1.3 Адамдарды саудаға салу қылмысының объективтік белгілері
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 128-бабында көрсетілген – адамдарды саудаға салу қылмыс құрамының объектісі – адамның жеке бостандығы, қызмет түрін таңдау құқығы болып табылады [14].
Қарастырылып отырған қылмыс құрамының объектісінің бұл ұғымы Қазақстан оқулықтарының авторларымен ұсынылған.
Алайда мынадай сұрақ туады: осы қылмысқа арналған бап неліктен Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің «Жеке адамға қарсы қылмыстар» тарауында орналасқан? Осыған орай, зерттелетін қылмыс объектілерінің белгілерін нақты анықтап алудың маңызы зор.
Қылмыстық құқық теоретиктерінің басым көпшілігі қылмыстың объектісін құқық бұзушылық үшін Қылмыстық кодекспен жауапкершілік көзделген қоғамдық қатынастар деген пікірді ұстанады.
Басқаша айтқанда, қылмыс объектісі дегеніміз – қылмыскердің қол сұғатыны, қылмыстық заңмен қорғалатын және зиян келетін немесе зиян келуі мүмкін нысан.
Қылмыстық-құқықтық теорияда қылмыс объектісін үшмүшелік жіктеу (жалпы, тектік және тікелей) қабылданған, оны ресейлік ғалым В.Д. Меньшагин 1938 жылы әзірлеп ұсынған болатын [15, 114 б].
Қылмыстың объектісі, қылмыс құрамының басқа да элементтері сияқты, бірінші кезекте аталған элементке кіретін белгілерді, олардың әрекетті саралау үшін әсерін және әрбір қылмыстық әрекеттің объективтік және субъективтік сипаттамалық белгілерге ие болуына байланысты олардың жасалған әрекетті саралау үшін қаншалықты маңызды екенін анықтайды, алайда олардың бәрі бірдей құрамның (бұл жерде – объектінің) тиісті элементтерінің белгілері болып табыла бермейді және қылмысты саралау үшін мәнге ие.
Бірақ, қылмыс қай кезде де қылмыс және ол әрқашанда бір мүдде мен екінші мүдденің тоғысар тұсы, ал құқық тілімен айтқанда бір тараптан құқыққа қайшы әрекет жасау мен зардап келтіру болса, екінші тарап сол әрекеттің құрбаны болады, яғни өзі қандай да бір шекте моральдық, материалдық және өзге де зиян шегеді.
Тақырып өзегі болып отырған заңсыз көші-қон мен адам сату проблемасы тек біздің мемлекетіміз үшін емес, дүниежүзілік қауымдастық үшін де өзекті болып отыр.
Осы тұрғыдан алып қарағанда менің қозғағалы отырған проблемам – қазіргі кезде көпшілік жете мән бермейтін, көңіл аудармайтын, бірақ өте маңызды, көлемді, көпшілікті қызықтыратын және де толық, әрі жан жақты зерттеуді, зерделеуді қажет ететін тақырып екенін баса айтқым келеді. Себебі, әлемдік оқиғалар желісінде заңсыз көшіп-қонушылар толқыны күшейіп, олар өздерінің әл-ауқатын жақсарту мақсатында және мейлінше тыныш әрі, қолайлы елдерде тұру үшін көшіп-қонуда.
Қылмыстық-құқықтық саралау жүргізу процесіндегі қол сұғушылықтың жалпы объектісін анықтау мынаған бағытталған: қарастырылатын құқыққа қайшы әрекет (әрекетсіздік) қылмыстың қай тобына жатқызылады. Заңнамалық негізі болып, қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастардың тізімі көрсетілген, Қылмыстық кодекстің жалпы бөлімінің нормалары табылады. Бұл 2-бап – «Қылмыстық кодекстің міндеттері» - адам және азаматтың құқықтарын, бостандығын және заңды мүдделерін қорғау, ұйымдардың меншігін, құқықтары мен заңды мүдделерін, қоршаған ортаны, қоғамдық тәртібі мен қоғам қауіпсіздігін, Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын, заңмен қорғалатын қоғам мен мемлекет мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, адам өмірінің бейбітшілігін және қауіпсіздігін қорғау, сондай-ақ, қылмыстардың алдын алу делінген. Онда аталған қоғамдық қатынастар қылмыстың жалпы объектісі болып табылады.
«Табиғатта, ешнәрсеге қол сұғылмайтын қылмыс болмайды»,-деген атақты да беделді Ресей ғалымы А.Н. Трайнинның қолдай отырып, бұл аксиома – менімше, дәлелдеуді қажет етпейтін нағыз шындық секілді [12].
Осы пікірден шыға келе Н.Н. Загородниковтің көзқарасын дұрыс деп есептеуге толық негіз бар, ол: «Адамдардың әрекеті қандай нысанда болмасын, қоғамдық-қауіпті сипатқа тек, егер ол әрекеттер заңмен қорғалатын нақты игілікке қауіп тигізетін болса ғана, ие болады» [16].
Сонымен, адамдарды саудаға салу, пайдалану үшін адамдарды азғырып-көндірудің, сондай-ақ, сыртқа шығару және транзиттің жалпы объектісі адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастардан тұрады.
Қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастар, олардың қандай тектік объектіге қол сұғуларына қарай топтарға бөлінеді. Негізінен алғанда, жеке адамға қарсы қылмыстар бір топқа жинақталған және Қылмыстық кодекстің 1-тарауын құрайды, мыслға алар болсақ, меншікке қарсы қылмастар Қылмыстық кодекстің 6-тарауына, басқару тәртібіне қарсы қылмыстар Қылмыстық кодекстің 14-тарауына, сот төрелігіне және жазалардың атқарылу тәртібіне қарсы қылмыстар Қылмыстық кодекстің 15-тарауына біріктірілген.
Осыған сәйкес, зерттеліп жатқан қылмысты саралау кезінде қол сұғушылықтың топтық объектісін анықтау маңызды болып табылады. Сонда: «аталған қылмыс құрамы қандай тарауда болуы тиіс?» деген осы бөлімнің басында қойылған сұраққа жауап табылатын болады.
Топтық немесе тектік объектіні анықтау Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің шегінде әрекетке ұқсас әрекетті табу, сәйкестендіру қажеттігін білдіреді.
Жоғарыда айтылғандардан шығарар қорытынды, адамдарды азғырып-көндірудің, сыртқа шығарудың және транзиттің тектік объектісі қоғамдық қатынастар болып табылады.
Тікелей объектіге келер болсақ, оны анықтау Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің сол немесе басқа тарауының ішіндегі қылмыстарға бағынышты және шектелуіне қызмет етеді.
Қылмыстың осы немесе басқа құрамының белгілерін сипаттау кезінде жағдайлардың көпшілігі объект ретінде қоғамдық қатынастарды емес, олардың материалдық бейнесін немесе қоғамдық қатынас қатысушыларының анықталған игіліктерін (мысалы, денсаулығын, меншігін) көрсетеді және олар аталған өзге қылмыс құрамының тікелей объектілері болып табылады. Қылмыстың тікелей объектісі қылмыстың нақты құрамын түсіну үшін, бұзылған қоғамдық қатынастардың мәнін, сипатын және әрекеттің қоғамдық қауіптілігінің дәрежесін анықтау үшін маңызы зор [14].
Қылмыстық құқық теориясында қылмыстың тікелей объектісін негізгі, қосымша және факультативтік түрлерге бөліп, айырады.
Бұл шынайы өмір шындығынан алынған: көптеген криминалдық әрекеттер немесе әрекетсіздіктер бір мезгілде бірнеше қоғамдық қатынастарға қол сұғады, олар белгілі мөлшерде бір-бірімен кейде органикалық байланысты болады. Бұл жағдайда негізгі тікелей объекті жасалған әрекетті Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті бабы бойынша саралау үшін алғашқы және шешуші мәнге ие болады.
Көрсетілген объектіні қатынастардың қылмыстық заңымен қорғалатын әлеуметтік-мемлекеттік маңыздылығы бойынша зиян келтіретін қоғамдық қатынастарына қарай анықтауға болады, сондай-ақ аталған қылмыстық әрекетпен қоғамдық қатынастардың қай түріне үнемі зардап жасалатынын есепке ала отырып анықтаған жөн.
Қосымша және факультативтік объектінің арасындағы айырмашылығы қосымша объектінің екі объектілі (көпобъектілі) қылмыс құрамында болатыны, ал факультативтік объекті (бірақ үнемі емес) жай құрамдағы қылмыстар жасалған кезде болады.
Қол сұғу әрекетінің факультативтік объектісі жасалған әрекеттің саралануына әсер етпейді, бірақ осы қылмыстың жауапкершілігін қарастыратын Қылмыстық кодекстің ерекше бөлімінің баптарындағы санкциялар шегінде сотпен жаза тағайындалар кезде міндетті түрде есепке алынатын қауіптілікті жоғарылатады.
Ол сонымен бірге оны аралас құрамдардан шектеуге көмектеседі, қылмыстардың жиынтығы бойынша әрекеттерді жіктеу мүмкіндігі туралы мәселенің дұрыс шешілуіне жағдай жасайды. Объектінің аталған түрі келтірілген зиянның орнын толтыру туралы мәселені шешу кезінде де есепке алынады.
Дегенмен, бұл тақырыпты таңдау мені, бір жағынан жаңа бір ізденістерге жетелеп, батылдық тудырғанымен, екінші жағынан оның ішкі мәнін аша аламын ба, толығымен зерттей аламын ба, жалпы, көзделген мақсатқа жете аламын ба деген қорқыныштарды туғызғаны рас...
Дегенмен, қорқыныштан гөрі, мақсатқа жетем деген құлшыныстың басым болуы, менің осы проблеманы қарастыруыма себеп болды.
Ал, тақырыпты зерттеудегі басты мақсатым, бұл проблеманың барлық тұстарын ашып, қоғам алдында түсініксіз болып табылатын жалпы тақырыптың мәнін ашып, оны өзімше тұжырымдап, осы мәселені зерттеудегі белгілі бір жолды ашу еді.
Сондықтан, мен, өз жұмысымда негізгі ұғымдар мен тақырыптың құқықтық санаттарын, оның пікірталастық сәттерін, тақырып бойынша нақты қорытындылар жасауға мүмкіндік беретін халықаралық және қазақстандық тәжірибені барынша қарастыруға әрекет жасадым.
Адамдарды саудаға салу қылмысы көпобъектілі құрамдағы қылмыс болып табылады деп есептейміз.
Негізгі объект болып жеке адамның бостандығы саналады.
Бұл жағдайда нақты жемтікке қол сұғудың өзі ҚР Қылмыстық кодексінің 128-бабында қарастырылған қылмысты жасаумен аяқталмайды, кейіннен ар-ожданына, жыныстық қолсұқпаушылыққа, денсаулығына және т.б. барынша ауыр қол сұғушылықтар басталатынын, кейде орны толмас зардаптарға әкеліп соғатынын есепке алған жөн [14].
Бірақ талданған әрекетті жасау кезінде негізгі объекті болып тұлғаның бостандығына қол сұғушылық танылады. Бұл құқық әр адамға туғаннан берілген және әр кімнің ажырамас құқығы болып табылады.
Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық Пактінің 9-бабында, сондай-ақ адам құқықтарының жалпы Декларациясының 3-бабында әр адамның бостандығы мен жеке басына қол сұғылмаушылық құқығының бар екені айтылған. Қазақстан Республикасы Конституциясының 16-бабы «Әр адам жеке бас бостандығына құқылы» екендігіне кепілдік береді.
Жеке бас бостандығының құқығы кез-келген әрекеттердің жасалу мүмкіндігін, кез-келген белсенділікті таныту немесе одан мәжбүрсіз және шектеусіз бас тартуды білдіреді. Бостандықты шектеу немесе одан айыру – күзетте және қамауда ұстау тек заңда көрсетілген жағдайларда ғана және сот немесе прокурордың санкциясымен қамауға алынғанда, оған сотқа шағымдану құқығы беріледі.
Қылмыс жасаудағы қосымша объекті қызмет тегін таңдау құқығына қол сұғу болып табылады. Бұл құқық Қазақстан Республикасынының Конституциясымен кепілденген. Әр адам іс-әрекет тегі мен мамандық түрін таңдауда ерікті.
Еңбек бостандығы, сонымен қатар, адамды пайдалануға, заңда ерекше көрсетілген жағдайлардан басқа кездерде тыйым салынады. Сондықтан, Қазақстан Республикасының Конституциясы мәжбүрлі түрде жұмыс істеуге тек сот үкімі бойынша немесе төтенше жағдайларда не әскери жағдайларда ғана рұқсат етеді.
Еңбек бостандығы Конституцияның 24-бабының 1-тармағында экономикалық, әлеуметтік және саяси құқықтар туралы халықаралық Пактіге сәйкес жарияланады [1].
Бұдан басқа, адамдарды нәпсіқұмарлық немесе басқа да мақсаттарға пайдалану үшін шекарадан шығару кезінде, сауда құрбаны болған адамдар саудагердің пайдаланатын құқықтарын пайдалана алмайды: қозғалыс бостандығынан (олар бостандықтан мүлдем айырылады); еркін тұтқындалу, ұсталу және қуылу бостандығынан (олардың құжаттары болмайды, сондықтан оларда тұтқындау, шектеусіз мерзімде қамауы, кейін басқа елге аударуы мүмкін); азаптаудан немесе қатал жазадан босату; ойлау, ар және дін бостандығынан (кейбір әйелдерді әмірлікпен басқа дін қабылдауға мәжбүр етеді); еңбек ету және кәсіподақтарға қосылу құқығынан; өмірдің адекватты деңгейі құқығынан; демалу құқығынан; некеге тұру бостандығынан айырылады.
Сондай-ақ, бірқатар жағдайларда қылмыс объектісін дұрыс анықтау үшін қылмыстың заты маңызды роль атқарады.
Қылмыстың заты объектіге де, қылмыс құрамының басқа элементтеріне де жатпайды. Ол қылмыс құрамының басқа белгілерінің арасында ерекше орын алады.
Бұл жағдай қылмыстық құқықтың ең даулы пікірталастарының бірі болып табылады [11].
Теоретиктердің көпшілігі қылмыстың затын қылмыс құрамының факультативтік белгілеріне жатқызады, себебі қылмыстың кейбір түрлері жасалған кезде ол қылмыстың саралануына ықпалын тигізбейді.
Кейбір қылмыс құрамдарының қатарында қылмыстың заты мүлдем болмайды деген пікірдегі кейбір авторлар тобы, қылмыстың затына тек сырт көзге көрінетін, өлшемі мен тұрқы бар белгілі бір кейіптегі заттар мен құндылықтарды жатқызады.
Мысалы, олардың қатарына кісі өлтіру, зорлау, жала жабу, сотты сыйламау, қашқындық т.б. жатады және тиісінше адамдарды пайдалану үшін азғырып-көндіру, сыртқа шығару және транзит үшін де осылай болуы мүмкін деген ойға тоқталу, менің пікірімнің қайшылығына әкеледі.
Себебі, әр қылмыстың өз заты бар, әрбір қатынаста белгілі бір зат, қатынас құралы болуы міндетті заңдылық, әрине бұл жерде мен материалданбаған игіліктер туралы сөз қозғап отырмын.
Дегенмен бұл тақырып аясындағы көптеген пікірталастардың болуы бұл проблеманың бір шешімінің болатынына сендіреді.
Қылмыстың объективтік жағы – бұл қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға қол сұғушы тұлғаның әлеуметтік қауіпті әрекетінің сыртқы көрінісі. Оның сипаты нақты қылмыстар үшін жауапкершілік қарастырылатын Қылмыстық кодекстің ерекше бөлімінің баптарында барынша анық көрсетілген. Мәні бойынша, ол қылмыс туралы «айтады» және оны «атап көрсетеді» [12].
Қылмыстық-құқықтық нормаларды, соның ішінде олардың нақтылығын, анықтығын, мазмұнның толықтығы мен қарапайымдылығын дамыту және жетілдіру үшін барынша дұрыс түсінуге, аталған норманың қылмыстық және құқықтық құрылымының анықталуына және сәйкес келуіне, қылмыстардың «формальдық» және «материалдық» құрамына, ғылыми-практикалық талаптардың есепке алынуына ерекше мән беретін болады (қылмыстық зардапты, олардың субъект тәртібімен байланысын, оның қосымша зиянды зардаптарға қатынасын нақтылау және дәлелдеу).
Қылмыстың объективтік жағына төмендегі белгілер жатады:
1) қоғамға қауіпті әрекет - әрекет немесе әрекетсіздік;
2) қоғамға қауіпті зардап;
3) әрекет пен зардаптың арасындағы себепті байланыс;
4) қылмыс жасалған орын, уақыты, жағдайы, тәсілі және құралдары. Алғашқы үшеуі міндетті белгілер болып табылады, ал төртіншісі – факультативтік (міндетті емес, қосымша) болып саналады.
Әрине, қылмыстың объективті жағының белгілеріне басқа да көзқарастар бар, бірақ олар диплом жұмысындағы зерттелетін әрекетке қатысы жоқ.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 128-бабында қылмыстың объективті жағы адамдарды нәпсіқұмарлық немесе басқа мақсатта пайдалану үшін алдау жолымен азғырып-көндіруге бағытталған белсенді, нақты заң тіліндегі саудаға салу әрекеттерінен көрінеді [14].
Қылмыстың қарастырылған жағы оны белгілеуден, яғни қылмыстық жазаланатын әрекеттің немесе әрекетсіздіктің және оның зардаптарының – жағымсыз зиянды нәтижесінің бар екендігін анықтайтын фактіден басталады. Бұл ойлаудың нағыз логикасымен (нені жіктеу керек, қандай объектіні анықтау және бағалау керек) және қолданыстағы заңмен шарттастырылады.
Қылмыстық кодекстің баптарынан шығар қорытынды, адамдарды пайдалану үшін азғырып-көндіру, сыртқа шығару және транзит тек әрекет арқылы жүзеге асырылады.
Негізгі жасалатын қылмыстардың қылмыстық әрекетінің астарынан адамның сыртқы тәртібінің белсенді жеке немесе көпреттік іс-қимылдары, сондай-ақ олардың белгіленген техникалық құралдарды, өндірістік процестерді, заттардың қасиеттерін пайдалану түсіндіріледі.
Азғырып-көндірудің астарынан адамдарды белгіленген қызмет үшін іздеу, шақыру, тарту, азғырып-көндіру мағынасын түсінуге болады. Адамдарды сыртқа шығару деген Қазақстанның тұрғындарын нәпсіқұмарлық немесе басқа мақсатта пайдалану үшін Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкету деп ұғыну керек.
Бұл жағдайда жәбірленуші жұмыс сипаттарына, еңбек шартына, жалақысына және т.б., яғни алдау жолымен жасалатын азғырып-көндіру әрекеттерінің сипатына қарай адасады.
Пайдалану сөзінің мағынасын бөтен адамның еңбек нәтижесін, тікелей өндірушілер еңбегін иелену немесе еңбек ақысын төмендету жолымен пайда көру деп түсінуге болады.
Нәпсіқұмарлық мақсатта пайдалану жәбірленушінің денесін сату жолымен табыс түсіру, жәбірленуші сыйлық алу үшін белгіленген нәпсіқұмарлық қызмет көрсетуге пайдалануды білдіреді.
Соңғы жылдары жас қыздарды жұмысқа орналастырудың қайырымды түрімен қамтамасыз ету, ал шын мәнінде нәпсіқұмарлық мақсатта пайдалануға беру, шет елдерге әкету кең өріс алды.
Шығыс елдеріне нәпсіқұмарлық қызмет көрсету үшін алдау жолымен жалданған қыздарды сату жағдайлары да аз емес. Яғни, кінәлі әртүрлі клубтарда, мейрамханалар мен сауықханаларда өнер көрсету үшін немесе фотомодель болу үшін өте қымбат төлемді жұмыс ұсынады. Ал іс жүзінде ол қыздар жезөкшелер ретінде пайдаланылады.
Өзге мақсатқа пайдалану дегеніміз – қандай да бір пайдаға бату мақсатында жалданған зияткерлік немесе күш еңбегін пайдалану деп түсінген жөн.
Сайып келгенде, біздің республикамызда әйелдердің көші-қоны екі аспектіге бөлінеді: уақытша көші-қон (жұмыс немесе жалақы іздеу) және тұрақты көші-қон (тұрмысқа шығуға байланысты мекен-жайын тұрақты ауыстыру, ата-анасына қосылу, дербес кету және т.б.). КСРО құлағаннан кейін Қазақстан әйелдері үшін көші-қон әрі заңсыз сыртқа шығару, әрі пайдалану мақсатына айналды.
Бәрімізге белігілі болғандай, заңсыз сыртқа шығару «адамдарды ел ішінде немесе шекарадан тыс жерлерге жұмыс істеу немесе тасымалдау үшін жинау жөніндегі барлық іс-әрекеттерді білдіреді, оған адамдарды төмендету немесе пайдалану жағдайларында орналастыру үшін жасалған алдау, мәжбүр ету немесе күш қолдану, билігін пайдалану, қарыз кіріптарлығы немес алаяқтық жатады».
Сонымен қатар, уақытша көші-қон тәрізді, тұрақты көші-қонның да заңсыз сыртқа шығару үшін қолданыла бастағанын да мойындауымыз керек. Қазақстанның әйелдері мен балаларын шекарадан тыс жерлерге жұмысқа шақыру сылтауымен заңсыз сыртқа шығару және сексуалдық пайдаланудың нәтижесі – жезөкшелікпен айналысу үшін бордельдерге сату, бостандығынан айырылу, қарыздық кіріптарлық, нәпсіқұмарлық құлдықпен аяқталуда.
Қылмыстық зардапты түсіндіру – едәуір күрделірек. Олардың мәні (олар өзінше нені білдіреді) зиянында (объективті нұқсан) – қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға қол сұғушылық нәтижесі.
ардап түрлері әр түрлі: материалдық, физикалық, психологиялық, саяси, әлеуметтік және ұйымдастырылған болып келеді. Зардаптың сипаты мен мөлшері Қылмыстық кодекспен анықталған.
Мұнда құқыққа қайшы әрекеттің қоғамға қауіптілігінің деңгейі, оның басталған немесе нақты болу мүмкін нәтижесіне негізделеді және анықталады. Осылай, мемлекетке қарсы қылмыстар саяси және экономикалық зиян келтіреді.
Зерттеліп отырған қылмыс құрамына қатысты қылмыстық әрекеттің салдарын анықтау қиын, ол, біріншіден, көпобъектілі қылмыс болып табылады, екіншіден, адамдарды азғырып-көндіру, сыртқа шығару немесе транзиттің өзі одан әрі пайдалану үшін, яғни кейінгі қылмыстардан соң әдетте, мейлінше ауыр қылмыстар жасау үшін.
Бұдан басқа, ресейлік ғалым, профессор Н.Ф. Кузнецованың пікірінше, барлық құқық бұзушылықтар, құқықтық тәртіпке ең алдымен ұйымдастырушылық- құқықтық зиян келтіреді, құқықтық мемлекет жүйесінің қалыпты қызмет етуін тежейді [17].
Осыған орай, қаралып отырған әрекеттің жеке адамға қарсы қылмыстарға жатқызылуына байланысты, бұл жерде оларға физикалық және психикалық зардап әкеледі, сондай-ақ қол сұғушылықтың қосымша обьектісін негізге ала отырып, зиянның салдары экономикалық, материалдық және психикалық немесе моральдық болады.
Осыған байланысты адамдарды азғырып-көндіру, сыртқа шығару және транзит арқылы келтірілген зиянды өлшеу өте күрделі, егер бұл жағдайда денсаулыққа келген зиян мен еңбекке қабілеттілік деңгейін анықтау мүмкін болса, тәжірибе оның психикалық салдарына қатысты бағалау нұсқасын ұсынады, бұл жерде ол түсініксіз сипатқа ие болғандықтан, біраз қиындықтар тудырады.
Аталған жағдайда, оның өлшем бірліктері «уақыт, қол сұғу обьектісіндегі зиян әкелетен өзгерістердің ұзақтығы, тереңдік, шыдамдылық, қылмыс обьектісінің құндылығы бойынша анықталатын, келтірілген зиянның тұрақтылығы, әрекеттің жасалған орны мен уақытына сәйкес обьектіні зиянсыз қызметінің өзектілігі және басқа да параметрлер» болады.
Қылмыстық құқық теориясында қылмыстық зардап негізгі және қосымша болып бөлінеді. Аталған жағдайда негізгі зардапты шектеу қиын, егер жасалған қылмыс обьектіс
інен шығар болсақ, онда физикалық зиян негізгі психикалық және материалдық зияндар қосымша зардапқа жатады.
Бірақ жоғарыда айтылғандай, адамдарды алдау жолымен жүзеге асырылатын пайдалану үшін азғырып-көндіруде, сыртқа шығаруда және транзитте ең негізгісі моральдық зиян болып табылады.
Талқыланған жағдайлардан айқындалғаны: физикалық және психикалық зияндар – негізгі зардап, ал материалдық және басқа да мүмкін зияндар – қосымша зардап болып есептеледі деуге болады.
Н.Ф. Кузнецованың айтқан сөздері адамды пайдалану үшін азғырып-көндіру, сыртқа шығару және транзит тәрізді қылмыстар өзекті мәселе болып табылады дей келе: «Қылмыстық зардаптардың басталуымен қылмыс құрамы аяқталады.
Алайда қылмыс құрамының міндетті элементі болып табылатын қылмыстық зардап басталғаннан кейін де оның соңынан одан арғы қылмыс құрамының толық тізбегі сап түзейді.
Олар кейінгі немесе қосымша зардаптар деп аталады. Олар құрамдар сыртында жатқандықтан, қылмыстарды саралауға қатыспайды, алайда оларға болжам жасалатын болса, сот жауапкершілікті ауырлататын жағдайларды есепке алады [17].
Қылмыстық құқықтағы себепті байланыс оның мәнін анықтайтын өзінің басымдылығымен құбылыстар арасындағы себепті, сондай – ақ олардың заңдық мәнділігін бекіту қызметін атқарады.
Талданған қылмысты обьективтік жағы бойынша саралау кезінде ондай байланысты орнату міндетті қажеттілік.
Қылмыстық құқықтағы себепті байланыстың ғылыми - практикалық салыстырмалы түрдегі зерттеу төмендегі жайларды анықтайды:
Біріншіден, себептілік тізбегінің бірінші буыны – қылмыстық құқықтық белгілерге ие болатын субьектісінің нақты әрекеті немесе әрекетсіздігі. Мысалы, шетелге жұмысшыларды азғырып-көндіру туралы газетке хабарландыру беру.
Екіншіден, уақыт ішіндегі әрекет нәтиженің басталуына жол салуға тиіс. Жұмысқа тілек білдірушілермен алдын ала әңгіме жүргізу және олардың құжаттарын дайындау.
Үшіншіден, әрекет заңсыздықтан немесе зиянның басталуына анықталған тәуелділіктен тұратын әдепсіздіктерден құралуға тиіс.
Туристік фирманың нақты қызметкері алдау жолымен жас қыздарды оларды одан кейінгі тағдырын сезіне отырып, яғни арнайы нәпсіқұмарлық мақсатта пайдалану үшін шетелге жұмысқа қабылдайды.
Төтіншіден, әрекет қылмыстың басталуына қажетті жағдайлар рөлінің детерминация тізбегінде жүргізілуге тиіс.
Мұндай туристік фирманың қызметкерлерімен жасалған барлық әрекеттер қажетті жағдай болып табылады. Олар-газеттегі хабарландыру, жұмысқа қабылдау туралы әңгіме, құжаттарды рәсімдеу және т.б.
Бесіншіден, әрекет жай қажетті жағдай ғана емес, зардаптың себебі және жалпы емес, қылмыс жасаудың нақты жағдайында мойындалуға тиіс.Құжаттарды рәсімдеу мен жәбірленушіні ұшаққа дейін шығарып салу болашақтағы зардаптардың нақты себебі болып табылады.
Алтыншыдан, үнемі обьективті әрекет пен зардап арасындағы себепті байланыстың және абайсызда немесе қасақана нысандағы кінәлі байланыстың араласуына жол бермеу керек.
Ең алдымен, объективтік себепті байланысты, содан кейін оның субъектімен болжалу мүмкіндігін анықтау қажет.
Енді көпшілікті қызықтырған сұраққа жауап берсем. Яғни бұл тақырыпты таңдауымның себебі: әрине әр адамның өз ойлағаны, санасына түйгені болады, менің де бұл тұрғыда, елге қызмет етсем, пайдамды тигізсем деген тәтті үмітім бар.
Достарыңызбен бөлісу: |