Дипломдық ЖҰмыс 5В010200- бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы Шымкент, 2021 ф-19-01/02


Сауат ашу әдістемесіне қойылатын талаптар



бет15/31
Дата22.10.2022
өлшемі294,25 Kb.
#154515
түріДиплом
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   31
Байланысты:
Дипломды Ж мыс 5В010200- бастауышта о ыту педагогикасы мен діс

Сауат ашу әдістемесіне қойылатын талаптар

  1. Сабақтың мақсаты мен тақырыбы балаларға бірден тұтас айтылмайды:

сабақтың әрбір кезеңінде бөліп-бөліп айтылады. Сабақтың соңында бүгінгі сабақта не білгені не үйренгені туралы оның қорытындысы шығарылады.
2. Тапсырма бөлшектеліп, мазмұны бойынша қысқа-қысқа сөйлеммен, сұрақтармен беріледі .
3. Сабақтың әрбір кезеңінде (түсіндіру, сұрау, тексеру) бүкіл балалар белсенді болуы керек (тыңдау, жеке тапсырма орындау т.б.)
«Балалардың жұмыстың көптігінен емес, жұмыссыздықтан шаршайтындығын естен шығармау керек» (К.Д.Ушинский)
4. Сабақта көрнекілік пен дидактикалық материалдар тым өрескел көп болмауы керек. Оларды әрбір кезеңінің мақсаты мен міндетіне сай келетіндей бұрынырақ іріктеп пайдаланған дұрыс.
5. Оқу сабақтарында тақтадан, кеспе әліппеден, кестеден, Әліппеден тағы басқа көптеген құралдарды пайдаланып оқытуға көңіл бөлінуі қажет. Бұнда тіл дамыту, байланыстыра сөйлеуге үйрету, сын пікір білдіруге үйретіп отырған жөн.
6. Жазу сабақтарында дыбыстық талдауға көңіл бөлінеді. Ұқсас дыбыстарды салыстыру және жазылуы ұқсас әріптердің сызығын салыстыру және т.б.
Сауат ашу әдісі туралы ұғым
19 ғ. 60 - 70 жылдарында педагогтарға ортақ болған өзекті мәселе - бастауыш халық мектебінің оқу мазмұны еді. Қазақ даласында білім таратушы Ы.Алтынсарин қазақтың бастауыш мектептеріне оқулықтар жазды.
19-20 ғасырларда сауат ашу жұмысы буын және тұтас сөз әдісі бойынша жүргізілді.
Сауат ашудың негізгі әдісі талдау, жинақтау болып есептеледі. Бұл әдіс әсіресе 30-шы жылдардан бері әдістемеші ғалымдардың зерттеу еңбектерімен толықтырылып, жетіліп келеді.
Талдау - жинақтау әдісі қалай жүргізіледі ?
Сауат ашу кезінде талдау мен жинақтау бір-бірімен тығыз бірлікте байланысты жүргізіледі: балалар талдау арқылы сөздің қандай буындардан, дыбыстардан тұратынын ажырата алса, жинақтау арқылы дыбыстардан буын құрап, буындардан сөз құрап үйренеді. Сөйтіп, дыбыстарды жеке-жеке оқымай, бір-бірімен қосып буын етіп, сөз етіп оқитын болады.
Талдау - жинақтауға жаттыққан кезде мына жағдайларға сүйену керек:
1) Әрбір өтілетін жаңа дауысты дыбысты сөзден бөліп алып, мұқият зерттеу негізінде оқуға үйрету, онан әрі оның әріпі меңгеріледі және буыны, сөзі оқытылады.
Жалпы дыбыс пен әріпті үйретудің типтік схемасы мынадай:
1. Мәтіннен сөйлемді бөліп алу.
2. Сөйлемді сөзге бөлу.
3. Жаңа (үйретілген) дыбысы бар сөзді бөліп алу.
4. Жаңа дыбысты бөліп айтып үйрену.
5. Оның баспа әрібін көрсету.
6. Кеспе әліппеден сөзді құрастыру.
7. Ол сөзді оқу.
8. «Әліппеден» жаңа сөздер оқу.
9. «Әліппеден» тіркестер оқу.
10. Жаңа дыбыстың жаңа түрін көрсету және оның бөліктерін (әріпті) жазу, кейінірек сол әріппен сөз жазу.

Бұл схемадан сөзді оқу құрамындағы дыбыстарын саналы ұғынып, буынды оқу арқылы үйренеді. Сөйтіп, дыбыстық талдау - жинақтау әдісіне үйренуде:



  • оқу бастамасы (единица) буын болып табылады;

  • сөз көрсетілмейді. Ол сөйлеуден бөлінеді де, ауызша айтылады. Оқушылар сөздің әрібінен дыбысын емес, дыбысынан оның әріптерін тануға көшеді (керісінше емес).

1) Сауат ашу барысындағы негізгі міндет балаларды тура буынды оқуға үйрету. Әрбір жаңа үйренген дауыссыз дыбыс бұрыннан таныс, үйренген дауысты дыбыс арқылы беріледі.
Мұнда сөз құрамындағы үйретілуге тиісті дыбысы бар буын анық естіліп, ал дыбыстың өзі ерекшеленіп, созылып айтылғаны дұрыс. Мысалы, «р» дыбысы үйретілуі қажет болғанда «ара» сөзіндегі «а - ра» буындары «а –рр - а» делініп, «р» дыбысы ерекшеленіп, біраз созылыңқы айтылады.
2) дыбыстың артикуляциясын байқату, яғни балаларды сөз құрамындағы үйретілуге тиісті дыбысын айтылу процесімен таныстыру. Мысалы, мұғалім балаларға «р» дыбысын айтқызып көреді де ол дыбысты айтуға тілдің қандай жағдайда болатынын байқаңдар дейді. Осы дыбысты қайта - қайта өздері айтып көру арқылы, олар тілдің ұшының дірілдеп тұратынын байқайды. Сонан кейін оқушылардың назары «р» дыбысын айтқанда тілдің қай жерге жуықтайтынына аударылады. Балалар тілдің ұшының таңдайға жуықтауынан «р» дыбыс шығатынын аңғарады.
Сөйтіп, балаларға дыбыстың айтылуы мен қатар, өзін де үйретеді. Бірақ мұнда есте болатын жай тіліміздегі барлық дыбыстың артикуляциясын білу керек деген ұғым тумасқа тиіс. Жоғарыда айтылған тәсілмен тек еріндік және тіс пен тіл қатысы арқылы шығатын дыбыстарды ғана үйретуге болады. Ал ш, ж, к, қ, ғ, г, й, и, щ, ц, дыбыстардың артикуляциясын аңғару, әрине, қиынға соғар еді. Сондықтан мұғалім дыбысты оқытуға кірісер алдында оны үйретудің тәсілін жан жақты ойластыруға тиіс.
3) Сөздің аяғындағы немесе басындағы дыбысты түсіріп айтып, балаларға тапқызу. Мысалы, мұғалім «әліппедегі» тонның суретін көрсетіп, «он» дейді де «мен сөзді дұрыс айттым - ба?» - деп сұрайды.
«Т» дыбысын оқушыларға айтқызады сөйтіп суреттегі киімнің аты мен айтылатын буын құрамындағы дыбыстарды жинақтау арқылы қандай дыбысты қосу керектігін саналы ұғады.
4) Айтылуына қарай дыбыстарды, жазылуына қарай әріптерді салыстыру. Мысалы, қол – көл, тор - төр, от - өт,сияқты сөздер арқылы «о» дыбысы мен «ө» дыбысының айтылуындағы айырмашылық аңғарылады. Сонымен бірге жазылуындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарға көңіл бөлінеді. Осылайша, қ-к , с-з , а-ә , ы-і дыбыстар да жұпталып, салыстырып, сөздерді талдап - жинақтау арқылы үйретіледі.
5) Үйретіліп отырған дыбыстың сөздің басында, ортасында, аяғында келетіні де сөздерді талдау және жинақтау барысында ұғындырылады. Мысалы, «қ» дыбысын үйрету керек делік. Мұғалім бұл дыбысты балаларға айтқызып, таныстырғаннан кейін - қар, ақ, оқушы сияқты сөздерді өзі айтып буынға дыбысқа талдатады. «Қ» дыбысының қай буында, нешінші буында тұрғаны анықталады; қайта жинақтау барысында «қ» дыбысының қай жерде тұрғанына көңіл бөлінеді. Осыдан кейін бұл дыбысқа балалардың өздері сөз ойлап табады.
6) Буынды немесе сөзді есте сақтау арқылы оқу. Бұған, мысалы қала сөзін алайық. Оқушылар оны дыбысқа - буынға ажыратып талдағаннан кейін, жинақтап, кеспе әліппеден құрастырады; енді оқуға келгенде іркіліп қиналады немесе әр әріпті ежіктеп «қ-а» ... деп айта бастайды. Сол кезде мұғалім: «құрас- тырған сөзіміз қалай еді?» - деген сияқты сұрақтар арқылы бастапқы сөз (оқушылардың құрастырған сөзін) еске түсіреді. «Ол сөзді қалай айтатын едік? (мысалы, қа - ла). Міне, осылайша оқыңдар» - дейді. Оқушылар кеспе әліппе- ден құрастырған сөзді бірден оқып береді.
7) Дыбыс алмастырып оқу. Мысалы, балалар талдау - жинақтау арқылы «қара» сөзін құрастырып оқыды делік, енді бірінші буындағы «а» әрпінің орнына мұғалім «о» әрпін қояды, «қора» деп оқиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет