Диплом жұмысының жалпы сипаттамасы мен өзектілігі



бет17/19
Дата09.01.2022
өлшемі453,5 Kb.
#110647
түріДиплом
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
ДИП Адам саудасы

ҚОРЫТЫНДЫ

Адам саудасы – адам құқығын ең қатал әрі арсыз жолдармен бұзатын құлдықтың қазіргі заманғы түрі. Сауданың жемтігі болған адамның үстінен еркінен тыс мәмілелер жасалып, ол жеке меншіктегі зат не тауарға айналады. Көп жағдайда азаматтар зорлықпен, әсіресе алдап-арбаумен мемлекеттік шекарадан тыс әкетіліп жатады, еңбекке мәжбүрдеп тартылады, тіпті қарыздар етіп қойып еркін қозғалу мүмкіндігінен айрылып жатады, ол аз десеңіз физикалық, психикалық, сексуалдық зорлық-зомбылыққа тап болып жатады. Көбінесе әйелдер мәжбүрлі түрде  жезөкшелікпен айналысып, адам саудасының құрбандарына айналады.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде адам саудасы (ҚР ҚК 128-бабы) және кәмелетке толмағандар саудасы (ҚР ҚК 135-бабы) үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген. Бұл баптар бойынша 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Қаралып отырған қылмыстар көп жағдайда беймәлім сипатта болады, сондықтан қолда бар статистикалық мәліметтер іс жүзінде шынайы жағдайды көрсете алмайды. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары адам саудасының, соның ішінде сексуалдық қанау, порнографияда қолдану мақсатында жасалатын бала саудасының бүркеме фактілерімен бетпе-бет келді.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 128-бабына сәйкес, адам саудасы:

      1. Адамды сатып алу-сату немесе оған қатысты өзге де мәмiлелер жасасу, сол сияқты оны қанау не азғырып көндiру, тасымалдау, беру, жасыру, алу, сондай-ақ қанау мақсатында өзге де іс-әрекеттер жасау – тәркіленіп, үш жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      2. Мынадай:

      1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;

      2) бiрнеше рет;

      3) өмiрге және денсаулыққа қауiптi күш қолданып немесе оны қолдану қатерін төндіріп;

      4) қаруды немесе қару ретiнде пайдаланылатын заттарды қолданып;

      5) кiнәлi адамға жүктiлiк жағдайда екенi көрiнеу белгiлi әйелге қатысты;



      6) екi және одан да көп адамға қатысты;

      7) транспланттау немесе өзге де пайдалану үшiн жәбiрленушiнiң ағзаларын немесе тiндерiн алып қою мақсатында;

      8) алдау немесе сенiмді теріс пайдалану жолымен;

      9) адам өзiнiң қызмет бабын пайдалана отырып;

      10) жәбiрленушiнiң материалдық немесе өзге де тәуелдiлiгiн пайдалана отырып;

      11) кінәлі адамға психикасының бұзылуынан зардап шегетіні немесе дәрменсіз күйде екені көрінеу белгілі адамға қатысты;



      12) жәбірленушінің жеке басын куәландыратын құжаттарды алып қойып, жасырып не жоя отырып жасалған дәл сол іс-әрекеттер – мүлкі тәркіленіп, бес жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, адамды Қазақстан Республикасының шегiнен тысқары жерге әкету, Қазақстан Республикасына әкелу немесе бiр шет мемлекеттен екiншiсiне Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасымалдау      мақсатында жасалған іс-әрекеттер, сол сияқты мұндай іс-әрекеттердi  жасау мақсатында адамды Қазақстан Республикасының шегiнен тысқары жерге әкету, Қазақстан Республикасына әкелу немесе  бiр шет мемлекеттен екiншi мемлекетке Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасымалдау –мүлкі тәркіленіп, жетi жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген іс-әрекеттер, егер оларды:

      1) қылмыстық топ жасаса;

      2) олар абайсызда жәбiрленушiнiң өліміне не өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса, –



      мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейiнгі мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады [14].

Адам саудасы – үнемі дамып отыратын, бір өкініштісі экономикалық жаһандандырумен және еңбекке жұмылдырумен, технологиялық жетістіктермен, кедейлікпен, экономикалық және саяси өзгерістермен, мәдени өзара қатынаспен және әлеуметтік мәртебемен қатарласып өзгеріп те, өсіп те келе жатқан жағымсыз құбылыс.

Елде адам саудасы үшін жаза қолданатын заңдар болғанымен мұндай қылмыстарды аяғына дейін дәлелдеу қиынға соғады, оның үстіне көп әйелдер сотта куәгер болудан бас тартып жатады. Яғни әйелдерді қанап, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеп жүрген адам шындап келгенде ештеңеден сескенбейді.

Қазақтан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексінде сексуалдық қанау мақсатында жасалатын адам саудасына қатысты бірнеше баптар бар. Осы қылмыстарға қолданылатын нормалар 121-бапты «Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері», 134-бапты «Кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға тарту» қамтиды, олар бойынша адам саудасымен байланысы болуы мүмкін сексуалдық қылмыстар үшін жаза қолданылады. Алайда, ҚК 134-бабы кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға тартқан қылмыскерлерге қатысты қолдынылады, ал егер олардың қатер төндіру, бопсалау арқылы немесе алдау жолымен кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға тартқаны дәлелденбесе, әдетте мұны дәлелдеу қиынның қиыны, оларға кәні тағылмайды.

Адам саудасының деңгейін азайту үшін Қылмыстық кодекске адамдарды жезөкшелікке немесе сексуалдық қызметтің басқа да түрлерін  көрсетуге тартатын коммерциялық ұйымдарды құруды криминализациялаумен байланысты жаңа баптарды енгізе отырып әрекеттегі қылмыстық заңнаманы түзету қажет. Бұл іс жүзінде криминалдық мақсатта қолданылатын массаж жасау кабинеттері, сауналар, түнгі клубтар мен мейрамханалар секілді көптеген мекемелерге қарсы іс-қимыл жасауға бағытталар еді.

Адам тасымалдаумен байланысты өзге де баптар -  бұл 125-бап. «Адамды ұрлау», 133-бап «Кәмелетке толмаған адамды қоғамға жат әрекеттер жасауға тарту» және де басқалары. Бұл баптар өзгертіліп және ҚР тыс тұрып жатқан және делдар (жарнама берушілер, жалған агенттіктер, тілшілер, нотариустар, аудиторлар, күзетшілер, пара алушылар, жасырушылар мен сыбайластар) ретінде болуы мүмкін азаматтарға қолданылуы тиіс.

Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесіндегі анық көрінетін бір кемшілік – қылмыстың құрбаны, мысалы жезөкшелікпен айналысуға мәжбүр болғандарды қорғау мен оңалту бойынша заңның жоқтығы.

Адам мен азаматтың конституциялық құқығын іске асыру, демократияны нығайту мәселесін шешу, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, құқықтық әлеуметтік мемлекет құру – міне осының барлығы адам саудасымен күресуде нақты әрі пәрменді шараларды қабылдауды талап етеді. 



Адам саудасы қылмыстарымен күрес жүргізу және оның алдын алу мақсатында мынадай құқықтық-ұйымдастыру шараларын жүзеге асыру қажет деп ойлаймыз:

  1. Адам саудасы қылмыстарымен күрес жөніндегі халықаралық конвенцияларды ратификациялау, сол арқылы құқықтық базаны жетілдіру, мемлекеттердің ынтымақтастығын одан әрі жетілдіру және нығайту;

  2. Адам саудасы қылмыстарымен, сондай-ақ жалпы адамгершілікке және тұлғаның жеке бостандығына қарсы қылмыстарға қарсы күрес жүргізетін жеке құқық қорғау органын құру қажет;

  3. Аталған қылмыстармен күрес жүргізудегі ең бастапқы мәселелері мынадай: біріншіден, құлдық саудасы деректерінің көбісі сотқа дейін жетпейді. Себебі, біріншіден, құрбандар, әсіресе шетелден өз еліне оралған әйелдер сотқа арыз жазғысы келмейді, өйткені өз жәбірлеушілерінің кегінен қорқады. Барлығына да белгілі, бұл «бизнес» түрімен айналысушылардың қызметіне қолдау жасайтын беделді адамдар бар. Екіншіден, адам саудасының құрбандары осы қылмыстың ұйымдастырушылары әділетті жазаланатынына сенбейді. Үшіншіден, осы тозақтан өткен адамдар бұл қиындықтан қайтадан өткісі келмейді, сондықтан олардың басынан өткен жағдай туралы әңгімеден қашады. Бұл өте күшті психологиялық жарақат және одан аттап өту өте қиынға соғады. Біздің пікірімізше, бұл мәселелер тікелей адамдардың сенімінің жоғалуына байланысты, олардың мемлекеттік органдарға деген, заңдарға деген сенімсіздігінен, сондықтан бұл мәселелерді жою мақсатында халықтың сенімін арттыру жұмыстарын жүргізу қажет;

  4. Алдын алу және түсіндіру жұмыстарын жүргізу (адам саудасы қаупі туралы қоғамды ақпараттандыру; адам саудасымен қатысты істерді тергеу және жою, табу механизмдері және осы қылмыстың құрбандарын сәйкес қорғауды қамтамсыз ету бойынша құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне оқыту семинарларын өткізу);

  5. Адам саудасының ұйымдастырушыларына қарсы бағытталған заңнаманы жетілдіру;

  6. Адамдардың әлеуметтік және экономикалық мәртебесін қатайту үшін жағдайлар жасау;

  7. Жұмысқа орналасу мәселесін шешуде білім беру және ақпараттық көмекті нығайту;

  8. Қауіп тобына кіретін адамдарға тұрақты альтернативалар құру және жанжақты ақпараттандыру жолымен адамдарды заңсыз шығару және кіргізудің алдын алу, атап айтқанда олардың кәсіптік білім алуына, жаңа экономикалық мүмкіндіктерді іздеу процесінде қажетті дағдыларды иеленуге мүмкіндік беру;

  9. Келуші мемлекетте құлдық саудасымен күрестің шараларын қатайту және транзит мемлекеттерінде халықты ақпараттандыруды күшейту;

  10. Құлдық саудасымен күрес жүргізуші үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін қатайтуға жағдай жасау;

  11. Заңсыз еңбек миграциясын ескерту мақсатында халықты еңбек, салық, кеден, миграциялық заңнаманы және адам саудасының әлеуетті құрбандары барайын деп жатқан елдің төлқұжаттық-визалық режимін бұзудың жауапкершілігі туралы халықты ақпараттандыру. Мұндай білім адамдарды ойластырмаған қадамнан бас тартуға мүмкіндік береді деп ойлаймын.

Жеңсік құмарлық бизнесіне, мәжбүрлі еңбекке пайдалану мақсатында шетелдерге күш қолдану, не азғыру жолымен әкетілген немесе ақша табу мақсатымен шетелге барып, қиын жағдайға ұшыраған азаматтарымызды елге қайтару, оларды психологиялық-моральдық тұрғыдан сауықтыру, әлеуметтік тұрғыдан жәрдемдесу істерімен айналысу тікелей міндеті болып табылатын қоғамдық ұйым құру қолайлы болады.

Жоғарыда аталғандай іс-шараларды және жұмыстарды жүргізсек, бұл адамды сату және құлдық қылмыстарының алдын алуға, оның санын азайтуға және онымен күреске көп үлес қосар едік.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет