Дипломдық ЖҰмыс 5В010200- бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы Шымкент, 2021 ф-19-01/02


Сауат ашу кезеңінде оқушылардың үйренетін біліктері мен дағдыла -рының шеңбері



бет14/31
Дата22.10.2022
өлшемі294,25 Kb.
#154515
түріДиплом
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   31
Байланысты:
Дипломды Ж мыс 5В010200- бастауышта о ыту педагогикасы мен діс

Сауат ашу кезеңінде оқушылардың үйренетін біліктері мен дағдыла -рының шеңбері
Сауат ашу кезеңінде балалардың бойында шартты түрде мынадай білік қалыптасады:
1) дыбыстарды, буындарды орын-орнына қойып сөз құрастыру, сөзден сөйлем құрастыру;
2) кеспе әліппе әріптерінен сөз құрау және жазу;
3) сөздердегі жуандық белгі (ъ) және жіңішкелік белгілердің (ь) айырма -шылығын ұғу;
4) қандай да болмасын тіркесіп келген дыбыстардан құралған сөздерді оқи алу;
5) әліппедегі мәтіндерді екінші рет оқығанда тыныс белгілерін сақтап оқи алу;
6) қарапайым мәтіндерді мұғалімнің сұрағы бойынша айтып беру;
7) қысқа өлеңдерді жатқа айта алу;
8) заттар туралы елеске сүйене отырып, қарапайым логикалық жаттығуларды орындай алу.
Сауат ашу кезеңінде балаларда шамамен мынадай дағдылар қалып -тасады:
1) сөзді буындап және тұтас сөздерді, сөйлемдерді дұрыс оқу;
2) көлемі шағын мәтіндерді саналы оқу;
3) айтылуы мен жазылуы бірдей, кейбір сөздерді жазу;
4) жазған сөздерін тексеріп отыру;
5) әріптерді бір - бірімен жалғап жазу.
Сауат ашу кезеңінде балалардың жас ерекшеліктеріне қойылатын педагогикалық талаптар
Оқу жұмысын ойдағыдай жүргізу үшін балалардың жас ерекшеліктері мен жеке ерекшеліктерін, олардың зейін, қабылдау, ес, ойлау, қиял, ерекшеліктерін, сезім, ерік жақтары мен қабілет, темперамент, мінез сияқты жеке қасиеттерін жақсы білу керек. Бастауыш сынып баласының зейіні тұрақсыз, оның толқуы сабақ үстінде күшті, ал бөліну қасиеті мүлде жоқ десе де болғандай, көлемі өте шағын болады. Сондықтан оқудың алғашқы күнінен бастап-ақ балаларды тыңдай білуге, оңай тапсырмаларды орындап жүруге үйрету керек. Олардың зейіндері заттарды бақылай білу, олармен жұмыс жасау арқылы тәрбиеленеді. Балалар суреттерді көргенде , әңгіме, ертегі тыңдағанда зейіннің тұрақтылығы арта түседі. Сабақтарда пайдаланылатын ойын элементтері, іс-әрекеттің нәтижелі түрлері, іс - әрекет формаларын жиі өзгерту – балалар зейінін тәрбиелеуге көмектеседі.
1-сынып оқушыларының ес ерекшеліктері: логикалық сөздік байланыс- тардан гөрі көрнекі бейнелердің басым болуы. Сөздік материалды олар механикалық түрде, мағынасына түсінбестен жаттап алады. Мұғалім бұл ерекшелікке де көңіл аударуы тиіс.
Бастауыш сынып оқушыларының қабылдауы мен ойлауында да толып жатқан ерекшеліктері бар: олар ажырата қабылдауды білмейді, тұтас қабылдай- ды. Осыған орай, мұғалім тапсырма бергенде дәлдеп, бөліктерге бөліп беру немесе заттар мен құбылыстардың құрамымен таныстыру т.б. ескергені дұрыс. Мысалы, олар алғашқы буын, дыбыс, сөз терминдерін шатастырады; мұғалім бірте-бірте бұл сөздердің әрқайсысының мағынасын ажыратып, мәнін аңғаруға үйретеді. Ажырата қабылдауға салыстыру арқылы да үйретуге болады. Мұнда тек әріптерді, дыбыстарды, буындарды, сөздерді ғана салыстырып қоймай , заттарды, құбылыстарды да салыстыруға болады. Мысалы, тауықты құстар қатарына қосуға бола ма? сұрағы арқылы егер болса, қандай белгілеріне қарай оны құс дейміз? Егер болмаса, неліктен құстар қатарына жатпайды? тағы басқа салыстыруды іске асыруға болады.
Оқытудың мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай болуға тиіс. Алайда оқылатын материал үнемі оңай, жеңіл –желпі орындалатындай болуы қажет деген ұғым тумаса керек. Оқыту процесінде шамасы жететін қиыншылықтарды өз күштерімен жойып отыруға оқушыларды мәжбүрлеген жөн. Өйткені қиындыққа кездеспейінше, ойлау белсенді қызмет атқара алмайды. Ал, екінші жағынан, шамасы жетпейтін қиындыққа кездессе, ой тежелуге ұшырайды, ерік күші мұқалады. Ендеше, бұдан шығатын қорытынды – сабақтың түсінікті болуы шарт.
Балалар оқып үйренетін «әліппе» кітабында жекелеген суреттер, сюжетті суреттер, түрлі-түсті бояу мен әдемі салынған схемалар, жұмбақтар және жаттығулар берілген. Бұл кезде балалар, жоғарыда көрсетілгендей, сөз, дыбыс, буын, сөйлем сияқты дерексіз ұғымдармен алғаш рет кездеседі. Бұл ұғымдардың мәнін нақтылап түсіндіру үшін көрнекі құралдардың (схема, сурет, кеспе, әліппе, кестелер және т.б.) пайдасы мол. Көрнекіліктерді ойын ретінде пайдалануға болады. Оның барлығы сабақтың нақты мақсатына байланыстырылып беріледі. Мұнда тағы да ескерілетін жай - бірден бірнеше көрнекілік ұсынуға немесе керегі болсын-болмасын, кез келген көрнекілікті ұсына берудің қажеті жоқ. Себебі: басы артық, тым көп көрнекілік те балалардың зейінін жинақтау, тұрақтандыру емес, керісінше, алаңдатып, зиянын тигізуі мүмкін.
Мұғалім балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, қарым - қатынас жасау барысында олардың жауап беру ерекшелігін, белсенділік көрсету қарқынын, жүріп тұру қалпын, қиналған жерлері мен жіберген қателіктерін есепке ала жүріп, әрқайсысына сұрақ қойғанда баланы жігерлендіретіндей, өзі үшін байқай алатындай, анағұрлым бір пайдалы жұмыс жағын мұқият іздестіреді.
Сауат ашу кезінде оқушыларды сөзбен сөйлемдерді саналы, дұрыс оқуға дағдыландырумен қатар, әріп элементтері мен жекелеген әріптерді түзу жазып дағдыландыру барысында балаларға табиғат, адамдардың өмір сүру жөнінде мағлұматтар беріліп, оларды айналадағы заттар мен құбылыстар туралы түсінігі кеңейе түседі.
Педагогиканың талабы бойынша, сауат ашудың бірінші күнінен бастап –ақ оның тәрбиелік мәніне зор көңіл бөлінеді.
Оқыту мен тәрбие, жеке тұлғаның дамуы – бір-бірінен ажыратуға келмейтін, тұтас бір процесс болғандықтан, тәрбиелік мәнінің өз ақыл-ой тәрбиесіне жатады.
Балалардың эстетикалық талғамын дамыту ертегі, көркем әңгіме, өлең оқу, сурет, музыка т.б. арқылы іске асырылады.
Баланың бастаған істі аяқтап шығу, көздеген игі мақсатына жету, ұқыптылық, уақытты дұрыс пайдалану т.б. мінез-құлық сапалары да сауат ашу кезеңінде тәрбиелене бастайды.
Сөйтіп рухани - адамгершілік, достық, ұлттық дәстүрді сақтау, Отанын, халқын шын жүректен сүю, эстетикалық еңбек тәрбиесі және т.б. жұмыстардың негізгі сауат ашу кезеңінде - ақ қалана бастайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет