Байланысты: Дипломды Ж мыс 5В010200- бастауышта о ыту педагогикасы мен діс
1. Білім тексерудің оқу процесіндегі алатын орнын анықтау үшін оның атқаратын қызметін білу қажет. Математиканы оқыту кезінде білім тексерудің үйреншіктік, диагностикалық, бақылаушылық, басқарушылық, бағалаушылық, бағдарлаушылық, тәрбиелеушілік жөніндегі қызметі бой көрсететіні белгілі.
Білім тексерудің үйреншіктік қызметі бұрын меңгерген материалдар мен игерген іскерліктің басын қосып жинақтайтын, қайталайтын және одан әрі пысықтай түсетін жаттығулар мен есептер жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Білім тексеру оқу материалындағы ең негізгісін, өзектісін бөліп алуға, оларды қорытып, жүйелеуге үйретеді.
Ал диагностикалық қызметі білімдегі жетістіктер мен кемшіліктерді дер кезінде анықтауға, соның нәтижесінде тапсырмаларға түзету енгізуге, сабақтың барысы мен мазмұнын өзгертуге, жалпы оқу процесін қайта қарауға мүмкіндік туғызады. Бұл оқу процесінің барлық сатыларында іске асырылады және ол оқудағы жетістіктері мен кемшіліктерін анықтаумен қатар, осы нәтижеге әкелген себептерді де талдайды.
Бақылаушылық қызметі оқушылар білімінің күй-жайын, олардың ойлау қызметінің даму деңгейін анықтауға, танымдық әрекеттің тәсілдерін, оқу жұмысын тиімді ұйымдастыру машықтарын зерттеуге мүмкіндік береді.
Бақылау арқылы білімнің алғашқы деңгейі, сонымен бірге меңгерілген білімнің тереңдігі мен көлемі айқындалып, алғашқы білім мен меңгерілген білім салыстырылады. Сондай-ақ бақылау жолымен оқытудың әдістері, түрлері мен құралдарының тиімділігі тағайындалады.
Сөйтіп, білім тексерудегі диагностикалық және бақылаушылық қызметтер тығыз байланыста қатар іске асырылады.
Болжаушылық қызметі оқу-тәрбие жұмысындағы қажетті информацияларды алуға көмектеседі. Мұның нәтижесінде оқу процесінің белгілі бір кезеңінде нақты білім, іскерлік және машықтардың оқу материалының қалыптасқан келесі бөлімін меңгеруге жеткілікті, не жеткіліксіздігі анықталады. Болжаудың нәтижелері оқушының танымдық қызметіндегі олқылықтарды жоюға, жиі кездесетін типтік қателерді болдырмау шараларын ұйымдастыруға пайдаланылады.
Өркендетушілік қызметі оқушылардың шығармашылық қабілеті мен танымдық әрекеттерін жандандыруды көздейді. Тексеру кезінде оқушылар ойлауға, сөйлеуге, оқығандарын қайталап айтуға, ізденуге, өздігінен оқуға машықтанады. Мұның өзі олардың икемділігін, қабілетін, ықыласын арттыруға игі әсер етеді.
Бағалаушылылық қызмет деп оқушыны немесе сыныпта оқыту мақсатының орындалу деңгейін анықтауды түсінеді. Тексеру оқушылардың біліміндегі кемшіліктердің, қателіктердің бетін ашуға көмектеседі және оларды жою үшін қай бағытта жұмыс істеу қажеттігіне жөн сілтейді. Мұнымен бірге, тексеру арқылы мұғалім де өзінің оқыту әдістері мен тәсілдеріне тиісті түзету енгізеді.
Тәрбиелік қызметі оқушылардың оқуға жауапкершілігін арттыруды, тәртібін, ұқыптылығын тәрбиелеуді меңзейді. Тексеру оқушылардың өзін-өзі бақылауға үйретеді, табандылыққа, еңбекқорлыққа баулиды.
Білім тексерудің атқаратын қызметтерін бұлай мүшелеу негізінен зерттеу мақсатында жүргізіледі. Ал оқыту процесінде бұлар өзара бірлікте, бірін-бірі толықтыру арқылы жүзеге асырылады. [3]
Білім тексеруге қойылатын талаптар. Алдымен білім тексеру нысаналы болу керек. Қандай нақты міндеттердің қандай тәсілдердің көмегімен шешілетінін мұғалім анық білуі тиіс.
Осыған орай, оқу материалын игерудің әр алуан іскерліктері мен машықтарын тексерудің түрлері мен тәсілдері дараланады.
Білім тексеруге қойылатын маңызды талаптардың бірі оның әділдігі.
Тексерудің әділдігі деп оның нәтижесінің шындыққа сәйкес келуін түсінеді. Тексерудің әділдігі тексеру мазмұны мен тәсілдерін тексерілетін білімнің сипатына сәйкестендіру арқылы қамтамасыз етіледі. Мұның мәні оқушыларға берілген білім ғана тексерілуі тиіс. Бұл талапты сақтамау алынған нәтижелердің дұрыс болмауына соқтырады.
Білім тексеруге қойылатын талаптардың бірі оның жүйелілігі.
Математика сабақтарында, басқа сабақтардағыдай оқу процесінің қайсы кезеңінде пайдаланылып отырғандығына қарай, әдетте, білім тексеру мынадай үш түрде жүргізіледі: