Дипломдық ЖҰмыс 5В010200- бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы Шымкент, 2021 ф-19-01/02



бет23/31
Дата22.10.2022
өлшемі294,25 Kb.
#154515
түріДиплом
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   31
Байланысты:
Дипломды Ж мыс 5В010200- бастауышта о ыту педагогикасы мен діс

Үйге берілген тапсырманы тексеру  оқушылардың білімін бақылаудың маңызды тәсілдерінің бірі. Оны жеке сұрақ-жауап кезінде, дәптерлерді тексергенде және т.б. жағдайларда жүргізуге болады.
Ал, оқушыларды бағалау мәселесіне келетін болсақ, бағалау дегеніміз  өлшем. Өлшемді дұрыс қолдану шәкірт білімін дәл анықтайтын қазылық жол. Оны ойластырмай үстірт жүргізуге болмайды. Бағалау мақсаты  тәрбие беру, білімді есепке алу, оқу белсенділігін арттыру. Сонымен баға оқушы білімінің басты көрсеткіші. [17]
Оқушылардың қорытынды білімін, икемділігін және машығын бағалау

  1. Оқушылардың математикадан алған бір жылдық және аттестация, тоқсан соңындағы білімі, икемі мен машығы І-ІІІ сыныптарда бірдей бағаланады.

  2. Оқушылардың біліміне қорытынды баға қою оқушылардың күнделікті білімін бақылау, ауызша сұрау, сондай-ақ қорытынды жазбаша бақылау жұмыстарын алу негізінде іске асырылады.

  3. Оқушыларға математикадан қорытынды баға қоюда олардың теориялық және практикалық білімдері, икемі мен машықтары ескеріледі. Егер оқушы көбінесе оқу жылы ішінде жаман баға алып жүрсе, қорытынды бақылау жұмысынан да нашар баға алса, ауызша дұрыс жауап берсе де, қорытындыға дұрыс баға қоюға болмайды.

Бағалау бес балдық жүйемен де, ұстаздың ауызша мақтауымен де жүзеге асырылады. Бағалау туралы айтқанда, оны қалай қолданатыны туралы баяндау да орынды. Баға жазба жұмыстарына, ауызша жауаптарына, түрлі тексеру жұмыстарына, дәптер тазалығына, каллиграфия көркемділігіне де қойылады.
Қазіргі информацияның көптігіне байланысты мұғалім балаға тек бағыт беруші болуды ұсынады. Оқушы өздерін-өздері дамытады, жетілдіреді деп есептейді. Ол дұрыс та болар. Бірақ мұғалім білімнің жетекшісі. Балаға айтушы ғана емес, үйретуші әрі меңгертуші. Осы кезде балалардың психикалық дамуы, ақыл-ой қабілеті ерте жетілетінін ұмытпау керек. Балалардың дамуы оның жасына ғана емес, басқа да шарттарға байланысты болады. Оның ішінде ерекше орын алатын өзінің жеке шұғылданатын іс-әрекетіне, денесінің өсіп-жетілуіне, айнала қоршаған ортаның әсеріне де байланысты болады.
Бағаны дұрыс қоюдың оқушылар үшін тәрбиелік мәні зор. Соңғы кезде кейбір мұғалімдер сабаққа балалардың қызығушылығын арттыру мақсатында оларға төмен бағаны қоймауды ұсынады. Менің ойымша, «бағаламай оқыту» өзінің сипаты бойынша ізгілікті бола тұрса да, белгілі мөлшерде балаларды босаңсытып жібереді. Себебі, бала сабақты оқымаса да төмен баға алмайтынына сеніп кетуі мүмкін. Сондықтан балаларды, мүмкіндігінше, ертерек мектеп табалдырығының жүйесімен таныстырып, оларға түсіндіру қажет. [28] Сол талаптарға сүйене отырып, өз өзіне баға беруді үйрете берген жөн. Бұл міндетті шешуде, көлемі үлкен емес (1-сыныптың алғашқы 2 аптасында) «Мектеп өміріне кіріспе» (Авторы Мұқанбетова Ш.Т.) атты курсты енгізу және оқу жылының басында «Баға және бағалау», «Апалар мен ағалар алған жақсы бағалар» деген тақырыптарда тәрбие сағаттарын өткізу, оқушыларға түсінік жұмыстарын жүргізіп, қойылған бағаны түсіндіру, әр балаға сол бағаның не үшін қойылатынын түсіндіру тиімді деп ойлаймын.
Сондай-ақ, сынып ішіндегі безендіру тақталарының бірінің осы тақырыпқа арналғаны дұрыс. Мысалы төмендегі 1 - суретке сәйкес. [28]
Сурет 1.
Көрнекілік тақтайшасы.





