Дипломдық ЖҰмыс 5В010200- бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы Шымкент, 2021 ф-19-01/02



бет19/31
Дата22.10.2022
өлшемі294,25 Kb.
#154515
түріДиплом
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   31
Байланысты:
Дипломды Ж мыс 5В010200- бастауышта о ыту педагогикасы мен діс

Жазу сабағы
1. Оқушылардың жазуға дайындығын тексеру (дұрыс отыру, қалам ұстау, дәптер қою және т.б.)
2. Сөзді буынға, дыбысқа талдау арқылы жаңа әріп бөлінеді.
3. Жаңа әріптің элементтері бөлшектері көрсетіледі. Мұғалім оны тақтаға жазып тұрады, оқушылар дәптерлеріне жазады.
4. Мұғалім жаңа әріпті тақтаға жазады; оқушылар осы әріптен басталатын сөздер ойлап табады, сонан соң олар әріпті дәптерлеріне жазып алады.
5. Оқушылар тапқан сөздерін буынға, дыбысқа талдайды, оқиды.
6. Талданған сөздердің ішінен барлық әріпі түгел өтілген сөздерді оқушылар дәптерлеріне жазады.
7. Сурет пен немесе пластилинмен жұмыс.
Әліппенің алғашқы кезеңдеріндегі сабақтар осындай жүйеде ұйымдасты -рылады. Ал әліппенің екінші, үшінші кезеңдерінде жаңадан үйретілетін әріпке (әсіресе баспа түріне) жаттығу жұмысы көбірек жүргізіледі.
Әліппеден кейінгі кезеңдегі сабақ жүйелері
Әңгіме немесе ертегі оқу сабағы
1. Оқытылатын әңгіме немесе ертегі тақырыбы туралы кіріспе немесе дайындық әңгіме жүргізіледі.
2. Әңгіме немесе ертегі қысқа – қысқа бөлімдерге бөлініп, оқушыларға оқытылады.
3. Әр бөлім оқылып болған соң мұғалім онда не жөнінде әңгіме болғанын қысқаша, буындағы басты-басты ойларға топталу арқылы оқушылар зейінін жинақтауы іске асырылады. Қажет болса, сұраулар қояды.
4. Әңгіме мәнерленіп қайта оқылады (пауза, нүктеге жақындағанда дауысты дыбысты ой айтылған жерлерде дауысты салмақтау және т.б.).
5. Мәтіннің мазмұнындағы негізгі ойларды оқушылар анықтайды.
6. Мәтінмен жұмыс жасалады (мысалы, мәтіннен табиғатты суреттеген жерлерін тауып немесе көңіл-күйді суреттеген жерді табыңдар т.б.).
7. Мәтіндегі негізгі ойларды оқушылар өздері табады.
8. Мәтін оқу дағдысы нашар оқушыларға оқытылады.
Сауаттану барысында жазуға қойылатын талаптар
Оқушылар жазу ережесін сақтап отырғанда ғана дұрыс жазуға үйрене алады. Жазуға негізінен мынадай талаптар қойылады:
а) әріпті дұрыс жазу, дәптердің көлденең сызығынан ауытқымау;
ә) әріптердің элементтерін жазғанда ұзынды – қысқалы етпей, тегіс, бірдей жазу;
б) әріптердің бірін оңға, бірін солға қисайтпай, барлық әріпті бірдей оңға қарай, сәл көлбете жазу;
в) әріптердің, сондай-ақ сөздердің арасындағы қашықтықты бір қалыпты сақтап (сөздер бір-бірінен м әрпінің көлеміндей қашықтықта болуға тиіс) отыру;
г) бірте – бірте жазу қарқынын тездете түсу.

Бұл талаптар бастауыш мектептің барлық сыныптарында да жазу жұмысының барысында орындалып отыруға тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет