болып жарияланды, яғни ол притондарға тыйым салу үшін жасалған болатын.
1922 жылы КСРО Қылмыстық кодексінің 171-бабында мұндай притондарды ұстаушыларға, сондай-ақ жеңгетайлық жолмен әйелдерді азғырып-көндіру арқылы жезөкшелікпен айналысу жұмыстарына тартушыларға жауапкершілік белгіленді, яғни санкцияда мүлікті толық немесе ішінара тәркілей отырып, үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қолдану қарастырылды [12]. Батыс үкіметтері ұзақ жылдардан бері адамзаттың әсіресе әйелдердің құқығын қорғаймыз деген уәж айтады.
Олар өзге елдерді осы құқықты қорғамай отыр деп сынайды. Тіпті өздерінің ойынша адамзат құқығын елемей отыр деген елдерге қоқан- лоққы жасап, санкция салады.
Алайда түрлі деректер Еуропалық елдер мен АҚШта адамның алғашқы құқығы мен әйел мәртебесі аяққа тапталып жатқанын аңғартады.
Осы елдердің бірі – Британия. Бұл елде адамзат құқығы атап айтқанда әйел құқығы түрлі салада аяққа тапталады.
Осы хабарымызда Британиядағы әйелдердің жағдайына шолу жасағалы отырмыз. Бізбен бірге болыңыздар.
Британия үкіметі әйелдердің мәселелерін шешуге ерекше көңіл бөлетіндігін және осы бағытта 1992- жылы әйелдерге қарсы кемсітушіліктің барлық түрін шешу конвенциясына қосылдық деген уәж айтады.
Алайда осы еуропалық елде нәзік жандылар қатыгездіктің таралуы, әйелдер мен бойжеткендер контрабандасы, нашақорлық, жыныстық кемсітушілік сияқты көптеген әлеуметтік өрескелдіктердің одан әрі құрбаны болып отыр. БҰҰ 2008- жылғы бір есебінде Британияда қыздар мен әйелдерга қарсы түрлі отбасылық, тәндік және жыныстық қатыгездіктер кең таралғанын мойындады.
1960- жылы жұмыспен шұғылданатын әйелдерге қатысты кемсітушілікті шешу үшін “тең жұмыс үшін- теңдей еңбекақы” заңы бекітілді. Алайда қазір бес онжылдық өткеннен кейін әлі де көптеген әйелдер өзінің заңды және табиғи құқығына қол жеткізбегенін көріп отырмыз. Атап айтар болсақ, еңбек нарығындағы жағдай түзелтілмеген.
Әйелдер бір ер адамның 6 күн жұмыс істегеніне тең келетін еңбекақы алу үшін 10 күн жұмыс істеуі керек. Қазіргі уақытта британдық әйелдерге қарсы кемсітушіліктің және осы елдің еңбек нарығында әйелдер мен ер адамдардың жалақысы арасындағы айырмашылықтың айқын мысалын көруге болады. Жаңа статистикалық мәліметтерге сәйкес, күні бойы істейтін бір әйелдің орташа табысы сондай жағдайда істейтін ерлердің табысының шамамен 83 пайызын құрайды.
Британияда қиын жұмыстарға нәзік жандыларды қолданып, сырт көзге ерлермен теңестіреді. Дегенмен осы қиын жұмыстар әйелдің жаны мен тәніне сай емес. Бұған қоса , әйелдерге төленетін еңбекақы мардымсыз.Осындай жағдайды Британиядағы жыныстық теңсіздіктің айқын мысалы деп білуге болады.
Британияда отбасы мен қоғамда әйелді кемсітудің салдарынан отбасы содан соң қоғам дағдарысқа ұшырап отыр.Британияның статистика басқармасының есебіне қарағанда, осы елде және Уэлсте үйлену соңғы жарты ғасырда ең төменгі деңгейге жеткен.
Кейбір әлеуметтік мәселелер мамандары Британияда үйленудің азаюы отбасы құндылықтары мен әлеуметтік міндеттемелер құлдырағанын аңғартады. Қайсыбір экономикалық саясаттар Британияда отбасы ошағы әлсіреуіне кері әсерін тигізіп отыр. Зерттеулер көрсетіп отырғандай, егер Британияда ер мен әйел шаңырақ құрғаннан кейін бір баспанада өмір сүрсе, некесіз бірге тұрған жағдайымен салыстырғанда көбірек салық төлеуі керек.
Бұған қоса соңғы 30 жылда балалы отбасыларға қатысты салық ұлғайған. Британиядағы осы салық жүйесі бір балалы отбасылардың көбеюіне және ағылшындар арасында ажырасудың ұлғаюына себеп болып отырған факторларға жатады.
Британияда әйелдерге қатысты қолдау ұрандарына қарамастан олардың шын мұң- мұқтаждықтарының ескерілмеуіне байланысты олардың арасында психикалық есеңгіреу жиі байқалады. Осы еуропалық елде жыныстық кемсітушіліктің көптігінен эмигрант әйелдер мен этникалық азшылықтар арасында түңілушілік , жүйке аурулар және өзіне өзі қол жұмсау өрістеп отыр. БҰҰ-ның статистикасы бойынша Британиядағы эмигрант әйелдер білім алу, жұмыспен қамтылу және денсаулығын күту негізінде неше түрлі кемсітушіліктердің зардабын көріп келеді. Қазіргі таңда эмигрант әйелдер арасында ананың өлім- жітімі ең жоғары көрсеткішке жетті.
Британия қоғамындағы әйелдер арасында есірткі заттар тұтыну кең өрістеп , өрескел әдетке айналып отыр. Статистикалық мәліметтер әйелдер кокайнді көп тұтынатынын көрсетеді. Ағылшын психологтары әйелдердің есірткі заттарды көп тұтынуы олардың түңілу мен психикалық ауруларға ұшырауына себеп болып отырғанын айтады.
БҰҰ-ның есірткі заттарды бақылау агенттігінің жылдық есебіне сәйкес, Британия полициясы есірткі заттарды тұтыну дың мәдениетіне жауап беруі тиіс. Британдық әйелдер арасында арақ- шарап тұтыну да кең тараған. Спиртті ішімдіктер тұтынудан туындаған аурулардың зардабынан британдық әйелдердің өлім – жітімі екі есе болған. БҰҰ-ның мәліметтеріне қарағанда, осы мәселе британдық әйелдер арасында алкоголизмнің індетке айналғанын көрсетеді.
Британияда әйелдерге тауар ретінде қарау және оларды кемсітудің өзге бір мысалы әлемдік үшінші ірі сауда ретінде әйелдер мен қыздар контрабандасы болып табылады. Британияға, тағы басқада дамыған өнеркәсіпті елдерге заңсыз апарылатын әйелдер жезөкшелер үйіне тапсырылады.
БҰҰ-ның мәліметі бойынша, жылына бір миллион әйел мен қыз заңсыз түрде дамыған елдерге жеткізіліп, жезөкшелікке тартылады. Британияда құл иеленудің күші жойылғанымен, бұл елде құл иеленушіліктің жаңа түрі әйел саудасы ұлғаюымен өріс алып жатыр.
Британдық әйелдерге қатысты өрескелдіктердің бірі, олардың осы елдегі түрмелерге қамалуы болып табылады. Қазіргі таңда бұл елдің түрмелеріндегі әйелдердің жағдайы аянышты. “Индипендент” газеті бұл жөнінде: Британия мен Уэлстегі жалпы тұтқындардың 5 пайызын әйелдер құрайды деп жазды. Британия әділет министрінің орынбасары Мария Игель ханым ел түрмелеріндегі өрескелдіктерге сілтеме жасап аналардың түрмеде болуы отбасы мен перзенттеріне кері ықпалын тигізуі көңіл алаңдатарлық деп біледі. Ол соңғы жылдары психикалық ауруларға шалдыққан тұтқындар мен нашақор әйелдердің саны екі есе болды деген пікірде.
Қазіргі таңда Британияда әйелдерге арналған 17 түрме бар және онда 14 мың 460 әйел қамауда отыр. Әйел тұтқындардың 78 пайызы психикалық ауруларға шалдыққан 30 пайызы түрмедегі қолайсыз жағдайға байланысты өзіне өзі қол жұмсаған.
Әйел тұтқындар арасында психикалық ауруларға шалдығу қаупі және тіпті өзіне өзі қол жұмсау арта түскен. Жас әйелдердің жасы ұлғайған қылмыскер тұтқындармен бірге тұруы , жетерлік денсаулығы мен жұмысының болмауы, түзету бағдарламаларының жоқтығы және тұтқынның отбасынан алыста болуы БҰҰ Британиядағы әйелдердің ахуалына алаңдаушылық білдіруіне себеп болған мәселелерге жатады.
Батыста әйелге тауар ретінде қарауы мен Исламның әйелді қоғамдағы белсенді адам ретінде қарауы және жұбай мен ана ретінде отбасында оған маңызды орын беруі Батыстағы әсіресе Британиядағы әйелдердің осы аспандық дінге бет алуына себеп болып отыр. “Дейли мейли” газеті бұл жөнінде британдық әйел тілшілер мен актрисалардың Ислам дініне бет бұрысы күн санап өсіп жатқанын хабарлады.
МТВ телеарнасының жүргізушісі 43 жастағы Кристиан Бакэр осындай жандардың бірі. Ол Батыстың әйелге қарсы қатыгез және кемсітуші мәдениетін тәркілеп , Ислам дініне бет бұрды. Кристиан Бакэр өзінің Исламға иман келтіргендігінің себебін шектен тыс еркіндік бар қоғамнан қашу деп жариялап, біз Батыс мәдениетінде құнсыз дәлелдермен өзімізді қысылтаяңға қоямыз , алайда Исламда әрбір іс жоғары мақсатқа қол жеткізу , яғни Алланың ризалығы үшін атқарылады ,- дейді Бакэр.
Ислам біз өмір сүріп жатқан қоғамнан тыс өзгеше құндылықтар жиынтығы болып табылады.Мен ылғи өзімдегі үлкен бір кемшілікті сезінетінмін , алайда Ислам дініне иман келтірген уақыттан бері менің өмірім мағыналы да , мақсатты болды,- дейді [13].
Қарастырылып отырған қылмыс Кеңестік кезеңде болғанымен, Кеңес азаматтары өмірінің ережелерінен шеттетілген мұндай жағдайлар, мысалы, жезөкшелік, қоғамда жарияланбай, жасырын қалып отырды. Тиісінше 1959 жылғы Қазақ КСР-нің Қылмыстық кодексінде бұған ұқсас бап қарастырылған жоқ және осыған орай қылмыстық істерді жүргізу органдарының тәжірибесінде де мұндай бір де бір іске тергеу ісі жүргізілмеген.
Тоқсаныншы жылдары адамдарды пайдалану үшін азғырып-көндіру және сыртқа шығару күшейіп, белең ала бастады, бірақ бұл проблема сонда да елеусіз қала берді. «Бір жерде сутенерлар мен ақылы нәпсіқұмарлық қызмет көрсету үшін пайдаланылған қазақстандық қыздар тұтқынға алынды» деген мәліметтер көптеген дипломатиялық арналардан түсе бастады.
Алғаш рет біздің елімізде азғырып-көндіру үшін жауапкершілік 1997 жылғы Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінде пайда болды, бұған, әлсіз әлеуметтік топ ретінде пайдаланылатын адамдардың, әсіресе әйелдер мен балалардың құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық шаралардың дамуы ықпал етті деуге болады [12].
Бұл жерде Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымның (КҚХҰ) белсенді әрекетін атап көрсетуге болады, тіпті оның негізгі алты міндетінің біреуі – адамдар траффигімен күреске бағытталған, себебі ол көші-қонмен тығыз байланысты, сондай-ақ, БҰҰ, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы және т.б. ұйымдардың да бұл бағытттардағы істеген үлесі зор.
ҚР Қылмыстық заңнамасына азғырып-көндіру туралы нормаларды енгізу Қазақстандағы қылмыстың бұл түрімен күресудің тек бастамасы ғана еді. 1998 жылы Қазақстан БҰҰ-ның әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы Конвенцияға қосылды. Оның 6-бабында қатысушы-мемлекеттердің «әйелдерді сатудың барлық түрлері мен әйелдерді жезөкшелікке пайдалануға тыйым салу үшін заңнамалық шараларды қоса есептегенде, барлық тиісті шараларды қабылдауға тиіс», екендігі көрсетілген.
Қазақстан Республикасындағы КҚХҰ-ның траффикке қарсы әрекет ету қызметі жөніндегі миссиясы 2000 жылдың басынан бастап қолға алынды. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы отбасы және әйелдер ісі жөніндегі Ұлттық комиссиямен және басқа да әріптестермен ұйымдастырылып, 2000 жылдың қарашасында өткізілген «Әйелдер, Заң және Көші-қон» конференциясы аталған проблема бойынша Қазақстан Республикасындағы алғашқы конференция болып табылады.
Конференция жұмысына мемлекеттік және сот органдарының жоғары өкілдері, Парламент мүшелері, Халықаралық ұйымдардың (ОБСЕ, орталық Азиядағы есірткі мен қылмыстың алдын-алуды бақылау жөніндегі БҰҰ басқармасының аймақтық өкілдігі) өкілдері, Орталық Азия республикаларының сарапшылары, үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) өкілдері және Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық корпустың өкілдері қатысты.
Конференцияның негізгі қорытындысы – алғаш рет мемлекеттік органдардың жоғары санатты өкілдерінің траффиктің Қазақстан Республикасындағы өзекті проблема екенін ашық мойындауы.
Траффикке қарсы күреске бағытталған кейінгі әрекеттерді ұйымдастыру мақсатында конференцияның қатысушылары осы мәселе бойынша бұдан әрі зерттелетін қажеттіліктердің ұсыныстарын, жандандырылған ақпарат науқанын ұйымдастыру, траффикті ұйымдастырушылар мен олардың делдалдарын құқық қорғау органдарының барынша тиімді тексеруін және қолданыстағы заңнамаға траффикті ұйымдастырушыларды қылмыстық жазалаудың икемді және әрекетке бейім тетігін қарастыратын қажетті өзгерістер мен толықтырулардың енгізілуін әзірледі.
Және де аталған конференцияда траффикке қарсы күрес және зорлық құрбандарын қорғау, оларды репатриациялауға және реинтеграциялауға көмек көрсету проблемаларындағы ұлттық заңнаманы жетілдіру жөніндегі ұсыныстардан тұратын қарар қабылданып, қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын дайындау жөніндегі жұмыс комиссиясы құрылған болатын.
Тиісінше, «адамдарды пайдалану үшін азғырып-көндіру» нормасының уақыт өте келе қоғамдағы қылмыстық-құқықтық қатынастарды реттеудің толық мүмкіндігіне ие емес екендігін ескере отырып, 2003 жылы жаңа толықтырулар енгізілді.
Бұл норма жаңа редакцияда «сыртқа шығару және транзит» деген сөздермен толықтырылды, әрине осы толықтырумен тиісінше заңның қолданылу аясы да біршама кеңейді деуге болар.
Алайда, біз аталған толықтырудың адам саудасына қатысты республика аумағынан сыртқа шығару және өткізу элементтерін ғана қамтып, еліміздің аумағына кіргізуге қатысты таралмайтынын көріп отырмыз.
2006 жылдың жазында Қылмыстық кодекстің 128 бабы жаңа редакцияда ұсынылып, қылмыстық-құқықтық норманың аталуы “адамдарды саудаға салу” деп аталды.
Мұндай өзгеріс енгізу, осыған дейін құл саудасының өркендеуіне жағдай туғызып отырған траффикпен күресудің және одан қорғаудың мемлекеттік шаралары болмағандықтан қажет болды. Жұмыс күшін шетелге әкету, көп жағдайда оларды құлдыққа айналдыруға және нәпсіқұмарлық мақсатта пайдалануға ұласып отырды.
Жоғарыда айтылғандарды қорыта келгенде, адамдарды саудаға салу қылмысы Қазақстан Республикасының заңнамасындағы мүлдем жаңа өзгеріс деп айтуға болады. Әзірше олардың дамуы тек халықаралық нормаларға негізделген, олардың одан әрі жетілуі үшін аталған бапты пайдалану тәжірибесіне зерттеу жүргізу қажет. Мұндай қылмыстардың нақты санының көп болғанына қарамастан, олар өте күрделі, өйткені оның құрамын дәлелдеу қиынға соғады [10].
Достарыңызбен бөлісу: |