Қандай бағаны қалайсың?

    • «5»  Өте жақсы

    • «4»  Жақсы

    • «3»  Орташа

    • «2»  Жаман

    • «1» Өте жаман

Сонымен, мұғалім баға қоюда өте әділ болса ғана бала сабақты жақсы оқып, өз қабілетін дамытуға тырысады. Баланың біліміне, оның алған бағасына мұғаліммен қоса ата-ана да ерекше назар аударып, күнделігін тексеру арқылы мектеппен үзбей байланысты жақсарту керек. Сонда ғана білімді, тәрбиелі, жан-жақты жетілген азамат болып шығады.


Қазір оқу бағдарламасы да, оқулықтар да мүлде өзгерді. Олар негізінен информатикалық орталыққа бағындырылды. Олай болса, қойылған баға осындай ерекшеліктерді ескергенде ғана немесе оқушының тапсырманы, білімді жете меңгергенін дәлелдейтін жағдайда ғана жоғары баға қоюға болады. Мұғалім бағаны қай кезде, кімге және қандай баға қою керектігін жете білуі керек. Сабақтың басында өткен материалды жақсы меңгеріп, үйге берілген тапсырмаларды дұрыс орындап келсе, сабақ ортасында ерекше белсенділік танытып, біліктілік көрсете білсе, сабақтың соңында өте жақсы үлгеретін оқушы жауабына талдау жасай білсе, сонда ғана жақсы деген баға қойылғаны дұрыс болар.
Немесе, екі баға қою математика сабағында мынадай жағдайларда болуы мүмкін: мысалы сабақ үстінде оқушының тапсырманы орындағаны, дұрыс жауабы үшін тиісті бағасын алғаннан кейін де кейбір жұмыстар атқарып, өзінің біліктілігін көрсетсе, журнал мазмұнына қарап, жауап сәйкес келетін тақырып тұсына екінші рет баға қойылады.[34]
Сондай-ақ, мұғалімдер бағалаудың тиімді түрлерін қарастыра келіп, бағаны сабақтың соңында қоюдың пайдасы туралы пікірлер айтқан, оны іс жүзінде көрсете білген. Сонда бағалаудың педагогикалық және психологиялық жағына назар аударылып, оқушылардың белсенділігін сақтау мақсатымен баланың бүкіл сабақ бойындағы еңбек үрдісі есепке алынатын. Оның мәнісі оқушы жауабы бірден бағаланса, мұғалімнің бір сабақ үстінде екі баға қоймайтынын біледі де, ынтасы бәсеңдейді. Ал сабақ соңында баға қойылатынын біліп отырса, жұмысқа жауапкершілікпен қарайды деген тұжырым. Бірақ, мұғалім бұл жерде мынадай мәселелерді ескермегенін байқамайды.
Біріншіден: мезгілі өтіп кеткендіктен, кімге қандай баға қойғанын еске сақтай бермейді.
Екіншіден: оқушылардың көңілі далада, ойында тұрады да, баға өзінің тәрбиелік бағытын осалсытып алады.
Үшіншіден: мезгілінде қойылмаған баға білімді сапалы бағалау дәрежесінде бола алмайды.
Тәжірибеде көрініп отырғандай, баға сабақтың кез-келген жерінде жүргізіле беріледі. Сондай-ақ мұғалім екі баға қоя алатыны да белгілі, бұл туралы жоғарыда келтірдім. Осылай етсе, оқушылардың белсенділігін арттырады. «Жақсы десе, жан сүйеді» дегендей, мадақтағанды кім ұнатпайды? Бүкіл сынып алдында ұстаз аузынан шыққан жылы лебіз балалардың қай қайсысын да бей жай қалдырмайтыны анық. Олар келесі жұмысты тыңғылықты орындауға құлшына кіріседі.
1.9 Оқушылардың даму деңгейін анықтауға тест түріндегі бақылау тапсырмалары
Ойлау қабілетін дамытуға психологиялық-педагогикалық зерттеулер оқушылардың даму деңгейін көрсетеді. Бітіруші сыныптар үшін (ІІІ-ІҮ) қорытынды бақылауды ұсынуымызға болады: тест түріндегі тапсырмалар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет