2.3 Адам саудасы қылмысын алдын-алу шаралары
Қысқаша айтқанда, қылмыстың алдын алу үшін қазіргі құл саудасының бұл түрімен күрестің мейлінше тиімді әдістерін мойындау қажет:
- әлеуметтік проблемаларды толық, бұлжытпай орындау және өз уақытында шешу;
- ел ішіндегі мемлекеттік құрылымдар мен қоғамдық ұйымдардың ынтымақтастығы [22].
Бұл құбылыстың алдын алу мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында қат-қабат насихат науқанын ұйымдастыру керек. Өйткені, қоғам мүшелерінің бұл құбылыс жайлы естімеуі, білмеуі олардың осы әрекеттің оңай құрбанына айналуына әкеліп соқтыруда.
Ненің не екенін білетін болса, адамда жақсы мен жаманды таңдау мүмкіндігі пайда болады және ол өзі тиісті таңдауын жасайды. Менің ойымша ешкім өзін жамандықтың құрбаны еткісі келмейді.
Траффик бойынша жеткілікті мөлшерде толық, сенімді зерттеу жүргізу қажет-ақ. Өйткені жұмулы көзбен жұмыс істеуге болмайтын сияқты, тәжірибеде болмаған құбылыстың да өзіндік жүргізілуінің реті, ерекшеліктері бар.
Осы жерде біздің ҚҚО қызметкерлеріне және қылмыстық теория мамандарына шетелдік тәжірибемен және теориялық зерттеулерді сәйкесінше біздің ғылымға пайдаланып, толықтырулары қажет. Қылмыстың ашылуының және оны жүргізудің қиыншылықтарына да осы айтылған - себеп болса керек.
Егер бізде мұндай зерттеулерді жүргізуге қаражат көзін табу қиындық тудырса, онда халықаралық ұйымдардан зерттеулерге қандай да бір ресурстар қарастыруына болар еді, ал біздің мемлекетіміз өз тарапынан толық, сенімді ақпарат алуға қол жететін барлық шараларды қабылдар еді.
Мұндай ақпараттарды туристік фирмалар, ІІМ-гі және осы проблеманы жүзеге асыру қызметін атқаратын басқа да құрылымдар бере алар еді. Яғни халық барынша, болып жатқан әрекеттерден, іс-шаралардан хабардар болса, оның сол құбылысқа қатысты шешу жолындағы және алдын алу жолындағы көмегі де зор болар еді.
Сонымен қатар, халыққа құқықтық көмек көрсету, оларды медициналық және психикалық сауықтыру және көмек көрсеету мақсатында орталықтарды құру қажеттілігі туындап отыр.
Сондай-ақ, Украина тәжірибесінің негізінде тиісті уәкілетті органда трафикке қарсы күрес жөніндегі бөлімдер мен бөлімшелер құру керек [21]. Бұл айтылып отырған ұсыныс ҚР Әділет министрлігінде наурыз айында өткізілген ғылыми конференцияда талқыланып, алдағы жылдың бюджетінен бөлінетін қаржыдан қаржыландырылады деп күтілуде.
Қазіргі таңда, еңбек көші-қоны мен туристік қызметтерді ұйымдастыруға лицензиялық талаптарды қатайту қажеттігі туындап отыр. Шетелге шығар жолдың турфирмалардан жасалатынын біле отырып басшылықтың көз жұма, мән бермеуі, бұл жерде қандай да бір шикіліктің бар екенін көрсетіп отыр. Өзі қолдау көрсетіп, жасап отырған ісін - өзің дұрыс қарап, бақылау жаса деу де ақылға симайтын нәрсе секілді.
Қазақстан Республикасы 1993 жылдан бастап Дүниежүзілік туристік ұйымның нақты мүшесі болып табылады.
Бұл халықаралық ұйыммен осы мәселеге байланысты күреске басшылық ете алатындай бірқатар құжаттар қабылданды. Өткен жылы туризмнің ғаламдық-этикалық кодексі қабылданды.
Онда: «Адамды қандай нысанда болмасын, әсіресе нәпсіқұмарлық мақсатта және тегін еңбек күші ретінде пайдалану туризмнің негізгі мақсаттарына қайшы келеді және туризм үшін теріс ұғым болып табылады» делінген.
Осыған байланысты халықаралық құқықтағы барлық мемлекеттердің осы проблеманы шешудегі ынтымақтастығы, егер қылмыс шекарадан тыс жерде жасалса, қатысушы ел де, қылмыс жасалған ел де ұлттық заңнамаларға сәйкес (ешбір шегініссіз) үзілді-кесілді тексерілуге тиістілігінен көрінуі тиіс.
Көп жағдайда, жақсы жалақыға және шет мемлекетке деген қызығушылыққа алданған жас әйелдер тартылады, ескерте кететін жайт құжаттарды ресімдеуге және мұндай саяхаттарға кететін шығындарды, шет елге апарғаннан кейін кепілге берілген қыздардың есебінен түсетін олжасымен-ақ бірнеше есе артығымен қайтарып алатындықтан, әдетте ұйымдастырушылар өз мойнына алады.
Бұл заңсыз, әрі жасырын кәсіпкерліктің әкелер пайдасы ұшан-теңіз болғандықтан, тоқтату қиын. Жоғарыда айтылғандардан шығар қорытынды, бұл кәсіпкерліктің артында едәуір қосымша ақшадан айрылғысы келмейтін мемлекеттік шенеуніктер қатарындағы үлкен адамдар тұр. Ешбір кінәратсыз орындалатын құжаттар осы болжауды растайды.
Бұл зұлымдықпен күресу барысында тек мүдделі министірліктер, Қазақстандағы ҮЕҰ-ның ғана емес, сонымен қатар құқық қорғау органдарының хылықаралық ынтымақтастығын да қажет етеді.
Және де осы ұйымдардың осы салада атқарып отырған жұмыстары көңіл толтырарлықтай. БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі Бюросы, Қазақстан жастар ақпарат қызметі сияқты ҮЕҰ-ның халық арасындағы пропагандалық және агитациялық қызметтері белгілі бір жетістіктерге жеткізуде. Бұл тұрғыда өзімнің соңғы аталған ұйым қатарында қызмет атқарғаным және нақты осы қылмыс туралы зерттеулер жүргізгенім, менің жұмысыма арқау болуда. Бұл, өз кезегінде жұмыста қолданылған барлық фактілі деректердің сенімді қайнар көзі бар екенін дәлелдейді.
Қарама-қарсы жайлар: бір жағынан әйелдерді зорлықтан қорғау, екінші жағынан қызмет пен тіршілік көзі ретіндегі жезөкшелікті жасыру қоғам мен заңды траффик проблемаларын шешудегі оңтайлы шараларды анықтауғы мәжбүр етеді. Аталған әрекеттредің қоғамдық қауіптілігі біздің қоғам мүшелерінің қалыпты адамгершілік және физикалық дамуының бұзылуына әкеліп соқтырады.
ҚР-ның Қылмыстық кодексінде азаматтардың жеке бас бостандығының бұзылуы мен оларды нәпсіқұмарлық мақсатта пайдалану үшін саудалағаны 128, 133 - баптар бойынша жазаланады.
Келтірілген баптар бойынша қылмыстық жауапкершілікке Қазақстан Республикасының аумағында қылмыс жасаушы тұлға тартылады. Азаматтардың аталған қылмыстарды шекарадан тысқары және туристік қызметке байланысты жасаған жағдайда, олар аталған бап бойынша қылмысты тек сол мемлекеттің заңы бойынша қылмыс деп танылған жағдайда ғана жауапқа тартылады.
Туристердің қауіпсіздігі жөніндегі қолданыстағы мәселелерді шешу мақсатында, соның ішінде осы мәселе бойынша, Қазақстан Републикасының агенттігімен жұмыс тобы құрылды., оның құрамына қазіргі уақытта туризмдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі бағдарлама бойынша жұмыс істеп жатқан бірқатар құқық қорғау органдары мен басқа да мүдделі министрліктер мен ведомстволар кірді.
Бағдарламаның негізіне Қазақстан азаматтарының, біздің республикамыздағы шетелдік туристердің туристік жол сапарларының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін және қорғайтын, сондай-ақ саяхатқа жіберілген немесе демалысқа шақырылған туристердің өмірін, денсаулығын, мүлігін сақтамағаны үшін жауапкершілік шаралары жолға қойылған.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасындағы туризмді қалыптастыру туралы» қаулысына сәйкес Астана және Алматы қалаларында және облыс орталықтарында туристік орталықтарды құру жобаланып отыр. Әрбір туристік орталық құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып, өздерінің туристерді қабылдау жөніндегі туристік фирмалармен ынтымақтастықты және қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі жоспар әзірлеуге тиіс.
Кез келген туристік ұйымда турист кеңес алуға, арыздануға, туристің жеке басы мен меншігіне қарсы қылмыс жасау кезінде сот тәртібімен ізденуге, дипломатиялық және консулдық қызметкерлермен кездесу ұйымдастыру жөнінде көмек сұрауға құқылы. Ол өзінің келген еліндегі отбасымен байланысын қамтамасыз ету үшін халықаралық желілердің қызметтерін және телефондарды пайдалана алады.
Мұнымен қатар, оқу бағдарламалары шегінде, 270 балалар мен жасөспірімдердің спорт метептерінде, 130 балалар мен жасөспірімдердің дене дайындығы клубтарында, 160 жасөспірімдер клубтарында, жоғары спорт шеберлігі мектептерінде және барлық тұрпаттағы оқу орындарында салауатты өмір салтының дағдыларын қалыптастыратын адамгершілік-жыныстық тәрбие, жеке бас гигиенасы жөніндегі сабақтар өткізіледі.
Туризмде балаларды нәпсіқұмарлық пайдалану мәселесі асқынып тұрғандықтан, туризм Агенттігі халықаралық ұйымның «Балалар жезөкшелігіне қарсы күрес» атты жобасына қатысты.
Міндеті – ұлттық тармақтар, қорғаудың әр түрлі қызметтері және ұлттық заңнама бойынша ақпарат жіберу.
1997 жылы құрылған БҰҰ хатшылығымен Интернетте «Балалар жезөкшелігі және туризмді қадағалау» атты сайт ашылды. Аталған шараның мақсаты тризмде балалардың коммерциялық пайдаланылуын ашу, оқшаулау және түбіріне балта шабу болып табылады.
Мен өз тарапымнан осыған ұқсас әйелдерді нәпсіқұмарлық мақсатта пайдалану проблемалары жөніндегі сайттың ашылу мүмкіндігін қарастыруды ұсынамын. Бұдан басқа, әйелдер мен балаларды нәпсіқұмарлық пайдалану проблемалары жыл сайын Германияда өткізілетін "ITB-Берлин" және Лондон қаласында өткізілетін "World Travel Market" сияқты жетекші туристік көрмелерде жарияланып отырады.
Өкінішке орай, Қазақстандағы жұмыс жағдайының ауырлығы сонша, өзі мен балаларын асырауға құдыреті жетпеген қыздар мен әйелдер көп ақша табуға көмек көрсетпек болып уәде берген алғашқы кездескен кеңсеге сене салуға дайын. Агенттіктің міндеті – біздің нарықта осындай фирмалардың пайда болуына мүмкіндік бермеу.
Туризм қауіпсіздігі үшін барлық мүмкіндіктерді енгізу және өз құзыреті шегінде әйелдер мен балаларды траффик үшін пайдаланылу тәукелділігін азайту.
Қазақстандағы туризмнің шетелдік валюта ағымын қамтамасыз етуші сала ретіндегі даму мүмкіндігін, ең алдымен жұмыс орындарының ашылуын, республикалық бюджет түсімдерінің көбейетінін есепке ала отырып, туризмді берік нығайту үшін жағдайлардың бар екенін айтуға болады. Негізгі қағидалардың бірі туризмдегі әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және нәпсіқұмарлық пайдаланудың алдын алу болып табылады. Туризмді де әйелжынысты деп атайды.
Шынында да, бұл саламен айналысатындардың 70%-дан артығы - әйелдер. Сондықтан, Қазақстандағы туризмді дамыту үкіметтің тарапынан бақылауға алынуда. Бұл, жұмыспен қамтуды ұлғайтуға мүмкіндік береді, мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсартуға көмектеседі.
Жұмыс іздеп жүрген мыңдаған әйелдер өзін және өзінің отбасын қамтамасыз ету үшін туристік саладан жасырын табыс көзін табуы мүмкін.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде қолданыстағы қазақстандық және халықаралық заңнаманы, соның ішінде дайындалып жатқан заң жобаларын, сондай-ақ ғылыми жұмыстарды талдау арқылы адамдарды нәпсіқұмарлық немесе өзге де мақсаттарда пайдалану үшін азғырып-көндіру, сыртқа шығару және транзитке қарсы күресу және оның алдын алу жөнінде нақты шаралар әзірлеуге болады. Оларға:
- ҚР-да осы әрекет саласын жоғары құқықтық тұрғыдан реттейтін заң қабылдау керек;
- БАҚ арқылы адамдар саудасына қарсы күресті ақпараттық қамтамасыз ету;
- Түсіндіру материалдары мен буклеттерді, соның ішінде сенім телефондарының жұмысын жүйелендіру және оларды ҚР тыс жерлерге шығатын азаматтар арасында тарату (әуежайлардағы, вокзалдардағы өткізу бекеттерінде, төлқұжат-виза дайындау үстелдерінде және консулдық мекемелерде);
- Жоғары және орта оқу орындарының оқу бағдарламаларына адам саудасына қарсы күрес және оның алдын алу мәселелері туралы арнайы бөлім енгізу және мектеп-интернаттарда, балалар үйлерінде тәрбие жұмысын жүргізу;
- Құқық қорғау органдарының, шекара қызметінің және кедендік органдардың қызметкерлерін адам саудасы жөніндегі қылмыстарды анықтау және жолын кесу әдістеріне үйрету;
- ҚР аумағындағы ҮЕҰ –дың жалпы қоғамдық сананы дамытуға және бұл туралы мәліметтер беруіне жол ашу;
- Қазақстан Республикасының адамдар саудасына және үшінші тұлғамен жезөкшелерді пайдалануға қарсы күрес туралы келісімшартқа қосылуы туралы ұсыныс жасау;
- Қазақстан Республикасының балалар еңбегінің ең нашар нысандарына тыйым салу және түпкілікті жою жөнінде шұғыл шаралар қолдану туралы келісімшартқа қосылуы барысында ұсыныс жасау;
- Халықаралық ұйымдармен бірлесе отырып, адамдар саудасының құрбандарына көмек көрсету жөніндегі орталықтарын құру;
- Адамдар саудасының құрбандарын әлеуметтік сауықтыру (құқықтық, психологиялық және психологиялық көмек көрсету);
- Шетелдік жұмыс күшін тарту және жұмыс күшін шетелге шығару мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу, оларды бақылауды ретке келтіру;
- Шетелге шығуға байланысты туристік қызметтерді жүзеге асыру проблемаларын қарап, ұсыныстар енгізу;
- Шетелге бару үшін қолдан жасалған төлқұжаттар, визалар және басқа да құжаттардың алдын алу жөнінде шаралар қабылдау және олардың шетелге шығуы мен қайтарылуын қадағалауды тиісті уәкілетті органға беру;
- Заңды тұлғалардың шетел азаматтарымен некеге тұру бойынша қызмет көрсету жөніндегі іс-әрекетін бақылау механизмін анықтау;
- Ата-ананың қамқорынан тыс қалған балалардың орналасуына жәрдем беру жөніндегі іс-әрекетті бақылау механизмін әзірлеу;
- Заңды тұлғалардың шетелде оқитын тұлғаларға қызмет көрсету жөніндегі іс-әрекетін бақылау механизмін анықтау;
- Адам саудасы жөніндегі қылмыстарды жасағаны үшін әкімшілік, қылмыстық жауапқа тартылу мәселелері жөніндегі заңнаманы жетілдіру;
- Адам саудасының құрбаны болған азаматты ҚР аумағына қайтарылу жолдарын, бағдарламасын жасау және әлеуметтік сауықтыру үшін өтемақы төлеу жөнінде ұсыныс енгізу;
- Адам саудасының нақты жағдайларында тиісті ықпалдың жасалуын қамтамасыз ету үшін ақпаратпен тез алмасу механизмін әзірлеу;
- Адам саудасымен күрес саласындағы, соның ішінде адам саудасының құрбандарын оқыту және бейімдеу жөніндегі тренинг-орталықтарды құру қызметтерін жүзеге асырушы ҮЕҰдың көмегі.
Сонымен қатар, әйелдерге қатысты траффиктің алдын алу жолдары жөнінде төмендегідей ұсыныстарды айтуға болады:
1. Шетелдегі жұмыстың экономикалық мүмкіндіктерін білу. Әйелдер басқа елдердегі өмірдің экономикалық жағдайлары туралы, жұмыс мүмкіндіктері туралы толық, жан-жақты ақпараттарды алып отыруға тиіс. Сауалнама әйелдердің сол өздері барғалы отырған елдерде өмір сүру үшін қандай табыс деңгей қажет екенін білместен-ақ бара беруге дайын екенін көрсетті; ең төмен деңгейдегі жалақыға да келісе береді.
2. Қызметтің қауіпті түрлерінен бас тарту. Траффик құрбандарына өздерінің қайда, не мақсатпен бара жатқанын білмейтін әйелдер душар болады, олар шала сауатты, сенгіш, өмір көрмеген, жасырын жұмыс істеген және т.б. Респонденттердің 84%-ы нәпсіқұмарлық қызмет көрсету жөніндегі жұмысқа ешқашан да келіспеген болар еді. Тек 12%-ы ғана қиындықтан шығар жол болмағандықтан осы жайға келіскен. Алайда экономикалық әл-ауқаты төмен отбасына да траффик қаупінің төнуі мүмкін. Кедей отбасыларының ішінде - әйелдердің 22%-ның, орташа ауқатты отбасыларының ішінде 15%-ы сексуалдық қызмет және нәпсіқұмарлық сипатындағы әрекеттерді көрсетуге дайын екенін көрсетті.
3. Әйелдерді құқықтық дайындау және тұрғын халықтың құқықтық сауаттылығын ашуға елеулі талпыныстар жасау. Ең маңызды аспект қабылдаушы елдердің көші-қон, еңбек және азаматтық заңнамасын білу болып табылады.
Алайда шетелдегі жұмысқа қызығушылық көрсеткен әйелдер, қабылдаушы елдердің заңнамасын мүлде білмейді. Өздерінің шетелге баруын ұйымдастыру үшін делдалдарға келісім беруі маңызды дәлел болып табылады.
Зерттеу нәтижесі 50%-ға жуық әйелдің өте маңызды ұйымдастыру процедураларында, яғни құжаттарды, визалар мен келісім-шарттарды, келісімдерді, жұмысқа рұқсат алуды ресімдеу барысында делдалдарға сенетінін көрсетті. Бұл олардың қауіпсіздік деңгейін төмендетеді.
4. Траффик құрбандарының стратегиясы. Әйелдер қиын сәтте, бірінші кезекте, полициямен хабарласуға дайын ба, соны білу өте маңызды. Сұралғандардың 40%-ы куә болуға келіседі. 60%-ға жуығы дағдарыс орталықтарына баруға, 50%-ы психологиялық, медициналық және заңды көмекті қажет етеді.
5. Траффик туралы ақпаратты тарату, траффик құрбандары туарлы қоғамдық түсініктерді өзгерту. Траффик құрбандары туралы әр түрлі аңыздар бар.
Біз осы тақырыпты талдау барысында жасырын әрекетке келісе отырып, оның салдарынан туатын жайды толық білмейтін әйелдер туралы да білдік. Сондықтан бұл мәселенің ақпараттандырылуы, сауатты жариялануы, бірінші кезекте, қоғам үшін өте маңызды.
Мемлекеттік еңбек саясатын әзірлеу. Жасырын мигранттарға қатысты саясатты біз осы мәселені гендерлік теңсіздік, негізгі адам құқықтары проблемасы негізінде мойындай отырып құруымыз керек. Жіберуші елдің де, қабылдаушы елдің де келу, кету ережелерінің тәртібін қатайту адамдардың жасырын орналастырылуы жөніндегі криминалдық бизнестің өсуін тек ынталандыратын болады [23].
Адамдар саудасы – көп саланы қамтитын кешендік проблема, оған: көші-қон, ұйымдасқан қылмыстылық, жезөкшелік, адам құқықтары, әйелге қатысты зорлық, кедейлік феминизациясы және т.б. жататыны туралы және де жыл сайын сатылатын, яғни өз шекараларында немесе одан тыс елдерде тұру үшін тасымалданатын адамдардың жалпы санының елеулі бөлігін әйелдер құрайтынын жоғарыдағы бөлімдерде айтып кеткен болатынмын.
Халықаралық қауымдастық адамдар саудасын, негізінен алғанда әйелдер мен балалар саудасын адам құқығының шектен тыс бұзылуы ретінде, оны «қазіргі заман құлдығының алуан түрлілігі» ретінде әйел зорлығының негізгі нысаны ретінде қарастырып, үлкен талқыға салды.
Үкіметтер өз елінің аумағындағы адам құқықтарының сақталуына жауап беретін болғандықтан, олар мұндай тәжірибелерден адамдарды қорғауға, жеке тұлғаға жасалған зорлықты тексеруге және контрабанданың құрбандарын сауықтыру шараларымен қамтамасыз етуге міндетті.
Сондай-ақ, адамдарды пайдалану үшін азғырып-көндіру, сыртқа шығару және транзит тақырыбын зерттеуге қатысты қылмыстық құқық теоретиктерінің көпшілігіне осындай ауыр қылмыс үшін неліктен аз жаза мөлшері қаралғаны түсініксіз.
Қазақстанда да оның таралуы кең етек алып бара жатқандықтан, ҚР Қылмыстық Кодексіне аталған қылмысты жасағаны үшін берілетін жазаның қатайтылуына байланысты өзгерістер енгізуді ұсынамын.
Достарыңызбен бөлісу: |