1.5 Қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар
ҚР Қылмыстық кодекстің 128-бабының 2-бөлімінде қарастырылған қылмыстың сараланған құрамы адамдарды пайдалану үшін жасалған:
а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;
ә) кәмелетке толмағандығы көрінеу анық адамға қатысты жасалса.
Аталған ауырлататын жағдайлар қарастырылып отырған қылмыстың қоғамдық қауіптілігін үлкейтеді және тиісінше қылмыстық жауапкершілік пен жазаны күшейтеді [14].
Егер қылмысқа ертерек бірлесіп қылмыс жасау туралы шарттасқан тұлғалар қатысатын болса, ол алдын-ала сөз байласуы бойынша жасалған топтық қылмыс деп саналады. Бұл саралау белгісі Қылмыстық кодекстің 31-бабында қарастырылған қылмысқа қатысу нысанының түрлерінің бірі болып табылады.
Сот тәжірибесін зерттеу қылмыстардың елеулі бөлігінің алдын-ала келісім бойынша топтық тұлғалармен жасалатынын көрсетеді. Тұлғалар тобының қылмыстарды алдын-ала келісім бойынша топтық тұлғалармен жасалатынын көрсетеді.
Тұлғалар тобының қылмыстарды алдын-ала келісім бойынша жасауын қылмыстың объективтік жағын көрсететін олармен жасалғанға дейінгі әрекеттердің нақты қылмыс жасауы туралы екі немесе одан да көп тұлғалардың келісуі деп түсінген жөн.
Сондай-ақ, алдын ала келісу сөзінің астарын қылмыс басталғанға дейін кез келген уақыт аралығында қол жеткізген қатысушылар арасындағы қылмыс туралы келісу деп ұғынуға болады.
Алдын ала келісу қылмыс жасау үшін бір тұлғаны дайындау уақытында екінші тұлғамен жасалуы да мүмкін.
Аталған әрекетті жасау процесінде басқа тұлғаның қосылуы заң мәтінінен туындайды, Қылмыстық кодекстің 128-бабының 2-бөлімінің «а» тармағындағы саралауды естен шығармайды.
Алдын-ала сөз байласу кезінде қылмысты орындаушылармен қатар басқа да тұлғалар: ұйымдастырушылар, айдап салушылар немесе көмектесушілер қатысуы мүмкін.
Олардың қылмыс жасау кезіндегі әрекеттері Қылмыстық кодекстің 128-бабының 2-бөлімінің «а» тармағы бойынша, 31-баптың 2-бөліміне сілтеме жасала отырып сараланады.
Бұл бап бойынша айыпталғандар, басқа қылмыстарды жасау тәжірибесінен үйренгендей, тұлғалар тобының немесе ұйымдасқан топтың қылмыс жасау жөніндегі алдын ала келісімін мойындамайды.
Бұл қылмыстық әрекеттің жасалуына алдын-ала сөз байласу мен ойдың болған төмендегі жағдайлар растайды: қылмыс жасауды алдын ала жоспарлау, шабуыл объектісін таңдау, кедергілерді жою шараларын әзірлеу; топтың барлық қатысушыларының рольдерін бөліп беру, қылмыс қаруларын дайындау, қылмыс жасалғаннан кейінгі әрқайсысының өзін ұстау тактикасын әзірлеу, іздерді жабу, қылмыс құруларын жасыру және т.б.
Біле тұра кәмелетке толмаған жасөспірімге қатысты азғырып-көндіру жүргізу белгіленген қызмет үшін кәмелетке толмаған жасөспірімдерді іздеу, шақыру, тарту, азғырып-көндіру әрекеттерімен ерекшеленеді. Бұл жағдайда қылмыскер жәбірленушінің жасын білуге немесе жобалауға тиісті. Қылмыстың қарастырылып отырған құрамында, қылмыскерлер, әдетте, әсіресе егер шетелге әкететін болса, қылмыстың аталған түрінің ерекшеліктеріне байланысты өз құрбандарының жасын біледі. Мұны мысалы, сыртқа шығаруға құжат рәсімдей отырып анықтауға болады.
Кәмелетке толмаған жәбірленуші деп 18-ге толмағанын айыпкер білуге тиіс тұлғаны айтады.
Демек, Қылмыстық кодекстің 128-бабының аталған тармағын қолдану үшін міндетті шарт айыпкердің жәбірленушінің жасы туралы хабардар болуы болып табылады.
Айыпкердің хабардар болуы жәбірленушінің сыртқы әрекеттерінде, немесе оның хабарламасында, немесе құжаттармен танысу негізінде болуы мүмкін. Кез-келген жағдайда жасы туралы мәліметтер нақты болуға тиіс. Жәбірленушінің кәмелетке толмағанын білмеген тұлға аталған тармақ бойынша қылмыстық жауапқа тартылмайды.
Сыртқы бейнесі бойынша жастардың, әсіресе қазіргі заман қыздарының шынайы жасын анықтау қиын.
Егер айыпкер жәбірленушіні кәмелетке толмаған деп қате жобалап азғырып-көндірумен айналысса, онда істелген әрекеті екі қылмыстың жиынтығы бойынша саралануы тиіс: ҚР Қылмыстық кодексінің 128-бабының 2-бөлімінің «б» тармағы және 128-баптың 1-бөлімі бойынша шабуыл.
ҚК-тің 128-бабының 3-бөлімінде қаралып отырған қылмыстың ерекше сараланатын құрамы қарастырылған.
Аталған бөлім, егер адамдарды пайдалану үшін алдау жолымен азғырып-көндіру ұйымдасқан топпен немесе жалданғандарды Қазақстан Республикасынан тысқары әкету мақсатында жүргізілсе, сондай-ақ Қазақстаннан тыс елдерге адамдарды әкету немесе Қазақстан аумағы арқылы нәпсіқұмарлық немесе өзге де мақсатта пайдалану үшін біле тұра бір елден екінші шет елге тасымалдау жүзеге асырылса қолданылады.
Ұйымдасқан топ ұғымы ҚК-тің 31-бабында берілген. Ұйымдасқан топ қызметінің мақсаты жалданған тұлғаларды Қазақстаннан тысқары жерлерге әкету болып табылады.
Соңғы жылдары бір немесе бірнеше әрекеттер үшін құрылатын ұйымдасқан топтардың қылмыстар жасау тенденциясы пайда болды. Қылмыстың аталған құрамында әрекет көп жағдайда ұйымдасқан топпен жасалады. Ұйымдасқан топпен жасалған азғырып-көндірудың өзінің заңды бағасы бойынша адамдар тобымен жасалған азғырып-көндіруден ерекше айырмашылығы бар.
Қылмыстық кодекстің 31-бабының 3-бөлімі бойынша, ұйымдасқан топ дегеніміз - ол
тұлғалардың тұрақты тобы;
күні-бұрын біріккен;
бір немесе бірнеше қылмыс жасау үшін;
Әдетте, мұндай топ қылмысты мұқият жоспарлайды, ертерек дайындалады және топ қатысушыларының арасындағы рольдерді бөледі.
Сондықтан, ұйымдасқан топпен жасалған қылмыстық әрекетті мойындау кезінде барлық қатысушылардың әрекеттерін олардың қылмыстағы рөліне қарамастан, Қылмыстық кодекстің 31-бабына сілтемесіз қоса атқарушылық ретінде саралаған жөн.
Осыған орай, алдын-ала сөз байласу бойынша адамдар тобының және азғырып-көндіруге қатысты ұйымдасқан топ ұғымдарын анықтау барысында қылмыстағы серіктестік нысандарының әр түрлі саралануы туралы маңызды қорытынды жасаған жөн.
Оның алдын-ала сөз байласу бойынша адамдар тобымен жасалуы кезінде, қылмысты қоса атқарушыларымен қатар қылмысты ұйымдастырушы, арандатушы, көмекші рөліндегі басқа да қатысушылар шыға алады және олардың әрекеттері Қылмыстық кодекстің 128-бабының 2-бөлімінің «а» тармағы және 31-бабының тиісті бөлігі бойынша саралануы тиіс [14].
Енді көпшілікті қызықтырған сұраққа жауап берсем. Яғни бұл тақырыпты таңдауымның себебі: әрине әр адамның өз ойлағаны, санасына түйгені болады, менің де бұл тұрғыда, елге қызмет етсем, пайдамды тигізсем деген тәтті үмітім бар. Мүмкін сол себеп болды ма екен, әйтеуір қоғамда әртүрлі пікірлер туғызып, көпшілікке, әсіресе біздің қоғамға, етене ене қоймағанымен, соңғы жылдары кең қанат жайып келе жатқан, көп болып күреспесең ошағыңды ойрандайтын, шаңырағыңды шайқайтын үлкен індет екенін таныта бастаған осы дерт тұрақты бас ауруына айналып кетпесе игі еді деп жан айқай қылған жастың бірімін.
Достарыңызбен бөлісу: |