Диплом жобасының жалпы сипаттамасы қазақ тілін оқытуды басқа пәндермен интеграциялай оқыту туралы түсініктеме беріп қана қоймай, жаңартылған білім мазмұны асында көптеген тиімді эксперименттер жасап, толықтай алғышарттары қамтылып



бет11/22
Дата16.06.2022
өлшемі0,85 Mb.
#146687
түріДиплом
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22
Байланысты:
Интеграция

1. «Қазақ әдебиетімен» байланысы: тіл – әдебиеттің бірінші элементі; қазақ тілін оқытып-үйретуде кез келген көркем туындының тілдік элементтеріне сүйенеді. Әдеби шығарма тіл үшін құнды материал болып саналады, көркем шығармаларды оқу барысында стиль түрлерінің авторлық қолданысын ажырата білу көзделеді;
2. «Қазақстан тарихымен» байланысы: Қазақстан тарихы пәнімен байланыстырып оқыту оқушының тілді ұлттық құндылық ретінде тануына мүмкіндік береді. Ұлттық дүниетанымға негізделген білім қорын тілдік деректермен таниды.
3. Жаратылыстану бағытындағы ғылымдармен байланысы: тілдік материалдардың мазмұны дүние-жаратылысқа қатысты. Тіл дыбыстары физикалық құбылыс ретінде танылады. Дыбыстау мүшелерінің қатысы тұрғысынан физиологиямен, компьютермен, қазіргі радио, теледидар тілімен байланысты.
4. Орыс және шетел тілдерімен байланыстылығы. Бұл алдымен грамматикалық оқытудан байқалса, ана тілі мен орыс және шетел тілдерінде кездесетін ортақ грамматикалық ерекшеліктер ережелерді зерттеуде танылады. Сонымен қатар, бұл салада мәдениеттану, саясаттану (политология) істері де қатар жүреді [9].
Пәнаралық байланыс – жақын арада қалыптасқан мәселе емес, ол ХVІІІ ғасырдан бері қалыптасқан прогресшіл педагогикалық теория ретінде қарастырылады. Пәнаралық байланыс негіздерін теориялық және эксперименттік тұрғыдан терең зерттеген К.Д. Ушинский, Н.К.Крупская, т.б.
Республикамызда бұл тақырып әліге дейін қарастырылу үстінде. Мектеп мұғалімдерінің іс-тәжірибесінде пәнаралық байланысқа жеткілікті дәрежеде мән берілмей келеді. Күнтізбелік, қысқа мерзімді сабақ жоспарларында пәнаралық байланыс мәселесін басшылыққа алуда нақтылық жоқ, үстіртін қарастырады. Қазақ тілін әдебиет, тарих, математика, биология, география, бейнелеу өнері, шет тілі, орыс тілі, сурет, ән сабақтарымен байланыстырудың мүмкіндіктері мол бола тұра, мектеп мұғалімдерінің эксперименттерінде қазақ тілін тек әдебиетпен ғана байланыстыру болып келеді. Мұғалімдер тәжірибесінде оқушыларға пәнаралық сипаттағы проблемалы сұрақтар беру, үйге берілетін тапсырманың да пәнаралық негізде болуы ескеріле бермейді.
Мектептерде өткізілетін сыныптан тыс жұмыстардың да пәнаралық сипат алуы жеткіліксіз. Ғалымдардың жүргізген эксперименттерінің негізінде келесі ұсыныстар жасалған:
1. Қазақ тілінің психология, педагогика пәндерінде пәнаралық байланыс мәселесі дұрыс жолға қойылуы керек;
2. «Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар» негізінде пәнаралық байланыс әдістері қолданылса;
3. Мектеп бағдарламасына қазақ тілін әдебиетпен қатар, басқа да пәндермен байланыстыра оқытудың алғышарттары енгізілуі шарт;
4. Қазақ тілінен берілетін грамматикалық жаттығуларды пәнаралақ байланысқа негіздеуге баса көңіл бөлу керек;
5. Оқушыларға пәнаралық байланысты көрсететін түрлі сұрақтар, грамматикалық ойын үлгілерін жасап, компьютерге программалар жасату;
6. Пәнаралық байланыстың теориялық, тәжірибелік жағын танытатын, әрі мұғалімдер басшылыққа алатын нұсқаулықтар (мұғалімдерге арналған) – әдістемелік әдебиеттер жазылуы керек;
7. Әрбір сынып оқушыларының ұғымдарына сай пәнаралық байланысқа негізделген қосымша дидактикалық материалдар (оқушыларға арналған) бастырып шығару керек;
8. Диктант, мазмұндама жинақтарына пәнаралық байланыс сипаттағы мәтіндер енгізу керек;
9. Оқушылар мен мектеп мұғалімдері басшылыққа алатындай пәнаралық байланыс сипатындағы күнтізбелік, күнделікті сабақ жоспарларының үлгілері жасалып, баспа беттерінде жарық көруі қажет [9].
Пәнаралық байланыстың ең негізгі дидактикалық міндеті – оқыту процесінің білім беру, тәрбие беру, дамытушылық сипатының арасындағы байланысты құру болып табылады. Осыған орай, қазақ тілін оқытуда оқу материалдарын арнайы пәндермен байланыстыра оқыту өте тиімді болмақ. Сабақ жоспарын құруда оқытушы пәнаралық байланысты нақты көрсете білуі керек. Пәнаралық байланыс барысында шығармашылық тапсырмаларды, проблемалық сұрақтарды іріктеп ұсыну, оқушылардың логикалық ойлауын, кез келген жерде алдына қойған мақсатқа жету үшін керекті жолды таңдауға, сөйлеу дағдыларының дамуына өз ықпалын тигізбек. Шебер педагог пәндер арасындағы байланысты үндестікті оңай қолдана алады.
Қазақ тіл ғылымының бастауы тіл табиғатын жан-жақты зерделеген ғылыми еңбектермен қатарласа қалыптасқандықтан, оның теориялық бірліктері мен ұстанымдары да, бағыт-бағдары да белгілі бір ережеге бағына, жүйелі реттілікті сақтай отырып жүзеге асты деп айта алмаймыз. Тіл болмысын, оның қызметін адамзат атаулының тұрмыс-тіршілігімен, таным-қабылдауымен, пайым-түсінігімен байланыстыра зерделеу арқылы өзектелген бұл сала алғашқыда пәлсапа мәселелерінің тілдік тұжырымдарға етене араласуымен өзгешеленсе, одан кейінгі кезекте мұнда ғылымдардың ара-жігін ашуға ұмтылу, тілдің құрылымдық жүйесін сұрыптау, ал экстра факторларды екінші кезекке қалдыру әрекеттері көбірек байқалды, сол себепті аталмыш зерттеулерде танымдық ұстанымдардың деңгей-дәрежесі де бір қалыпты дамыған жоқ.
Дегенмен, «Адамзат баласы қашанда өзін қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстардың мәнін, сыр-сипатын жете білуге тырысқан. Бірте-бірте олардың даму заңдылықтарын ашып, дүние танымын кеңейткен», - деп ғалым Б.Сағындықұлы атағанындай, таным мәселелері адам баласының назарын әрдайым өзіне аударып келгендіктен, бірде арнайы бірде қосымша қарастырылған тілтанымдық ұғымдар мен бірліктер, олардың ғылыми-теориялық ұстанымдары бүгінгі күні аса құнды тұжырымдар қатарын құрау үстінде.
Нақты пәнаралық байланысты зерттеп, пәнаралық байланыс мәселесін жүйелі ғылыми негізде құру керектігін талап еткен Н.К.Крупская: «Әр пәнді оқып үйренуде әдебиет болсын, тіл болсын, қоғамтану, тарих, география, математика, тағы басқалары болсын – пәнді барлық жағынан бірдей алып зерттеп оқып-үйрену үшін диалектикалық тұрғыдан келу өте-мөте маңызды» - деп жазған.
Қазіргі таңда білім беру жүйесі барлық пәндерді өзара байланыстыра, кіріктіре, сабақтастыра отырып оқыту арқылы білім беріп, оқушыларды шығармашылық іс-әрекетке үйрету, жекебас дербестігін дамыту, бойларына жауапкершілік, орнылықтылық қалыптастыру мәселелерін шешу мақсатын көздеп отыр.
Пәнаралық байланыс білім беруді ұйымдастыру, жеке пәндер мазмұнының, мәтіннің бір-бірімен өзара жымдасуын қамтамасыз ететіндей белгілі бір жүйелілікті керек етеді. Осыған орай оқу процесі оқушылардың мақсатты-бағдарлы іс-әрекетпен шұғылдануымен қатар танымдық іс-әрекетін қалыптастырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет