Дипломдық ЖҰмыс 5В010200- бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы Шымкент, 2021 ф-19-01/02



бет10/31
Дата22.10.2022
өлшемі294,25 Kb.
#154515
түріДиплом
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   31
Байланысты:
Дипломды Ж мыс 5В010200- бастауышта о ыту педагогикасы мен діс

Дамыта оқыту технологиясының нәтижелері:
1. түрлі әдістерді пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі;
2. оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады;
3. олардың әрқайсысының деңгейін анықтауға болады;
4. оқушылардың көбін бағалауға мүмкіндік бар;
5. оқушыларды ізденіске баулып, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді;
6. оқушылардың қабілеттері, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігі артады;
7. жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауға, өзіне деген кәсіби сенімін қалыптастырады
Қорыта келгенде, дамыта оқыту технологиясы оқушы құзыреттілігін дамытуда аса маңызы бар технология.
1.4 Қызығушылықты ояту
Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой-толғаныс кезеңдерінен түзіледі. Енді осы кезеңдердің мақсат - міндет -теріне толығырақ тоқталып өтейік.
Үйрену процесі - бүрынғы білетін мен жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Осы арқылы ойды қозғау, ояту, ми қыртысына тітіргенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін "Топтау", «Түртіп алу», «Ойлану», «Жұпта талқылау», «Болжау», «Әлемді шарлау» деген аттары бар әдістер жинақталған. Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты үйренушінің белсенділігін арттыру. Өйткені үйрену енжарлықтан гөрі белсенділікті талап ететін іс -әрекет екені даусыз. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Яғни айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы артылады, тазарады. Осылайша ойлауга бірте-бірте қадам жасала бастайды. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы біліммен ұштастырады.
Ойлау мен үйренуге бағытталған бұл бағдарламаның екінші кезеңі мағынаны тану. Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалынады.
Еліміздің егемендігін алып, қоғамдық өмірдің барлық салаларында, соның ішінде, білім беру саласында жүріп жатқан демократияландыру мектепті қазіргі кезеңдегі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты. Қазақстан Республикасы Конституциясының «Білім туралы» заңы осының кепілі.
Бастауыш мектептің маңызы мен қызметі оның үздіксіз білім беру жүйе -сіндегі басқа буындармен ғана емес, ең алдымен, оқушы тұлғасы ұйытқысының қалыптасуы мен дамуы қатар жүретін ерекше құнды, қайталанбайтын буын екендігімен анықталып негізделеді.
Білім мазмұнын жаңартудың ғылым негізіне бастауыш сынып оқушысын белгілі бір қажетті біліктер мен дағдылардың иесі, оқу әрекетінің субъектісі, әр түрлі мәдениеттермен өз көзқарас тұрғысынан диалогқа түсетін автор және жас ерекшелігіне сәйкес өз жасын қалыптастыруға күш жұмсап еңбектенетін бала деп құрастыратын, осыған орай көп қырлы құрылымда білім - тәрбие мазмұнын анықтап құруға көмектесетін қазіргі заманда дамыта отырып оқыту идеясы алынады.
Л.В.Занков жүйесіне сәйкес бастауыш мектептің негізгі мақсаты баланы жалпы дамыту. Ал, жалпы дамыту деп байқампаздығын, ойлауын дамыту деп практикалық іс-әрекетті меңгеруі қабылданады. Сондай-ақ, ақыл, ерік-жігер сезімдерінің дамуы алынады.
Л.В.Занков жүйесінде арнайы жаңадан ойлап табылған әдіс жоқ. Өзіміз қолданып жүрген әдіс тәсілдер жаңа жағдайға бейімдей пайдаланылады. Сондай-ақ жаңа технологияны тиімді пайдаланудың мәні зор.
Дамыта оқыту жүйесіндегі қойылатын сұрақтар проблемалы, ойлауды, пайымдауды қажет ететіндей етіп беріледі. Оқушы да ондай сұраққа өз ойын , өз пікірін білдіре жауап беруге дағдыланады. Жауаптардың бірнеше вариантта болуы мүмкін екендігі қарастырылады.
Дамыта оқыту сабақтарында жаңа материалды талдауға зор көңіл бөлін -еді. Өйткені талданбаған шығарма бала жүрегіне жетпейді деп есептелінеді. Талдау бірлескен ізденіс. Ізденіс барысында мұғалім әр баланың көңіл күйін бақылауға, ой-пікірін байқауға мүмкіндік алады. Интеллект деңгейін анықтай алады. Әсіресе оқу сабақтарындағы материалды талдау арқылы шығарманың айтар ойы, идеясы бала жүрегіне жетіп талдау арқылы ар-ұят, қайырымдылық, әдептілік сияқты тамаша адамгершілік қасиеттер балалар бойына жұғысты болады. Істеген ісің - тындырған ісіңнің тілсіз куәсі. Баға - оқушы білімінің басты көрсеткіші[11].
Мектеп оқушыларының білімін бағалау туралы айтылып жүрген әңгіме- лер аз емес. Бағалаудың педагогикалық және психологиялық жағына назар аударсақ, бастауыш сыныптарда бала әр жауабына жасаған еңбегіне баға алғысы келеді. Ол баланың еңбектерінің бір-екеуі бағаланбай қалып отырса баланың белсенділігі азая береді және де ол әр еңбегіне жеке-жеке баға қойып, журналға қою мүмкіншілігі жоқ. Баланың бүкіл еңбегін сабақтың соңында бағалау менің ойымша дұрыс емес. Сабақтың соңында біреуі бір сұраққа жауап беріп «5» алса, екіншісі 4 сұраққа жауап беріп баға алып отырады. Бұл баланың белсенділігін жоғалтады. Көптеген мұғалімдер қоңыраудан кейін:
Балалар, кідіре тұра тұрыңдар! Баға қоямын! - деп те жатады.
Бірақ мұғалім бұл жерде мынадай мәселелерді ескермегенін байқамайды. Біріншіден, мезгілі өтіп кеткендіктен кімге қандай бағаны қойғанын есте сақтай бермейді. Екіншіден, оқушылардың көңілі далада, ойында тұрады да, баға өзінің тәрбиелік бағытын осалсытып алады. Үшіншіден, мезгілінде қойыл -маған баға білімді сапалы бағалау дәрежесінде бола алмайды.
Бағалаудағы мүғалімдердің еңбегін жеңілдету үшін және бала -лардың қызығушылыгын арттыру үшін балалардың өздеріне дөңгелекшелер жасаттым. Төрт көк дөңгелек, Төрт - қызыл дөңгелек, Сары - үш дөңгелек. Қара - екі дөңгелек. Барлығының көлемі бірдей болуы керек. Әр сабақта алдарында тұрады.
Бұл не үшін керек?
Бұл бала өз еңбегін өзі бағалай білуі үшін керек. Егер бала бір сабақ үстінде бірнеше сұраққа жауап берсе, тапсырмалар орындаса соны жеке-жеке бағалап отырады. Бір сұраққа жауап берсе бір деңгелекшені қатарға қояды. Екінші сұраққа жауап берсе екінші дөңгелекшені қояды. Үшінші тағы бір тапсырманы орындаса немесе дәптердегі жұмыстарға немесе шығармашылық жұмыстарға баға алса, үшінші дөңгелекшені қойып отырады. Осылай бала өз білімін өзі бағалап отырады. Менің бір байқағаным бала өзіне артық баға қоймайды екен. Сабақ аяқталуына 3-4 минут қалғанда мұғалім аралай, бағасын күнделікке қойып шығады, Төрт көк дөңгелекше алған оқушыға бес деген баға қойылады, екі көк, екі қызыл дөңгелекше болса салыстырмалы бес қоюға да болады. Ал қара дөңгелекшені көргенде еш уақытта екі қоюға асықпаңыз. Бастауышта екі қою баланың сағын сындырады.
Ш.А.Амонашвилидің тәрбие туралы әдісінде балаға сенімді көзбен қарап, оның бойындағы жақсы қасиеттерді көріп, соны үнемі арқау етіп, «сенен жақсы оқушы шығады, сен оны түсіндің, ертең жаттап келіп "5" аласың", деген жылы сөздерді жиі пайдаланып отырсақ, оқушы бойында жауапкершілік қасиет қалыптасып, өзіне, оқығанына, мұғалім, жан-жанындағы достарының қуанаты- нына көзі жетіп, өмірге деген қызығушылық арта түседі.
Қорыта айтқанда, бастауыш мектеп - бұл оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды, қайталанбас кезеңі. Сондықтан да бастауыш білім үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, қиын да қадірлі жұмыс. Бастауыш мектеп балаға белгілі білім ғана беріп қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқу, қоршаған ортаға дұрыс көзқараста бөлу, жағдайлар -ды объективті түрде бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретеді,
Дамыта оқытудың да басты мақсаты - баланы оқыта отырып, жалпы дамыту. Әрине, бастауыш сынып оқушысының зейіні түрақсыз, импульсивті, қабылдау мүмкіндіктері де әртүрлі болады. Дегенмен, әр баланың бір нәрсеге бейімі болады. Бейімділік - оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Баланың жасырын, тіпті тым тереңде жатқан қабілеттерінің көрінуіне мүмкін -дік жасау тек оқыту үрдісі кезінде үлкендердің басшылығымен жүзеге асады. Педагогика ғылымы - еш нәрсеге бейімі жоқ, қабілетсіз адам болмайды деп дәлелдейді. Сол себепті, балалардың қабілетін кеңінен өрістете дамытуға тек мектеп, яғни ұстаз ғана мақсатты түрде ықпал ете алады.
Оқушылардың сабаққа қызығушылығын, шығармашылық қабілеттерін дамытуда әртурлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады.
1. Ой шапшаңдығын, сөз байлығын дамытуда өлең шумақтарын құрастыру
2. Шығарма жаздырту.
3. Мәтін, ертегі, әңгімені өз бетінше аяқтау.
Сабақ сапасын арттыру, жақсы білім дәрежесіне жетуде әртүрлі әдіс тәсілдерді қолдануға болады.
1) Оза оқыту әдісін қолдану.
2) Оқушыларға қосымша тапсырма беру.
3) Әр оқушыға ереже дәптерін арнату.
4) Қабілетті оқушылармен жұмыс.
5) Олқылықтарды болдырмау, жеке тұлғамен жұмыс.
6) «Ұстаз - оқушы - ата-ана» байланысын күшейту.
Адам бойындағы керемет қасиет, асыл қазына ақыл, ой және сананың сапалылығымен өлшенеді. Сондықтан, «Мемлекеттік стандарттағы білімнің міндетті деңгейінен мүмкіндік деңгейіне жеткізетін - білім сапасы» деп есептеу керек.
Білім сапасын көтеру үшін жазба жұмыстарын көбірек алу керек. Жазба жұмысы - сапа көрсеткіші.
Қатемен жұмысты оқытудың жаңа технологияларының талабына қарай ұйымдастыру қажет.
І. Жеке баламен, қатемен жұмыс.
а) талдау кезеңі.
ә) зерттеу кезеңі.
б) дәлелдеу кезеңі.
II. Топпен, қатемен жұмыс.
а) талдау кезеңі.
ә) зертеу кезеңі.
б) дәлелдеу кезеңі.
1.5 Ана тілі сабағында халық педагогикасын пайдалану арқылы оқушылардың танымдық қызығушылықтары мен шығармашылық қабілеттерін дамыту
Қазақтың халық педагогикасы бұрын соңды еш уақытта ғылым ретінде байыпталып та, жинақталып та, жүйеленіп те көрген емес. Ондай болса, оның негіздері мен методологиясы анықталып көрген жоқ. Ал теориясы қалыптаспа- ған сабақ үнемі үзіліссіз алған жылдардың ішінде-ақ халқымыз көне тарихын тірілтіп, жаппай халық педагогикасын жандандырып ұмтылып келеді. Өйткені біздер басымыздан кешіріп отырған қазіргі мезгіл бүкіл адамзаттың мәні бар, тарихи кезеңінің сәті екендігі анық. Кешегі «Қызыл империя» қүлағаннан кейін, қоғамдық формацияның өзгеруіне орай қолданып келген бүкіл педагогикалық жүйенің күлпаршасы шықты. Сондықтан адам тәрбиесінің мәні мен мазмұны жойылып бос кеңістіктер пайда болды. Осынау бос кеңістікті толтыру үшін аңсаумен жетіп, бас бостандықтарын алған халқымыз, бірден халық педагоги -касын ұрпақ тәрбиесіндегі орнымен қоғамдық мәніне жаңаша көзқарас беріп отыр.
Біз үлкен болайық, кіші болайық, бәріміз де талай - талай төл мініп, төліміз тоқсан тарау арнамен кең тоғысқан тартымды тәрбиенің жемісіміз...
Тірлік ету үшін жан тәжірибе жияды, топтап жинақтайды, саралап түйіндейді, оны қорытындылайды. Осы қазынасын орайы келсе, өзгелерге таратады, игілігіне асырады.
Ата-ана тәрбие мәселесінде өз тәжірибесінде түйген білгенін, ұстаған қағидасын жолай, уақытпен үндестіре түзетіп, жаңалап жаңғыртып отырады. Тегінде ең берекелі, ең парасатты тәжірибе - әрине, халық түйген тұжырымдар, ғасырлар бойы зергерлік ұқыптылық сұраптаған үрдістер, дамыған даналық дәстүрлер, ұстаздық ойлар болса керекті.
«Бала - жүректің шынысы» деп қарайтын балажан халықтардың бірі, қазақ халқы да балаға ежелде болашағым деп қарайды, игі де зор үміт артады, әр ата-ана арманын ұрпағына аманат қып тапсырады. Халық тағлиматын зерттеудегі қайнар көздер педагогикалық мазмұнды және сол бағыттағы фольклорлық нұсқаулар, этнографиялық ілімнің жетістіктері әсер етсе, бүкіл Адамның жан дүниесінің тәліміне халық педгогикасының негіздері мен жүйелері әдістері ықпал етеді. Олай болса қоғамдық мәні зор - адам тәрбиесінің алтын қазығы болып саналатын, халық педагогикасын негіздері мен жүйелерін анықтап алмай болмайды. Ол үшін оның методологиясын жасау керек[5].
Оларды шартты түрде төмендегідей етіп жіктеу керек.
1. Халық педагогикасының 1- ші негізі (семья құруға дайындық)
... Атаны бала алдады.
Шешеге назар салмады,
Жеңгелер жақсы қалмады.
Қысқа менен ұзыннан
Мәстек озып бәйгеге алды,
Тайынша пұл боп, тай қалды
Бағасыз қыран жай - қалды.
Достықтың қылы үзілді.
Дулат жырау.
2.Халық педагогикасының 2-ші негізі. (Ана құрсағындағы тоғыз ай) Этнопедагогика - адам тәрбиесінің заттық және салттық жағын камтиды..!! Ұждан.
Халық педагогикасының 3-негізі. (Биіктің тәрбиелік мәні)
Халық педагогикасының 4 - негізі.(Балбөбек кезеңі)
« Бала тілі - балдан тәтті..»
Халық мәтелі.
Баланың бұл кезеңінде ақыл - ой тәрбиесінің ықпалымен сәби жүрегінде бірте-бірте марқая жетілген оның қоғамдық тұлғасы қалыптасады. Бұл адам тәрбиесінің екінші методологиясы екенін естен шығармау керек .
Халық педагогикасының 5-ші негізі. (Бастауыш мектеп кезеңі)
Халық педагогикасының 6-шы негізі. (Бастауыш мектеп кезеңі)
Халық педагогикасының 7- негізі. (орта білім беру және кәмелеттік кезең)
Ақылменен теңгеріп
Қайратыңа дем беріп,
Өзіңді - өзің меңгеріп,
Қайырудағы сұңқардай
Мезгілімен жем беріп,
Қымта, ұста тізгінді
Анадан да сақ болып,
Тартпақ атқа мінгендей,
Алдыңа бесін өңгеріп,
Мақсатына сөйтіп жет
Дулат жырау.
Халық педагогикасының жеті түрлі негіздерін ескере отырып, екі жүйе -мен жетілдіре алатын, әуелі биологиялық индивид ретінде, сонан соң қоғамдық тұлғаға ауысатын методологиясы бар екен. Ғасырлар бойы қазақ елінің әлеумет - тік даму процесінде ықпал жасаған, оны калыптастыруға бабаларымыздың педагогикалық екі жүйесі өз ерекшеліктерімен кәсіби еңбек түрлерін ұрпақ бойына сіңіре білген. Ол ерекшіліктер төмендегідей:
1. Жас ұрпақты кәсіби еңбекке тәрбиелеу процесін бүкіл ел болып жүргізген.
2. Әр бір шебердің немесе іскердің кәсіпке тәрбиелейтін шәкірттерінің санаулы ғана бөлуы. Олар шәкіртті генетикалық тұрғыдан сұрыптап тәрбиеге алған.
3. Баланы кәсіби еңбекке тәрбиелеуде теорияның, практикалық жұмыстың молдығы немесе теория практикалық жұмыс процесі арқылы жүргізілген.
4. Тәрбиенің кәсіби еңбектегі фантазиялық қорыту алқындылығының молдығы.
5. Шеберлер мен шәкірттердің өз жұмыстары мен өнер туындыларына жергілікті материалдарды молынан қолдана білу.
Қазіргі дәуірде, ғылым мен техниканың жетілген уақытысында, республика бойынша мектепке дейінгі және орта білім жүйесі бала тәрбесінің негізгі тірегі.
Осындай жүйелерге сүйене отырып ана тілі сабақтарында ауыз әдебиетінің мақал мәтел, өлең терме, ана әлдиі, ана тілегі осылар сияқты мол қазынасының оқушылар жолына лайық материалдар таңдалып алынып кеңінен қолданады. Ана тілі сабағында оқушылардың ойын дамыту, сөздік қорын молайту, салт дәстүрге тән сәлемдесу, жеті атаны тарату, тиым сөздер т.б пайдаланады. Осының бары халықтық педагогика элементтерін кеңінен пайдаланып өткізетін сабақтардың білімділігін арттыру.
Дана жұртымыз "Өнер алды - қызыл тіл" деген екен. Тіл үйренудің өзі де -ана құрсағынан басталғандығын айтсақ, көп адамдар сене бермейтіндігін де түсінеміз. Өйткені, біздің көкірегімізде "болады" дегеннен гөрі "болмайдыға" бой алдырып кеткеніміз қашан! Осы тәріздес қисық ұғымнан арылуға да уакыт керек. Әйтсе де, табиғат шебердің құдыретін мойындамай тіпті де адам тәрбие- лерінің күрделі күрмеулерін шеше алмайды.
Тіл үйренудің өзі де кезең-кезеңдердең тұрады. Екінші кезеңі болса, бала дүниеге келгеннен кейін сәбилік кезеңде тілі шыға бастайды. Ал, мектеп табалдырығын аттап, әліппе ұстағанда, әрбір әріп өзінің жазылу формасымен де, естілу дыбысымен де баланың әуелі сыртқы без сезімін, сонан кейін біртіндеп, ішкі без сезімдерін үндестірумен жетілдіре түседі. Мектеп қабырға- сында тәрбие сабақтары, жеке-жеке пәндер арқылы өзінің жүйесін табады. Осы пәндердің ішіндегі ең ардақтысы да, адамшылықтың тәрбиелер алтын бесігі де, осы ана тілі сабағында - халық педагогикасын кеңінен пайдалану. Тек тілі дұрыс дамыған баланың ғана сөйлеу қабілеттерімен логикалық жүйесі де мықты болмақ. Ең әуелі сүйенер құдіретіміз, халқымыздың ғасырлар бойы жасаған рухани казыналары мен салт - дәстүрлерінің өмірінен қуаттары болуға тиісті. Осы мәселе жайында ата-бабамызға мыңда бір рахмет айтамыз.
Себебі, қазақ халқының ұрпағына қалдырған фольклорлық байлығын дүние жүзінде ештеңемен салыстыруға болмайды. Аса үлкен бай мұра?! Мысалы, тек ауыз-ертегілерінің өзі ғана қиял-ғажайып, тұрмыс-салт, хайуанаттар, шыншыл, күлдіргі, өтірік өлең аныздар тәрізді боп сан түрге бөлінсе, еліне үлгі шашқан жеке адам аттарымын байланысты - Қорқыт, Асан қайғы, Алдар көсе, Жиренше, Қарашаш, Қожанасыр, Аязби, Күй аңыздар болып түрлене береді. Ал батырлар жырлары мен ғашықтар жыры деп аталатын түрлі эпостардың өздері бір төбе. Осының бәріде халқымыздың тегінің мықтылығын аңғартса керек. Тегі күшті халықтың зердесі мен зейіндері терең болмақ. Мысалға алатын болсақ бастауыш сыныптарда мақал-мәтелдер, жұмбақ-жаңылтпаштар, баланың ой-өрісіне, тілін дамыту, тілін ұштау, тіл шеберлігін жетілдіру үшін қолданылады. "Сөз ойыны - мақал" дейді халық. Мақал - мәтел ойды қысқа, ұтымды, өмір тәжірибесінен туғыза айтатын сөздер.
"Туған жерге туын тік"
"Ер өзі үшін туады-елі үшін өледі"
Ырыс алды ынтымақ.
Бірлік болмай, тірлік болмас. т.б мақал-мәтелдерді тақырып бойынша, сабақ мазмұныңа сай оқытып, жаттатып, оның мән мағынасын түсіндіріп отыруға көп көніл бөлу керек. Оны айтудан жарыстар ұйымдастырып, әрі жазған жазба жұмыстарын осындай жүйелі сөздермен толықтырып қорытудың сөйлеу түрінде орынды пайдалана білудің үлкен өнер екенін ұғындыруымыз керек[7].
Халық ауыз әдебиеті басқада әдебиет үлгілерін халық педагогикасын оқыта отырып, ертегі аңыз кейіпкерлерінің сабаққа келіп, әр түрлі тапсырмалар беруі немесе оқушылардың өздері тігіп жасаған жұмсақ ойыншықтары арқылы сахналық көріністер ұйымдастыру ретіне карай сабақты ойын ертегі түрінде өтуде оқушының белсеңділігіне, кызығушылығын арттырумен қатар, сөйлеу мәдениетін акыл-ой парасатын қалыптастырады. Баланың қиялын дамыту-
жетілдіру үшін ойын ұйымдастыруда халық педагогикасының орны ерекше. Бір заманда халық қиялынан туындап, өз ұрпағын тәрбиелеудің ұтымды құралына айналған ұлт ойындары арнайы құрал-жабдықтарды өткізетін орынды талғамайды.
"Болашақ қайраткер ең алдымен ойын арқылы тәрбие алады"- дегендей әр сабақта ойынды тиімді пайдалану баланың сабаққа ынтасын арттыруға, оқулықтан тыс дүниелерден хабар алуына көмегін тигізеді.
Жарыс сабақтарында "Көкпар", "Қыз қуу", "Бәйге",
Қайталау, жаңа сабақты пысықтау кезінде "Орамал тастау", "Ақсүйек", "Асық" ойындарын бірнеше вариантпен ойнатуға болады.
Киіз үй, оның бөліктері немесе "Төрт - түлік" туралы жырларды оқытқанда "Киіз басу", Киіз үй құрастыру ойындарын, қазақтың қонақжайлық салт-дәстүрін дәріптеуде "Қонақ күте білесің бе?" сияқты ойындарды ойната отырып сабақ тақырыбымен байланыстыра ұлттық мәдениетіміздің бір саласы қолөнер бұйымдарын, ою өрнек туралы айта отырып, олардың еңбекке, өнерге икемділік қабілеттерін арттырады.
1. Мәтін бойынша сұрауларға жауап беру, бәйге ойынын ойната отырып, алынады. Үш қатарға ілініп қойылған қалташаларға әр қатардағы жауап бергендер санын анықтау үшін асықтың суреттері салынған карточкалар салынып отырады.
2. Одан соң мәтін бойынша Мысық пен Шоқанның арасындағы әнгімеден көрініс көрсету арқылы оқушыларға сұрақ қоя отырып, бұл жерде Мысық бойындағы өнер мен Шоқанның өнерге қызығатындығын көруге болатынымыз- ды аңғартады.
3. 3 топ өнер туралы мақал - мәтелдер айтып жарысады.
4.Үй тапсырмасын қорыта отырып,
Құйрықты жұлдыз секілді,
Туды да көп тұрмады.
Көрген білген өкінді
Мін тағар жан болмады - деген ұлы ақын Абайдың өлеңінде айтқандай Шоқанның өмірінің қысқа болса да, оның қалдырған еңбектерінің ұшан - теңіз екендігі, өз кезіндегі «Көшпенді қазақтың мәдениеті жоқ» деген европалық ғалымдарға қарсы пікір айта отырып ұлтымыздың мәдениетін, өнерін зерттегендігі айтылды.
5. Биылғы жылдың қандай жыл деп аталғандығын сұрау.
Археолог Әлкей Марғұланның «Мәдениет дегеніміз - адамзат баласының ақыл ойы, маңдай тері, қажырлы еңбегі», мәдениет пен өнер ісінің сан алуан сәулетті түрін көп уақыт сақтап келесі заманға мирас етіп отыруға болады- деген сөзін түсіндіру арқылы қазақ халқының мәдениеті, оның әр түрлі салалары ғасырлар бойы дамып, зор нәтижеге жетіп келеді.

  1. Өткен сабақтармен байланыстырыла бір аңыздан үзінді оқылады.

... Ол өзі жасап алған домбырасымен күй тартсам дегенде жұрттын бәрі күліп - мәз -мейрам болды. Ол бір күй тартқанда әлгілер қамығып жылай бастайды және бір күй тартқанда бәрі маужырап кетіпті ...
а) Аңыз не деп аталатын еді ?
Күй кұдыреті.
ә) Күйді тартқан кім ?
(Әль - Фараби ) деген сұрауларға жауап ала отырып, күйдің де өнер екендігі, оның құдыреті, күйшілік өнері туралы әнгімелейді.
а) Күйді тартатын кісі кім деп аталады?
ә) Күйді қандай аспаптарда ойнайды? сұрақтарына жауап алынып ,
б) Күй – күш иесі, домбыра — домбырашы қандай сөздер екендігі анықталады, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы "Күйші" деп аталады. Әңгіменің астарымен таныстырады.
8 . Қ.Аманжоловтың өлеңінен үзінді оқылды.
Домбыра мұнша сұлу болдың неге?
Күй толған көкірегің шежіре ме?
Сыр қозғап ғасырлардан жөнелесің
Саусағың тиіп кетсе ішегіңе – деген үзінді оқи отырып күй өнерін осы күнге дейін жеткізіп келген, 1. Құдіретті күш, 2. Күйші сазгерлер ..Қасиетті екендігі айтылады.
Халық арасында «Күй атасы – Құрманғазы, Тәттімбеттің тәтті күйлері-ай» - деген сөздердің бекерге айтылмағандығы, Құрманғазының өз домбырасын Динаның өнеріне риза болып сыйға тартқандығын айта отырып, 3 күйшінің суреттері көрсетіледі. Әрі қарай 3 топтың осы кісілердің атымен аталатынды- ғын түсіндіру. Бұлардан басқа күй өнерін жеткізген басқа да Дәулеткерей, Сүгір т.б күйшілер болса, қазіргі кезде оны жалғастырушылар Н. Тілендиев , Қ. Ахмедияров , Айгул т.б. сынды күйшілеріміз бар екені айтылады .
9. Мәтінмен жұмыс жүргізу барысында оқушылардың іштей мәнерлеп оқуы және қиын сөздермен жұмыс жүргізе отырып әр суретке ат қойылады.
а) Жолаушы
ә) үй ішінде
б) ақсақалдың өтініші
в) жаңа күй
10. Мәтінмен жұмыс. «Бәйге» ойыны бойынша қорытылып төмендегі -дей сұрақтарға жауап алынады.
1. Түйе жолаушыны қайда бастап апарды?
2. Жолаушыны кім қарсы алды?
3. Үй ішінде кімдер бар еді?
4. Ақсақал жолаушыға қандай өтініш айтты?
5. 0л тартқан күй қалай аталады ?
б. Күйдің әсері қандай болды?
7. Құрманғазының қандай күйлерін білесіңдер?
8. Мәтін жанрдың қай түріне жатады? - деген сұраққа жауап берген оқушылар « сый» сандықтан асық суреті салынған карточкалар арқылы сөздер айтады, онда: Өнерің өрге тасысын, бақытты бол, өркенің өссін, мақсатыңа жет, талабыңа нұр жаусын т.б. тілек сөздер жазылған. «Жақсы сөз — жан семіртеді» дегендей бұндай жақсы тілектер естіген оқушының да сабаққа ынтасы арта түседі.
9. Біздің мектебімізде күй өнерін құрметтеп жүрген оқушылардың бар екендігі айтылады.
10. Сабақты қорытындылау кезінде Қ.Сағырбайұлының 60- тан аса күйінің сақталып қазіргі кезде орындалып жүргендігі, оның мәдениетінімізге қосқан үлесінің ерекше екендігі айтылады. Астрахань облысында Құрманғазыға орнатылған кесене - мұражай және оның астында мектептік ұлттық аспаптар оркестрі бар екендігі айтылады.
11.Бағалау кезінде оқушылардың ынтасын арттыру үшін өте жақсы жауап берген оқушыларға домбыраның суреті сыйға тартылады. Асықтық домбыраның санына қарай Құрманғазы атындағы топтың басымдылық көрсеткіші анықталады.
12.Үйге тапсырмада мәтінді оқып мазмұндап келумен қатар «Алатау күйіне сурет салып келу тапсырылады.
Сабақта өнер адамдары, ұлттық саз аспаптары туралы қаттамалар, үн таспалар, Құрманғазының күйлері, қанатты сөздер, суреттер пайдаланылады. Бастауыш сынып оқушыларына өтілген сабаққа сай көрнекі құралдарды орнымен пайдаланудың маңызы зор. Көзбен көріп, көңіліне түйсін деген мақсатпен сынып ішіне «Балдырғандар ата-баба елінде», Баталы ұл - арымас, Тыйым сөздер» тақырыбына стенд жасалады.
« Ақылдың кені - данышпандар, Асылдың сөзі - ақылдың көзі», қазақтың ұлттық тағамдары, қазақтың ұлттық киімдері, төрт - түлік, ұлттық ою өрнектер» т.б. тақырыптарда қаттамалар, альбомдар жасалады.
Жалпы, бастауыш сыныпта ана тілі сабағында халық педагогикасына үйретудің маңызы зор. Халық педагогикасы - оқушының жан -дүниесін тәрбиелейтін ілім. Сондықтан оны ана - тілі сабағына пайдалана отырып түсіндіру үшін, жер бетіндегі тіршіліктің пайда болуына кеткен уақыт пен оның тікелей адамның тегімен байланысып жатқаны жайында айта келіп, бүгінгі ғылым мен белгілі замана ықылымдарынан сыр шертіп отыру керек. Ана тілі сабағында халықтық педагогиканы пайдалану үшін халқымыздың дәстүр салты — саз өнері, ой өрнегі - сияқты қасиеттер арқылы танып білуіміз қажет. Қашанда өзінің тегін түсінген халықтың ұрпағы кандай киыншылық кездессе де де төзе біліп, өздерінің алдына қойған мақсаттарына жетпей қоймайды. Мұның өзі түптеп келгенде, адам тәрбиесімен ата-баба зердесімен аса тығыз байланыстылығын көрсетсе керек.
Егер осы айтылған халықтың ұштаған касиеттерінің бүгінгі жай-күйіне тоқтасақ, олардың мәні мен маңыздарына түсінбейтіндіктен, мүлдем жойылып кетпесе де көмескіленіп бара жатқаны шындық. Өзіміздің ұлттық тарихы мен халық педагогикасынан мүлдем айырылып қала жаздаған жұртымыз, бірте-бірте мәңгүрттене жаздағанын айтып өткен жөн. Өзінің ана тілін білмеген әрбір адамға, сөз жоқ, елінің дәстүр салты да - сөз онері мен ой өрнегінің қажеттілігі шамалы - ау.
Егер біздер бастауыш сыныпта ана-тілі сабағында «халық педагогикасын» шын мәніндегі ғылыми жүйеде оқытқымыз келсе, онда Абайдың педагогика -лық еңбектері мен Фараби тәлімдерін бүгінгі ғылыми ойдың жетілу деңгейімен сабақтастыра отырып, кең түрде пайдалануымыз қажет.
XVII ғасырдағы Я.К. Коменскийдің дидактикалық жүйесінің негізгі қағидаларының бірінде де баланың ақыл-ой күшін, қабілеттерін дамыту олардың білімге деген құштарлығын оятып, қызығушылығын арттыра түседі делінген.
Дамыта оқыту ұлы неміс педагогі А.Дистревегтің әйгілі «Неміс мұғалім -дерінің білім беру ісіне басшылық» атты еңбегінің де негізі болып табылады. Дамыта оқыту деп ол баланың білім алуға әрекет етуін ұйымдастыруын оқытуды атаған. «Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мүғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді» - деген.
Орыстың ұлы ағартушысы К.Д.Ушинский де өз дидактикалық еңбектерін- де бастауыш мектеп жасындағы балаларды оқыта отырып дамыту мәселелеріне ерекше тоқталып, арнайы әдістеме жасаған.
Осылай бола тұрғанымен, «дамыта оқыту» деген терминге көзқарастар мен пікірлер әртүрлі, себебі «дамыта оқыту» ұғымына берілген түсініктер әртүрлі және «дамытпайтын оқу бола ма?» деген сұрақтар жиі қойылады. Дәстүрлі оқу әрекетіндегі басты олқылық көпшілік жағдайда окушылардың тек орындаушы ретінде көрінуі, шығармашылыққа жағдай жасалына бермейтіндігінде.
Алайда дәстүрлі оқыту бала дамуына тек қондырғы болып дамуға стихиялы әсер етсе, «дамудың соңында жүрсе», ал екінші жағдайда «оқыту дамуды өзімен бірге ала жүреді» деген Л.С.Выготскийдің пікірінен көп нәрсе аңғаруға болады. Алғашқыда, оқытудың тиімділігі алынған білімінің көлемімен, санасымен өлшенсе, соңында білімнің тиімділігі қабілеттің деңгейімен, әрекеттің негізгі түрлерінің қаншалықты дамығандығымен өлшенеді.
Мақсаты балаларға дайын пәндік білім, біліктердің белгілі бір жиынтығын берумен шектелетін, нәтижесінде догмалық ойлауы басым, дайын нұсқаулар мен бұйрықтарды орындай білетін адамдарды тәрбиелейтін қазіргі мектепте орын алып отырған дәстүрлі оқыту жүйесі мұндай адамдарды дайындауға негіз бола алмайтындығын өмір көрсетті. Сондықтан жаңа сапаға ие, шығармашыл, қабілетті адамдар тәрбиелеу үшін дамыта оқыту жүйесін ең негізгі басшылыққа алар нысана деп білеміз.
1.6 Оқу мен жазу дағдыларын қалыптастыру


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет