Дипломдық ЖҰмыс 5В010200- бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы Шымкент, 2021 ф-19-01/02



бет11/31
Дата22.10.2022
өлшемі294,25 Kb.
#154515
түріДиплом
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   31
Байланысты:
Дипломды Ж мыс 5В010200- бастауышта о ыту педагогикасы мен діс

Оқу және жазу дағдысын қалыптастырудың ғылыми негіздері
«Сауат ашудың негізгі мақсаты - оқу, жазу дағдысының негізін қалау, балаларды тыңдауға, оқуға, жазуға үйрету, балаларда сөздің дыбыстық құрылысы туралы түсінік қалыптастыру, әріп таныту, әуелі буындап, сонан соң тұтас сөзді, сөйлемді, мәтінді оқытуға үйрету, сауатты жазу негізін қалыптас- тыру, өз бетінше оқуға, кітапқа қызығушылығын ояту, ауызша –диалогтық және монологтық сөйлеуін дамыту».
Оқу және жазу дағдысын қалыптастыруда фонетика саласы үлкен роль атқарады.
Адам баласының тілі - дыбыстық тіл. Тіл дыбыстары - әрбір тілдің өмір сүруінің тәсілі. Егер сөздер – дыбыстардың тіркесі ретінде айтылмаса, онда тілдің өзі :
1.Қатынас құралы;
2. Пікір алысу құралы;
3.Танымдық құрал;
4. Ойлау құралы болмас еді.
Тілдің дыбыстық жағы оның замандар бойы өмір сүруіне ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыруына мүмкіндік жасады.
Тілдің дыбысталу жағы сөздер мен грамматикалық тәсілдердің өмір сүруі -нің формасы болып табылады. «Сөздік пен грамматикалық құрылыс тілдің мазмұнын құрайды да, дыбыстық жағы оның материалдық жамылғышын», оның физикалық формасын құрайды деуге болады.
Тіл дыбыстары сөз ішінде айтылады. Бірақ белгілі дыбыс арнаулы бір сөздің құрамында қолданылумен шектеліп қалмай, одан белгілі дәрежеде оңашаланып, абстракцияланады. Бұған дәлел - дыбыстардың барлық сөздерде кездесетіндігі.
Тілдегі лексикалық, грамматикалық құбылыстар тілдің дыбыстық жүйесіндегі фонетикалық құбылыстармен әрдайым байланыста, қарым - қатынаста, яғни бір дыбыс тіркесімен айтылады.
Сонымен тілдің барлық жағдайларында және қызметінде көрінетін дыбыстық құралдарымен тәсілдерін және тілдің дыбысталу түрі мен жазба түрінің арасындағы байланыстарды фонетика зерттейді. Фонетика лексикамен, грамматикамен, морфологиямен, синтаксиспен байланысты болады.
Мектепте дұрыс оқыту, дұрыс жаздыру әдістемесінің көптеген мәселелері фонетикаға негізделеді.
Сауаттылыққа үйрету тілдің жазба түрі мен ауызша түрінің арасындағы айырмашылықтар мен күрделі байланысты бірдей ескерген жағдайда ғана нәтижелі болмақ. Тілдің орфографиясы мен орфоэпиясына қатысты алуан түрлі мәселелерді оқып меңгеру - ең алдымен, тілдің дыбыстық жүйесін, ондағы жеке дыбыстардың табиғаты мен фонетика заңдарын жете білуді қажет етеді.
Бұрын жазуы болмаған халықтардың алфавиті мен графикасын жасау, сондай – ақ бұрыннан жазуы бар халықтардың орфографиясын өңдеп жетілдіру мәселелері фонетикаға негізделе отырып шешіледі. Тілдің орфографиялық нормасы да фонетиканың басты мәселелерінің бірі болып табылады.
Шет тілді оқып үйрену де, ең алдымен сол тілдің дыбыстық жүйесін, ондағы жеке дыбыстардың табиғатын танып білуден басталады. Шет тілді оқытуда ондағы дыбыстардағы ерекшеліктер ана тілдегі дыбыстармен салыстырыла үйретіледі. Шет тілді оқытуда да фонетика әдістерін қолданады. Бұл әдіс шет тілдегі дыбыстар мен сөздердің, сөз тіркестерінің айтылуын үйретіп, саналы түрде меңгерту үшін, шет тілі мен ана тілінің артикуляциясын бір - бірімен салыстырып отыруды басшылыққа алады.
Адамның психикасы ақыл, сезім және ерік қызметтерінің түрліше формаларынан көрінетіндіктен оны психо - физиологиялық процесс деп атайды Дүниетануға қажет ақыл – ой қызметі үшін түйсікпен қабылдау, ес пен ойлау, сезім мен қиял, зейін мен еріктің үлкен мәні бар. Баланың психикалық дамуы деген не? Баланың қануы, шаттануы, қиялдануы, ренжуі, ашулануы, жылауы, сөйлеуі - осылардың бәрі баланың әлеуметтік өмір тіршілігіне байланысты ішкі дүниесін, психикасын сипаттайды. Баланың нәзік, өскелең табиғатына жарасымды әдептілік, адамгершілік, естілік және тағы да басқа қасиеттері оның өсетін ортасындағы тәлім - тәрбиенің арқасында және қайшылықтарды жеңу үстінде қалыптасады, өйткені психикалық дамудың өзі баланың ұмтылуы мен жету жолындағы мүмкіндіктерінің арасындағы қайшылықтардың салдарынан туады. (Мысалы: ми қабығандағы болатын қозу мен тежелу, механикалық ес пен логикалық ес, ескі білім мен жаңа білім және т.б. )
Балаға қойылатын талап пен сол талапты орындай алу мүмкіншілігі арасында көптеген қиындықтар, кедергілер мен қайшылықтар кездесетіні белгілі. Бала өзін ересек адам етіп көрсетуге тырысады, олардың көпшілігі өзін асыра бағалайды, бірақ оның ақыл - ой өрісі, білімі немесе тәжірибесінің аздығы оған кедергі болады. Сонымен қатар бала ішкі қайшылықтардан басқа сыртқы қайшылықтарға да кездеседі. Мысалы: әлеуметтік орта баладан мәдениетті, әдепті, сыпайы мінез - құлықты талап етеді, ал олар мұндай мінез құлыққа дағдыланып жетпеген. Осы қайшылықтарды жеңу жолында да оған көптеген қиындықтар кездеседі.
Сонымен психикалық даму дегеніміз, жалпы алғанда, адамның қалыптасуындағы сапалық және сандық өзгерістер, ал жекелеп алғанда,
анатомиялық – физиологиялық есею, нерв жүйесінің жетілуі, білімінің артуы, сезім мен моральдық ұғымдардың пайда болуы, психикалық процесстердің қайта құрылуы, дүниеге көзқарастың қалыптасуы, белсенділік пен өзінше әрекет етудің көрінісі, белгілі бір мінез - құлыққа дағдылану.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет