2 АДАМДАРДЫ САУДАҒА САЛУ ҚЫЛМЫСЫНЫҢ КРИМИНОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫРЛАРЫ
2.1 Адамды саудаға салу қылмысының криминологиялық сипаттамасы
ҚР ҚК-нің 128-бабы адамдарды нәпсіқұмарлық және өзге де мақсатта пайдалану үшін азғырып-көндіру, сыртқа шығару және транзит сияқты қылмыстың құрамы жөніндегі нормалардан тұрады [14].
Қылмыстық құқық теоретиктерінің көпшілігі бұл қылмысқа жалпы – траффик деген ұғым береді.
Адамдардың, әсіресе әйелдер мен балалардың траффигіне: адамдарды ел ішінде және одан тысқары жерлерге шығару және тасымалдау, сондай-ақ адамды кейіннен нәпсіқұмарлық және жұмыс істеу мақсатында сату, сатып алу және тапсыру; құлдыққа немесе құлдыққа ұқсас жағдайға түсіру (қарыз кіріптарлығы, некенің еріксіз нысандары, мәжбүрлі еңбектің басқа да формалары) жатады.
Траффик құрбандары әдетте шекарадан тыс елдерге визасыз және төлқұжатсыз немесе жалған төлқұжаттармен немесе визалармен әкетіледі және ол жақта жасырын мигранттар ретінде орналастырылады. Қорытындысында, өмірі мен жұмысының кіріптарлығына қарамастан, ол елдің құқық қорғау органдарына көмек сұрап баруға да қорқады.
Олар адам құқықтарының, соның ішінде өмір сүруге, жеке бас бостандығына деген құқығының, заң алдындағы теңдікке деген құқығының, қозғалу бостандығы құқығының, еріксіз тұтқындаудан қорғану құқығының, еркін некеге тұру құқығының бұзылуына душар болады. Әйелдер шекарадан тыс жерлерде, ерлер мен балалар тәрізді, әдетте: траффик ұйымдастырушысынан қорғануға, құқық қорғау органдарына бару мүмкіндігіне, отанына қайту үшін көмек сұрауға мұқтаж болады – оралғаннан кейін әдетте оларға психологиялық, медициналық және материалдық көмек қажет болады.
Әйелдер траффигі антиәлеуметтік құбылыс ретінде көзге түсе бастады және осы уақытта бұл құбылыстың масштабтары мен нысандары туралы нақты ақпарат та жоқ.
Әйелдер мен балалардың саудаға салуын ұйымдастыруға кейбір компаниялар, туристік фирмалар, неке агенттіктері мен жеке тұлғалар тартылған. Осыған орай, траффик пен адам саудасының проблемасын, бірінші кезекте адам құқықтары тұрғысынан және тек көші-қон саласында мемлекеттік мүддеге қол сұғушылық ретінде, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес, мемлекеттің жезөкшелікке қатысы ретінде шешу қажет.
Траффик мәселелері көші-қонмен тығыз байланысты. Сыртқы көші-қон мәселелерінің өзектілігі туралы статистика органдарының үнемі өткізіп тұратын зерттеулерінің нәтижесі бойынша сыртқа кетуге итермелейтін негізгі себеп ретінде мынаны айтуға болады: ең алдымен еңбек нарығындағы жағдайдың қанағаттандырмауы (бұл проблема бірінші орынға қойылады) айтылады.
Содан кейін тұрғын үй-тұрмыстық және отбасылық жағдайлар айтылады. Респондеттердің 70% әлеуметтік қорғаудың әлсіздігін атап көрсетеді. Себептердің ішінде: тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларға қанағаттанбау, баспана мен болашақта отбасы үшін оны сатып алу келешегінің жоқтығын – 28%, медициналық қызмет көрсетудің төмен деңгейі мен оның ақылы негізі - 29%, тұрғын үй жайлылығының жоқтығын - 26%-ға жуық, мектепке дейінгі мекемелерге қанағаттанбау - 7%, басқа да факторларға көңілі толмау - 9% респондент атап көрсетті.
Отбасылық жағдайларға байланысты сыртқа кету себептерінің ішінде туыстармен бірге болу ниетімен - 42%, балаларына толыққанды білім беру ниетімен - 24%, балаларын жарқын болашақпен қамтамасыз ету ниетінде - 23% респондент атап көрсетті.
Сыртқа кету себебін еңбек нарығымен байланыстыратын факторлардың ішінде жұмыстың жоқтығы мен оны табу келешегі үшін деп сұралғандардың 35%-ға жуығы, еңбек үшін төленетін сыйақының төмендігінен 9%, кәсіби мамандықты алудың қиындығынан, соның ішінде оқу төлемақының қажеттігімен 8%, еңбек мазмұнына қанағаттанбауды - 11% респондент нақтылады.
Егер мұндай социологиялық зерттеулердің гендерлік аспектісі туралы айтар болсақ, онда ерлер мен әйелдер көзқарастарының біртектілігінің байқалатынын айту керек (ерлердің көзқарастарының әйелдердің көзқарастарынан айырмашылығы 13% ғана).
Сонымен бірге, мигранттардың ішінде ерлермен салыстырғанда әйелдер сыртқы көші-қонға барынша жоғары дайындығымен сипатталатынын айту керек.
Осыған байланысты траффик себептерінің бірі - әйелдердің сол барған елдерінде қандай жағдайға ұшырайтынын білмеуі. Менің тағы бір айтарым, траффик себептерінің бірі экономикалық мәселелер болып табылады, өйткені егер еңбек нарығындағы істердің жағдайын сипаттайтын болсақ, онда жұмыссыздардың жалпы санының 60 пайызын әйелдер құрайтынын атап көрсеткен жөн.
Біз жұмыссыздықты әйел жынысты тұлға деп айта аламыз. Еңбекке орналастыру органдарына ресми түрде 34,6 мың әйел тіркелген, яғни әрбір бесінші әйел жұмыссыз, әрбір бесінші әйел жұмыс іздеу жолында жүр. «Сендердің неге шет елдерге барғыларың келеді?» деген сұраққа, көпшілігі төлемақысы жоғары жұмысқа ие болғылары келетінін айтқан.
Гендерлік аспектіде күні бүгінге дейін еңбекақы деңгейіндегі айырмашылық сақталып отыр [19].
Мысалы, республика бойынша ер адамдардың еңбекақысының көлемі әйелдерге қарағанда бір жарым есе артық. 1998 жылы ол 1,3 есе жоғары болған, қаржы саласында екі есеге жуық, қонақ үй, мейрамхана бизнесінде – 1,4 есе және т.б. Тіпті дәстүрлі әйелдер жұмыстарының саласында осы тенденция сақталады. Білім беру саласындағы әйелдердің еңбекақысы ерлердің еңбекақысының 88%-ын құрайды.
Оның себебі, басшылық қызметпен көбінесе ерлердің айналысуы. Жұмыссыздардың арасындағы әйелдердің кедейлігі өзекті мәселе болып қалып отыр. Орташа есеппен алғанда, қала тұрғындарында - 4 145 теңгені, ал ауыл тұрғындарында небары 2 044 теңгені құрайды. Бұл да осындай проблеманың бар екенін көрсетеді. Экономикалық мәселелердің де траффикпен байланысы бар.
Бізде кедейлік тенденциясы көп балалы отбасыларында кездеседі. Бүгіндері республикада 4 миллионнан артық үй шаруасындағы әйел есепте тұр. Оның 270 мыңы, яғни 6%-ы кәмелетке толмаған балалары бар әйелдер. Қалаларда мұндай отбасылар 200 мыңға жуық, ауылдық жерлерде - 70 мыңдай. Үй шаруасындағы әйелдердің ішінде бір балалы аналар 36% -ды, екі балалы 17% -ды, 22 мыңы немесе 5% - ы үш балалы аналар.
Егер әйел мен оның әл-ауқатын бағалауға келер болсақ, онда соңғы зерттеулер сарапшылармен сұралғандардың әрбір үшіншісінің пікірінше, ерлерге қарағанда әйелдердің материалдық мәселелерді шешу мүмкіндіктері артығырақ.
Енді көпшілікті қызықтырған сұраққа жауап берсем. Яғни бұл тақырыпты таңдауымның себебі: әрине әр адамның өз ойлағаны, санасына түйгені болады, менің де бұл тұрғыда, елге қызмет етсем, пайдамды тигізсем деген тәтті үмітім бар.
Мүмкін сол себеп болды ма екен, әйтеуір қоғамда әртүрлі пікірлер туғызып, көпшілікке, әсіресе біздің қоғамға, етене ене қоймағанымен, соңғы жылдары кең қанат жайып келе жатқан, көп болып күреспесең ошағыңды ойрандайтын, шаңырағыңды шайқайтын үлкен індет екенін таныта бастаған осы дерт тұрақты бас ауруына айналып кетпесе игі еді деп жан айқай қылған жастың бірімін.
Дегенмен, бұл тақырыпты таңдау мені, бір жағынан жаңа бір ізденістерге жетелеп, батылдық тудырғанымен, екінші жағынан оның ішкі мәнін аша аламын ба, толығымен зерттей аламын ба, жалпы, көзделген мақсатқа жете аламын ба деген қорқыныштарды туғызғаны рас...
Дегенмен, қорқыныштан гөрі, мақсатқа жетем деген құлшыныстың басым болуы, менің осы проблеманы қарастыруыма себеп болды.
Ал, тақырыпты зерттеудегі басты мақсатым, бұл проблеманың барлық тұстарын ашып, қоғам алдында түсініксіз болып табылатын жалпы тақырыптың мәнін ашып, оны өзімше тұжырымдап, осы мәселені зерттеудегі белгілі бір жолды ашу еді.
Сондықтан, мен, өз жұмысымда негізгі ұғымдар мен тақырыптың құқықтық санаттарын, оның пікірталастық сәттерін, тақырып бойынша нақты қорытындылар жасауға мүмкіндік беретін халықаралық және қазақстандық тәжірибені барынша қарастыруға әрекет жасадым.
Сарапшылардың 37%-ы бұған келіседі. Алайда, олардың пікірінше, бұл материалдық жағдайды ауқаттандырудың шешуші факторы бола алмайды. Бұл жағдайда әйел-сарапшылар (олар жалпы санның 43% құрайды), болып жатқан жағдайды бағалау кезінде ерлерге қарағанда, мейлінше сын көзбен қарайды.
Көбінесе, сұралған сарапшылардың 22%-ы Қазақстанда ерлер мен әйелдер материалдық мәселелерді шешуде тең мүмкіндіктерге ие деп есептейді. Сарапшы - ер адамдардың ішінде бұл көзқарасты 33%-ы ғана қолдайды.
Осы кезде сауалнамаға жауап берген ер және әйел сарапшылардың ішінде әйелдер мен еркектер жағдайының теңсіздігін мәлімдеген респонденттердің үлесі жобамен бірдей және тиісінше 33-35%-ды құрады.
Сонымен қатар, респонденттердің көпшілігі Қазақстандағы жыныстардың теңсіздігі республикадағы әйел халқының материалдық әл-әуқатын шешуші факторы бола алмайды деп есептейді.
Жоғарыда айтылған мәліметтер Қазақстан Республикасындағы әйелдердің сыртқы көші-қонға мейлінше қабілеттілігіне, еңбек ақысы ерлерге қарағанда аз екенін көрсетеді, осының өзі олардың азғырып-көндіруге тартылған адамдардың негізгі санаты болатынын көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |