Дипломдық ЖҰмыс 5В010200- бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы Шымкент, 2021 ф-19-01/02



бет9/31
Дата22.10.2022
өлшемі294,25 Kb.
#154515
түріДиплом
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   31
Байланысты:
Дипломды Ж мыс 5В010200- бастауышта о ыту педагогикасы мен діс

Дамыта оқыту жүйесіндегі сабақтардың типологиясы:

  • Оқу міндетін қою сабағы

  • модельдеу сабағы

  • түсінікті нақтылау сабағы

  • нақтылау сабағы

  • бағалау сабағы

Дамыта оқыту белгілері:
1. Педагогикадағы түсіндірмелі-иллюстративті әдіс таңдалады. Бұл әдіс тұлға дамуымен тығыз байланыста.
2. Дамытудың барлық заңдылықтарын ескереді, жеке бастың өзіндік деңгейі мен ерекшелігіне сәйкестендіріледі.
3. Бала іс – әрекеттің толыққанды субъектісі болып табылады.
4. Балаға қоршаған ортамен өзара қатынасқа түсетін дербес субъект рөлі беріледі.
5. Тұлғаның барлық қасиетін тұтас дамытуға негізделген.
6. Баланың дамуы жақын даму аймағында жүзеге асады.
Осылайша, дамыта оқыту бойынша сабақ кезеңдерінде:

  • оқушылар сабақтың мақсат, міндетін өздері анықтайды

  • проблеманы шешу жолын іздестіреді

  • жаңаны өздері табады

  • ақылдасады, кеңеседі

Аталған әрекеттері арқылы әр оқушының проблеманы шешу, ақпараттық, коммуникативтік құзыреттіліктері қалыптасады. Құзыреттілік қалыптастырудың келесі міндеті әр сабақтың өмірлік жағдайлармен байланыстылығы. Бұл орайда құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағдарланған тапсырмалар қолданылады[11].
Дамыта оқыту жүйесі бойынша сабақтарды даярлау және өткізу этаптары:
І. Әдістемелік іс – әрекет жағдайында мақсат пен міндеттерді меңгеруі

  • Сабақтың мазмұны

  • Оқу жағдайын ескеру

  • Әдістемелік тәсілдерді қолдану

ІІ. Келесі сабақтың моделін жоспарлау

  • Сабақтың негізгі мақсаттарын анықтау (аралық міндеттер мен шешу жолдары)

  • Сабақтың әр кезеңіндегі оқушының негізгі әрекет түрлерін анықтау

  • Оқушы әрекетін ұйымдастыру әдіс-тәсілдерін таңдау.

ІІІ. Сабақты жүргізу.

  • Әр сабақтағы баланың іс – әрекетін ұйымдастыру

  • Оқушымен жанама қарым-қатынас

  • Жұмыс барысын бақылау жұмысы

IV. Рефлекция (Сабақтың қорытынды бағасы)

  • Қойылған мақсатқа жету

  • Тақырып бойынша өзгерістер енгізу

  • Оқыту нәтижесіне талдау (жетістіктер мен кемшіліктер)

Дамыта оқыту оқушылардың ізденгіштік - зерттеушілік іс-әрекетіне тән. Оған тән сипаттар:
- оқушының алдына ізденуді жүзеге асыру қажеттілігін тудыру керек,
- іс-әрекеттің бастапқы кезеңі – оқушылардың алдына олардың әрекет жағдайын жаңаша талдап, оны жаңаша түсінуді талап ететін оқу міндеттерін қою,
- осы міндеттерді шешуді, яғни іздену іс-әрекетін ұйымдастыру, мұнда үлгі көрсетуге болмайды, сондықтан мұғалім оқушыларды іздену іс-әрекетіне тартуы қажет, ол үшін екі шартты орындау керек:
1) Мұғалім өзара ізденуге басқарушы болмай, шын мәнінде қатынасушы болуы керек.
2) Ол оқушылар жүргізіп жатқан ізденуді шын мәнінде жүзеге асыруы керек, оларға дұрыс шешім көрсетуі керек.
Оқу міндеті шешілгеннен кейін мұғалім табылған шешімнің бағасын ұйымдастырып, оны басқа міндеттерді шешу үшін қаншалықты пайдалануға болатынын түсіндіреді
Дамыта оқытуда мұғалімнің басты міндеті:
Оқу материалдарын оқушыға дайын күйінде көрсету емес, оқушымен бірлесіп, жалпы іс – әрекетті ұйымдастыра отырып, алға қойған міндеттерді түсіндіру, оларды шешудің тәсілдерін, жолдарын іздестіру арқылы өз іс-тәжірибесінде қалай қолдануға үйрету.
1) Оқу әрекетін қалыптастыру, айналадағы дүниемен белсенді әрекеттестік, этикалық, эстетикалық қарым-қатынасқа дайындау, дара тұлғалық адамгершілік нормаларын меңгерту.
2) Оқу барысында баланың бойындағы дамуды қалыптастыруды дағдыға айналдыру.
3) Оқу мен тілдің арасындағы байланыстылыққа аса көңіл бөлу.
4) Сөздік қоры мен тілдің арасындағы байланыстылыққа аса көңіл бөлу.
5) Оқушының сезіміне әсер етіп, логикалық ойлауын дамыту.
6) Жалпы оқушының жан дүниесін дамыту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет