Диплом жұмысының жалпы сипаттамасы мен өзектілігі


Осы тұрғыдан Қазақстанда атқарылып отырған жұмыстарға назар аударсақ, мысалы



бет7/19
Дата09.01.2022
өлшемі453,5 Kb.
#110647
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19
Байланысты:
ДИП Адам саудасы

Осы тұрғыдан Қазақстанда атқарылып отырған жұмыстарға назар аударсақ, мысалы, Алматы қалалық Ішкі істер департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 32 жастағы әйелдің интимдік қызмет көрсету үшін қыздарды жеткізумен айналысқан қылмыстық топтың құрамына енгенін анықтады. Ақтөбе облысының Ішкі істер департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы арнайы жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қалада тұратын 48 жастағы әйелді ұстады, ол өзінің жаңа туған немересін 8800 АҚШ доллары сомасындағы сыйақыға сатпақ болған. Петропавл қаласында да жезөкшелікпен айналысқан 25 жастағы әйел ұсталды. Ол адамдар тобымен қарақшылық шабуыл жасағаны үшін іздеуде болған. Ақмола облысының Ішкі істер департаменті Көкшетау қаласында қонақүй кешен әкімшісі моншаны жезөкшелікпен айналысуға бергені анықталды. Жедел-профилактикалық іс-шара барысында жезөкшелікпен айналысу үшін көмек көрсеткен 37 адам және жезөкшелікпен айналысатын 271 адам анықталып, есепке қойылды. Ішкі істер органдарының арнайы мекемелеріне жеке басын анықтау үшін ақылы интимдік қызметтер көрсететін 48 адам, оның ішінде ТМД елдерінің 16 азаматы жеткізілді. Қазақстан аумағында болу ережелерін бұзған 16 адам анықталды.

Прокуратурамен бірігіп адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын-алу, болдырмау және оған қарсы күрес жөніндегі іс-шаралардың 2015-2017 жылдарға арналған кезекті жоспарын әзірлеген. Оның негізіне ТМД елдеріндегі адам саудасына қарсы күрес жөніндегі 2014-2018 жылдарға арналған бағдарламасы мен 2012 жылы Қазақстанға келген сапарының қорытындысы бойынша БҰҰ арнайы баяндамашысы Г.Шахинянның берген ұсынымдары назарға алынған. Сондай-ақ, өткен 2015 жылы ішкі істер органдарының қызметкерлері адам саудасына қатысты 300 қылмыстық істің беті ашылған. Оның ішінде еңбекті қанау мақсатында адамды ұрлап әкету – 20, қанау мақсатында заңсыз бостандығынан айыру – 9, адам сату – 18, кәмелетттік жасқа толмағандарды жезөкшелікке салу – 13, кәмелеттік жасқа толмағандарды сату – 15, жезөкшелікке салу –31 және 212-сі жезөкшеліктің ортасын құрып, жеңгетайлық жасағандарға қатысты болған.

Төрт кезең бойынша, елімізде «STOP трафик» жедел алдын алу шарасы өткізіліп, адам саудасына қатысты 230 қылмыстық іс тіркелген. Сонымен бірге, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды орындау үшін ІІМ-ге 2014 жылға әлеуметтік жобаларды орындау үшін 1 миллион 300 мың теңге бөлінген. Бұл қаржы адам саудасына қарсы күрес жүргізуге байланысты әлеуметтік бейнероликтерді түсіруге, қазақстандықтарға арналған ескертпелер, шетелге шыға қалған жағдайда сол елдегі Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктерінің телефон нөмірлері көрсетілген қағаздар мен адам саудасына байланысты түрлі буклеттер дайындауға жұмсалған [7].

Қазақстанда пайдаланылатын шетелдік жұмыс күшінің белгілі бөлігі заңсыз мигранттар. Олардың арасында маусымдық жұмыстарда істейтін біліктілігі төмен адамдар басым. Осы тұрғыда елімізде заңсыз миграция шешімін таппай отырған мәселе болып табылады. Қазақстанда заңсыз жүрген мигранттардың саны бейресми ақпараттар бойынша бір миллионнан асып жығылады. Аталған сан одан да көп болуы әбден мүмкін. ҚР «Ұлттық қауіпсіздік туралы» Заңында: «Миграция ағымының бақылаудан, реттеуден шығып кетуі ұлттық қауіпсіздікке төнуі мүмкін қатер» екендігі жазылған [8].

Заңсыз миграцияның бірден-бір себебі арзан жұмыс күшi арқылы қаржы үнемдеу болып табылады. Әртүрлi мәлiметтер бойынша, импорттаушы мемлекеттерде еңбек мигранттарының 60-70 пайызы заңсыз түрде жұмыс iстейдi, миграция ұйымдарында гастарбайтерлердiң 5/1 ғана ресми түрде тiркеледi.

Көші-қон жағдайларына байланысты орын алатын заңсыздықтар көлемі де артып келеді. Олардың 90 пайыздан астамы ел аумағына заңды түрде кіреді. Мемлекеттің Өзбекстанмен, Ресей Федерациясымен шекаралас өткізу бекеттері арқылы заңды түрде қолдарына миграциялық карточкасын алады. Бұл жердегі заңсыздықтар олардың келгеннен кейінгі немен айналысатындығына байланысты. Келу мақсаттары жеке шаруамен, қонаққа деп келеді, бірақ, келгеннен кейін бұл жерде заңсыз жұмыс істеумен айналысатындар басым. ІІМ–нің статистикалық мәліметтеріне қарасақ, жеке шаруасымен келетіндердің саны жұмыс мақсатымен келетіндер санынан әлдеқайда көп. Алайда 2006 жылғы жүргізілген жаппай заңдастыру барысында жеке шаруасымен келушілердің басым бөлігі елге келгеннен кейін жұмысқа тартылған. 2011 жылы ішкі істер органдарында 1 млн. 354 мың 247 шетелдік тіркелді, оның ішінде 1 млн. 196 мың 199 адам шығу мақсаты ретінде «жеке істері бойынша» санатты көрсеткен, бұл ретте олардың көбісі заңсыз еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шығады. Біздің қазіргі шешілмей, түйіні табылмай тұрған басты мәселеміздің бірі осы. Төмендегі кестеде, 2014 жылы Қазақстанға уақытша келген шетел азаматтарының келу мақсаттары жайлы мәлімет көрсетілген [4].

Қазақстан Республикасына уақытша келген шетел азаматтары жайлы мәлімет, 2014 ж.

Кесте 1



Елдер


Тіркелгендер

Жалпы

Қызмет бабымен

Жұмыс-қа

Жеке шаруасы бойынша

Туристік мақсатта




Жалпы

1166959

93027

38339

1030753

4840




ТМД елдері

1036484

41554

10385

983116

1429

1

Қырғызстaн

28846

2136

235

26414

61

2

Ресей

588398

20856

5768

560817

957

3

Тәжікстан

10965

426

188

10351

0

4

Өзбекстан

351882

11102

1325

339407

48




Басқалары

56393

7034

2869

46127

363




ТМД-дан басқа

130475

51473

27954

47637

3411

5

ҚХДР

48285

12444

5027

30226

588

6

Түркия

33761

20132

6973

5950

706

7

Германия

3234

638

197

2189

210




Басқа

45195

18259

15757

9272

1907



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет